?сынылып отар?ан диктанттар мен мазм?ндамалар жина?ы ты?даушыларды? сауатты жаздыру?а ж?не пунктуациялы? ?ателер жібермеу ?шін жазу да?дысын ?алыптастыру?а ба?ыттал?ан. Диктанттар мен мазм?ндамаларды? м?тіндері ты?даушыларды? ме?геруге тиісті с?з м?лшерін молайтады, лексикасын байытып, ойын, тілін дамытады. Сонымен бірге, ты?даушылар ба?дарлама бойынша т?сінбеген та?ырыптарын аны?тап, білім сапасына, ?лгеріміне талдау жасау?а, ба?ылау сына?тарын ж?ргізуге арнал?ан. Б?л е?бек фонетика, лексика, морфология ж?не синтаксис м?селелерін ?амти отырып, талап?а сай с?з нормалары ескеріліп ??рыл?ан. М?тіндерді іріктеуде тіл ?йренушілерді? сауаттылы? де?гейін, танымды?, логикалы? ой-?рістерін, білім-білік да?дыларын дамытумен ?атар, оларды? т?рбиелік ма?саты да ескерілген. ?азіргі жа?а технологиямен о?ыту барысында ты?даушы ?зіні? білім де?гейіне байланысты жо?ары д?режедегі к?рделі жазба ж?мыстарын орындау?а ?абілетті болуы м?мкін. Сол себепті диктанттар мен мазм?ндамалар жеке та?ырыптар?а ж?не де?гейлерге (?арапайым, базалы?, жо?ары) сай б?лінген. Диктанттар мен мазм?ндамалар м?тінін ты?даушыларды? икемділігі мен да?дысына, диктант пен мазм?ндаманы? с?з санына, ?тілген ережелерге байланысты дайындал?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Диктанттар мен мазм?ндамалар жина?ы»
«Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығы»КММ
Құрастырған: Кадыл Камшат
орталық әдіскері
Атбасар 2015 ж
АЛҒЫ СӨЗ
Ұсынылып отарған диктанттар мен мазмұндамалар жинағы тыңдаушылардың сауатты жаздыруға және пунктуациялық қателер жібермеу үшін жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Диктанттар мен мазмұндамалардың мәтіндері тыңдаушылардың меңгеруге тиісті сөз мөлшерін молайтады, лексикасын байытып, ойын, тілін дамытады. Сонымен бірге, тыңдаушылар бағдарлама бойынша түсінбеген тақырыптарын анықтап, білім сапасына, үлгеріміне талдау жасауға, бақылау сынақтарын жүргізуге арналған. Бұл еңбек фонетика, лексика, морфология және синтаксис мәселелерін қамти отырып, талапқа сай сөз нормалары ескеріліп құрылған. Мәтіндерді іріктеуде тіл үйренушілердің сауаттылық деңгейін, танымдық, логикалық ой-өрістерін, білім-білік дағдыларын дамытумен қатар, олардың тәрбиелік мақсаты да ескерілген. Қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында тыңдаушы өзінің білім деңгейіне байланысты жоғары дәрежедегі күрделі жазба жұмыстарын орындауға қабілетті болуы мүмкін. Сол себепті диктанттар мен мазмұндамалар жеке тақырыптарға және деңгейлерге (қарапайым, базалық, жоғары) сай бөлінген. Диктанттар мен мазмұндамалар мәтінін тыңдаушылардың икемділігі мен дағдысына, диктант пен мазмұндаманың сөз санына , өтілген ережелерге байланысты дайындалған.
Қарапайым деңгейге арналған диктанттар топтамасы
Қоңыр күз
Күз болды. Құстар жылы жаққа қайта бастады. Құстардың қайтуын оқушылар бақылады. Ойын балаларын қимай кетіп бара жатқандай.
Күз айы молшылық береке айы. Қоңыр күзді адамдар «Сары алтын» деп бекер айтпаса керек. Қыркүйек айы. Күн салқындады. Жапырақтар сарғайды. Мектептің ауласы теңіздей толқиды. Жүздері бал – бұл жанған бүлдіршіндер мектепке асыға басып келеді.
Шуақты көктем
Көктем. Көктемде өсімдіктер дүниесінде көп өзгерістер болады. Қар ериді сай сала суға толады. Бәйшешек гүл жарады. Ағаш бүршіктенеді. Алғашқы гүлдер – Жауқазын, Қызғалдақ, Сарғалдақтар өсе бастайды. Көктем хабаршысы құстар келеді. Балалар құстаоды қамқорлықтарына алады. Аңдар да, жәндіктер де, жан – жануарларда қыстан аман – сау қауышқандарына қуанғандай.
Менің отбасым-менің мақтанышым
Менің атым-Алихан. Жасым тоғызда. Балқаш қаласында тұрамын.Қалалық гимназияның 2-сыныбында оқимын. Менің отбасым үлкен, өте үлгілі. Екі әжем, әкем, анам, інім бар. Менің әжелерім-зейнеткерлер. Анам телефондар байланысы салонының меңгерушісі. Әкем-жүргізуші. Олардың жасы қырықта. Мен оларды қатты жақсы көремін., мақтан тұтатмын. Інім Әділет №15 мектепте оқиды. Жанұямызда тату-тәтті өмір сүреміз. Менің отбасым-менің мақтанышым!
Менің пәтерім
Мен Төлебаев көшесінде, 5 қабатты үйдің 3-қабатында, 25-пәтерде тұрамын. Бұл бөлмелері кең, жарық, төрт бөлмелі пәтер. Кіреберісте дәліз бар, дәліздің оң жағында қонақ бөлме, қонақ бөлменің жанында ұйықтайтын бөлме. Қонақ бөлмеге қарама-қарсы балалар бөлмесі орналасқан. Ұйықтайтын бөлменің қасында жуынатын бөлме және әжетхана бар. Қонақ бөлменің оң жағында бөлме жиhазы, ал бұрышта теледидар тұр. Бөлмеде екі кресло және диван бар. Пәтерім жылы және жайлы. Маған өз пәтерім өте ұнайды.
Ана тілім.
Тіл қатынас құралы. Ана тілі – бұл атаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден біле бастаймыз. Ананың сүтіндей бойымызға сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын халықтан, мектептен, кітаптан, теледидардан үйренеміз.
Халықтың өмірі, ерлік істері, ұғымдары ана тілінде сақталады. Ана тілі атадан балаға ауысып отырады.
Ана тілін білмейтін адамды мәдениетті адам деуге болмайды.
«Ақжелкен» журналы
Мен қазақтілін үйреніп жүрмін. Қазақ тілін оқып жүргеніме үш жыл болды. Мені қазақ тілі қызықтырады. 2009 жылдан бері «Ақжелкен» журналын алып тұрамын. Маған сіздердің журналдарыңыз қатты ұнайды. Журналдың соңындағы сөзжұмбақтар мен жұмбақтарды, жаңылтпаштарды оқи отырып, өзім де құрастыра бастадым. Сізге хат жазу себебім, менің сөзжұмбақтарымды журналға басып шығарсаңыздар екен. Сіздердің жауаптарыңызды асыға күтемін.
Әкем жұмыс орны
Менің әкем Самат денсаулық саласының маманы. Оның мамандығы – дәрігер. Оған емханада жұмыс істеген ұнайды. Әкемнің жұмысы үйге жақын орналасқан. Екі айдан бері олардың ұжымы жаңа ғимаратқа көшті. Әкемнің жұмыста арнайы жеке бөлмесі бар. Онда жаңа компьютер, жаңа шкафтар, жаңа орындықтар тұр. Бөлменің іші кең әрі жарық екен. Менің әкем өз ісінің маманы. Мен әкемді мақтан тұтамын.
«Алматы»
Алатаудың етегіндегі әсем қала орналасқан. Ол Алматы қаласы. Әр Қазақстан азаматының арман қаласы. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш астанасы. Бұл қала апорт алмаларымен белгілі. Мұндай қала әлемде сирек кездеседі. Алматының табиғаты жылы, құнарлы. Ал халқы бауырмал, кең халық.
Алматы - ғылым, білім, өнер, мәдениет ордасы . Еліміздің саяхат орталықтарының бірі. Алматыда көрікті жерлер өте көп.
Бос уақытым
Мен бос уақытымда спортпен айналысқанды ұнатамын. Тәңертең міндетті түрде жаттығу жасаймын, жүгіремін. Таңғы ауа таза,адамға өте пайдалы. Дене қимылы адамды шынықтырады. Қыста коньки және шаңғымен сырғанауға жиі барамын. Жазда Ертіс өзеніне суға түсіп, таза ауада демаламын. Футбол, волейбол тағы басқа спорттық жарыстарға да жиі қатысамын. Спорттық ойындардың барлық түрі ұнайды. Бос уақытымда інім екеуіміз шахмат та ойнаймыз.
Саябақта
Біздің қаланың шетінде үлкен саябақ бар. Өткен демалыста мен жұмыстағы достарыммен сонда бардым. Саябақтың дәл ортасында кішкентай көл бар. Біз көлде қайықпен серуендеп, суретке түстік. Көлдің айналасына орындықтар қойылған. Орындықтардың жанында түрлі гүлдер өсіп тұр. Саябаққа келушілердің көбі сонда демалып отыр. Бәріміз түстен кейін саябақ ішіндегі кинотеатрға кірдік. Кинотеатрдан шыққан соң саябақты аралап, қыдырып, әдемі жерлерге тағы да суретке түстік. Маған, әсіресе, саябақ ортасындағы көлдің көрінісі қатты ұнады.
Ауылым-алтын бесігім
«Ауыл» деген сөзді естіген де менің өн бойымда қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан ақ (май, ірімшік, сүт, сүзбе, айран,шұбат, құрт т.б.) мол. Ауылда менің әжем мен атам тұрады. Біз демалыста ауылға барып тұрамыз. Онда тұратын адамдар мал шаруашылығымен айналысады. Көктемде төрт түлік малдар төлдейді. Қозы, лақ маңырап құлын-тай тебісіп, балалар оны қуалап, шуылдасып, жатады. Ауылда қаладағы сияқты сәулет өнері жақсы дамымаса да, ауылдың қаладан көркемділігі ерекше. Ол өзінің төрт түлік малдарымен, ауасының тазалығымен, көк майса шөбімен ерекшеленеді. Және жазық жерлер көп.Мен нағыз байлықтың бәрі ауылдан шығады деп ойлаймын.
«Қазақстан»
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. Рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран. Астанасы – Астана қаласы. Біздің елде 130 ұлт тұрады. Қазақстанның табиғаты тамаша, жері кең бай. Биік тау, мөлдір көлдер, өсімдіктер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар бар. Қазақстан жерінде: мұнай, көмір, темір, алтын мол.
Бізде өзен , көлдер көп. Олар: Есіл, Тобыл, Шу, Нұра, Сырдария. Суы мол өзен – Ертіс. Ең үлкен көлдері – Балкаш, Алакөл. Ірі теңіздері – Каспий. Қазақстанда көптеген демалыс орындары бар. Шығыс Қазақстан табиғаты аса көркем. Жазда көп туристер, саяхатшылар келеді.
Күйші
Атақты күйші, композитор Дина Нұрпейісова 1861 жылы Орал облысы, Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмында дүниеге келген. Динаның музыкаға деген зеректігі өте ерте байқалады. Ол жеті-сегіз жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында Құрманғазыны көреді. Бұдан кейінгі жылдарда Дина өз заманының тамаша күйшілері Дәулеткерей, Түркеш, Ұзақ, Мәмен, Байжұмалардың күйлерін үйренді. Олардан тәлім-тәрбие алады. Өзі де күй шығара бастайды. Құрманғазы, Дәулеткерей және басқа композиторлардың күйлерін біздің заманымызға жеткізгендердің бірі Дина болды. Динаның «Той бастар» , «Әсем қоңыр», «Жеңіс», «Бұлбұл» күйлері қазақ халқымен бірге жасайтын асыл қазына.
Бала Шоқан
Қыс ортасынан былай Шоқан орыс тіліндегі әдебиет кітаптарын құныға оқитын болып алды. Бірақ ондай кітаптар Шоқан қолына көп түсе бермейді. Әсіресе корпус кітапханасында әдебиет кітаптары жоқтың қасы. Ал аздаған кітаптар рота балаларының қолынан босамайды. Оның өзін де кезек күтіп, әрең дегенде қолдарына түсіреді. Осы кітаптардың әсерінен болар. Шоқан мен Григорийдің ізденгіш ойшыл мінездері өздерінің сыныптарындағы көп балаларға әсерін тигізіп, кітап оқу, ілім іздену балалар арасында жақсы өрістеді. Соның арқасында Шоқан бастаған сыныптың балалары озық, тәртіпті сыныпқа, үлгілі оқушылар атына ие бола берді.
«Тұңғыш ғарышкер»
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысында дүниеге келді. Ата-анасы ерте дүние салды. Ол апасының тәрбиесінде болды. 1965 жылы Краснодар өлкесіндегі Армавир қаласында жоғары әскери училищеде оқыды. Кейін ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары болып істейді. Мәскеу ұшқыш сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Халық қаһарманы, Алтын жұлдыз, Отан, Құрмет ордендерінің иегері.
Көк базар
Алматы қаласындағы ірі сауда орталықтарының бірі көк базар. Көк базар халықтың көп жиналатын орны. Өйткені онда адамға қажетті заттың бәрі бар. Көк базардың төменгі қабатында азық- түлік, жеміс- жидек және көкөніс сатылады. Шаруашылық тауарларын , үйге керекті заттар мен күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттардың барлығын осы бірінші қабаттан табуға болады. Киім-кешек іздесеңіз, бірден екінші қабатқа көтеріліңіз. Мұнда киімнің неше түрін таба аласыз. Отандық тауарлар мен шетелден әкелінетін киім- кешектің сан алуан түрін осы екінші қабаттан кездестіресіз. Сүт өнімдері мен ет өнімдерін де осы қабаттан қиналмай таба аласыз.
Базалық деңгейге арналған диктанттар топтамасы
Менің туған жерім
Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы мемлекет. Осы тамаша табиғат-ай! Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлық менің Қазақстаным. Менiң Қазақстаным - ел ыстық қалаулы сонымен аяулы, маңызды, асыл. Ғасырлар көп оның жауларынан қоныстандырып, меңгерiп, қорғал қалылу және бүгiн өмiршең бiзге мұраға тапсырылу үшiн бабаларымыздарға керек болды. Еңбек, тер және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi. Жоңғарлармен соғыстар, патшалықтың қиын кезеңі, Ұлы Отан соғысы – қазақ халқы көп қайғыларды көзі көрді.
Атбасар қаласы
Атбасар ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан солтүстігінде Сандықтау, солтүстік-шығысында Бұланды, шығысында Астрахан, оңтүстік-батысында Егіндікөл, батысында Жақсы аудандары мен Қарағанды облысының жерімен шектеседі. Аудан орталығы –Атбасар қаласы. Жерінің жалпы аумағы
11,8 мың километр шаршы шақырым. Тұрғыны 53,3 мың адам. Халықтың этникалық құрамы: қазақтар – 17782; орыстар- 20523; өзге ұлт өкілдері – 13124 адам. Аудан 15 ауылдық әкімшілік округке бөлінеді.Ауданда Есіл, Жабай, Жыланды, Терісаққан, Қайрақты , Шортанбай өзендері мен 12 тұщы көл бар. Ауданның солтүстік бөлігі қара топырақты, ал оңтүстік бөлігі қара қоңыр топырақты болып келеді. Ауданда 32 жалпы білім беретін мектеп, 2 арнаулы орта оку орны, 2 техникалық училище, тарихи -өлкетану және І.Есенберлин мұражай бар.
Еркіндік статуясы
Еркіндік статуясы Америка құрама штаттарының символы. Бірақ ол Францияда жасалған. 1884 жылы 4 шілдеде Париж қаласында француз халқы атынан Америка елшісіне ресми сыйлық ретінде тапсырылған. Статуяны бөлшектеп, теңіз арқылы Нью-Йоркке жеткізген. Ал статуяны орнататын тұғырды (постамент) американдықтар өздері жасаған. Статуяның биіктігі – 46 метр, ал тұғыры – 47 метр. Француздар Еркіндік статуясы арқылы Америка мемлекетіне таңдану және мадақтау сезімін білдіргісі келді, әрі америка және француз халықтарының бір-біріне ықыласын оятуға тырысты.
Шілде
Жаз өтіп, шілде жетті. Шілдеде күн ұзын, түн қысқа, күннің ыстығы сонша күшті, тастар, құмдар қызып кетеді. Шілдеде піспеген шөп қалмайды. Мінілмеген, жұмысқа салынбаған мал семіріп, желідегі құлындар ғана жүдеген. Қымыз мол, қозы піскен. Ел жайлауда бірін-бірі қонақ қылып, қазақ салты өз алдына бір қызық. Қыз ұзатса, ұл туса, той болып, жұрт жиналып, ат шауып, күрес болады. Осы кезде қазақ бұрынғыдай алысқа көшпейді. Бұрын жердің еркін шағында жүз елу, екі жүз шақырым жерлерді жайлап кетеді екен. Үлкендер сол күндерін осы күні қатты сағынып, сөз қылысады. Шөп шабатын мезгіл де жетті. Бозбалалар жайлаудың қызығын қия алмай, ерініп әрең шығады. Қазақ шөпті бел орақпен шабады. Машина жаңа тарап келеді. Ондағы балалар да жаздай қымыз ішіп тынығып, енді сабаққа баратын күндерін санап жүр.
«Менің сүйікті спортым»
Менің сүйікті сабағым дене шынықтыру. Залда біз спортпен шұғылданып, денемізді шынықтырамыз, күшімізді нығайтамыз.
Мектеп спорт залында қалааралық, мектепішілік волейбол, баскетбол ойындары өтеді.
Денешынықтыру сабақтарында волейбол ойынын үйрендім. Бұл ойын түрі маған қатты ұнағандықтан, қосымша сағаттарына қатысатын болдым. Жаттығулар кезінде мұғалім бізді ұйымшылдыққа, бір топ, ұжым болып ойнауға тәрбиелейді.
Біздің үлкен қуанышпен қатысатын үйірмелердің бірі – би өнері. Би дене бітімін жақсы дамытады, түзу, әдемі жүру дағдыларын қалыптастырады.
Ең үздік билерді мектеп қалаға, мерекелік концерттерге шығарады
Мамандық таңдау
Мамандық таңдау - әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең», - дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз жүрегінің қалауымен, өз қабілетіне қарай таңдап алады. Мамандықтың түрі көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу. Сөзбен өрнек салатын жазушы болу. Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ғалымдардың өмірімен танысады. Сондықтан да бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады.
Менің әріптесім
Рашид - менің әріптесім, әрі досым. Біз магистратурада бірге оқыдық. Достығымыз сол кезде басталды. Рашид магистратурадан соң Түркияда бірнеше жыл жұмыс істеді. Ғылыми жұмысын сонда жүріп қорғады. Өткен жылдың басында арнайы шақырумен біздің фирмаға орналасты. Рашидтің фирмадағы орны бөлек. Ол экономист болуымен қатар, шетелдік ұйымдармен түрік, ағылшын тілінде жұмыс жүргізуді де қоса атқарады. Рашид - өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп отыратын қарапайым да білімді азамат.
Ән құдіреті
Әміре сахна ортасында әуелі халыққа ізет көрсетіп, бас иді. Басында оюлы тақия, үстінде жеңіл шапан, қолында домбыра. Ол шеті түпсіз көрінген кең залға қарады да, «Қанапия» әнін айтты. Жастық шағы киіз үй мен кең далада өткен Әміреге бұл зал үлкен болып көрінсе де, ол айтуға келгенде, тар сезілді. Сондықтан оның таудан тау асып, жаңғыртатын сұлу да ашық дауысы Еуропа тыңдаушыларын қатты таңдандырды. «Қанапия» әнінің аяғын созып барып, домбыраны желпіндіре бітіргенде, тілдің керектігі болмады. Ән аса күшті дауыспен шарықтап барып аяқталғанда, сүйсініп отырғандар қайран қалысты. Ән тым тез біткендей. Ұйып тыңдаған халық әнші орнынан тұрып, бас игенде ғана ду қол шапалақтады. Залдан «бис...бис...» деген дауыстар жамырай естіліп жатты.
Асханада
Біздің мекеме орналасқан он екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында үлкен асхана бар. Асхана бірінші қабаттың сол жақ бөлігін толық алып жатыр. Асхана кең, таза әрі жарық. Асүй тамақ әзірлеуге қажетті техникамен толық жабдықталған. Асхана аспаздары әзірлеген тамақтар да өте дәмді. Асханада ыстық тамақтан ет, қуырдақ, ботқа, сорпа, кеспе үнемі дайындалады. Балықтан, теңіз өнімдерінен дайындалған тағамдар да бар. Асханада түскі асқа арналған тамақтың бірнеше түрі бар. Сүт қосылған шай немесе көк шай алуыңызға болады. Сусынға жеміс шырындарын береді. Көкөністің көп түрінен жасалған салаттары да дәмді.
Құрбымның отбасы
Менің құрбымның есімі – Жадыра. Ол «Халық Банкінде» бас есепші болып жұмыс істейді. «Халық Банкінің» ғимараты Көкшетау қаласының орталығында орналасқан. Жадыра – есептеу бөлімінің қызметкері, банк қызметкерлерінің айлық есебін қабылдаумен айналысады. Ол қазақ тілін жетік біледі, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Жадыраның жұмысы ауыр. Бірақ Жадыра жұмысты жақсы істейді. Он бесінші желтоқсанда банкте жиналыс болды. Жиналыста банк басшысы баяндама жасады. Жадыра банк қызметкерлерінің айлық есебін қабылдап, банктің жылдық жоспарының жобасымен таныстырды. Банкте мұндай жиналыстар, конференциялар, мәжілістер жиі болып тұрады. Жиналыста Жадыра банк қызметкерлерін ресми құжаттармен таныстырып, өзінің жылдық жоспары туралы қосымша мәліметтер берді. Жиналыс соңында мекеме қызметкерлерін он алтыншы желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Өзінің туыстарын да осы мерекемен құттықтап хат жолдады. Құрбыма жұмысы қатты ұнайды.
Менің жұмыс орным
Мен қаладағы үлкен кәсіпорынның кадр бөлімінде жұмыс істеймін. Біздің бөлім жеке екі бөлмеде орналасқан. Бөлім бастығы отыратын кішілеу кабинет және қызметкерлерге арналған үлкен бөлме. Қызметкерлердің жұмыс істейтін бөлмесі жарық әрі кең. Әр қызметкерге арналған кеңсе үстелі мен дербес компьютер бар. Мен терезенің жанында отырамын. Менің жазу үстеліме жарық жақсы түсіп тұрады. Жазу үстелімде компьютерден басқа күнделікті жазу дәптері бар. Мұнда жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалған. Күнде түсіп тұратын тапсырмалар жеке папкада тұрады. Бөлім қызметкерлері өз істеріне ұқыпты. Жұмыс орнымызда тазалық сақтауды үнемі назарда ұстаймыз. Кадр қызметкерлерінің жұмысы қызметкерлер мен жұмысшылармен тікелей жұмыс істеуге бағытталған Бізде іс қағаздары толық мемлекеттік тілде жүргізіледі. Кәсіпорын мемлекеттік тілде іс жүргізуге бірден көшкен жоқ. Әкімшілік әр қызметкерге мемлекеттік тілді толық меңгеруді талап ете отырып, оны үйренуге жағдай жасады. Қазақ тілін үйренуге арналған курс ашты. Тіл үйрену курсы таңертеңгі және кешкі уақытта жұмыс істеді. Жұмысшылар мен әкімшілік қызметкерлері қазақ тілін үйренуге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Ынта қойып кіріскен соң нәтижесі де жақсы болады.
Бәйтерек
Астана қаласындағы негізі ғимараттардың бірі болып Бәйтерек саналады. Ол арқылы Қазақстанды әлемдегі көптеген елдер таниды. Ол ертедегі аңыздан бастау алады.
Ерте- ерте , ертеде биік тауда, жарық және қараңғылық патшалығының арасында, Бәйтерек - өмір ағашы өсіпті. Бұл ағаш басына әрбір күн ертегідегі құс ұшып келетін болыпты. Ол онда алтын жұмыртқасын салатын.
Бірақ әрбір кеш ағашқа жауыз Айдаһар ұрланып кіріп , оның жұмыстқасын жеп кетіп отырған. Осылай жағдай көп ғасырларға жалғасты . Ертегілерінің даңқты батырын Ер – Төстік айдаһарды өлтірді . Тек қана сол уақытта жерде бейбітшілік орнады .
Бәйтерек Астана қаласында салғаны кездейсоқ жағдай емес . Оның биіктігі 103 метр. 97 метрге дейін байқау алаң орналасқан . Ол шынылар мен құбылмалы әйнектерден жасалған. Ол ауа-райына байланысты өз түсін өзгертіп отырады . Мұнан қала көрінісін алақанда тұрғандай көруге болады. Бәйтерек әсіресе түнде өте әдемі .
Киіз үй
Киіз үй-«Атамыз алаш, керегеміз ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз», деп аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шанырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтын тұрағы, құтты мекен –жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланады. Киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне , есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады.
Киіз үй тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет , қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Ол ағаш, киіз, ши, ішінара күмістен құрастырылады, әрі көшпелі құрылыс түріне жатады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік халықаралық, этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған. Мысалы, 1861 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік этнографиялық көрмеде қазақтың киіз үйіне еуропалықтар таңғалып, жүлделі орын берген. Германиянын Гамбург , Майындағы , Франкфурд қалаларындағы мұражайларда да қазақ киіз үйлері бар.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақстанның табиғаты ерекше сұлу. Сарыарқа мен Атырау, Алтай мен Қаратау қойнаулары нағыз алтын сандық. Геологтар айқындаған деректер бойынша, Қазақстан әлемде, әлемнің 186-шы елінң ішінде аса маңызды деген қазба байлықтар қорынан алдынғы орында тұр. Вольфрам, қорғасын, барий қорынан дүниежүзінде 1-ші орында. Хромит, күміс және мырыштан 2-ші орын, марганец қорынан 3-ші орын, мыс мөлшерінен 4-ші орында тұр. Уран рудасынан 5 орын, алтыннан 6-шы орын, темір рудасынан 7-ші орын, қалайы мен никельден 8-ші орын, көмір мен газ қорынан 9-шы орын алады. Ал, мұнай қоры жөнінен Қазақстан әлемде мұнайға бай Парсы елдері, Латын Америкасы, Ресей, АҚШ-тан кейін 13-ші орын алып отыр. Бұл ғаламат байлық. Түған жердің ырысы онда өмір сүретін жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі, жер асты байлықтарынан да көрінеді. Ол барша қазақстандықтардың мақтанышы.
Әрбір қазақстандық үшін туған жерден ыстық, туған жерден артық, қадірлі де қымбатты ештене жоқ. Қазақстан жерінде жүздеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Ата-баба мұраға қалдырған ғажап мекенде әрбір адамға өлшеусіз байлық, қамқорлық , сая бар. Қазақстан-бәріміздің ортақ үйіміз, құтты мекеніміз.
Менің әдеттегі бір күнім
Мамандығым бойынша мен дәрігермін.Мен астаналық балалар ауруханасының бірінде жұмыс істеймін.Ол қаланың шетінде.
Менің жұмыс күнім сағат тоғызда басталады.Мен сағат жеті жарымда оянып,аздап дене шынықтыру жасаймын,жуынамын,салқын душ қабылдаймын.Таңғыасты ішіп болғаннан кейін, 8-де 15 минут кеткенде мен үйден шығамын.Жарты сағаттан кейін,яғни мен тоғызға 15 минут қалғанда ауруханада боламын.Әдетте мен пациенттерімді қабылдайтын бөлмеме-кабинетіме тоғызға бес минут қалғанда келемін.Тура сағат тоғызда мен қабылдауды бастаймын.
Дәуреннің асықпауына болады.Оның белгілі жұмыс уақыты жоқ.Кейде ол үйде немесе кітапханада жұмыс істейді,кейде ол жұмыста түске дейін,қажетті жағдайда күні бойы,тіпті жарым түнге дейін сонда болады.
Түскі үзіліс кезінде,сағат бірден екіге дейін мен түстеніп те,демалып та үлгеремін.Сағат екіден беске дейін өзімнің ауруларыма,үйлеріне барамын.Сағат бесте менің жұмыс күнім бітеді,мен үйге қайтамын.
Жолда мен азық-түлік үшін универсамға және кітап дүкеніне кіремін.Сағат алтыда үйле боламын.Киімімді ауыстырып,үй шаруасымен айналысамын.Жеті жарымда біз кешкі асымызды ішеміз.Кешкі астан кейін журнал оқимын,газеттерді қараймын.Егер телевизорда қызықты бірдеңе болса,хабарды көреміз.
Біз театрға,концертке жиі барамыз.Кейде кешке бізге достарымыз келеді,біз өмір туралы айтамыз,жаңалықтарды талқылаймыз,саясат туралы айтамыз.
Жұма кундері мен үйге кешкі сағат тоғызға қарай қайтамын,себебі ол күні консерваторияға барамын.
Сағат он бірде,он бір жарымда ұйықтауға жатамын.
Отан-отбасынан басталады
Сізді отбасыммен таныстырғым келеді.Бұл-менің әкем.Оның аты-Сейітжан.Ол кісі 69 жаста.Менің шешемнің аты-Мәлике.Ол кісі 65 жаста.Менің ата-анам жас кезіндернде Тараз қаласында тұрған.Сол қалада олар танысып,үйленген.Содан кейін олар Алматыға көшкен.Менің әкем мектепте мұғалім болып жұмыс істеген.Ол тарихтан сабақ берген,шешем мектептің кітапханасында істеген.Қазір олар жұмыс істемейді.Әкем де,шешем де зейнетақы алады.
Менің ата-анамның үш баласы-менің әпекм,мен және інім. Менің әпекемнің аты Қарлығаш.Ол менен үш жас үлкен.Қарлығаш шет тілдері институтын бітірген,қазір мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Он жыл бұрын Қарлығаш тұрмысқа шыққан.Оның күйеуінің аты Нұржігіт.Ол көлік инженері институтын бітірген, бірақ қазір бизнеспен айналысад.Олардың екі баласы-ұлы Қуаныш және қызы Шолпан бар.Біздің Қарлығаш өте әдемі,сымбатты. Ол бота көзді,қара шашты Қарлығаш шешеме ұқсайды.
Менің інімнің аты -Дәулет.Дәулет университеттің математика факультетінде оқиды.Ол "Майкрасофт" сияқты үлкен бір фирмаларды бағдармашы болуды армандайды.Дәулет-өте пысық,ширақ,көңілді адам.Ол көп оқиды,философияға,тарихқа, әлеуметтануға қызығады. Онымен әңгімелесу-қызық.Бірақ ол бәрінен де математика,физиканы жақсы көреді.
Дәулет бірден көп нәрсемен айналысады.Ол көп нәрсеге үлгере алмай жүреді,соншалықты да жинақы емес.Бәрібір оны барлығы жақсы көреді.
Өзім туралы
Менің атым Дәурен фамилям - Әділдаев.Жасым отызда. Мен Алматыда дүниеге келгенмін,қазір де осында тұрып жатырмын.Жеті жасқа толғанда,мен мектепке бардым.Бала кезде шет тіліне қызығатынмын, мектепті бітіргеннен кейін университеттің филология факультетіне түстім. Онда мен ағылшын,неміс, түрік тілдерін оқыдым.Алты жыл бұрын мен унивеситетті бітіріп, бір үлкен сауда фирмасын жұмысқа тұрдым.Ол
Базалық деңгейге арналған мазмұндамалар топтамасы
Қонақжайлық
Мен Астана қаласында тұрамын. Астана жыл өткен сайын көркейіп, дамып келеді. Біздің компанияға Лондон қаласынан бірнеше әріптестеріміз келді. Күн сайын гүлденіп, көркейіп келе жатқан қаламыздың көрікті жерлерімен таныстырып, кешкісін шетелдік әріптестерімді қазақтың ұлттық тағамдарымен таңғалдырғым келді. Оларды Есілдің сол жағалауындағы «Жерұйық» мейрамханасына апардым. Жерұйық – Астанадағы ең ірі мейрамханалардың бірі. Мейрамхана алдында жаңа саябақ бар. Саябақтың ауасы кең әрі таза. Орындықтары да өте әдемі. Онда түрлі ағаштар мен сан алуан гүлдер өсіп тұр. Мейрамхананың іші ұлттық нақышта безендірілген. Төбесінде шаңырақ, қабырғасы уықтармен қоршалған. Мен әріптестеріме қазақтың салты бойынша ең алдымен шай дастарханы жасалатынын, оның басты асы – бауырсақ екенін айттым. Қазақтың ұлттық тағамы – сыйлы қонақтарға берілетін қазақша ет туралы әңгімелеп бердім. Дастархан басында шетелдік әріптестерім қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы көп сұрады. «Жерұйық» мейрамханасында әзірленген халқымыздың ұлттық тағамдары, біздің елдің жылы ілтипаты, орындалып жатқан әсем әндер әріптестеріме қатты ұнады. Олар қазақ халқының қонақжайлылығына ерекше баға берді.
Бурабай
Бурабай - Қазақстан Республикасының Ақмола облысының аумағында орналасқан курорттық қорық аймағы. Қазақстандықтар және көптеген шет мемлекеттерден келген қонақтар оны жиі «Қазақстандық Швейцария», «Қазақстанның маржаны» деп атайды, бұл әрине Бурабай көлі ең әдемі бөлігі болып саналатын, оазис табиғатының әсемдiгi мен асқан көркемділігі үшін курортқа берілген жарқын және шынайы атау болып табылады.
Аймақтың ең биік шыңы - Көкшетау тауы, ол «көгiлдiр тау» деп аударылады. Одан оңтүстiкке қарай Бурабай (690 м.) тауы орналасқан. Осы таудан аймақ жерлеріне өте керемет панорамалық көрініс ашылады. Одан оңтүстiкке қарай Щучинск шоқылары орналасқан, олардың iшiндегі ең iрiсі - Жеке-батыр, (826 м.), ол «жалғыз жауынгер» деп аударылады.
Бақта 800 шамасында түрлі өсімдіктер өседі, әр өсімдік өз жекелігі мен тартымдылығымен ерекшеленеді, олардың iшiнен 95 - сирек кездесетіндер. Ағаш түрлерінен ең танымалы - қарағай.
Өлкенiң фаунасын 500 түрден астам жануарлар және құстар құрайды, олардың көбiсі Қызыл Кiтапқа енгiзiлген.
Таулар, қылқан жапырақты орман және көлдер тек жер ландшафтының қайталанбас әдемiлiгiн ғана емес, адамның организмының сауығуына мүмкiндiк туғызатын ерекше емдiк ауа райына да септігін тигізеді.
Үш жолаушы
Бір бұлақтың басында үш жолаушы бір-бірімен кез болыпты.Бұлақ бір тастақ жерден шығып жатыр екен. Айнала қалың ағаш жапырақтар бұлақтың үстіне төгілген, суы мұздай салқын, шыныдай мөлдір, өте таза бұлақ екен. Бұлақтың қайнап жатқан көзіне жақын, қазандай бір қара тасты қойыпты да тасқа : - Ей, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!-деп жазыпты. Үш жолаушы бұлақтан шлдерін қанғанша су ішеді, тастағы жазуға көздері түседі.
Сонда бірінші жолаушы тұрып былай дейді:- Бұл жазылған ақыл сөз екен.
Бұлақ түндіз-түні тынбай алыс жерлерге барады.Бара-бара кеңейіп үлкейеді. Бұған жол-жөнекей кішкене бұлақтар қосылып, сүйте бара , үлкен өзен болып кетеді. Мұана мынадай ғибрат алуға болады. Сондай адал қызмет қыл ешуақытта тоқтап қалма, сүйтсең ақырында сенде үлкейіп, мұратыңа жетесін дегені деп білемін,-дейді.
Жолаушының үшіншісі- көркем жас жігіт үндемей тұрады. Жолдастары сен не ойлайсың деп сұрағанда, жігіт айтады:- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келді. Бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп салам түсіп , лай-қоқым болса, бұған адамнан ғөрі айуан ынтық. Олай болса бұл жазудың мағынасы мынау: көңіліңді , бойыңды осы бұлақтай таза сақта , бұлаққа қарасаң : күн түссе күннің, не шөп түссе шөптің сәулесін көреміз.Ендеше, көңілің сол сияқты сыртқы ашық көрініп тұрсын дегені ғой деймін,-депті.
Досымның отбасы
Досым Айнаштың жанұясы үлкен. Оның отбасында тоғыз адам бар. Олар: атасы, әжесі, әкесі, анасы, ағасы, жеңгесі, сіңлісі және інісі. Атасы Бауыржан мен әжесі Зәуреш – зейнеткерлер. Анасы Айбала – мектепте мұғалім, ал әкесі Жомарт өрт сөндіруші болып жұмыс істейді. Әкесінің жұмысы өте ауыр. Ағасы Бағлан – кәсіби суретші. Ол суретті өте жақсы салады. Жақсы суретті тек кәсіби суретшілер ғана сала алады. Жақында орталық мұражайда Бағланның суреттерінің көрмесі өтті. Сурет салу – үлкен өнер. Жеңгесі Айман – ақылды, тәрбиелі, үлгілі келін. Мамандығы – заңгер, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Қазір заңгер болып жұмыс істейді. Сіңлісі Шолпан – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенті. Шолпанның оқу үлгерімі өте жақсы, Президенттік шәкіртақы иегері. Інісі Мәди – орта мектептің 11 сынып оқушысы. Досым Айнаш – білім беру мекемесінің қызметкері.
Айнаштың жанұясы өте тату тұрады. Өйткені жақын туыс адамдар сыйлас болады. Әкесі мен ағасының жалақылары жақсы. Жалақыларын уақытылы алады. Отбасының күнделікті шығыны мен жылдық шығынын үнемі әкесі мен ағасы есептейді. Олар ақшаларын банкте сақтайды. Отбасы мүшелері ақшаны есеппен жаратып, тиімді жұмсайды.
Айнаштың атасы мен әжесі Нұра ауданының Баршын ауылында тұрады. Атасы мен әжесі үнемі қаладағы немерелерін сағынып жүреді. Немерелері де ата-әжелерін қатты сағынады. Атасы мен әжесі ауылдан келген сайын немерелеріне бағалы сыйлықтар ала келеді. Тойға барса, қазақ халқының салты бойынша тойдан базарлық әкеледі. Атасы балалары мен немерелерін үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуге тәрбиелейді.
Айнаштың жанұясы өте қонақжай. Үйіне келген қонақты төрге шығарып, сый-құрмет көрсетеді. Анасы – шебер аспазшы, ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды. Анасы келмей қалған сыйлы қонақтың сыбағасын сақтап қояды. Қазақта асқа үлкен кісі бата қайырады. Дастарханға ас қайыру – үлкен ізеттіліктің белгісі.
Биыл Айнаштың аға-жеңгесі банктен аз пайыздық мөлшермен несиеге пәтер алды.
Досымның жанұясы – үлгілі, қонақжай қазақ отбасыларының бірі.
Жоғары деңгейге арналған диктанттар топтамасы
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы – Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Оның жері 2 724,4 шаршы шақырым, халқы 16 миллион 441 мың 959 адам.
Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет. Бүгінгі күні елімізде 2 502 діни орталықтар бар. Елдегі басты діндер ислам және христиан діндері.
Қазақстан Республикасының елордасы – Астана, мемлекет басшысы – Н.Назарбаев. Жоғары үкіметтік органдары, Парламент бар, ол Сенат пен мәжілістен тұрады. Орындаушы билік – Үкімет. Ақшасы – теңге. Қазақстанда 14 облыс, 85 қала, 159 аудан, 195 ауыл, 2150 ауылдық орталық бар. Республика территориясы батыстағы Волга өзенінен шығыстағы Алтайға дейін үш мың шақырымға, солтүстіктегі Батыс-Сібір даласынан оңтүстіктегі Тянь-Шань тауына дейін мың шақырымға созылып жатыр.
Шекараның жалпы ұзындығы он бес мың шақырым. Батыс пен солтүстікте Қазақстан Ресеймен, оңтүстікте Түркменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, шығыста Қытаймен шектеседі. Жер көлемі бойынша Қазақстан дүние жүзінде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан мен Австралиядан кейін 9-орын алады.
1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы тәуелсіздігін алды.
Қазақстан – ядролық қарудан бас тартқан бірінші мемлекет.
Жақсы сөз – жарым ырыс
Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар әрбір сөйлеушінің ақылы мен мәдениетінің көрсеткіші. Орынды қолданылған сөз ғана жүрекке жол табады. Ертеде бір патша болыпты. Бірде ол адам түс көріпті. Түсінде барлық тістері бір-бірлеп түсіп қалғанын көрген ол, ұйқыдан тұрысымен түс жорушыны шақыртады. Түсті тыңдаған жорушы: «Мен қайғылы хабар жеткізгелі тұрмын. Сіздің түсіңіздегі түсіп қалған тістеріңіз – туыстарыңыз ғой. Туыстарыңыз бір-бірлеп өледі екен» - депті. Сол кезде оны жазалауға тастатыпты. Келесі шақырылған жорушы: «Бұл түсіңіз өте бір жағымды екен. Сіз туыстарыңыздан да ұзақ уақыт өмір сүресіз» - деген екен. Риза болған ел басқарушы көп алтын сыйлапты. Сонда таң қалған сарайдағылар: «бірінші түс жорушы да солай деген жоқпа» дегенде ол: «Иә, біз екеуміз де түсті бірдей жорыдық. Бірақ әңгіме қалай болуында емес, қалай айтуда» деген екен. Сол себепті бүгін айтылған бір сөз – ертең тағдырыңды өзгертуі мүмкін.
Астана-бас қала
Қазақстан Республикасының астанасы-Арқаның төрінде орналасқан Астана қаласы.1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді.1998жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді. Астананың рәмізі - Бәйтерек. Бәйтерек- әсем,биік ғимарат, сол жағалаудың көркі. Қазіргі кезде Астана ең сұлу жас қала.Астанада ғажап зәулім ғимараттар салынып жатыр. Астананың сол жағалауында Елбасының Резиденциясы, Ақорда, Парламент, Қорғаныс министрлігі, Ішкіістер министрлігі,т.б .ұйымдар мен мекемелер орналасқан. Астанада 9 шағын аудан және «Орбита», «Шұбар» , «Жастар», «Целинный» шағын аудандары бар. Астанада көптеген білім ошақтары: 50-ден астам орта білім беретін,арнаулы орта білім беретін мектептер және жоғары оқу орындары, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университет,С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет , медициналық академия, Ресей-Қазақстан университеті, т.б. оқу орындары бар.Астанада театрлар, Президент мұражайы, цирк , «Думан», «Конгресс Холл», « Жастар» орталығы, т.б. ойын-сауық орындары көптеп саналады. Бас қалада біздің еліміздің атақты, ұлы адамдарының-Абайдың, С. Сейфуллиннің, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ескерткіштері бар. Астана күннен-күнге гүлденуде. 2015 жылдың 1-қантардағы санағы бойынша Астана қаласында 852 985 адам тұрады . Астананың болашағы зор.
Қазақстан Pеспубликасының Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн,арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түстүркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiңтазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Қазақстан Pеспубликасының Елтаңбасы
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ХХ ғасырдың соңында тәуелсіздік алған ҚР тұңғыш президенті. Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы Алматы облысындағы Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында өмірге келген. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжан еңбекқор, өнерлі жандар болған. Н.Ә.Назарбаевтың мамандығы – металлург. Жалынды жастық шағын Теміртау мен Қарағандының домна пештерінде болат балқытуға, Днепродзержинскийдегі құрыш білек әріптестерімен тәжірибе алмасуға және өз ортасының жас лидері ретінде небір жалынды істердің ұйытқысы болуға арнады, спортпен шұғылданады. Қырыққа жетпей ел басшылығына араласты. Қырық төрт жасында Үкімет төрағасы болды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 1999 жылы Республика Президентін бүкіл халық болып, 7 жылға қайта сайлады. Н.Ә.Назарбаев – елдің қамын ойлап, өз халқының қадір–қасиетін жанымен ұғатын және ол халқының бақытты болашағы үшін күш–қайратын бүтіндей арнаған азамат. Ол – бүкіл дүниежүзі халықтарының арасында беделі зор саяси қоғам қайраткері.
Жоғары деңгейге арналған мазмұндамалар топтамасы
Ілияс Есенберлин
Ілияс 1915 жылдың 10 қаңтарында, Ақмола облысының Атбасар уезінде, ағаш шеберінің отбасында дүниеге келді. Ілияс Есенберлин және інісі Раунақ ерте жетімсіреп қалды, өйткені олардың әке-шешесі індет (қорасан) кезінде қайтыс болды. Туыстар Раунақты өзіне алды, ал Ілияс панасыз қалды. Әлсіреп кеткен, ауырып қалған, ашыққан Ілияс балалар үйіне түседі. Мектеп қабырғасында математикаға өзінің бейімділігін көрсетіп, қазақ фольклорын да керемет білген екен. Сонда болашақ жазушы қабырға газеттеріне өлеңдерін жазған. Бастауыш сыныпты аяқтағаннан соң Ільяс Қызылордаға барып интернатта оқи бастады, содан кейін ол Қарсақпай қаласында аудандық атқарушы болып жұмысқа тұрды. Жазда Қарсақпайға Алматы қаласындағы Тауметаллургиялык институтына дайындық курсына жолдама келді, Ільяс тау факультетінің студент болды. Ол институтта тез танымал болды. 1937 жылы алғаш жеделдетілген Қазақстанда Совет съезді болған кезде,алғашқы Қазақ ССР конститутциясын қабылдаған кезде, ізденуші Есенберлин осы съездің өкілі болып сайлады. Ілияс Есенберлин соғысқа қатысқанда өз шығармаларын жаза бастады. 1945 жылы алғашқы поэтикалық шығармалары жарық көрді. Дегенмен, соғыстан кейін ғана жазушылыққа өз жақындығын түсінді. Алматы қаласына көшіп, көркем әдебиет баспасында редактор болып жұмыс істеді. Мұнда «Адам туралы ән» романын жаза бастады. Кейін Есенберлин киностудияға жұмысқа тұрып, Қапан Сатыбалдин, Шәкен Айманов, Олжас Сүлейменов және өнер саласындағы басқа майталман адамдармен бірге жұмыс істеді..Ілияс Есенберлин өзінің бірінші тарихи романы 1965 жылы «Қаһар» кітабын үш айдың ішінде жазып, кейін оның атауын «Көшпенділер» деп өзгертті. Бұл кітаптан кейін «Алтын Орда», «Қатерлі өткел», қазіргі заманның өзекті тақырыбындағы «Алтын құс», «Айқас» кітаптарын жазды.
Жазушы 1983 жылдың 5 қазанында қайтыс болды. Биыл ақынның 100 жылдық мерейтойы республика бойынша тойланып өтті.
БалаАбай
Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен, қолы-аяғы ұзарып қалыпты. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарған. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала бозбалалық қалпына бейімденген. Бірақ, әлі сол мүсінде үлкендік жоқ. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес. Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазір қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозғылданған, сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қалыңданып көрінеді. Ол да ауырғандық пен күн көзінде болмағандықтың белгісі. Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден кеп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек, бір дос тапты. Онысы, әсіресе әжесі. Одан қала берсе шешесі. Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады. Сонда ол ойланып отырып: - Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? - деп, кішкене тақпақтап бастап еді, Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұрағанда, әжесін тізесінен ақырын қағып: - Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? - деп, тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді.
Баянауыл
Баянауыл – көрікті аймақ. Ертегілер елі сияқты. Міне, осы өлкені отандық туризмнің орталығына айналдыруға болады. Әр тасының өзі туған өлкенің тарихынан сыр шертеді. Мұндай мекен – отандық, шетелдік демалушылар үшін таптырмайтын жұмақ жай. Жасыбайдың жағасында суға түсіп, құмға қыздырынған жан бұл өлкенің сұлу табиғатын ешқашан ұмытпайтыны – ақиқат. Бұл аймақ туралы аңыздар да өте көп.
Солардың бірі - Кемпіртас туралы аңыз. Кемпіртас – Баянауылдың ұлттық саябағындағы ең танымал тас. Ертеде жергілікті тұрғындар бұл жерде ерекше жылқы тұқымын өсіріпті. Бұл аттардың бағасы қымбат болыпты. Оларды ең батыл жігіттер көздің қарашығындай күзетіпті. Алайда соған қарамастан, күнде бір жылқы жоғала беріпті. Түнде күзет қойылса да, бәрі де ұйықтап қала беріпті. Ақыры солардың арасынан жас батыр түнде ұйықтап қалмау үшін білегін кеседі. Түн ортасында жер астынан түрі қорқынышты кемпір шығады. Ол жылқылардың ішіндегі ең семізін таңдап алып, өзімен бірге жер астына әкетеді. Жас батыр көргендерін ақсақалдарға айтып береді. Ол халқын сиқыршыдан құтқармақшы болады. Жігіт түнде мыстанның келер уақытын күтеді. Кемпір жерден шығады да, жігітпен жағаласа кетеді. Жігіт мыстанмен түнімен алысып, әбден шаршайды. Кемпір де әлсірейді. Өйткені таң білінісімен, кемпірдің күші қайтады. Таң атқан кезде мыстан кемпір жердің астына түсіп үлгермейді.Таң арайлап атып, күн сәулесі жер бетіне шашылады. Сол мезетте мыстанның басы мен денесінің жартысы тасқа айналып, қатып қалыпты.
Халық арасында айтылып жүрген аңыздың бірі – осы.
Отбасы – адам баласының алтын кемесі.
Отбасы - адам баласының алтын кемесі. Өйткені адам баласы шыр етіп өмірге келгенінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы-адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасы мүшелерінің жасы әртүрлі болса да, олардың арасында бір-біріне мейірімі бар. Отбасы - бір мемлекет.Әр мемлекеттік өзіне тән өндіріс мен өнімі , сыртқы және ішкі саясаты , бюджеті т.б болатыны сияқты, әр отбасының тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар.
Қазақ отбасынада өз баласын мейірімділікке, еңбекқорлыққа үйретіп өсірген. Үнемі отбасында осындай тәрбие көрген бала алғыр, адал, шыдамды, ұқыпты болып шыға келеді. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана біріншіден баласына өздерін үйреткен. Сонымен қатар, балаларының жақсы адам болып , халқына еңбек етулерін басты міндет етін қойған.
Отбасы- құрмет, келісім бар кішкентай Отан . "Отан- басынан басталады"дегендей отанды сүю-отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы мектебі.Адамның жақсы адам болып өсуі отбасынан басталады.Ол ер жетіп өседі,бойына жақсы қасиеттер жинайды.
Отбасы-табиғат сыйлаған байлықтардың бірі. Жеке адамның бойындағы әдептілігін, ақылын, мейірімділігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы- алғашқы қадам. Отбасы- өте қажетті, еш нәрсемен өзгертуге болмайтын байлық.Отбасында алам бойындағы жақсы қасиеттер қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім- отбасын, туысқандарын жақсы көруден басталады. Сол себепті біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі деп білеміз. "Өз үйім - өлең төсегім" деген қазақ мақалында айтылғандай , өз үйің әрқашан жылы көрініп, жанға жақын болады. Сол үшін әр адам өз отбасын құрметтей білуі міндетті болып табылады.