Мақсаты; мәтінді түсінігі бойынша жазуға дағдыландыру;
-сауатты,көркем жазуға үйрету;
-еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түнгі шайқас.
Түн.Қараңғылық қоюлана түскеншақ.Жапалақтап қар жауып тұр.Колхоздың озат жылқышысы Қасен қарт үйірлі жылқыны түнгі тебінге айдап шыққан.
Жылқылар кенет үріккендей болды. Қасен сескеніп қалды. Мылтығын оқтай салып, жылқының үріккен шетіне қарай шапты. Жеті қасқыр жылысып келе жатыр.
Жыртқыштар үйірге таянып қалыпты.Жағдай қиын,өйткені,қасқыржетеу,ал Қасеннің оғы үшеу-ақ.Халықтың малын бұдан қалай құтқарып алу керек? Қасен не де болса бар қаруымен, бар оғымен қайрат көрсетуге бекінді.Қасқырлардың алдында келе жатқан арлан қасқырдың дәл маңдайынан тигізіп қалпақтай ұшырды. Қалған бесеуі бөлтіріктер екен.Олар қашып кетті. Жылқыларды аманалып қалғаны үшін Қасенге сыйлық берілді.
Мазмұндама жоспары:
1.Қасен қарттың үйірлі жылқыны түнгі тебінге алып шығуы.
2.Жылқының қасқырмен бетпе-бет кездесуі..
3.Қасқырдың бөлтіріктерінің қашуы.
Әдебиеттік оқу
Мазмұндама.№ 3
Мақсаты: жоспар бойынша мәтін мазмұныны,түсінгенін сауатты жазуға үйрету;
-сөздік қорын дамыту;
-қызығушылығын арттыру.
Алтын адам.
Астанада мұражайлардың түр-түрі бар.Балалар мұражайларды аралап,көп қызықтады,әсіресе археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенін білдіреді.Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар,әшекей бұйымдарға қарап біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп, немен шұғылданғандарынанықтапотыр.Балаларбірэкспонаттыңжанынанкөпкедейінкетпеді.Ондажасханзада-сақжауынгерініңбастан-аяқәдіптелгенкиіміқойылған.
Оныңдулығасы мен кіреукесауытынкөнезергер аңдардың,құстардың,ағаштардың,таулардыңсуретінбейнелепжасаған алтын табақшалармен әшекейленген. Осы жауынгеркиіміЕсікқорғанындаекімыңжылданастамуақытжатсада,күнібүгінгедейін жақсы сақталған.
Қорқыт жұрттан асқан ақылды,алдағыны болжағыш адам екен .
Ол бір жерде отырмай,үнемі дүние кезіп,тіршіліктегі жақсы-жаманды көріп,салмақтап,байыбына жетіп,біліп жүріпті. Біреу бақытты,біреу бақытсыз,біреу қыршын жас күйінде,біреу қартайып өледі. Жас туып дүниеге келеді,қария өліп,дүниемен қош айтысыда. Неліктен бұлай? Бірақ қанша ойланып,толғанса да,мұның жауабын таба алмады.
Жасы ұлғайған сайын Қорқыт өлім жайын көбірек ойлайтын болыпты. Өлім түсіне де кіре береді. Бір күні түсінде ол жапан даланы кезіп келе жатса,көр қазып жатқан бір топ аадамға кездесіп,олардан:
- Мұны кімге қазып жатырсыңдар?-деп сұрайды.
Көр қазушылар:
-Қорқыт әулиені қобға қазып жатырмыз,-дейді. Осыдан сескенеді де,Қорқыт келер күні көр қазып жатқан жерден басқа дүниенің шетіне сапар шегеді. Қайда барса да, жанына тиыштық таба алмаған соң, жер отрсын іздейді. Жер ортасы деген Сырдарияның жағасы екен. Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына кілем төсеп,қобызын тартып тұрады...
Қабылан –жолбарыс сияқты ірі жыртқыш аңның бірі. Оның дене тұрқы 1,8 метрге,салмағы 100 килограмға жетеді. Қабыланның терісі әдемі,теңбңл-теңбіл,сол себепті ол ағаш пен бұта арасында жүргенде көзге оңай түсе қоймайды.
Қабылан жемтігін көбінесе түнде аңдиды. Негізгі қорегі-елік,тауешкі,арқар,кейде қабанға да шабады. Жемтігін аңдардың жортатын соқпағында,суат басында аңдып жатып ұстайды. Үй жануарына шабуы сирек. Қабылан жаралы кезінде немесе соңына түсіп қуғанда болмаса,адамға шаба қоймайды.
Оның тіршілік ететін жерлері-Кавказ,Өзбекстан мен Түрікменстанның таулы аймақтары, Қиыр Шығыс,Апаны көбінесе жартастардың арасында үңгірлерде,ит тұмсығы батпайтын жыныс тоғайдың ішінде болады.
Біздің елімізде қабыланды аулауға тыйым салынған. Ол сирек кездесетін әдемі аң болумен бірге аса пайдалы да. Себебі,алдымен ақсақ-тоқсақ,ауру-сырқаулы аңдарды ұстап жейтін болғандықтан,табиғатта «санитар» қызметін атқарады.
Мазмұндама жоспары.
Қабыланның сыртқы көрінісі
Қабыланның түнде жүруі
Қабыланды аулауға тыйым салыну себебі.
Әдебиеттік оқу пәнінен бақылау жұмыстарының нормасы
4 – сынып
Әдебиеттік оқу
Жұмыс түрлері
I тоқсан
II тоқсан
III тоқсан
IV тоқсан
Барлығы
Мазмұндама
1
1
1
1
4
Шығарма
1
1
1
1
4
Әдебиеттік оқу
Мазмұндама № 4
Мақсаты: Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндату арқылы өзіндік сөйлеу тілін дамыту
1) Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу, ойлау қабілеттерін дамыту;
2) Оқушының өзінің ойын жазбаша жеткізу арқылы сауаттылығын арттыру;
Тікұшақ
Тікұшақ – қызық машина. Ол кәдімгі ұшақтар сияқты ұшады. Сонымен бірге жерден көкке тіп-тік көтеріле алады, аспанда бір орында қалықтап тұра алады. Қонатын жерді де көп таңдамайды.
Тікұшақты жер бетін барлау жұмыстарына жиі пайдаланады. Тікұшақпен таулы жерге де қонуға болады. Ол - теңізге бақылау жасауға қолайлы машина. Шаруашылық салаларында жиірек пайдаланады.