«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі » КММ
Мектеп жанындағы «Балдәурен» лагері
«Балауса» тобы
байқауының жоспары
2014-2015 оқу жылы
Лагерь аруы
Тақырыбы: Лагерь аруы
Мақсаты: қыздарды ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге, ұяңдық пен биязылыққа, инабатты, білімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Көрнекі жазылған тақырып, қыз тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер, плакаттар, шарлар,үнтаспа.
Барысы: «Қыздарға әсемдік жарасады» әні ойнап тұрады. Екі жүргізуші
ортаға шығады.
I жүргізуші:
Келді ғой міне, құдірет біткен ғажайып.
Құрметтеп оны жұмыла қарсы алайық.
Ауылда, қырда, Қыз сыны тойы дүрілдеп,
Алаулатып біз бүгінгі кештің отын жағайық
II жүргізуші:
Ендеше жазғы гүлдей жарқырап,күндей құлпырған мерекелеріңіз
құтты болсын!Бүгінгі «Лагерь аруы» атты
қыз сыны байқауын тамашалауға келіп отырған барша қауымға қош келдіңіздер!
I жүргізуші:
Ал,ендеше шалқытып ән салайық,
Өнерпаз аруларға тамсанайық.
Дәстүрін халқымыздың қастерлеген,
Аруларды құрметтеп қарсы алайық!
Арулар ортаға шығады.
5. II жүргізуші:
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі – дей келе алдымен біздің ару қыздарымызға қоятын талабымыз бар.
-Сахна мәдениеті,өзін-өзі ұстау;
-Сөйлеу мәдениеті ,ой ұшқырлығы;
-Киім киісі, жүріп-тұрысы;
-Берілген тапсырма мен сұрақтарға дұрыс жауап беруі;
Мінеки осының барлығы сынға алынып,әділ-қазылар алқасымен бағаланады.
I жүргізуші:
Барлығыңыз тыңдаңыздар,
Өнерлерін сыйлаңыздар.
Алға шыққан қыздарға
Әділ баға сыйлаңыздар,- деп арулардың өнері-білімін әділ бағалап, төрелігін айтатын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.Әділ-қазылар алқасы таныстырылады.
II жүргізуші:
Байқау шарттары:
1.Сәлем- сөздің анасы (таныстыру)
2.Өнерлі өрге жүзер (өз өнері)
3.Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)
4. Қыздарға әсемдік жарасады (ұлттық киім үлгісі)
6. Шебердің шыңы ( Қол өнері қазақтың ою -өрнектерін ою)
Құрметті ару әсем қыздарымыз орындарыңызға бара берулеріңіз сұралады. Сіздерге сәттілік тілейміз!
I жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші.
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазы алқасына әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші деп бүгінгі аруларға сәттілік тілей
отырып, сайысымызды бастамас бұрын аналар мерекесіне арнап «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар!
II жүргізуші:
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
1. Сәлем- сөздің анасы (таныстыру) – деп аталады. Арулар бір-бірден шығып ортаға өздерін таныстырады.
I жүргізуші:
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген ару кезектесіп,
Өз өнерін көрсетіп өтсе дейміз.
2.Өнерлі өрге жүзер (өз өнері)-деп аталады. Бұл кезеңде арулар өз бойындағы өнерлерін көрсетеді.
II жүргізуші:
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әр бір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап,сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
3.Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)-деп аталады. Бұл кезеңде жылдамдықты талап етеді.
Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша мың бұралған бишілерге берелік.
«Жібек жолы» биі биленеді.
I жүргізуші:
Сымбатына сын киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларды қызығып қарасатын
Қыздарға әсемдік жарасатын бөлімінеде кезек келді.
4.Аруларымыз ұлттық киім үлгісін көрсетеді.
II жүргізуші:
Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Сахнада көрсетеді әйел кейпін,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
II жүргізуші:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Ас пісіріп нан салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Арулар аянбай –ақ жан салыпты
6.Шебердің шыңы (қазақы ою-өрнек ою) Бұл кезеңде қыз балалардың қол өнерлері сыналады.
I жүргізуші:
Қорытындылау : Қазылар алқасының қорытындысы.
Марапаттау
«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі » КММ
Мектеп жанындағы «Балдәурен» лагері
«Балауса» тобы
«Лагерь сұлтаны»
байқауының жоспары
2014-2015 оқу жылы
«Лагерь сұлтаны»
байқауының сценарийі
Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғалық.
