kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мазмұндамалар жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кіріспе

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасы мен грамматикалық құрылымды терең меңгеру, бір жүйеде сауатты жазу, тілдік-грамматикалық құрылымды орынды пайдалану осы пәнді оқытудын, негізгі мақсаты болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, оқушылардың білімдерін пысықтау мен тексеруге арналған мазмұндама, жаттығу, т.б. жинақтардың алатын орны ерекше екені белгілі.

Сондай мақсатпен ұсынылып отырған бұл мазмұ-ндамалар жинағының мұғалімнің пайдалануына ыңғайлы болуына баса назар аударылған: онда көрсетілген оқушының сыныбына байланысты жазу шапшандығы, мәтін нормалары, қалыптасқан бағалау жүйелері анық та, дәл соңғы талаптарға сай.

Мазмұндамалар 1-4 сыныптардың әркайсысына 10-18 мәтіннен беріліп, жинақта барлығы 49 мәтін қамтылған. Алынған мәтіндер мазмұны жағынан өмір талабына сай, оқушының ой-өрісін, зейін-қабілеттерін жетілдіруге негіз болатын, сауаттылығын арттыру жұмыстарына көмегі тиетіндей деңгейде құрастырылған. Сұрыпталып алған бүл м»тіндерде негізінен арғы-бергі тарихымызда өмір сүрген, халқы үшін еңбегі сіңген ел перзенттері туралы, өнер-білім жөнінде, ұлттық салт-санамыз бен адамдық асыл қасиеттер жайында тартымды әңгімелер алынған. Жинақтағы мазмұндамаларды қазақ тілі және ана тілінен оқылған материалды бекіту, жинақтау, білім сапасын анықтау сабақтарында қолдану ыңғайлы.

Сауатты жазу - дұрыс ойлаудың көрінісі. Ендеше бүл кұрал оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың ойлау, шығармашылык кабілеттерін арттыруға, жазу дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мазмұндамалар жинағы»

«Атбасар білім бөлімі Атбасар қаласы»КММ

№7 қазақ орта мектебі











Мазмұндамалар жинағы.

(1-4 сынып)





Құрастырушы мұғалімнің аты-жөні: Джиенгарина Аридаш Мырзагалиевна



2016-2017 оқу жылы



















































Кіріспе

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасы мен грамматикалық құрылымды терең меңгеру, бір жүйеде сауатты жазу, тілдік-грамматикалық құрылымды орынды пайдалану осы пәнді оқытудын, негізгі мақсаты болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, оқушылардың білімдерін пысықтау мен тексеруге арналған мазмұндама, жаттығу, т.б. жинақтардың алатын орны ерекше екені белгілі.

Сондай мақсатпен ұсынылып отырған бұл мазмұ-ндамалар жинағының мұғалімнің пайдалануына ыңғайлы болуына баса назар аударылған: онда көрсетілген оқушының сыныбына байланысты жазу шапшандығы, мәтін нормалары, қалыптасқан бағалау жүйелері анық та, дәл соңғы талаптарға сай.

Мазмұндамалар 1-4 сыныптардың әркайсысына 10-18 мәтіннен беріліп, жинақта барлығы 49 мәтін қамтылған. Алынған мәтіндер мазмұны жағынан өмір талабына сай, оқушының ой-өрісін, зейін-қабілеттерін жетілдіруге негіз болатын, сауаттылығын арттыру жұмыстарына көмегі тиетіндей деңгейде құрастырылған. Сұрыпталып алған бүл м»тіндерде негізінен арғы-бергі тарихымызда өмір сүрген, халқы үшін еңбегі сіңген ел перзенттері туралы, өнер-білім жөнінде, ұлттық салт-санамыз бен адамдық асыл қасиеттер жайында тартымды әңгімелер алынған. Жинақтағы мазмұндамаларды қазақ тілі және ана тілінен оқылған материалды бекіту, жинақтау, білім сапасын анықтау сабақтарында қолдану ыңғайлы.

Сауатты жазу - дұрыс ойлаудың көрінісі. Ендеше бүл кұрал оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың ойлау, шығармашылык кабілеттерін арттыруға, жазу дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Мазмұндама жұмысының түрлері, оған қойылатын талаптар

Мазмұндама жаздырудың түпкі мақсаты - оқушылардың ойын және тілін дамыту. Мазмұндамаға берілетін мәтіндер бірте-біре күрделеніп отыру жағын мәтін таңдағанда мұғалім қатты ескеру қажет. Мәтін оның ішіндегі көрністері жағынан болсын, сөздік, синтаксистік жағынан болсын бірінен екіншісі аз-кем қиындау бола береді.

Оқушылардың өз ойларын жазбаша байланыстырып бере алу білімдерін тексеру мақсатында мұғалім мазмұндама, шығарма жұмыстарын алады. Олардың мөлшері бағдарламада көрсетіледі.

Мазмұндама мәтіні хабарлау мақсатында болғаны жөн. 3 сыныпта суреттеу, талдау мәніндегі элементтер кіргізіле бастайды. Мәтіндер тәрбиелік мәні басым, оқушылар түсінігіне лайық етіп алынуы тиіс.

Мазмұндамаға арналған сөз саны:



Сынып

Сөз саны

1

20-30

2

30-50

3

50-70

4

70-90

Мазмұндама 2 бағамен бағаланады, жұмыс қай пәннен алынса, сол пәнге қойылады, Бағалау мөлшері:

Бағалар

1-інші баға

2-інші баға



Мазмұны мен құрылымы үшін

Сауаттылығы үшін

1

2

3 ,

«5»

Мәтінді дұрыс және жүйелі бере білген, тақырыпты ашуда ой жүйесі сақталған, мәліметтерден қате жібермеген, тіл байлығы мол, сөз колданысы дұрыс. Сөздік қолданыста 1 қате жіберілген.

Окылған ережелер бойынша емле және тыныс белгі қателері жоқ. 1 -2 түзетуі бар.

«4»

Мәтіндегі негізгі ойды толық бере алған , тақырып ашылған, бірақ ойды жүйелі беруде аздаған кемшіліктері бар, мәліметтерді беруде, сөз қолданыста кішігірім қателері бар. Сөздік қолданыста 3 қатеге дейін жіберілген.

Окылған ережелер бойынша.2 емле және 1 тыныс белгі қателері, 1-2 түзетуі бар.

«3»

Мәтін мазмұнында ауытқушылықтар жіберген, тақырыптан алшақтаған, негізі дұ-рыс ққрылғанымен ойды беруде біршама ауытқушылыктары бар. Сөздік қоры аз, қолдануда кемшіліктері кездеседі. Мәтінді құру мен мазмұнында 5-тен артық емес қате жіберілген.

Оқылған ережелер бойынша 3-5 емле және 1-2тыныс белгі қателері, 1-2 түзетуі бар.

«2»

Мәтін мазмұнынан көбірек алшақтаған, мәліметтерді берудегі қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, әр бөлімнің арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры өте жұтаң. Мәтін құру мен мазмұнында 6-дан артық қате жіберілген.

Оқылған ережелер бойынша 6 емле және 3-4 тыныс белгі қателері, 3-5 түзетуі бар.

«1»

Мәтін мазмұнын мүлде бере алмаған, тақырып мүлде ашылмаған. Мәтінді құру мен мазмұнында 7-ден артық қате жіберген.

8 емле және 5 тыныс белгі қатесі, 7 түзетуі бар.

_

Мазмұндама жұмыстарын бағалағанда оның таза, ұқыпты жазылуы, каллиграфиялық норманың сақталуы есепке алынады.

Ескерту: жазба жұмыстарынан окушы канағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, сол оқушымен мұғалім жеке жұмыстар жүргізеді, үйретеді. Өте төмен баға журналға қойылмайды. Журналға жеке жұмыстан соң алған баға дер кезінде қойылуы тиіс.

1-4 сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндамаларды топтай келгенде мынандай түрлерін көрсетуге болады:

  • Дайын әңгіме бойынша мазмұндама;

  • Сурет бойьшша мазмұндама,

  • Кино, диафильм бойынша мазмұндама.

Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Мазмұндаманың бұл түрі белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі. Мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мұғалім үлкен қағазға алдын ала жазып, дайындап алып келеді де, тақтаға іле қояды. Мәтінді оқымас бұрын сол мәтінге байланысты өмірмен байланыстырып ауызша әңгіме айткызады. Дайындық жұмысынан кейін балалар дайын мәтінді оқып шығады. Мәтіннің ішіндегі қиындық туғызатын сөздерді тақтаға жазып, синонимдік қатарларын айтып мағынанасы түсіндіріледі. Жазылуы қиын сөздерді, сөз тіркестерін сыныпта түбір немесе тұйық рай формасында бермей, мәтіндегі формасымен берген жөн. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда балалар мәтіндегі сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады.

Мәтін оқылып болғаннан кейін, жоспар кұруға болады. Жоспар бойынша сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ, ауызша қойылып, оқушылар мәтіннен ол сұрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді тұтастай оқып шығады. Мазмұндаманы жазуға кіріседі.

Дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндаманың бірнеше түрі бар:

  • Мәтінінің мазмұн тәртібі сақталады да, сыртқы түрі аз-кем
    өзгертіліп жазылады. Негізінен сұрақтарға балалар өз
    сөздерімен жауап береді.

  • Мәтін мазмұнын сақтай отырып, сыртқы түрін өзгертіп жазу.
    Мұнда оқушылар I жақпен баяндалған оқиғаны III жақпен
    мазмұндап береді.

  • Ықшамдап мазмұндау. Ықшамдап мазмұндау оқушыларды
    шығармашылық жұмысқа дағдыландырады. Мұнда
    оқушылар мәтінді емін-еркін игеріп, керек жерін алып, өз
    ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін қалдырады. Ал мұның өзі
    мәтіндегі негізгі ойды аңғаруға, мәтін мазмұлын сұрыптап,
    тандап, талғап алуға үйретеді. Ойды аз сөзге сыйғызып
    айтуға, сөзді талдап қолдануға, сөйлем құрауға
    дағдыландырады, тілдерін дамытады.

  • Толықтырып мазмұндау. Бұл ықшамдап мазмұндауға
    керісінше, аз сөзден көп мағына тудыру. Берілген
    сөйлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында
    жүргізіледі. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып,
    тілдерін байытуға, сөйлем құрау шеберлікері мен ойын
    жүйелеу дағдысына төселуге үйретуде, толықтырып
    мазмұндаудьң атқаратын ролі орасан зор.

• Өлең сөзбен мазмүндау. Өлең сөзбен берілген мәтінді
мұғалім мәнерлеп оқиды. Оқушылар түсінгенін өз сөздерімен
мәтін құрап жазады. Кейбір дарынды оқушылар түсініктерін
өлең сөздермен де жазуға болады, Мұндай мазмұндаманың
түрі балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып,
қызығушылықтарын туғызады.

Сурет бойынша мазмұндау. Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Мазмұндаманың бұл түрін де бірнеше топқа бөлуге болады.

  1. Дайын сурет бойынша мазмұндама. Мұғалім алдын ала
    дайындалған сурет береді, ал оқушылар сол сурет бойынша мәтін кұрайды.
    Алдымен мұғалім суретке байланысты кіріспе әңгіме жүргізеді. Тақтаға
    суретті іледі, оның атын жауып қояды.Оқушыларға суреттегі
    бейнеленгендерді қарап шығу тапсырылады. Аздан соң мұғалім суреттегі
    табиғат керінісіне, адамдарға, заттарға көңіл аударады. Суретке ат қояды.
    Суретке балалардың қойған аты мен автордың аты салыстырып, осы сурет бойынша алдын ала кұрастырып, дайындап алып келген мәтін тактаға ілінеді. Оны бір оқушыға окытады. Мұғалім мәтінді ырғағына келтіріп, өзі бір рет окып шығады.Мәтінге жоспар жасалып, мазмұндама жазылады.

  2. Оқылган мәтінді бейнелейтін суреттер арқылы ұйымдастыру.
    Бұл үшін мұғалім алдымен мәтінді тандап алады. Мәтін суретке құралған,
    жігі оңай ажыратылатындай болуы тиіс. Мәтін сыныпта нақышына келтіре
    екі-үш рет оқылып, оқиға желісі мен одан шығатын қорытынды сұрақ-
    жауап арқылы талқыланады. Әңгіменің мазмұнын балалар толык
    меңгерген шамада сол әңгіме бойынша қандай сурет салуға болатыны
    сұралады. Окушыларға ойлануға уақыт беріледі. Олардың берген
    жауаптарынның ішінен дұрысы таңдалып алынады. Мұғалім мәтінді
    бейнелейтін суретті күні бұрын дайындап алуы тиіс. Бұл суретті мәтінді
    талдау жұмысы аяқталып, ол бойынша қандай сурет салуға болатыны
    анықталғаннан кейін тақтаға ілінеді.


Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм соңғы жылдары мектеп өмірінде көп қолданыла бастады. Кино оқушылар арасына тәлім-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы күшті кұралдың біріне айналып отыр. Кино, диафильмдердің әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балаларға әсері күші. Кино баланың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді.

Фильмдер бойынша сабақ ұйымдастыруда балалардың зейінін сол фильмдегі оқиғаға аудару мақсатында кіріспе әңгіме айту керек. Балалардың эмоциясы жоғары болғандықтан, олар кинодан көргендерін іле-шала ұмытып қалады, ал кейін бірте-бірте естеріне түсуі мүмкін. Сондықтан кино, диафильмдер бойынша мазмұндама жұмысын жүргізуде мұндай ерекшеліктерді ескеріп, біраз уақыт өткізіп барып сұраған жөн. Қандай да болмасын кино, диафильм көрсетілгенде оны өмірмен, не «Ана тілі» окулығындағы материалдармен байланыстыру немесе мұғалімнің өзі алдын ала мәтін кұрастырып алуы қажет. Әуелі кино көрсетіледі де, кейін мәтінмен бірге талданады.

Сонымен мазмұндама жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру оқушылардың ойы мен тілін дамытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысының озық тәсілдерін колдануға, тілді өмірмен байланыстыру міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

І сынып


Тоғайда

Балалар тоғайға барды. Олар тоғайда гүл, жидек терді. Тоғай жанында өзен бар. Балалар өзеннен балык аулады. Тоғайда құстар сайрап, аралар ұшып жүр. Балалар жақсы тынықты. (25 сөз)

Жоспар.

  1. Тоғайға бару,

  2. Өзеннен балық аулады.

  3. Балалардың тынығуы.

Қайың

Қайың - биік өсетін, әдемі ағаш. Оның бұтақтары жиі болады. Қайыңның жапырақтары жылтыр, жап-жасыл. Қайыңды иіп шана жасайды. Оны өмірде көп пайдаланады. (23 сөз)

Жоспар.

1. Қайың қандай ағаш?

2. Қайыңның өмірдегі пайдасы.

Асан мен Мәди

Асан мен Мәди сырғанақ теуіп жүрді. Мәди Асаннан үлкен болатын. Асан қолғабын жоғалтып алды. Қолы тоңған Асан жылады. Мәди оған өз қолғабын берді.

(23 сөз)

Жоспар.

  1. Балалардың сырғанақ тебуі.

  2. Мәдидің қайырымдылығы.

Немересі мен атасы

Саматтың атасы әбден қартайды. Ол жүре алмайды. Көзі көрмейді, құлағы естімейді. Самат атасын күтеді. Атасын далаға сүйеп шығады. Оның беті-қолын жуғызады, сүлгісін әпереді. Самат атасының төсегін салады. Көрпесін жабады. Атасы немересіне алғысын айтты. (34 сөз)

Жоспар.

1 .Немересі мен атасы.

  1. Саматтың атасына көмектесуі.

  2. Атасы алғыс айтты.

Қойдың пайдасы

Қой - өте пайдалы түлік. Қазір оның биязы жүнді түрі көп өсіріледі. Жүнінен фабрикада түрлі маталар тоқылады. Терісінен былғары илейді. Одан аяқ киім, тон тігеді. Қой етінен көптеген тағамдар дайындайды. Сүтінен ірімшік, құрт, май өндіреді. (36 сөз)

Жоспар.

1 .Қойдың жүні мен терісінің пайдасы.

2. Сүті мен етінен кандай тағамдар өндіреді?

Қыс

Қыс келді. Өзен катты. Марат пен Ерден конькилерін алды. Олар өзенге барды. Өзен жылтыр мұзға айналыпты. Олар мұз.айдынында коньки тепті. Балалар онда ұза0 жүрді. Беттері домбығып, қызарып кетті. (30 сөз)

Жоспар.

  1. Қыс қызығы.

  2. Өзеннің мұзға айналуы.

  3. Балалардың коньки тебуі.

Қарлығаш пен торғай

Қарлығаш ұя салды. Дайын ұяға торғай орналасып қалды. Торғайға қарлығаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлығаштарды шақырды.

Қарлығаштар түгел жиналды. Олар ұядан торғайларды қуып шықты. Сөйтіп, қарлығаш өз ұясына қайтадан қоныстанды. (33 сөз)

Жоспар.

  1. Қарлығаштың ұясы.

  2. Ұяға торғайдың келуі.

  3. Қарлығаштардың достығы.

Қыс

Т. Мұратұлы

Қар жауып өтті, ұлпа қар,

Қыс келді деген бұл хабар.

Ақ көрпеге оранды,

Адырлар мен қырқалар.

Шанамды сайлап қойдым мен,

Шаңғымды майлап қойдым мен.

Үлкен сай жаққа барып ап,

Заулатамын-ау ой бірден. (35 сөз)

Жоспар.

  1. Қыс келді.

  2. Қысқы ойындар.

Өзенде

Екі бала өзенге қармақ салды. Әбен үш балық ұстады. Мен бес балық ұстадым. Қасымызда қармақ салып, бір кісі отыр. Ол балық ұстаудың тәсілін жақсы біледі екен. Оның қармағына екі балық түсті. Біреуі – дәу жайын балық. (35 сөз)

Жоспар.

  1. Балалардың балық аулауы.

  2. Таңертең

    Таң білінді. Торғайлар шырылдады. Бұлбұл сайрады. Қаз, үйрек қаңқылдады. Олар көлде ерсілі-қарсылы жүзе бастады. Мал өріске шықты. Күн арқан бойы көтерілді. Қызу еңбек басталды. (25 сөз)

    Жоспар.

    1.Таңертеңгі көл.

    2. Еңбектің басталуы.



    Балық ұстау тәсілі.

2-сынып



Жауыннан соң

Бұлт күн көзін жасырды,

Жаңбыр құйды...

Басылды.

Тал бұтағын сілкіп ек,

Аппақ моншақ шашылды.

Күннің көзі ашылды, Алтын найза шаншылды. Шашбау тағып алғандай, Аспан қызыл-жасылды.

Жоспар.

  1. Жаңбыр жауды.

  2. Күн ашылды.

  3. Кемпірқосақ көрінді.

«Балдырған» журналы №4, 2005ж

Алғашқы күні

Бүгін білім күні. Әсел мектепке жиналды. Киініп айна алдына келді. Өзін тәртіпке келтіре бастады. Өзіне-өзі қарап ұзақ тұрды. Бантигінің байлауын шешіп, қайта байлады. Содан соң қуанышы қойнына сыймай, сөмкесін асынып, сыртқа шықты.

Уақытын өткізіп алғанын енді аңғарды. Жүгіре басып мектепке келді. Алғашқы күні сабаққа кешігіп қалғанына қатты өкінді. (47 сөз)

Жоспар.

  1. Білім күніне әзірлік.

  2. Әселдің сабаққа кешігіп қалуы.

Күз келді

Т. Мұратұлы

Күз келді, сары күз келді,

Тау ызғарлы, түз желді.

Тыраулатып аспанда,

Тырналарын тізді енді.

Пісті бидай, тары да,

Ел риза барына.

Түстік жаққа бет алды,

Құстар көші тағы да.

Боз торғайлар өлеңді,

Азық етті жолына.

Қарлығаштар жөнелді,

Қайырылмастан соңына.

Жоспар.

  1. Күз келді.

  2. Астық пісті.

  3. Құстардың қайтуы.

Сәруардың добы

Әкесі Сәруарға доп сатып әперді. Оның қуанышында шек болмады. Сәруар добын құшақтап далаға шықты. Ойнап жүрген балалар көріп қасына келді. Допқа қызыға қарады.

Сәруар допты ортаға тастады. Балалар екіге бөлініп, футбол ойнауға кірісіп кетті. Сәруар доп қуғандарға қосылып, көңілденіп жүгіре жөнелді. Балаларға ойын қызықты болды. (46 сөз)

Жоспар.

  1. Сәруардың қуанышы.

  2. Балалардың футбол ойнауы.




Мейірім

Сабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Мектепке жайбарақат келе жатқам. Бір үйдің бұрышынан өте бергенде, үрейлене

жылаған баланың даусын естідім. Қасына барсам, басы үлкен, құлағы салпиған қара күшік кішкентай қыз баланың жолын бөгеп алған. Шәуілдеп жүргізер емес. Күшікті куып жібердім. Қыз бала жылағанын қойып, риза болды. (50 сөз)

Жоспар.1.Үрейлі дауыстың естілуі. 2.Қыздың күшіктен қорқуы.3.Кішіге қамқор болу


Алғыс

Биыл қар қалың түскен еді. Бірақ көктем шығысымен, күн тез жылынды, Қар еріп, сарқырап су аға бастады. Түс мезгілінде, сабақтан қайтқанда өткел іздеп, сай жағалап жүргеніміз.

Балалар арнасы тарлау жерден кешіп өтті. Ең соңында кішкентай екі қыз тұрып қалды. Бойшаңдауы оп-оңай секіріп өтті де, қолын созды. Қыздар аман есен өтті. Балалар қуана-қуана үйлеріне жетті. (57 сөз)



Жоспар.

  1. Көктем шықты.

  2. Балалар сабақтан қайтты.

  3. Олар өткелден қалай өтті?

Жақсы мен жаман

Ә. Жылбеков

Жақсы бала құлақ сап,

Айтқанынды ұғады.

Төсегінен тұра сап,

Таза ауаға шығады.

Жақсы бала ол анық, Істемейді шалалық.

Тап-таза боп жуынып, Алады ол таранып.

Жаман бала құрысып,

Өз-өзінен тырысып.

Түске дейін жатады,

Шешесімен ұрысып.

Жоспар.

  1. Жақсы баланың ісі қандай?

  2. Жаман баланың ісі қандай?


Менің лағым

Ол - ешкінің төлі. Мен лағыма «Қаңтаркөк» деп ат қойдым. Оған жапырақ, шөп беремін. Өзі сүйкімді, әрі жақсы. Қаңтаркөк деуімнің себебі, ол қаңтардың сегізі күні туды. Лағым өте нәзік болатын. Оған шөп берсем, тіземе мініп, кольмдағы шөпті жеп қояды. Мен оны өте жақсы көремін. (44 сөз)

«Айгөлек» журналы №4, 2005ж.

Жоспар.

1. Лақтың аты — Қаңтаркөк.

  1. Қаңтаркөк деп неге атады?.

  2. Лақты күту.

Түлкі мен ешкі

Бір түлкі далада жортып келе жатып еді. Ол байқаусызда апанға түсіп кетті. Апан терең екен. Түлкі одан шыға алмады.

Су іздеген ешкі апанға келді. Апанның ішінде түлкі тұр. Ешкі түлкімен сөйлесіп, оның апанда неге тұрғанын сұрады. Түлкі апанның салқын, ішінде суы бар екенін айтты. Бұл сөзге сенген ешкі апанға секіріп түсті. Осыны күткен түлкі ешкінің үстіне секірді. Одан апанның сыртына қарғып шығып, қаша жөнелді. (65 сөз)

Жоспар.

  1. Түлкі апанға түсіп кетті.

  2. Ешкінің су іздеуі.

  3. Түлкінің айласы.

Мақтаншақ аю

Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде ақ төс аю тұрыпты. Ол түнімен тоғайды аралап, ап күн ысығанда ұңгірге кіріп жатады екен. Ақ аю қазандай тасты допша домалатып ойнайды екен.

Күштілігіне мақтанып, кішкене аңдарға маза бермепті.Бір күні қасқырлар талап, түлкілер батпаққа батырып кетеді. Аю күшіне сеніп, әлсіздерге күш көрсеткеніне қатты өкінді. (53 сөз)

Жоспар.

  1. Ақ төс аюдың тірлігі.

  2. Аю күштілігіне мақтанды.

  3. Аюдың өкінуі.

Мақта

Мақта жазда гүлдейді. Күзде мақтаның қауашақтары жарылады. Одан үлпілдеген ақ мақта көрінеді. Мақтаның ашылмаған қауашағын қоза дейді. Мақтадан көп нәрсе жасалады. Одан жіп иіріледі. Жіптен мата тоқылады. Мақтаның шитінен май шығады. Мақга өте бағалы болғандықтан, оны «ақ алтын» деп те атайды. (40 сөз)

Жоспар.

  1. Мақта қандай өсімдік?

  2. Мақтаның пайдасы.

Жиренше шешен

Баяғыда Жиренше деген танымал шешен болыпты. Ол асқан ақылды, сөзге ұста, шешен адам екен. Жиреншенің шешендігіне қызығып, хан шақырып алады. Оны өз қасына ертіп жүреді екен. Бірақ Жиренше ханды жақтырмапты. Елдің сөзін сөйлепті. Ол ханның алтындаған сарайына тұрмапты.Өзінің кішкене күркесіне келіп жатады екен. (44 сөз)

Жоспар.

  1. Жиренше шешен қандай адам болған?

  2. Хан мен Жиренше.

  3. Жиренше елдің сөзін сөйледі.

Балық аулаған балалар

Күн жылы еді. Балалар езенге келе жатты. Біраз жүрген соң, катты жел тұрды. Аспанды бұлт қаптады. Сіркіреп жауын жауды. Сәлден соң жауын құйып кетті. Балалардың үсті-басы су болды. Олар ағаштардың арасына тығылды. Жауын басылды. Бұлт арасынан жарқырап күн шықты. Балалар өзенге келді, қармақ салды. Олар балық ұстады. Кешке үйге қайтты. (50 сөз)

Жоспар.

1.Балалардың өзенге келуі.

  1. Жауын жауды.

  2. Олар балық аулады.

Бөгенбай батыр

Бөгенбай батыр - Абылай заманындағы атақты колбасшы, батыр. Сол кездегі қазақ сарбаздарының үлкен ағасы болған. Бөгенбай арғын ішіндегі Қанжығалы руынан шыққан. Оны халық аңызында «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атаған. Бөгенбай халық тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға қатысты. Ол жоңғарлармен соғыста ерен ерлік көрсетті. (41 сөз)

Жоспар.

  1. Атақты батыр Бөгенбай.

  2. «Қанжығалы қарт Бөгенбай» аталуы.

  3. Оның ерен ерлігі.

Маймыл мен бұршақ

Бір маймыл екі уыс бұршақ алып келе жатты. Ол бір бұршағын жерге түсіріп алды. Оны аламын деп жерге еңкейгенде, бұршақтың біразы.түсті. Маймыл шашылған бұршақтарын теремін деп жүріп, тағы біраз бұршағынан айырылып қалды. Маймыл өзінің епсіздігін бұршақтардан көрді. Бұршақтарына ашуланды да, қолында қалғанын шашып жіберді. (46 сөз)

Жоспар.

  1. Екі уыс бұршақ.

  2. Маймылдың епсіздігі.

  3. Ол бұршактарға ашуланды.


Талғаттың ерлігі

Таңертең ұшқыштар маңызды тапсырма алды. Әскерлеріміз шабуылға шығуға дайын. Талғаттың ұшағы әуеге көтерілді. Ұшқыштардың қимылын командир жерден бақылап тұр. Ол Талғаттың жауға жасаған шабуылына өте риза болды. Ұшқыштар жаудьың бекінісін қиратты. Одан соң жердегі жаяу әскер шабуылға шықты. Жау бекінісін тастап қашты. Жауынгерлік тапсырма орындалды. (44 сөз)

Жоспар.

  1. Маңызды тапсырма.

  2. Талғаттың жасаған шабуылы.

  3. Жауынгерлік тапсырма орьндалды.

Қанаттты достар

Жайлауда






Қысқы ойын

Батыр қоян

Әдетте, ор қоянды қоркақ дейді. Бұл жолы ол қорқақтығын көрсетпеді. Бірде қояндар мекеніне жуандау келген улы жылан жақындай бастады. Осы кезде ана қоян жыланға қарсы шауып, тырнап, тістелей берді. Орнынан тырп еткізбеді. Жылан сәл қозғалса болды, ол тарпа бас салады. Ақырында жыланды өлтіріп тынды. Сөйтіп, көжектерін аман сақтап қалды. (49 сөз)

Жоспар.

  1. Ор қоян қандай?

  2. Жыланның жақындай бастауы.

  3. Қоянның батырлығы.

Ақтөс

Ақтөс — кішкентай күшік. Ол кішкентай үйшікте тұрады. Оның басы ақ, мұрны қара. Алдыңғы аяқтары ак, артқы аяқтары қара.

Ол ауладан кішкентай үш балапанды көрді. Олар сары және үлпілдек. Ақтөс балапандармен ойнағысы келді. Ол балапандарды қуды, балапандар қашты. Олар шиқ-шиқ етеді. Сол кезде тауық оларды көрді. Ол Ақтөсті тістеп алды. Ақтөс арс ете қалды. Енді Ақтөс балапандармен ойнағысы келмеді. (54 сөз).

Жоспар.

  1. Ақтөс кандай күшік?

  2. Аулада болған оқиға.

Астана - бас қала

Астана - әсем қала. Қала жылдан-жылға зор қарқынмен дамып келеді. Болашағы өте үлкен. Астанада Отанымыздың жүрегі соғады. Аспанмен бой таласқан зәулім ғимараттар, тұрғын үй кешендері мен ескерткіштер бой көтерген. Гүлзарлар мен бұрқақтар алыстан көз тартады. Астана халықты таң қалдырмай қоймайды. Бір көруге ынтық болушылар қаншама. Астана — бұрынғы Акмола емес, гүлденген, көркейген, өркендеген кала.

Жоспар.

  1. Астана кандай қала?

  2. Астанада нелер бар?

  3. Қазіргі Астана.





3-сынып

Үста дүкені

Біздің ауылымыз Қостөбе деп аталады. Ауылда отыз-қырық үй бар. Ауылдың ортасында бір үй бар. Бұл үй - ұста дүкені. Ұста дүкені әңгіме -дүкен құруға, демалуға жақсы. Мұнда әрқашан аздап от жанады.

Дүкенінде Өкембай ұста қыздарға, келіншектерге алқа, сақина, білезік, белдік, шолпы, жүзік, сөлкебай жасап береді. Ал бозбалаларға бәкі жасап береді.

Өкембай - еңбекқор және өте көңілді адам.Оның дүкеніне балалар жиі келетін. (61 сөз)

Б. Соқпақбаев

Жоспар

  1. Біздің ауыл - Қостөбе.

  2. Ұста дүкені.

  3. Өкембай ұста не істейді?

Қараторғай

Мамыр айының бас кезі. Үйдің төбесіне шықтым. Көктемде келген қараторғайлар мені айналып шырылдап ұша бастады. Кішілеу қараторғай тобығымды сүйкей ұшып өтті. Қанатты достарға не болғанын білейін деп төмен қарадым. Көкшіл жасыл түстес жұмыртқа жатыр. Ол қараторғайдың жұмыртқасы екен.

Өте сүйкімді осы қараторғайлар біздің үйге үйір. Олар бақшамыздағы зиянды құрттарды жейді. Ал балапандары құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Сондықтан қараторғайлар бар жердің ағаштары әдемі болып өседі. (63 сөз)

С.Ақатаевтан

Жоспар :

1.Мамыр айы

2.Көктемде қараторғайлар келді. З.Олардың пайдасы.

Нұрғиса

Ол өнерге ерте келген. Бес жасынан бастап Нұрғиса домбыра тартты. Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбановтан сабақ алды.

«Отырар сазы» оркестрін құрды. Оған жетекші болды. Дүниенің төрт бұрышын аралады. Қазақ деген халықты, оның өнерін әлемге танытты. Нұрғисаның әндері, күйлері біздің байлығымыз.

Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан. Үш рет жараланып, аман-есен еліне оралды. Қолына домбырасын қайта алды.

Композиторға «Халық қаһарманы» атағы берілді.Ол кісінің өлмес өнері мәңгіге қалады. (67 сөз)

Жоспар

  1. Нұрғисаның өнері.

  2. «Отырар сазы» оркестрін құрды.

  3. Нұрғиса - өнерлі, батыр.


Балапан

Балапан жетім қалды. Қыс келді.Даланы қар басты.Үскірік аяз тұрды. Балапанға қиын болды. Аштық оны ұйыктатпады. Таң біліне тамақ іздеді. Қырманды да қар басып қалыпты. Ол аштықтан әлсіреп құлап қалды. Бір бала оны үйге алып келді. Баланың балапанға жаны ашыды . Бала балапанды пештің қуысына орналастырды.Ол бойы жылынған соң көзін ашты. Қанатын қақты. Бала оның алдына жем қойды. Ашыққан балапан жемді лезде тауысты.

Балапан қысты жылы үйде өткізді. (68сөз)

Жоспар

  1. Жетім балапан.

  2. Балапанның көрген қиыншылығы.

  3. Баланың оған қамқорлық жасауы.

Сапар

Сапардың қолындағы үлкен қызыл добы арыққа барып түсті. Қатты ағын оны ала жөнелді.

Сапар да қарап тұрмады, соңынан қуып берді. Қызыл доп ұстатпады. Арық кернеуіне соқтығып, төмен қарай тоқтаусыз тартты. Сапар да қалар емес. Ақыры жетті. Ұстап алды. Қуанып кетті.Кейін қайтайын деп еді, өз үйін таппады. Бөтен көше екен. Бір адам оны үйіне жеткізіп салды. (52сөз)

Ж.Дәуренбеков

Жоспар

  1. Арықтағы доп.

  2. Сапардың допты қуалауы.

  3. Сапардың қуанышы.

  4. Оның үйіне жетуі.


Екі бұғы

Бір күні тауда жайылып жүрген екі бұғы шөпке таласып қалыпты.

Екеуі жанжалдасып, бірін-бірі сүзе бастапты. Кейін шегіне түсіп, сыртылдата кеп мүйіздесіпті. Олар осылай әбден сүзіседі. Аздан соң талдың бұлағы сияқты бұғылардың мүйіздері ілінісіп қалыпты. Бірінен-бірі ажырай алмай әрлі-берлі тартысыпты.

Мұны өтіп бара жатқан аңшылар көріп қуаныпты. Дереу келіп бұғыларды арбасына салып алып, үйлеріне қарай жөнеле беріпті. (63 сөз)

Жоспар

  1. Екі бұғының шөпке таласуы.

  2. Керісудің кеселі.

  3. Аңшылар бұғыларды көргенде не істеді?

Көшет

Көктем шығысымен Айжан аулаға гүл егіп, ағаш отырғызды. Күнде су құйып тұрды. Бір күні ол әжесімен ауылға кетті. Таңертең гүлге, ағашқа су құю керек екені есіне түсті. Гүлдер солып калатын шығар деп уайымдаумен болды. Ұзақ жата алмай, төрт-бес күннен соң үйіне келді. Келсе гулі де, көшеттері де жайқалып өсіп қалыпты. Сөйтсе, апасы су құйып, күтіп жүріпті. Оны көрген Айжан қатты қуанды. (62 сөз)

Жоспар

І.Айжанның көшеттері. 2.Ол ауылға кетті. З.Көшеттерін уайымдауы. 4.Айгүл неге қуанды?

Кішкентай Қаныш

Кішкентай Қаныш - бүкіл ауылдың сүйікті баласы. Оның екі шешесі болды: туған анасы Сәлима және үлкен анасы Нұрым. Қаныш көбінесе Нұрым апасының қолында болатын.

Бір ауылдың еркесі болған Қаныш басқа балалар сияқты асықты ұзақ ойнамайтын. Жазда ел жайлауға кешкенде, ол көбінесе өзеннің жағасына кетіп қалатын. Сол жерде түрлі тастарды жинап, өз бетінше жүретін. Үлкен апасы Нұрым асық салуға тігіп берген асық қалтаға тас салатын. (63 сөз)

М. Сәрсекеев Жоспар

1.Кішкентай Қаныш.

2.Қаныштың аналары кімдер?

З.Қаныштың басқа балалардан ерекшелігі.


Туған күн

Айгүл мектептен өте көңілді оралды. Өйткені, оның бүгін туған күні болатын. Айгүлге сыныптастары Сырбай Мәуленовтің «Көңіл ашар» деген кітабын сыйлады, Неге десеңіз, ол өлеңдерді мәнерлеп оқуды өте ұнатушы еді. Жақсы жырларды жаттап та алатын.

Айгүл үйіне келсе, әжесі отыр екен. Қуанып кетті. Айгүлдің туған
күніне әдейі келіпті. Кешке қарай әжесіне «Көңіл ашар» кітабынан біраз
өлең оқып берді. Әжесі қатты риза болды. (58сөз)

«Балдырған» журн. №5 1991ж

Жоспар

1.Айгүл көңілді еді.

2.Оған қандай сыйлық берді?

З.Әжесі Айгүлге не үшін риза болды?

Гүлді үзбе

Кешкілік пе, күндіз бе,

Өсіп тұрған гүлді үзбе.

Туған жерді далаға,

Тастағалы жүрміз бе?

Үзіп алсаң сен бір гүл,

Үзіп алсам мен бір гүл,

Не қалады сиқынан,

Қызыл-жасыл жердің бұл?

Жайнап есіп далада, Көздің жауын ала ма. Бірде-бірін жұлғызба, Қасыңдағы балаға.

Жоспар

1.Гүлдердің әдемілігі. 2.Гүлді үзбе.

З.Табиғатты аялау керек.

Сырғанақ

Аянның мінезі қызық еді. Бірде түн ортасында, дәл ұйқыға жатардың алдында далаға шыққам. Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп барады екен.

Айлы түнде әлгі бір шана ғана өзі дірілдеп, жер көшіп келе жатқандай дүбір шығарады. Шыдай алмай жүгіріп сырғанаққа бардым. Міне қызық, шана теуіп жүрген Аян екен. Ай жарығында анық көрінеді. Жүзі жайнаң қағып, екі иінінен алқына дем алады. Тонының екі етегі далпылдап көшенің басына қарай сүйрете жөнелді. (70сөз)

Жоспар

1.Аянның қызық мінезі. 2.Сырғанақта Аян не істеп жүрді? З.Аянның келбеті.

Қажымұқан

Қажымұқан жас кезден күшті болған. Бала кезінде жалшылықта жүрген. Оның күшіне ел таңғалады екен.

Қыстың қақаған шағында бала жігіт отынға барыпты. Шанаға жеккен аты қарға омбылап мұзға тайғанақтап, мертігіп қалыпты. Мертіккен атты шанаға көтеріп салып, аттың қамытын мойнына іліп, шананы өзі сүйреп келіпті. Содан бастап оның атағы елге жайылыпты.

Атақты палуан Франция, Германия, Түркия, Қытай елдеріне барып өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған. (65сөз)

С. Бегалин

Жоспар

1 .Қажымұқанның жас кезі.

2.Оның күштілігін ел қалай білді?

З.Атақты палуан қай елдерде жеңімпаз болды?

Қалжыңбас қонақтар

Самат пен Қайрат аулада ойнап жүрген . Бір кезде қақпаның ар жағынан бір үрген иттің даусы естілді. Балалар жалт қарады. Міне қызық, бір ит қақпаға асылып алыпты. «Апырау, мынау не деген зор ит еді» ,-деп таңданды олар. Қақпаны ашып жіберді. Сөйтсе, екі-үш ит бір-бірін саты етіп тұр екен. Самат пен Қайрат иттердің бұл тапқырлығына мәз болды. (58 сөз)

«Балдырған» журн. №5 1991ж

Жоспар

1.Аулада кімдер жүрді?

2.Самат пен Қайрат неге танданды?

3 .Иттердің тапқырлығы.




Аралар әні

Балтабай Тәжімбетов Біз еңбеккер Арамыз,

Ұзақ жолға барамыз.

Гүлге қонып шырынын

Жылдам жинап аламыз.

Тату доспыз бәріміз, Бір ұлда балымыз. Күні бойы көңілді, Үзілмейді әніміз.

Жоспар

  1. Аралардың еңбегі.

  2. Араның пайдасы.

  3. Олардың татулығы.

4-сынып


Кім кінәлі?


Айдар жем, шелек және қармағын алып өзенге бет алды. Соңынан күшігі Саққұлақ ілесті. Айдар өзенге қармағын салды. Көп күттірмей балық та қапты. Лезде бір-екеуін ұстады. Балықтарды су құйылған шелекке салды. Иті Саққұлақ оларды күзетіп тұрды. Осы кезде ағаш басына екі қарға келіп қонды. Қарғалар күшікті алдамақ болды. Біреуі жерге топ етіп қулап түсті. Саққұлақ соған қарай тұра ұмтылды.Кенет Айдардың даусы естілді. Саққұлақ артына қараса, бір қарға шелектегі балықты іліп алып барады екен, соңынан қуып кеп берді. Сол кезде жаралы қарға жетіп кеп, тағы бір балықты тістеп алып ұша жөнелді. Шелекте ештеңе қалмапты. Екеуі біріне-бірі таңдана қарап тұрып қалды.

Жоспар

1 . Айдар мен иті өзенге келді.

  1. Балық аулау.

  2. Екі қарға Саққұлақты қалай алдады?

  3. Шелекте балық қалды ма?

Құлын

Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Ағашқа байланған биенің қасында ойнақтап жүрген құлын көздің жауын алады. Жанына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекел еттім. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып осқыра қарап тұрды. Қайта келіп, есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. Құлыншақтың шөлдегенін байқадым. Көшедегі құдықтан су ағызып қойдым. Құлын жасқана басып құдықтың қасына келді. Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп, пысқырына шегінді. Суды

азайтып ағыздым. Құлын құдықтың суына тұмсығын тосып ұзақ су ішті.

Осылайша екеуіміз достасып кеттік. Жалынан сипасам, сүйсіне қарап

Жоспар

1 . Әдемі құлын.

2. Құлыншақтың шөлдеуі.

3. Ол су ағызып берді.

4. Бала мен құлын қалай достасты?






тұрад







Қайта-қайта

Фарабидің жастау кезі болса керек.

Бір күні жолаушылап бара жатқан жолдасы бір бума кітапты сақтап қою үшін Әбунасырға аманат қылып тастап кетеді. Әбунасыр оны үйіне апарып, сақтап қояды. Қолы босаған сәтте Әбунасыр әлгі кітаптардың біреуін алып, көз жүгірте бастайды. Кітап сөздері ұнап, аяғына дейін оқып шығады. Бірақ онша түсіне қоймайды. Қайта оқиды. Сонда да ұғымы жетіңкіремейді.

Ақыры кітапты қайта — қайта оқи береді. Сонда ғана жазылған жайлардың мағынасын айқын ұғып, анық түсінген.

Осы табандылығының арқасында Әбунасыр ғылымға бой ұрып, асқан білікті философ болып жетілген екен.

Жоспар

  1. Жолаушы Әбунасырға кандай аманат қалдырды?

  2. Кітапқа құмарлық.

  3. Әбунасыр — асқан ғалым.

Бүлдірген тере барғанда

Бір топ бала бүлдірген теруге бармақ болды. Олар таңертең ерте тұрды. Түсте ішетін тамақ, бүлдірген теретін шелек, себет алды. Балалар бүлдірген өсіп тұрған жерге жетті.

Бұл жер жап-жасыл. Жасыл кілем төсеп тастағандай. Ойпандар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек. Айналаға көз салсаң, жер дүние маужырап тұр. Не деген сүлу табиғат!

Балалар біраз тамашалап бүлдірген теруге кірісті. Бүлдіргенді тойғанша жеді. Апарған ыдыстарын да толтырды. Сонан соң ағаш көлеңкесіндегі көгалға отырып дем алды, түскі тамактарын ішті. Кешке қарай ауылға қайтты. Бұл күн балаларға өте қызықты өтті!

АбайҚұнанбаев

Жоспар

  1. Балалар бүлдірген теруге барды.

  2. Бүлдірген өсіп тұрған жердің табиғаты қандай?

3. Балалар бүлдірген терді, дем алды.

4. Олар үйге көңілді қайтты.


Мақтаншақ бұғы

Ыстық күндердің бірінде әсем мүйізді бұғы бұлақтан су ішеді. Су бетінен өзінің дидарын көріп, көңілі тасып:

- Апырмай, мына мүйіз не деген әсем! Өзі басыма да жақсы жарасып тұр. Мұндай сымбатты мүйіз жер бетінде тағы біреуде бар ма екен, - деп мақтаныпты.

Кенеттен дабырлаған дауыстар, иттің үргені естілді. Тазы ерткен үш аңшы орманнан сау етіп шыға келді. Бұғы да зыта жөнелді. Біраз қашқан соң, күтпеген жерден мүйізі ағаштың бұтағына ілініп қалды. Ары жұлқынып, бері жұлкынып босана алмайды. Аңшылар қуып жетіп, бұғыны бауыздап жібереді. Әдемі сұлу мүйіздер бұғының қазасына себепкер болады. (94 сөз)

«Мөлдір бұлақ» журналы

Жоспар

  1. Бұлақ басына бұғының келуі.

  2. Бұғының мақтануы.

  3. Бұғының қазасына не себеп болды?

Ғажайып дүние

Мейрамбек мектептен келді де, қозыларын өріске айдап шықты. Ауыл сыртындағы алаңқайдың көк шөбі жер бетінен ине бойы көтеріліп калған. Күн жылы. Төмпешіктің түстік бетіне сарғалдақтар қаптап өскен. Мейрамбек қозыларына біраз қарайлады. Сөйтті де, сарғалдақтар өскен қырға жүгіре жөнелді.

Төбенің үстінен ауылға қарады. Ана тұста өзінің үйі, ал сонау жерде өзімен бірге окитын Марат, Айгүлдің үйі. Олар аулаларына көрінбейді. Әйтпесе қолын бұлғап, дауыстап шақырар еді. Мейрамбек шөп арасында жайқала өскен сарғалдақтар үстіне шалқая жатты. Көк аспанға көз тастады. Көкте аппақ макта секілді бұлттар жүзіп барады. Мейрамбек енді байқады, аспан керемет екен ! (88сөз)


Жоспар

  1. Мейрамбек қозыларды өріске айдады.

  2. Ауыл сыртындағы алаңкай қандай?

  3. Төбенің үстінен ауылға қарауы.

  4. Аспанның кереметі.


Аяқталмаған ойын

Ауылдың шеті. Қарлы төбешікке су құйылып, сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Олардың ішінде ағалы-інілі Ақан мен Асан да бар. Беттері қызара бөртіп, сырғанақ ойынынан жалығар емес.

Ақан мен Асан тау басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді.

Балалар шананы қайта әкелу үшін екеуі ерегесті.

Сөзі өтпеген Асан ашуланып, төмен түсті. Шананы жетектеген бойы тауға емес, үйіне қарай бет алды. Ақан енді не істерін, кіммен ойнарын білмей, тау басында қаққан қазықтай кақшиып тұрып қалды.

Бір-бірінің тілін алғысы келмеген ағалы - інілі Асан мен Ақанның ойыны осылай аяқталмай қалды. (98 сөз)

М. Төрежанов

Жоспар

  1. Сырғанактың жасалуы.

  2. Асан мен Ақанның ойыны.

  3. Екеуінің ерегесі.

  4. Ойын неге аяқталмай қалды?

Батыр қыз

Қараңғы түн. Ұрыс басталды. Әлия командирінен барлау жұмысына жіберуді өтінді. Әлияның тілегі орындалды. Ол бір топ жауынгермен дү-шпан шебіне өтті. Жаудың минометі тұрған жерге жетті. Бірнеше граната лақтырды. Минометті жоқ қылды. Бір жау офицерін штабқа әкеліп тапсырды. Таң атты. Ұрыс қайта басталды. Жау шабуылға шықты. Жауынгерлер дұпшанның шабуылын тойтара берді. Гитлершілдер жеңе алмады. Олар шегінді.

Келесі күні біздің адамдар жаңа шабуылға шықты. Ұрыс қыза түсті. Жау өздерінің басты күштерін жіберді. Бір минаның сынығы Әлияның қолын жаралады. Әлия оны ескермеді. Жарасын өзі таңып алды да , жауға оқ жаудыра берді. (88 сөз)

«Қазақстан батырлары» кітабынан Жоспар

1.Әлия барлау жұмысына жіберілді.

2. Барлауда қандай тапсырманы орындады?

З. Жау шабуылға шықты.

4.Әлияның ұрыстағы ерлігі.


Шипалы су

Оқушылар жазғы демалыс кезінде тауға серуендеуге шықты. Олар таудың етегіндегі шоқ ағашқа келіп, біраз демалып отырды. Осы кезде Мұқан мен Кәкімтай ағаш ішін аралап кетіп еді. Екеуі сәл ілгері жүгіріп келе жатып, бір мөлдір бұлақтың үстінен шықты.

Екі бала бұлақтың бойын қуалай жоғары ерледі. Көп ұзамай-ақ олар бұлақтың көзін тапты. Екеуі судың дәмін қайта-қайта татып, тамсана түсіп, біраз отырды. Бұлақтың басына серуендеп жүрген балалар түгел жиналды. Судың дәмін бәріде татып көріп, түрлі-түрлі пікірлер айтты.

Оның суы асқазан ауруын емдейтін аса қадірлі, шипалы су болып шықты. Бұл суды ішіп, талай адам жазылды. (93 сез)

Н.Ғабдулин

Жоспар

1 .Оқушылар тауға серуендеуге шықты. 2.Бұлақтың көзі табылды.

З.Шипалы судың қандай қасиеті бар?

Ақбауыр

Бұл өте сүйкімді кірпі. Денесінің бәрі қара сұр. Бауыры ғана ақшыл. Жаздан бері біздің үйдің тұрғыны ...

Демалыс кезі, аулада отыр едім. Он-он бес метрдей жерден бірдеңе кыбырлады. Алғаш шөжелер шығар деп, мән бере қойған жоқпын. Қыбыры басылмаған соң, анықтап қарасам, кірпінің баласы екен. Мені кере сап, жиырылып, домалана қалды. Үйге әкеліп, тамақ бердім. Қолға үйренетін түрі бар.

Кірпіге «Ақбауыр» деп ат қойдық. Тышқандар түн ішінде ас үйде серуендеп жүруші еді. Ақбауыр келгеннен бері керінбей кетті. Кірпі үйге үйреніп алды.

(79 сөз)



Жоспар

  1. Кірпі қандай еді?

  2. Бала кірпіге қамқорлық жасады.

  3. Ақбауыр кірпінің пайдасы.


Көгершін мен таған

Бір таған көгершіндердің дайын тамақты жеп, жылы орында тұратынын көрді. Ол жүнін ақ бояумен бояп, оларға келіп қосылды. Көгершіндер өздерінің бір тұқымына ұқсатып, араларына кіргізді. Түнде таған өзінің қай жерде екенін ұмытып, өзінше айғай салды. Сонда көгершіндер оның бөтен құс екенін біліп, шұқылап қуып жібереді. Бұдан кейін таған өзінің жолдастарына келіп қосылды. Жолдастары жүні ақ болған соң, танымай араларына кіргізбеді. Осы қалпымен таған көгершіндерге де қосылмай, өз жолдастарына да қосылмай, көрген күні қараң болды. (74 сөз)

Спандияр Көбеев

Жоспар

1.Тағанның көгершіндерге келіп қосылуы.

2.Көгершіндер қуып жіберді.

З.Тағанның жолдастары танымай қалды.

4.Тағанның кейінгі күні қалай болды?

Аю және бөрене

Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты. Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузьша сілекейі шұбырып, оны жегісі келіпті. Аю ағаш басына өрмелеп, ұяға жақындағанда, Ілініп тұрған ауыр берене оған кедергі жасапты. Балға ұмтылған аю бөренені итеріп жіберді. Ары серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда, аюдың басына сарт ете қалады. Қара күшке сенген ожар аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итереді. Өз салмағымен қайта оралған бөрене аюдың басына тағы да сарт етеді. Аюдың құлағы шыңылдап, басы айналады. Бұған ызаланған аю күшімен беренені үшінші рет итеріп жібергенде, қайта оралған берене аюдың басын қақ айырып, ағаштан ұшырып түсіріпті. (98 сез)

Спандир Көбеев

Жоспар

  1. Аю ағаш басындағы бал арасын көрді.

  2. Бөрене оған кедергі жасады.

  3. Ожар аю ашуланды.

  4. Аюдың ағаштан ұшып түсуі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мазмұндамалар жинағы

Автор: Джиенгарина Аридаш Мырзагалиевна

Дата: 12.11.2017

Номер свидетельства: 438437

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Мазм?ндамалар жина?ы"
    ["seo_title"] => string(20) "mazmundamalarzhinagy"
    ["file_id"] => string(6) "289420"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454819948"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Диктанттар мен мазм?ндамалар жина?ы"
    ["seo_title"] => string(34) "diktanttarmienmazmundamalarzhinagy"
    ["file_id"] => string(6) "278133"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453039496"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Мазм?ндамалар жина?ы  2-3 сынып "
    ["seo_title"] => string(33) "mazmu-ndamalar-zhinag-y-2-3-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "172029"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423754279"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы ( 3-4сынып)"
    ["seo_title"] => string(48) "diktanttar_mien_mazmu_ndamalar_zhinag_y_3_4synyp"
    ["file_id"] => string(6) "436032"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1509546360"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "4 сынып?а арнал?ан ?дебиеттік о?у п?нінен мазм?ндамалар жина?ы"
    ["seo_title"] => string(57) "4synypkaarnalgandiebiiettikokupninienmazmundamalarzhinagy"
    ["file_id"] => string(6) "330377"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464240802"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства