Просмотр содержимого документа
«Оқушының өздік жұмыстары»
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ ИННОВОЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Беркинбаева Слушаш Жумамуратовна
Ақмола облысы Целиноград ауданы Новоишимка ауылы
№32 орта мектеп
Заман талабына сай білім беру, баршамызға ортақ міндет. Осы міндеттерді орындау барысында соңғы жылдары білім саласында жаңа бағдарламалар мен бірқатар игі істер атқарылуда. Әрине, бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы болғандықтан, еліміздің бір кірпіші болып қалану мақсатымен әр кім өзінше үлес қосады. Қазіргі таңда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мен бірге міндеттері де арттып келеді. Осы мәселені шешу жолдарының да бірнеше бағыттары көрсетілуде. Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі қоғам үшін, ізгілікті ұрпақ тәрбиелеп, болашаққа нық қадам жасау мәселесі алдыңғы орынға шықты. Ғылым мен білімнің дамуы жеделдеген сайын адами құндылықтар төмендеп тұрған сәтте, дамыған елдердің өзі гуманизм мәселесін тереңірек қарастыруда. Осы орайда тек қана бір елдің қоғамның дамуына емес, барша адамзаттың дамуына үздіксіз үлес қосатын ұстаздар міндеті артты. Мұғалімнің міндетті тек білім беру емес, ел көшін алға сүйрейтін рухы мықты, білімі терең, озық технологияның тілін меңгеріп қана қоймай, жаңа технология ойлап табуға қабілетті жас буынды тәрбиелеп, оқыту болып отыр. Әрине мақсат айқын, міндет ауыр.
«Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол-білім! Ол-еңбек!»-деп ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай білім мен еңбек адамды алға жетелейтін негізгі күш. Адамның жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ең басты әсер ететін негізгі күштер-отбасы, қоғам, мектеп болса осы жауапкершіліктің ең зоры да қазіргі таңда мектепке басымдық бергендей. Данышпанымыз Абай айтқан «сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан»-деген құндылық еліміздегі әр ата-ана, әр қоғамның мүшесі үшін маңызды.
Бүгінгі күн ақпараттар толқынының ашық алаңы. Өскелең ұрпақты жаһанадану дәуірінде ізгілікке жетелеу күрделі әрі күрмеуі қиын мәселелер қатарында. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, мектеп реформаларын өзгерте жүріп, ең қажетті, ең негізгі құндылықтарға басымдық беріп оқытудамыз.
Жалпы функционалдық сауаттылық түсінігі шет ел ғылымында ертеден зерттелсе, елімізде қолданысқа еңгізілгені кеңес ззаманымен тұстас. Соңғы кездегі жазылған еңбектерде бір-бірінен алшақ болмағанмен төмендегідей анықтамалар ұсынылып жүр. Функционалдық сауаттылық дегеніміз адамдардың сыртқы ортамен, әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, ілесіп отыруы, өз білімін үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Тұлғаның оқу, ұғыну, қысқа мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы қарапайым сауаттылығына қарағанда, жеке тұлғалық сауаттылықтың айырмашылығы тұлғаның нақты мәдени ортада тіршілік ету үшін біліктілік, икемділік пен дағдылар, яғни функционалдық сауаттылық болып табылады [1]. Функционалдық сауаттылықтың негізгі мәндеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, өкез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы[2]. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) [3] Ал осы жаңа инновоциялық технологияларды қолдану-білім сапасын арттыруға арналған негізгі бағыттың бірі. Білім саласында күннен-күнге жетілген жаңа технолгияның әдіс-тәсілдерін қолдануда мұғалімдеріміз нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді. Білім негізі-бастауышта қаланатынын ескерсек, сауатты оқушыны даярлап, жеке тұлғаны даярлайтын негізгі қадам да осы бастауыш сынып партасында қалыптасады. Баланы жан-жақты дамытуда, қарым-қабілетін шыңдауда, дарынын ашуда, мұғалімге қажетті ең көмекші құралда осы жаңа технологияның элементтері. Бүгінгі таңда, дамыта оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, диологтік оқыту, топттық жұмыс, саралап оқыту т.б бірнеше жаңаша әдістерді атап өтуге болады. Бегенмен, әр мұғалім өзінің шәкіртінің психологиялық және жас ерекшелігін ескере отырып, өз тәжірибесіне қажетті негізіг деп санаған тәсілдер мен жаңа технологияны таңдайды. Себебі, білім берудегі мұғалімнің негізгі мақсаты – нәтижеге бағытталған жұмыстар. Әр балаға қалай, қандай әдіспен білім берсекте, оқушының білімді қалай қабылдағандығы, оны өмірде қолдана алуы негізгі нәтижені көрсетеді. Дамыған елдер мен терезесі тең тұратын ұрпақ өсіру ел мұраты болса, сол ұрпақты көшбасшы, өзіндік көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға даярлау да мұғалімнің ықпалымен жүзеге асырылады. Халқымызда жақсы сөз бар: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»,-деген. Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынов: «Ең жақсы мұғалім-әдіс-тәсілді көп білетін мұғалім»,-деп бекер айтпаған. Баланы мектеп табалдырығын аттаған сәттен білім әлеміне қызықтыра жетелеп, оқуға деген құлшынысын арттыру да ұстаздың жүрегінінен шыққан үн мен бірге бала санасына барып ұялар жарық сәуле, болашақ өмірге берілер жолдаманың бастамасы.
«Инновациялық технологияларды оқу үдерісіне қолдану» Лукпанова Лайлим Сериковна 2016ж
Халықаралық конференция жинағы Прага 2014 жыл
«Алаш тағылымы және тәуелсіздік» халықаралық ғылыми конференция жинағы Астана 2016ж
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.