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар- деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.
Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың 110жылдық мерейтойына арналған мектепішілік «Жігіт сұлтаны» байқауына жиналып отырмыз.Байқауымызды ашық деп жариялап, жігіттерімізді ортаға шақырамыз.
Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
Бітіруші сыныптың ер жігіті,
Шақырайық ортамызға Арман ұлды-
Спортпенен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Қараңыздар Олжас біздің ортада
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан-
Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерменен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Шерхан атты жігіт болған сабазды-
Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдау бар ойында.
Болатұлы Айбектей жігітті,
Шақыралық қошеметпен ортаға-
Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсем:
1. «Таныстырсам өзімді» - таныстыру
2. «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету
3. «Күш атасын танымас» - күш сынасу
4. «Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу
5. Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымдарының шеберлігі
Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Сәттілік тілейміз.
І.Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы- деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І-ші кезеңі «Таныстырсам өзімді»-деп аталады. Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз.
2-ші,3-ші,4-ші.
ІІ. «Еңбек ердің-санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл- парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт,
«Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт,
«Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт,
«Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.
Келесі шартымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші.
Әділ қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді» шартының бағасын берсеңіздер.
ІІІ. Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай- дегендей сайысымыздың келесі шарты «Күш атасын танымас» деп аталады. Бұл кезеңде жігіттерімізқол күресі арқылы күш сынасады. Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші.
Әділ қазы алқасы «Сегіз қырлы, бір сырлы» шартының бағасын берсеңіздер.
ІҮ.Би болатын жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар жігіттің,
Мергендік болар жұмысы- дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз. Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз. 2- ші, 3-ші, 4-ші.
Әділ қазы алқасы «Күш атасын танымас» шартының бағасын берсеңіздер.
Ү.Жігіттің көркі өнері,
Талап – кісі мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы.
Өнердің қадірін білген, бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті бүгінгі күнге дейін жалған емес. Соның айғағы ретінде сайыскерлерімізге берілетін келесі шарт «Шебердің қолы ортақ» деп аталады. Ортаға қатысушы талапкерлерімізді шақырамыз. Әділ қазы алқасы уақытты белгілесе.
Әділқазылар алқасы «Құралайды көзге атқан» шартының бағасын берсеңіздер.
ӘН.
Ортаға жігіттерімізді шақырамыз. Сайысымызды қорытындылау үшін сөзді лагерь басшысы Мұсабекова Айгүл Қыздановнаға береміз.
Сау саламатта болыңыздар!
«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі » КММ
Мектеп жанындағы «Балдәурен» лагері
«Балауса» тобы
«Лагерьдің ашылу салтанаты»
жоспары
2014-2015 оқу жылы
Лагердің салтанатты ашылуы
«Күн сөнбесін» әні шырқалады,балалардың алдына Күн шуақтарымен шығады.
1 шуақ: Келді міне тағы жаз,
Күн шуағымен жылытады
Жылуын төгіп бізге,
Бәрімізді қуантады
(қыздар лагерь эмблемасының бірінші дөңгелегін алып шығады: «Қуаныш»)
2 шуақ: Жазғы лагерді ашамын
Бәрлерінді шақырамыз
Күлеміз,ойнаймыз,ін шырқаймыз
Спортпенен шұғылданамыз
(эмблемалық екінші дөңгелегі «Спорт»)
3 шуақ: Бақыт үшін не керек?
Әрине,достық қажет!
(эмблеманың үшінші дөңгелегі «Достық»)
4 шуақ: Мәселеде қиналма
Досына тез көмек бер
Енді міне бері қара
Өзара көмекті ұмытпа!
(эмблеманың 4-дөңгелегі «Өзара көмек»)
5 шуақ: Лагерден шығып қалмау үшін
Тәртіпті сақта!
(эмблеманың 5-дөңгелегі «Тәртіп»)
Шаттан,күн,балақай!
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Күн: -Құрметті балалар,сендерді шын жүректен қуанып қарсы аламын!Сендерге жазғы лагеріміздің эмблемасын салтанатты түрде таныстыруға қуаныштымын!Біздің ұран:-«Достық,өзара көмек,тәртіп,спорт,қуаныш»сендерді осы сөздерді естеріне сақтап алып,лагерде дәл осыларды ұстанып жүрулеріңізді сұраймын.
Ән: «Достық»
Тілі балдай бүлдіршіндер!
Жігерлі ұлдар!
Әсем жанды,айдай қыздар!
Сендерді «Балдәурен »лагерінің ашылуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
«Моряк биі» орындайтын бишілер тобы
«Терме» орындайтын Амангелді Арман
«Көңілді бақа» биі
Мереке бүгін, береке бүгін
Қуанып шалқып тасыған
От боп жүр жастар,
Шоқ боп жүр жастар
Көңіл жоқ шешек атпаған
Балалар гүлдей, құлпырып күндей.
«Қуыршақтар» биі орындайтын бишілер тобы
Баршамызды бал тілімен баурайтын
Бала деген бәр бақыт қой самғайтын.
Ата – ананың арманы мен тілегін
Бала емеспе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімділер, періштелер, Сендерсіндер,
Қандай бейне өздеріне тең келсін!
Данышпанда, ғарышкерде, Ғалымда
Ең алдымен балалықты менгерсің.
Ия, рас, бала болған бәріде,
Салған олар балалықтын әнінде
Бала кезді еске алып отырсақ
Сол емеспе тіршіліктің мәңіде.
Ән: «Мама»
Қазақ»биі
Бәрі болған қазақ деген көне елде
Ел белгі де,ерлік,елдік,өнер де
Жақандағы ең жауынгер халыққа
Кім сенеді ту болмады дегенде-демекші «Жаз-2012»ауысымының ашылу салтанатына орай лагерь туы көтерілсін!
«Испан биі: Носа» бишілер тобы
Осымен лагердің ашылу салтанаты өз мәресіне келіп жетті.Келесі кездескенше ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!
«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі » КММ
Мектеп жанындағы «Балдәурен» лагері
«Балауса» тобы
«Ертегілер елінде»
іс-шарасының жоспары
2014-2015 оқу жылы
Ертегілер күні
Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалрдың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айра білуді үйрету.
- Біз бүгінгі тіл дамыту сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.
- Енді, балалар, сабағымызды әнші Әйгерім Қалаубаева апамыздың орындауында «Ертегілер»әнімен бастасақ. Осы әнді тобымыздағы әншіміз Зарина да жаттап келген екен. (ән орындалады).
- Күнделікті сабақта осы уақытқа дейін көп ертегілермен таныстық. Қане қандай ертегілер естеріңде қалды? ( Балалар 2-3 сөйлемнен ертегілер айтады.)
Балалар ертегі не жайында?
- Балалар, сабағымызға ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр екен.
Көрініс: «Бауырсақ»ертегісі
Қатысушылар: Автор-Асылжан, Кемпір-Ақтоты, шал-Бекжан, бауырсақ-Зарина, қоян-Ақтілек, Аю-Саламат, түлкі-Ұлман.
- Балалар ертегі сендерге ұнады ма ?
Ертегінің мазмұны не жайында екен ? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық.
- Бұл ВЕНН тапсырмасы деп аталады. Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады ? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.)
- Өте жақсы!
- Ал, түлкі ше ?
-Түлкі қу, айлакер.
Жағымды Жағымсыз
- Ал балалар мен сендердің тапқырлықтарыңды байқау үшін қазір «Кім тапқыр» ойынын ойнатқым келіп тұр.
1.Өзі ноян
Қорқақ кім ? ...... (Қоян)
2.Бұлаңдаған құйрығы бар
Бір алдарлық қулығы бар . (Түлкі)
3.Қорбаң- қорбаң етеді,
Орманда ол жүреді (аю)
Сергіту сәті:
-Ал енді балалар мен сендердің зейіндеріңді байқау арқылы « Кім жылдам» ойынын ұйымдастырамын.
Ол үшін сендерге ертегідегі бас кейіпкер – бауырсақтың суретін беремін, сендер жылдам әрі ұқыпты бояуларың қажет.
-Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)
-Ұн неден алынады ? (Бидайдан)
Ұннан жасалатын тағамдар: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.
-Ал, балалар , нан туралы мақал - мәтелдер, тыиым сөздер білесіңдер ме ? (Мақал- мәтелдер, тыйым сөздер айтады.)
Қорытынды.
«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі » КММ
Мектеп жанындағы «Балдәурен» лагері
«Балауса» тобы
«Лагерьдің салтанатты жабылуы»
іс-шарасының жоспары
2014-2015 оқу жылы
Мақсаты:
1. Оқушылардың 10 күн бойы лагерден алған әсерлерін әңгімелей білуге, ой-өрісін кеңейтуге, бастан өткен қызықты айта білуге үйрету.
2. Оқушының өмірге деген көз қарасын дамыту. Шешендік, тапқырлық өнерін байқау.
3. Мәдениеттілікке, парасаттылыққа, әсемділікке, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд «Байтерек», түрлі - түсті шарлар, плакаттар.
Қош бол, қызықты лагерь! ( лагердің жабылу салтанатына)
1-жүргізуші: Армысыңдар құрметті көрермен қауым, бүгінгі лагердің жабылу салтанатына қош келдіңіздер. Алғашқы сөз кезегін орынбасардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына берейік.
2-жургізуші: Біздің ұранымыз
Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз ушін.
1 – жүргізуші:
Отаным кең көсемін
Төсінде ырыс өсірген
Қаптаған мал, алтын дән
Бәрі менің кәсібім
Бәрін көріп келеміз.
Болашаққа сенеміз
Жақсы оқу мен еңбекпен
Біздер жауап береміз.
2 - жүргізуші:
Шашу етіп нұр көктем
Шашкан екен бізге арнап,
Бірде сондай шашумыз
Қызыл, жасыл, сарымыз.
Қызғалдақтай құлпырып,
Өсіп келе жатырмыз-
Өсіп келе жатқан Арина есімді қызымыздың биін тамашалайық.
1-жүргізуші: Инсценировка
2 жүргізуші: Жаңбыр өлеңін Аружан Жансая Аида оқиды.
Аружан:
Жаңбыр жауды себелеп,
Жасырынды көбелек
Аспан кетті күркіреп
Бұл не деген керемет.
Жансая: Тау мүлгейді жаңғырған
Қорыққандай жаңбырдан
Аспандағы қарым бұлт,
Жерге моншақ тамдырған
Аида: Бұлттан түсті моншақтар
Гүлге қонды моншақтар
Жарысқандай жүгіріп
Маңдайдан тер моншақтар.
Диас: Жаңбыр, жаңбыр жауа бер,
Сенен бақша бау өнер
Жаудырасың туған жер
Күміс моншақ тама бер.
1 жүргізуші: Ендеше балалардың өнерін тамашалайық. Ән «Қошақан» хормен
Жазад апамның аулына
Барып едім қыдырып
Бір қошақан алдымнан
Шықты ойнап жүгіріп.
Қ-сы
Ақ маңдайла ай мекен?
Шекер мекен бал мекен?
Кеттім оны сғынып,
Қошақаным қайда екен?
Апам оған жем берді
Апам оған су берді
Тойп алып қошақан
Тастан-тасқа секірді
1-жүргізуші: Райымбектің орындауында тақпақ
2-жүргізуші: Мейірбектің орындауында ән тамашаланыздар.
1-жүргізуші: Аруана тақпақ
2 – жүргізуші: Ән «Ақ көгершін» хормен
2-жүргізуші «Мақта қызбен мысық» ертегісіне көрініс қою
Кішкене шаршаған шығарсыздар сіздермен бірге ойнайық.
Мақсаты: Балаларды сергіту, қатыспағандарды қатыстыру.
Кейіпкерлері:
Мақта қыз - Мәдиана
Мысық - Райымбек
Сиыр - Алишер
Ағаш – Ділдә
Қыздар – Жадыра Мадина
Дүкенші - Аружан
Тауық – Лунара
Тышқан - Дінмұхамет
Вальс «Байтерек» тобы
Осымен ертегіміз бітті
-хормен сау болыңдар!!!
Қорытындылау: Балалар сендерге лагердің атқарылған жұмыстарының қорытындысын жасасақ, осы кезеңде болған ең қызықты күндерді әңгімелеп беріңдер.
Балалар өздерің көргендей суретте салдық, ермек сазымен де жұмыс жасадық т.б. жұмыстарды атқардық. Олармен көрме ұйымдастырып, ең жақсыларын таңдап алдық, соларды атап өтейік.
-Балалар бізде жай жұмыстарға белсене катысып жүрген балаларға марапаттау қағазын береміз. Ал, балалар сендерге марапаттау қағазын беруге рұқсат етіңдер.