kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»

Нажмите, чтобы узнать подробности

өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мерекелік атмосферасын құру.

Ұлтжандылық қасиеттерді бойына сіңіре отырып,құқықтық тәрбие беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»»

Тақырыбы: «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»

Мақсаты:өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мерекелік атмосферасын құру.

Ұлтжандылық қасиеттерді бойына сіңіре отырып,құқықтық тәрбие беру.

Ресурстары: слайд,гүлдер,жапырақтар,Алдар көсенің суреті,жіптен жасалған алқалар, топтамалар,микрофон,шарлар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Музыка әуенімен балаларды сыныпқа алып келу. «Алғашқы қоңырау» әні

Орындарына отырғызу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Сәлеметсіздерме,балалар!Тағы бір жыл алаңсыз артта қалып,1-қыркүйекте келіп жетті. Ата-анамыз бізбен бірге қуанып,бізді жетектеп мектепке әкелді.Үстімізде су жаңа мектеп формасы,ақ бантик,жүзімізде қуаныш!Әрине,бұл күн Қазақстанда «Білім күні» деп аталады.

-Құрметті оқушылар!Сендер тағы бір жылға есейіп,азамат болдыңыздар,өздеріңнің мектептеріңе,сынып бөлмесіне жиналып отырсыңдар,ендеше Білім күні құтты болсын! Жазғы каникулда жақсы демалып,үлкен күш жинап,оқуға зор ынтамен кіріседі деп сенемін...

Мектепке келдің...

Мектепке қарай жүгірген,

Айналдым сенің түріңнен

Жарасып кетті портфелің

Иыққа шап-шақ ілінген,-деп Қымбат Әбілдақызының өлеңімен бастағалы тұрмын.

-Балалар,осы Алдар көсе туралы не білеміз?

/Алдар көсе туралы білетіндерін айту/

Бүгінгі сабағымызға Алдар көсе келіпті,құры келмепті қоржынында не бар екенін көрейік.Ол үшін алдымен жұмбақ шешейік.

Жұмбақ.

Қабат-қабат қатталған

Асыл сөзден апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін.

-Ол не?

/Кітап/

-Дұрыс балалар, 2019 жылды ТМД-да «Кітап жылы» деп жариялады.Ендеше бұл жай кітап емес өте қызық кітап болуы керек.Қане,бірігіп оқиық...

-Кітаптың аты «Мектептану»

-Ал, Алдаркөсенің кітабында мектеп туралы не жазғанын оқиық.

«Мектеп-жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме.Басты қызметі сабақ оқыту.Оны мұғалім атқарады» депті.Есімізге түсірейік,мектепте өзімізді қалай ұстауымыз керек?/жауаптары/

- Ал,балалар бізге Алдаркөсе бірнеше ауылды аралап отырып,қызықты сабақтар ұсынып отыр екен.

Сабағымыздың атын оқиық...

Тақырыбы: «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»

Отан туралы,тәуелсіздік жайлы әңгімелесу.

1. «Туыстық» ауылы.

/Ізет көрсету сабағы/ бізде бүгін сабағымызда қонақтар отыр.

Әрбір оқушы тез арада мұғалімге,сыныпқа,қонақтарға,ата-аналарға ізет көрсетіп,тағзым етуіміз керек.

Отырыңдар,енді мынандай сұрақтарға ізетпен жауап беріңдер.

1.Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

2.Қазақстан қандай ел?

3.Президентіміз кім?

4.Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

5.Сендердің қандай құқықтарың бар?

6.Мектеп тәртібін еске түсірейікші?

7.Жолда жүру туралы кім айтады?

Сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер,жарайсыңдар.

2.Бірлік ауылы.

/Менің көңілді жазым сабағы/

«Еркін микрофон» әдісі.

Жаз бойы сендер асыр салып ойнадыңдар,лагерге келіп демалдыңдар.Отбастарыңмен бірігіп демалдыңдар.Кім қайда барып демалды?Бөлісіп отырайық.

Жазғы лагердегі көңілді сәттерден бейнекөрініс көрсету../3 мин/

3. «Бақыт ауылы» / Сурет сабағы/

«Боди-арт»

Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. Жағымды ахуал туады.

Екі қатарға тұрып, қай қатардың нәтижесі әрі тез, әрі дұрыс болғандығын салыстырып, жарыстыруға да болады.

4. «Бейбітшілік ауылы»/Биопоэма сабағы/.

«Биографиялық поэма»

Әрбір оқушыға парақ таратылып,өзі туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады:

1.Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз)

2.Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).

3.Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби)

4.Неден қорқамын, сескенемін?(Өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз)

5.Менің сүйікті (әншім,актерім,спортшым)

6.Менің туған жерім,Отаным.

7.Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?)

8.Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай жетістіктеріңіз бар?)

9.Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз)

10.Жақсы көретін пәнің?

5. «Тыныштық ауылы» /Болашақты болжау сабағы/

Бұл сабақта 4-сыныптағы өмірлеріңді болжап бал ашып береміз.Ол үшін мына Алдар көсенің қоржынынан суреттерді салайық.

Самокат-оқу жылы басталды,жол ережесін бұзба.Жолда абай бол!

Балмұздақ –ол сондай суық,сәтсіздіктер болсада мойымай, ешкімді ренжітпе!

Гүл-сүйікті ұстазыңды,құттықтауды ұмытпа.

Оқымысты мысық-барлық білім кітапта көп оқып,кітапханаға көп бар.

Жаңғақ-бар ережелерді жаттап,ынталанып оқуға тырысады.

Құмыра-ынталы бол,мұғалімнің білімін дұрыстап тыңда.

Беторамал-өз құқығыңды біл және қорға.

Сабын-таза жүр,мұнтаздай бол! Гигиеналық талаптарды сақта!

Глобус-сені саяхат күтіп тұр.Бірақ қай жаққа екені белгісіз. Табиғатты аяла.

Жылқы- есіңе сақта!Мектеп саған ипподром емес,мектептің ішінде атша шаппай жай жүр!

6. «Достық» ауылы./Жағымды тілек сабағы /

«Жағымды тілектер алқасы»

Алдын ала топтағы оқушы санына сай ұзын (70 см) және көбірек түрлі-түсті қысқа (10 см) жіптер дайындалады. Жағымды әуен арқылы барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім қолындағы жіптерді көрсетіп: «Менің қолымда түрлі-түсті, ұзын-қысқа жіптер бар. Шын мәнінде, бұлар жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі алқаға айналдырады екен. Қазір ұзын жіптерді әрқайсысың алып, өз мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң түрлі-түсті қысқа жіптен алып бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек айтып байласаңдар. Осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына айналады.»

Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік ретінде сақтап қою ұсынылады.

Қорыту.

-Ал,балалар Алдардың баратын жері өте көп.Біз оған қандай уәде береміз?

Сау болыңыз Алдар ата!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Тақырыбы: «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»

Автор: Берентаева Эльмира Қойбағарқызы

Дата: 30.09.2019

Номер свидетельства: 521427

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ"
    ["seo_title"] => string(31) "sanaly_urpak_zharkyn_bolashak_1"
    ["file_id"] => string(6) "520417"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1569083338"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Саба?ты? та?ырыбы:   Келешек к?зі – балада"
    ["seo_title"] => string(43) "sabak-tyn-tak-yryby-kielieshiek-kozi-balada"
    ["file_id"] => string(6) "275007"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452506752"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "«Салауатты ?лт-салауатты ?рпа?». "
    ["seo_title"] => string(31) "salauatty-u-lt-salauatty-u-rpak"
    ["file_id"] => string(6) "239279"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444751662"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар әлемінде"
    ["seo_title"] => string(42) "sabak_tyn_tak_yryby_mamandyk_tar_liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "355483"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1478330974"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "М?ігілік ел :-бір ел , бір та?дыр."
    ["seo_title"] => string(26) "mighilikielbirielbirtagdyr"
    ["file_id"] => string(6) "318010"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460477804"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства