kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойын-ойды? жемісі.Ойын ойнау ар?ылы баланы? ойлау ?абілеті дамиды,білімі толы?а т?седі.Бала мен балалар ?жымыны? дамуында мектеп жасына дейінгі іс-?рекетіні? негізгі т?рі ойын орасан зор р?л ат?арады.Ойын балалар ?шін айналаны танып білу т?сілі.Ойын баланы? ?о?амда ?мір с?ретіндігімен байланысты.Баланы? е? басты  іс-?рекеті ойын болып табылады.Ойынны?  негізгі ерекшелігі-ол балаларды? ?орша?ан ?мірді,адамдарды? ?имылын,іс-?рекеттерін,оларды? бала ?имылынан ту?ан жа?дайда?ы ?арым-?атынасын бейнелеуі болып табылады.Балалар ?н-т?нсіз ойнамайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ойын»







Ойын түрлерін сабақта қолдану жолдары.

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл – ойдың қалыптасуы мүмкін де емес.»

В.А. Сухомлинский

Ойын- ойдың жемісі. Ойын ойнау арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды, білімі толыға түседі. Бала мен балалар ұжымының дамуында мектеп жасына дейінгі іс- әрекетінің негізгі түрі ойын- орасан зор рөл атқарады. Ойын- балалар үшін айналаны танып білу тәсілі. Ойын баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Баланың ең басты іс- әрекеті- ойын болып табылады. Ойынның негізгі ерекшелігі- ол балалардың қоршаған өмірді, адамдардың қимылын, іс- әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым- қатнасын бейнелеуі болып табылады. Балалар үн- түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын кезінде сөйлесу қарым- қатынасы үлкен рөл атқарады.

Ойынның сюжеті, мазмұны- бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым- қатынастарының дамуын, көп жақтылығын, өзара байланысын анықтайтын нәрсе . Ойынның мазмұны оны қажет етеді,ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады.Ойын бала үшін нағыз өмір. Балалардың ойын түрлерінің қалыптасуы- педагогикалық көмекті қажет етеді.

Ойынның негізгі міндеті- балалардың ақыл- ойын дамыту, білімін байыту болса, қимылды ойындардағы негізгі міндет- қимыл- қозғалыс белсенділігін дамыту, жетілдіру. Ойындар мазмұнына қарай сюжетті- рөлді, драматуациялық, дидактикалық- құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.Сюжетті- рөлді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән.Сюжетті- рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.Құрылыс ойыны- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірде алуан түрлі құрылыстарды, іс- әрекеттерді бейнелеу болып табылады.

Қимыл- қозғалыс ойындары алдымен балаға дене тәрбиесін беру құралы. Ол балалардың қозғалысын- жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алуды жаттықтыруға, дамытуға, жетілдіруге мүмкіндік береді.Қимылды ойындар денешынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Қимылды ойындарды ұлттық ойындар желісінде ұйымдастыруға да болады.

Мысылы: «Асық ату», «Айгөлек», «Бәйге» , «Сақина салу» т.б ойындар жатады.

« Асық ату»- кең таралған балалар ойыны. Оның сан алуан түрлері бар. Ойнаушылар санына шек қойылмайды.Ойнау тәртібі: ойын алаңы тақыр, тегіс жер болуға тиіс. Осы ойын ойналатын жерге ойнаушылардың әрқайсысы тең мөлшерде (бірден, екіден, үштен) асық тігеді.Тігілген асықтарды бес қадам жерден тұрып, ең әуелі алшы түскені атады. Атқан асығы тігілген асықтардан үш қадам ары ұшып түссе, ойыншы асыққа ие болады, яғни ұтып алады.Ал атқан сақасы жеткен жерінде алшы тұрса, қайта атуға қақысы бар.Сақаның көлемі, салмағы бір деңгейде болуы шарт.Өйтпеген жағдайда, сақасы ауыр салмақты болып келсе, асықты бірден түгел ұтып алады, бұл ойын әділдігіне саналмайды.Асығы түгесілген адам ойыннан шығады. Сондықтан да балалар асықты көптеп жинауға тырысады. Ойын көз мергендігіне, қол буындарының икемді болуына баулиды. Мұнда көбіне қой, ешкі асықтары қолданылады. Қазақ арасында: «Қолыңа жақса, қой асығы сақа ғой, ыңғайы келсе, ебін тауып ала ғой», «Асықтай үйіріліп», «Алшыңнан түсірейін бе, тәйкеңнен түсірейін бе» деген ұғымдар сөз тіркестері бар.Көшпелі халық тұрмысының ерекшелігінен туындаған бұл ойын барынша кең тарап, халық арасына әбден сіңіскен ойындардың бірі.

«Айгөлек» - бұл ойында балалардың бір- біріне деген қарым- қатнасы мен топталып ойнату, ептілікке, алға қойған мақсатын аяғына дейін орындату және сөздік қорын, тілін дамыту мақсаты қойылған.

«Қорап жүгірту» - бұл ойынның шарты қораптың ішіне сұрақтар жазылған карточкалар салынады, қорапты музыка әуенімен балалар бір- біріне береді. Егер музыка тоқтаған кезде қорап кімде қалса, сол қораптың ішінен бір карточканы алып, сол сұраққа жауап береді. Ойын осылай жалғаса береді. Ойын балаларды шапшаңдыққа, алғырлыққа баулиды.

Халқымыздың ұлттық ойындарының көпшілігі «ойлауды қажет ететін ойындарға» жатады.Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі.Ойын бала үшін қажет және пайдасы зор.Баланың алғашқы күннен бастап дамыту құралы да болады, оқу мен білімнің , тәрбиенің негізін қалыптастыратын да- ойын әрекеті болып табылады.Ойынды сабақта жиі пайдалану оқушылардың ой- өрісін дамытуға көп көмегін тигізеді. Ойын- ойдың жемісі, Сондықтан әрбір сабағымызда ойын элементтерін жиі пайдалансақ, жақсы нәтижеге қолымыз жетері анық.



Теңге алу Сақина салу Асық ату

Қазақтың ұлттық

ойындары





Қыз қуу Көкпар









Айгөлек Аударыспақ Тоғызқұмалақ

















« Күз- береке , күз- мереке.»

Мақсаты: Балаларға күз туралы әңгімелей отырып, Бала бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті ояту, табиғатты аялай білуге білуге баулып, имандылыққа тәрбиелеу.

Жүру барысы:

Мұғалім: Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін біздің әсем де көркем мектебімізде тағы бір мереке «Күз- береке, күз- мереке» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Ел байлығын арттырған берекелі, мерекелі күз мезгілі келді.Сары алтындай сары күз себетке толы жеміс, қамбаға толы егін сыйлайды.Күз- береке айы, күз – мереке айы,күз- молшылық айы.

Оқушыларға сөз кезегі беріледі.

Аружан:

Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуаныш күн біліп қой.

Күзгі бақта күлімдеп,

Алақанды соғып қой.

Алинұр:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан- алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Мансұр:

Алақай, алақай,

Шаттанды балақай.

Күз түсті, дән пісті,

Айтамыз алғысты.

Хормен ән айтылады: «Алғыс саған алтын күз!»



Аружан:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Қанат:

Ал, балалар, тұрмайық,

Қол соғайық шулайық.

Күзгі бақта бүгінгі,

Шырқап әнге салайық.

Слайдтан оқушылардың күзгі бақта жеміс- жидек теріп жүрген кездері көрсетіліп тұрады.

Ән: «Күз келгенде»

Сұлтан:

Жер берді жемісті,

Күз келді келісті.

Күз байлық береке,

Алтын күз мереке.

Айым:

Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап- қап қауын алдық біз.

Дина:

Сап- сары маңай,

Сап- сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Ән: «Құстар қайтып барады»





Ералы:

Мейірлі күз, мырза күз,

Сыйлығына ырзамыз.

Атақ арай таңында,

Шомыламыз нұрға біз.

Көрініс: «Шалқан»

Би: «Жапырақтар»

Айым:

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала, бай дала,

Алтын астық айнала.

«Гүл шоқтарын» қорғау

Гүл болып киінген қыздар ортаға шығады да, өздерін таныстырады.Өздерінің қандай гүл болып киініп тұрғанын айтып, таныстырады. Өз өнерлерін көрсетеді.

«Гүл» болып киінген қыздар»Гүлдер» биін билейді.

Ән: «Балдырған» Оқушылар хормен «Балдырған» әнін орындайды.



















Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлем туралы білімдерін кеңейту,сөйлем түрлерін қайталап еске түсіре отырып, жаттығу жұмыстарын орындау;

Дамытушылық: Сауатты, әдемі, таза жазуға дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, ойын, жаттығу жұмысы.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу.

ә) оқушыларды түгелдеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Өткен сабақты қайталау, еске түсіру


3


4


5


5



Өнер

3


1

2


Мақал



Кім тапқыр?



Кім тапқыр? Ойыны арқылы қайталау.

а) сөз тіркесі дегеніміз не?

ә) сөз тіркесі қандай сөз таптарынан тұрады?

Қызыл алма, Қалың дәптер, үлгілі оқушы

IV. Жаңа сабақ:Сөзжұмбақ арқылы тақырыпты анықтау.

  1. Қыздардың әшекей бұйымы

  2. Бір таңбалы натурал сан

  3. Күй орындайтын адам

  4. Құстардың ішіндегі адамға ең жақыны

  5. Су көлігі

  6. Үй жануары



С

Ы

Р

Ғ

А

Т

Ө

Р

Т

К

Ү

Й

Ш

І

Қ

А

Р

Л

Ы

Ғ

А

Ш

К

Е

М

Е

М

Ы

С

Ы

Қ












Сөйлем.

Сөйлем белгілі тиянақты білдіреді.

Сөйлемнің түрлері

Хабарлы сөйлем

Сұраулы сөйлем







Лепті сөйлем



2-жаттығу.Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

Кітап,оқы,көп. Кітапты көп оқы.

Сендер,білім,кітап,көмектеседі,болу

Сендерге білімді болуға кітап көмектеседі.

4-жаттығу. Сөйлемдерге тыныс белгісін қойып, көшіру.

Сергіту сәті.

Қане,қанат қағайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қанайық.

Сұраулық мағына беріп тұрған сөздің астын сыз.

Күйе,күйе,күйе ме,

Күйеге қолым күйе ме?

Күйеге қолым күймейді,

Ұстасам апам сүймейді.

Сабақты қорыту:Мына сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір.

Хабарлы Күннің суығын-ай!

Жұлдыз жымыңдайды

Сұраулы Сауысқан шықылықтады.

Сен қай елде тұрасың?

Лепті Ауылдан қашан келдің?

Алақай,көкем келді!



Үйге тапсырма: 1) 59 бет 6-жаттығу

2) Сөйлем

Бағалау: Оқушыларға баға қою.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ойын

Автор: Жунусова Гульжан Кабылкайыровна

Дата: 15.12.2015

Номер свидетельства: 266637

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Баяндама:    Ойын ар?ылы бастауыш сынып о?ушыларыны? ойлау ?абілетін дамыту."
    ["seo_title"] => string(78) "baiandama-oiyn-ark-yly-bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-oilau-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "254669"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447784570"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Ойын ар?ылы баланы ?абілеттерін танымын дамыту"
    ["seo_title"] => string(43) "oiynarkylybalanykabiliettierintanymyndamytu"
    ["file_id"] => string(6) "296917"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456122003"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Ойын ар?ылы баланы? танымды? ?абілеттерін дамыту"
    ["seo_title"] => string(45) "oiynarkylybalanyntanymdykkabiliettierindamytu"
    ["file_id"] => string(6) "297511"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456210469"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) ""Биология сабақтарында қызықты ойын элементтерін пайдалану""
    ["seo_title"] => string(57) "4-5-synyp-ok-ushylaryna-arnalg-an-psikhologiialyk-oiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "159302"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421866791"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану "
    ["seo_title"] => string(53) "bastauysh-synyptarda-oiyn-tiekhnologhiiasyn-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "172281"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423802623"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства