2. Келесі сабақ. №9, «Шоқан асулары» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
• Ата-әженің мейірімі дегенді қалай түсінесіңдер?
• Айғаным әжесі мен Шоқанның арасындағы жылылық қалайша
байқалады?
• Шоқанның үлкен жырды түсіне алатынын Айғаным әжесі қайдан білді?
• Отбасында өзара түсінісу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
• Өзің отбасында түсіністікке қалай қол жеткізіп жүрсің?
3. Сабақтың дәйексөзі.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»
Халық мақалы.
Сұрақтар:
1. Ата-баба –өнері дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). «Отбасы ошағы» аңыз әңгіме Ертеде бір ауылда үш жас отбасы өмір сүріпті. Бір кездері ол ауылға бақыт келіп қоныстады. Ол өзінің , қай отбасында жарық пен жылу толы болса, сонда қонатынын хабарлады. Бірінші отбасы өз үйлерін күміске толтырды. Үй жарық болды, бірақ күмістің жарығы үйді жылыта алмады. Екінші отбасы өз үйлеріне алтынды толтырды. Ол үй жарық бола түсті, бірақ жылулық бәрібір болмады. Тек, үшінші тақпыр отбасы өз үйлерінің ошағына от жақты. Оның әсерінен үй жарық болып, жылуға толды. Әрине, бақыт сол үйге мәңгілік қоныстауды ұйғарды. Ол үй иесілерімен бірге баланың дүниеге келуін, әр отбасы мүшелерінің туған күндерін, отбасы құрған күндерін және алтын той күндеріне дейін болуға қалды. Сұрақтар: 1. Оқиғаның мағынасы неде? 2. «Отбасы ошағы» дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Отбасы ошағының жылулығын қалай сақтауға болады? 4. Бұл үш отбасының қайсысынан сүйіспеншілік, мейірімділікті көріп тұрмыз? 5. Сен өз отбасыңды қалай жылытар едің? Қорытындылау: қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарылық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің риясыз сүйіспеншілігі, қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты.
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Оқушылар үш топқа бөлінеді.
1 – топ: «Қуаныш»
2 – топ: «Шаттық»
3 – топ: «Бақыт»
Тапсырма: «Қуанышқа бөленген бақытты отбасы үйі» тақырыбына
сурет салады. Орындағаннан кейін әр топ өз суреттерін қорғайды.
6. Топпен ән айту.
Сен бақытты ұлансың
Өлеңін жазған Мейірхан Қуанышбаев
Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев
Анаң – күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Сен – бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Әжең – асыл ардағың,
Атаң – дана қорғаның.
Сен – бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Ағаң – биік асқарың,
Інің – мөлдір аспаның.
Сен – бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын. Қарындасың – қанатың, Ел-Отаның – жаннатың. Сен – бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.
7. Үй тапсырмасы.
1. №9 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау.
2. Келесі сабақ. №10, «Құттықтау» мәтінін оқып келу.
8. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды
өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін
қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде
тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде