kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мазм?ндамалар жина?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні:                                                       

Та?ырыбы:  :Мазм?ндама           «К?мекші»

Ма?саты:м?тінні? мазм?нын д?рыс жазу ар?ылы  о?ушыны к?ркем шы?арманы? мазм?нын т?сінуге жетелеу.

Міндеттері: 

1.М?тіндерді талдау да?дыларын ?алыптастыру.

2.Белсенділіктерін дамыту;

3.Адалды??а, е?бек?орлы??а т?рбиелеу.

Саба? т?рі:   тіл дамыту    

К?рнекіліктер:мазм?ндамалар жина?ы

?діс-т?сілдер:?зіндік

                                   Саба? барысы

1.?йымдастыру кезе?і:  Саба??а дайынды?тарын тексеру.

2.Жа?а тапсырмаларды ?алыптастыру:

Мазм?ндама.

К?мекші

К?н жексенбі болатын. Жерде жылтылда?ан ?ырбы? ?ар бар. Есет ?алы? киініп дала?а шы?ты. Ол ?ар к?реп жат?ан атасына к?мектесті.

Тірек с?здер: бая?ыда, елсіз-к?нсіз, мекен еткен, ??ралайды к?зге ат?ан мерген.

С?ра?тар?а жауап алу.

1.Аптаны? ?ай к?ні болды?

2.Жерде жылтылда?ан не болды?

3.Есет ?айда шы?ты?

4. Ол кімге к?мектесті?

Жоспар:

 1.А?шыны? мекені.

2. Балаларыны? ер жетуі

3.Жа?а білімді бекіту:

Жоспар бойынша, с?ра?тар бойынша, керекті с?здерді пайдаланып мазм?ндама м?тінін д?птерге жазу.

4.?йге тапсырма: ?айталау

 К?ні:                                                 Мазм?ндама

Саба?:      

Та?ырыбы:    «?амалды? ?атесі»

Ма?саты: Мазм?ндама жазу да?дыларын ?алыптастыру.

Міндеті:

1.Сауатты жазу да?дыларын ?алыптастыру;

2.М?тін т?рлерін ажырата білу ?абілеттерін дамыту;      

3.??ыптылы??а  т?рбиелеу;                   

Саба? т?рі         : жа?а саба?                

К?рнекіліктер: Мазм?ндамалар жина?ы.

?діс-т?сілдер: ?зіндік                                      

Саба? барысы:

1.?йымдастыру кезе?і:

О?ушыларды? саба??а дайынды?тарын тексеру:

2.Жа?а саба?:

Мазм?ндама м?тінімен танысу:

Мазм?ндама.

«?амалды? ?атесі»

            ?амал мектепке келе жатты. Жолда ары? бар еді. Кеше н?сер жау?ан. Содан ары?ты? шеті опырылып ?алыпты. ?амал аттап ?те алмады. ?амал енді а?ашты? б?та?ына шы?ты. Ол ары?ты? бергі шетіне ?арай ыр?ыды. Б?та? сырт етіп сынып кетті. ?амал су?а к?мп етіп т?сіп кетті.

С?ра?тар:

1. ?амал ?айда келе жатты?

2. Таби?атта ?андай ?згеріс болды?

3. ?амал ?айдан ?тпекші болды?

4.  Ол ?андай ?рекеттер жасады?

5. ?амалды? ?стіне не болды?

Жоспар:    

1.Жолда?ы ары?. 

2.Іске аспа?ан ?рекет.  

Керекті с?здер:

Ары?, н?сер, жау?ан, шеті опырылып, ыр?ыды, б?та?, к?мп ете т?сті.

М?тінді о?ушыларды? ??гімелеуі.

                                              Сергіту с?ті:

3.Жа?а білімді бекіту:

Жоспар бойынша, с?ра?тар бойынша, керекті с?здерді пайдаланып мазм?ндама м?тінін д?птерге жазу.

4.?йге тапсырма:  ?айталау

К?ні: .13ж                                                  Мазм?ндама

Саба?:       ?аза?  тілі

Та?ырыбы:                « Жаралы ??с»

Ма?саты:Мазм?ндама жазу да?дыларын ?алыптастыру, жеке т?л?аны? ?алыптасуы мен дамуына м?мкіндік жасау.

Міндеттері:       

1.Сауатты жазу да?дыларын ?алыптастыру; м?тін туралы т?сініктерін ?алыптастыру;

2.М?тін т?рлерін ажырата білу ?абілеттерін дамыту;      

3.??стар?а ?ам?орлы??а  т?рбиелеу;                       

Саба? т?рі         :жа?а саба?                 

К?рнекіліктер:мазм?ндамалар жина?ы.

?діс-т?сілдер: ?зіндік                                      

Саба? барысы

1.?йымдастыру кезе?і: О?ушыларды? саба??а дайынды?ын тексеру.

2.Жа?а тапсырмаларды ?алыптастыру:

Мазм?ндама м?тінімен танысу:

Мазм?ндама.

Жаралы ??с.

         Айдын жаралы ??сты ?йге алып келді. Жаралан?ан жеріне йод жа?ып, д?кемен та?ып тастады. ??сты ?орап?а салды да, алдына жем, су ?ойды. Аздан со? ??с ж?ре бастады. ?й ішінде ары-бері ?шып ?онды. Айдын жазыл?ан ??сты дала?а шы?арып жіберді. ??с  ?уелеп ?шып кетті. Айдын б??ан ?атты ?уанды.

С?ра?тар:

1. Айдын нені ?йге алып келді?  Айдын ??сты ?алай к?тті?

3. ??сты? халі ?андай болды?   Айдын неге ?уанды ?

М?тінді ??гімелеу (ж?пты? ж?мыс), та?та?а шы?ып ??гімелеу.

Жоспар:

1. Жаралы ??с     

2.  Айдынны?  ??сты к?туі  

3. ??сты? жазылуы      

Керекті с?здер:

жаралан?ан, йод, д?кемен,  ж?ре бастады, ?шып ?онды, жазыл?ан, ?уелеп ?шып кетті, б??ан ?уанды.

3.Жа?а білімді бекіту:

Жоспар бойынша, с?ра?тар бойынша, керекті с?здерді пайдаланып мазм?ндама м?тінін д?птерге жазу.

4.?йге тапсырма:  ?айталау

К?ні:                                                     Мазм?ндама

Саба?:      ...   тілі

Та?ырыбы:                            «К?з»

Ма?саты:Мазм?ндама жазу да?дыларын ?алыптастыру, жеке т?л?аны? ?алыптасуы мен дамуына м?мкіндік жасау.

Міндеттері:       

1.Сауатты жазу да?дыларын ?алыптастыру; м?тін туралы т?сініктерін ?алыптастыру;

2.М?тін т?рлерін ажырата білу ?абілеттерін дамыту;      

3.??ыптылы??а  т?рбиелеу;                   

Саба? т?рі         :жа?а саба?                 

К?рнекіліктер:мазм?ндамалар жина?ы.

?діс-т?сілдер: ?зіндік                                      

Саба? барысы

1.?йымдастыру кезе?і: О?ушыларды? саба??а дайынды?ын тексеру.

2.Жа?а тапсырмаларды ?алыптастыру:

Мазм?ндама м?тінімен танысу:

Мазм?ндама.

                                                           К?з

?ырк?йек. К?зді? ал?аш?ы айы. Аспан б?лттанды. К?нні? ?ызуы азайды. А?ашты? жапыра?тары сар?ая бастады. А?аштар жасыл жапыра?ынан айырылды.  Айнала сары ала т?ске боялды. ??стар да жылы жа??а ?шып кетеді.А?дар ?ыс?ы тіршіліктеріне кіріседі. Айнала сары кілем т?сегендей. К?згі таби?ат ?андай тамаша!                                                            

                                    К?з

Жоспар:                                                

1.     ?ырк?йек айы                         

2.     ??стар тіршілігі                      

      3. А?дар тіршілігі                       

С?ра?тар:

1. ?ырк?йек к?зді? ?ай айы?   2. А?ашты? жапыра?тары ?андай к?йде?

3. ??стар тіршілігі ?андай?    4. А?дар ?айтеді?    5. Айнала ?андай?

Керекті с?здер: жапыра?тар, айнала сары, ??стар, жылы жа??а, ?ыс?ы тіршіліктеріне, кілем  т?сегендей.

М?тінді ??гімелеу (ж?пты? ж?мыс), та?та?а шы?ып ??гімелеу.

3.Жа?а білімді бекіту:

Жоспар бойынша, с?ра?тар бойынша, керекті с?здерді пайдаланып мазм?ндама м?тінін д?птерге жазу.

4.?йге тапсырма:  ?айталау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мазм?ндамалар жина?ы»


Күні:

Тақырыбы: :Мазмұндама «Көмекші»

Мақсаты:мәтіннің мазмұнын дұрыс жазу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу.

Міндеттері:

1.Мәтіндерді талдау дағдыларын қалыптастыру.

2.Белсенділіктерін дамыту;

3.Адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: тіл дамыту

Көрнекіліктер:мазмұндамалар жинағы

Әдіс-тәсілдер:өзіндік

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын тексеру.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Мазмұндама.

Көмекші

Күн жексенбі болатын. Жерде жылтылдаған қырбық қар бар. Есет қалың киініп далаға шықты. Ол қар күреп жатқан атасына көмектесті.


Тірек сөздер: баяғыда, елсіз-күнсіз, мекен еткен, құралайды көзге атқан мерген.


Сұрақтарға жауап алу.

1.Аптаның қай күні болды?

2.Жерде жылтылдаған не болды?

3.Есет қайда шықты?

4. Ол кімге көмектесті?


Жоспар:

1.Аңшының мекені.

2. Балаларының ер жетуі


3.Жаңа білімді бекіту:

Жоспар бойынша, сұрақтар бойынша, керекті сөздерді пайдаланып мазмұндама мәтінін дәптерге жазу.



4.Үйге тапсырма: қайталау













Күні: Мазмұндама

Сабақ:

Тақырыбы: «Қамалдың қатесі»

Мақсаты: Мазмұндама жазу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеті:

1.Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;

2.Мәтін түрлерін ажырата білу қабілеттерін дамыту;

3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: Мазмұндамалар жинағы.

Әдіс-тәсілдер: өзіндік

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру:

2.Жаңа сабақ:

Мазмұндама мәтінімен танысу:

Мазмұндама.

«Қамалдың қатесі»

Қамал мектепке келе жатты. Жолда арық бар еді. Кеше нөсер жауған. Содан арықтың шеті опырылып қалыпты. Қамал аттап өте алмады. Қамал енді ағаштың бұтағына шықты. Ол арықтың бергі шетіне қарай ырғыды. Бұтақ сырт етіп сынып кетті. Қамал суға күмп етіп түсіп кетті.


Сұрақтар:

1. Қамал қайда келе жатты?

2. Табиғатта қандай өзгеріс болды?

3. Қамал қайдан өтпекші болды?

4. Ол қандай әрекеттер жасады?

5. Қамалдың үстіне не болды?

Жоспар:

1.Жолдағы арық.

2.Іске аспаған әрекет.


Керекті сөздер:

Арық, нөсер, жауған, шеті опырылып, ырғыды, бұтақ, күмп ете түсті.


Мәтінді оқушылардың әңгімелеуі.

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

Жоспар бойынша, сұрақтар бойынша, керекті сөздерді пайдаланып мазмұндама мәтінін дәптерге жазу.


4.Үйге тапсырма: қайталау



Күні: .13ж Мазмұндама

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: « Жаралы құс»

Мақсаты:Мазмұндама жазу дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Міндеттері:

1.Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Мәтін түрлерін ажырата білу қабілеттерін дамыту;

3.Құстарға қамқорлыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі :жаңа сабақ

Көрнекіліктер:мазмұндамалар жинағы.

Әдіс-тәсілдер: өзіндік

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Мазмұндама мәтінімен танысу:

Мазмұндама.

Жаралы құс.

Айдын жаралы құсты үйге алып келді. Жараланған жеріне йод жағып, дәкемен таңып тастады. Құсты қорапқа салды да, алдына жем, су қойды. Аздан соң құс жүре бастады. Үй ішінде ары-бері ұшып қонды. Айдын жазылған құсты далаға шығарып жіберді. Құс әуелеп ұшып кетті. Айдын бұған қатты қуанды.


Сұрақтар:

1. Айдын нені үйге алып келді? Айдын құсты қалай күтті?

3. Құстың халі қандай болды? Айдын неге қуанды ?


Мәтінді әңгімелеу (жұптық жұмыс), тақтаға шығып әңгімелеу.


Жоспар:

1. Жаралы құс

2. Айдынның құсты күтуі

3. Құстың жазылуы


Керекті сөздер:

жараланған, йод, дәкемен, жүре бастады, ұшып қонды, жазылған, әуелеп ұшып кетті, бұған қуанды.


3.Жаңа білімді бекіту:

Жоспар бойынша, сұрақтар бойынша, керекті сөздерді пайдаланып мазмұндама мәтінін дәптерге жазу.


4.Үйге тапсырма: қайталау


Күні: Мазмұндама

Сабақ: .............. тілі

Тақырыбы: «Күз»

Мақсаты:Мазмұндама жазу дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Міндеттері:

1.Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Мәтін түрлерін ажырата білу қабілеттерін дамыту;

3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі :жаңа сабақ

Көрнекіліктер:мазмұндамалар жинағы.

Әдіс-тәсілдер: өзіндік

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Мазмұндама мәтінімен танысу:

Мазмұндама.

Күз

Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Ағаштар жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді.Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі. Айнала сары кілем төсегендей. Күзгі табиғат қандай тамаша!


Күз

Жоспар:

  1. Қыркүйек айы

  2. Құстар тіршілігі

3. Аңдар тіршілігі

Сұрақтар:

1. Қыркүйек күздің қай айы? 2. Ағаштың жапырақтары қандай күйде?

3. Құстар тіршілігі қандай? 4. Аңдар қайтеді? 5. Айнала қандай?

Керекті сөздер: жапырақтар, айнала сары , құстар, жылы жаққа, қысқы тіршіліктеріне, кілем төсегендей.


Мәтінді әңгімелеу (жұптық жұмыс), тақтаға шығып әңгімелеу.


3.Жаңа білімді бекіту:

Жоспар бойынша, сұрақтар бойынша, керекті сөздерді пайдаланып мазмұндама мәтінін дәптерге жазу.

4.Үйге тапсырма: қайталау



Шығарманы жазу үлгісі:


Күні:

Сабақ:

Тақырыбы: Шығарма. Жаз.

Мақсаты:

Оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Міндеттері:

1.Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;ойларын нақты білдіруге үйрету.

2.Сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту;

3.Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі :

Көрнекіліктер:, жаздың суреті

Әдіс-тәсілдер: өзіндік жұмыс

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын тексеру

Өткенді пысықтау.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Бүгін сабақта сурет бойынша шығарма жазамыз.

-Қазір жылдың қай мезгілі? Қай айы? Көктемнен кейін қай мезгіл? Жазда қандай өзгерістер болады?

Сурет бойынша жұмыс:

Шығарма «Жаз»

Тақтада жаз мезгілінің суреттері.

Керекті сөздер:

Сурет бойынша жұмыс: (тақтада сұрақтар жазулы тұр.)

Үйге тапсырма: қайталау.

Қоңыр үйрек.

Жаз. Күн ыстық. Әкем екеуміз шөп шабуға бардық. Шабындықтың шөбі қалың екен. Ойламаған жерден үйрек ұша жөнелді. Мен шошып кеттім.
(20 сөз)

Көмекші.

Күн жексенбі болатын. Жерде жылтылдаған қырбық қар бар. Есет қалың киініп далаға шықты. Ол қар күреп жатқан атасына көмектесті. (20 сөз)

Нөсер.

Кенет нөсер құйып кетті. Арасында – бармақтай бұршақ. Аспаннан сатырлап жерге түседі. Бір кезде нөсер басылды. (15 сөз)

Бақылау диктанты.
Гүлдер.

Жайлауға келіп рақаттандық. Маусымның гүл жарған сарғыш, ақшыл көк шөптері самал желмен тербеледі. Біз гүл тердік. (16 сөз)







Мереке.

Біздің Еркін биыл тұңғыш рет мектептегі жаңа жыл мерекесіне барды. Жасыл шыршаны айнала қоршаған өз достарымен бірге ән салып би биледі.
(20 сөз)







Екі дос.

Үзіліс кезінде балалар Мұратты ортаға алып шашылған мақта жайында сұрады. Елеусіз қалып қоған Асқардың көзіне жас келді. Өзінің қорқақ, өтірікші атанғанына ұялып жылап жіберді. (24 сөз)

Қарлығаш.

Арада екі күн өткен соң қарлығаш оралып қораға ұя салды. Өзіне серік тауып жаздай мекендеп жүрді. Асан ылғи бақылап отырды. Күз келіп құстар қайта бастағанда бұл қарлығаш та көрінбей кетті. (28 сөз)





Қуаныш.

Талғат бірінші сыныпты үздік бағамен бітірді. Соңғы қоңырауда оған мақтау қағазын тапсырды. Талғаттың қуанышында шек жоқ. Ол қағазын ең алдымен анасына көрсетті. Талғатқа анасы қуанып батасын берді. (27 сөз)





Бақылау диктанты.
Жайлауда.
Әкем екеуміз жайлауға бардық. Онда мен гүл тердім. Жайлаудың ауасы өте таза. Жиі-жиі жаңбыр жауады. Біз атқа мініп қой бақтық. (21 сөз)



Диктант.
Аңшылық.
Қазақ даласында аңшылықтың кең тараған түрі – аңды бүркітпен аулау. Бүркіт ұстаған адамды саятшы дейді. Бүркітті аңшылар тез қолға үйренгіш деп есептейді. (21 сөз)



Диктант
Немере

Әжейдің немере қызы бар еді. Бұрын немере қызы кішкентай болатын.Ол ылғи ұйықтап жататын. Ал әжей өзі нан пісіріп, үй сыпыратын. Кейін әжей қартайды.Ал немересі әжесі үшін нан пісіретін болды. (Л.Толстой)

Тапсырма
1)Соңғы сөйлемдердегі сөздердің байланысын тап және сыз
2)Немересі сөзін тасымалда.





Диктант.
Орман тамашасы.

Біз орманға бардық. Бір теректің айналысы қарақатқа тұнып тұр екен. Себетімізді толтырып ауылға қайттық. Құдайберген алдымыздан жүгіріп шықты. Бір себет қарақатты бере қойдым. Киіз үйге келіп шай іштік. Апам қаймақ пен бауырсаққа тойғызды. Сыртқа шықтық. Күн күлімдеп тұр.
(37 сөз)

Бақылау диктанты.
Доп.

Сұлтан үйде кітап оқып отыр еді. Мұншама қызық болар ма! Ол өзін — өзі ұмытып, қым-қиғаш оқиғаның ішіне еніп кеткендей. Кенет қатты тарс-тұрс, шатыр-шұтыр дыбыс шықты. Басын көтерем дегенше доп кеудесіне топ ете түсті. Сұлтан есін жиды. (38 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Сұлтан есін жиды. Сөйлемдегі етістікті тап.

Диктант.
Қаракөк қозы.

Қозы тез өсті. Ең алдымен екі айыр мүйізі жылдам өсіп жетілді. Өзімен бірге туған төлдердің төбесінен қарайды және ерке. Мектептен келген Дәмірдің соңынан еріп жүргені, ойнақтап, секіреді. Құйрығының ұшы аппақ. Бұл да оның ерекшілігі еді. (35 сөз)

Бақылау диктанты.
Ағаттық.

Бейбіт мектепке келгенде балалар тыста ойнап жатқан. Сөмкесін қойғалы сыныпқа кірді. Өз партасына жақындағанда қызылды – жасылды бір затқа көзі түсті. Анықтап қараса, шоколад екен. Шоколадты қолына алды. Бірақ жеуге дәті бармады. Шоколадты орнына қойды. Далаға шықты. Үрейден құтылып, қуанып кетті. (40 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1-ші сөйлемдегі дауыссыз үнді дыбыстардың астын сыз.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мазм?ндамалар жина?ы

Автор: Бибатырова Нураш Кажгапаровна

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289420


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства