kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Араласып үйренеміз Дос болайық бәріміз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қысқа мерзімді жоспар

 

Сабақ тақырыбы:

Араласып үйренеміз

Дос болайық бәріміз!

Мектеп:

Күні : 

Мұғалімнің есімі:Ғайсақызы С

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: «қарым-қатынас» ұғымымен танысып, оның адам өміріндегі маңызын түсінy;
  • Оқушылардың басым бөлігі:. адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынас туралы білy;
  • Кейбір оқушылар: өмірде қарым-қатынас ережесін қолдануға үйренy.

Тірек сөздер:

қарым-қатынас – общение – communication; әңгімелесуші – собеседник – talker;

диалог – диалог – dialogue.

Ресурстар:

«Отбасындағы және мектептегі қарым- қатынас» тақырыбына сюжетті суреттер, әртүрлі көлемде ашық хаттар (15-тен астам), орам жіп, «Жақсы әдет» тақырыбына мульфильмдер Интернет ресурстар

http://my.mail.ru

http://etiketsabina.blogspot.com

http://multmir.net

http://video.meta.ua

http://langopedia.ru

http://txtb.ru

http://www.prometod.ru

Сабақтың мақсаты:

1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Қарым- қатынас – бұл адамдар арасындағы бірлесе қызмет ету қажеттілігінен туындаған өзара байланысты дамытудың жоспарлы үдерісі.

Қарым-қатынас бірлесе жұмыс істеуді, жоспар құру мен талқылауды, оларды іске асыруды қамтамасыз етеді. Оқушылардың адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру қоғамда өз орнын табуға көмектеседі. Қарым-қатынассыз жеке адамды қалыптастыру, оны тәрбиелеу, білім беру, ақыл-парасатын дамыту мүмкін емес.

Қарым-қатынас орнату кезінде мынадай фазалар (кезеңдер) айқындалады:

байланыс орнату;

қарым-қатынас жағдаятына, мақсатына және тұлғаларға бағдар жасау;

өзара байланысты ұйымдастыру, қарым-қатынас құралын таңдау;

әріптеспен кері байланыс орнату және оны қолдау;

қарым-қатынас бағытын, стилін және тәсілдерін түзету; байланысты аяқтау.

Қарым-қатынастың барлық фазаларын меңгеру оны тиімді етеді және коммуникативтік құзыреттілік негізін құрайды.

Дәстүрлі қазақ қоғамында қарым- қатынас мәдениетіне ерекше көңіл бөлінген. Екінші тараппен сабдарлы қатынас жасап, сөзін өткізуге ерекше назар аударылған. Осы ретте қазақтар сөзін сыпайы әрі қисынды жеткізуге айрықша мән берген. Олар тура сөйлемей, ойын астарлы жеткізуді дұрыс санаған.

Мен араласатын орта. Сабақты «Өрмек» ойнынан бастасаңыз болады. «Барлығы өзім туралы» тарауында оқушылар бұл ойынмен таныс болған. Оқушылардан шеңбер құруын сұраңыз. Орам жіпті алыңыз. Оқушылардан «қарым-қатынас» ұғымын қалай түсінетінін сұраңыз. Жауап бергісі келген оқушы жіптің ұшын алады, ал орам мұғалімнің қолында қалады. Бұдан кейін екінші оқушы бірінші оқушыдан жіптің ұшын алып, өз пікірін білдіреді. Осылайша қарым- қатынас үдерісін көрнекі түрде көрсететін «өрмек» тоқылады.

Егер қарым-қатынас тоқталса, басқа сұрақтар қойыңыз, мысалы: «Қарым-қатынас не үшін қажет?», «Оқушы мектепте кіммен араласады?».

Мен араласатын орта

Сызба бойынша әңгімеле. Сен кіммен және не үшін араласасың? Қарым-қатынас – бұл адамдардың әңгімелесуі, кездесуі және бірлесе жұмыс істеуі. Ол – адам өмірінің маңызды бөлігі.

Қарым-қатынас адамдардың бірін-бірі түсіне білуіне көмектеседі.

Дұрыс қарым-қатынас түрлері

Олар не туралы әңгімелесіп тұр деп ойлайсың?

Қандай қарым-қатынасты дұрыс деп санайсың?

Неліктен?

Сыныптағы қарым-қатынас ережесі

Әңгімелесушінің сөзін бөлмей, мұқият тыңда.

«Өтінемін» және «рақмет» сөздерін қолдан.

Адамды ренжітіп алатын сөздерді қолданба.

Сабақтың қорытындысы

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Оқушылар өздері ойластырған ережелерінің айырым белгісін (жол белгілері сияқты) жасап, бүкіл сыныпқа таныстыра алады.

Жауабы: «Бір-біріңді жамандама, дөрекі сөз айтпа, өте қатты әңгімелеспе және т.б.»

Бұл сабақта тілдік мақсаттар сипаттау, салыстыру, әңгімелесу, талқылау сияқты тапсырмалардың көмегімен іске асырылады. Оқушылар диалог жүргізеді, журналистер рөлін ойнайды. Қарым-қатынасты тәжірибеде қолдану сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі.

Сабақта екі тірек сөз үйретіледі. «Әңгімелесуші» ұғымын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөздерді құрамына қарай талдау арқылы түсіндіруге болады. Сонымен қатар «Орындап көр» тапсырмасын орындаған кезде оқушылар өзара әңгімелесуші болып табылатынын түсіндіру қажет.

 Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Математика. Оқушылар жұптарға бөлінген кезде әріп саны өз есімінің әріп санымен сәйкес келетін оқушыны табады.

АКТ. Интернеттен ата-аналарымен бірге «Жақсы әдет» тақырыбына мультфильм тауып, бірге тамашалайды. Егер интернет болмаса, оқушылар SmartArt бағдарламасын қолданып, өз қарым-қатынас схемасын жасай алады.

Жұмыс дәптерінде «Бір- бірімізді зерттейміз» тапсырмасын орындаған кезде оқушылар журналист рөліне еніп, аз араласатын сыныптасының жанына барып, сұхбат құрады. Мұндай сұхбат оқушыларға бір-бірімен жақын араласуға мүмкіндік береді және сынып ұжымының қалыптасуына жақсы әсер етеді. Басқа жағынан алғанда тапсырма қарым-қатынас ережелерінің іс жүзінде қолданылуын бекітеді.

Осылайша, сабақта «өзгертіп айтыңдар», «келісіңдер», «шешім шығарыңдар», «даудың себебін табыңдар» түріндегі тапсырмаларды қолдануға болады.

Бағалау

Оқушылар

– қарым-қатынас дегеннің не және оның не үшін қажет екенін;

– әңгімелесушінің кім екенін;

– кіммен және не үшін араласатынын;

– әртүрлі қарым-қатынас туралы;

– сыныптағы қарым-қатынастың негізгі ережелерін білді.

Оқушылар

– қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызын түсінуге;

– сыныптағы өз қарым-қатынас ережелерін құрастыруға;

– сыныпта қарым-қатынас ережелерін қолдана білуге;

– сыныптастармен және мұғаліммен жақсы қарым-қатынас орнатуға үйренді.

Бағалау кезеңінде «Өзіңді тексер» тапсырмасын беруіңізге болады. Оқушылардан бір-біріне қарым-қатынас ережелерін әңгімелеуін сұраңыз. Мысалы, «әңгімелесушінің сөзін бөлме, мұқият тыңда», «өтінемін», «рахмет» сөздерін қолдан», «ренжітуі мүмкін дөрекі сөздерді айтпа». Оқушылардың өздері ережелерді қалай сайқтайтыны туралы ойланып, жауап берсін.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

         
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Араласып үйренеміз Дос болайық бәріміз!

Автор: Ғайсақызы Салтанат

Дата: 14.01.2018

Номер свидетельства: 449826

Похожие файлы

object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Сау денеде - салауатты рух"
    ["seo_title"] => string(28) "sau-dieniedie-salauatty-rukh"
    ["file_id"] => string(6) "314611"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459741048"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Сау денеде - салауатты рух ?алыптыстыру"
    ["seo_title"] => string(37) "saudieniediesalauattyrukhkalyptystyru"
    ["file_id"] => string(6) "314612"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459741201"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Ашы? т?рбие са?аты. Та?ырыбы: "Салауатты ?мір – к?тері?кі к??іл" "
    ["seo_title"] => string(65) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-tak-yryby-salauatty-omir-kotierin-ki-kon-il"
    ["file_id"] => string(6) "157818"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421657640"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Кавказ халы?тарыны? музыкасы "
    ["seo_title"] => string(30) "kavkaz-khalyk-tarynyn-muzykasy"
    ["file_id"] => string(6) "134045"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416657538"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства