Мақсаты: Қазақтың мақал-мәтелдерінің мағынасын түсіндіру, өмірде қолданылатын орнын атап айту. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу, оқушылардың тілдерін жаттықтыру, мәнерлі сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын нығайту. Ұлттық дәстүрді құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: ұлағатты нақыл сөздер жазылған плакаттар, мақал-мәтелдер
Әдісі: ойын-сайыс, сұрақ – жауап
Сабақтың барысы:
Мұғалім:- Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі өткізілгелі отырған 1 «а» сынып оқушыларының арасындағы «Мақал сөздің мәйегі» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойынға қатысатын топтарды анықтау. Топ басшысын тағайындап, топқа ат қою.
2. Кіріспе бөлім.
- Алдымен мақал-мәтелдің айырмашылығы, неден шыққан ұғым екеніне тоқталайық. Мақалда қортынды, тұжырымды түйін болады.
Мысалы, «Ердің атын еңбек шығарады» деген мақал, өйткені мұнда еңбек еткен адам ер аталатыны жайлы ой анық айтылып тұр.
Ал мәтелде ой тікелей білдірілмей, тұспалдап айтылады. Мысалы, «Көппен көрген ұлы той» деген мәтел. Өйткені мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген ой тұспалдап тұр.
«Сөйлей-сөйлей шешен боласың
Көре-көре көсем боласың» деген мақал тегін айтылмаған, олай болса ойынымызды бастайық
Ойынымыз 4 айналымнан тұрады.
1 айналым - Мақалдың тақырыбын анықтау
- Мен сендерге кез-келген мақал оқимын, ал сендер сол мақалдың қай тақырыпқа байланысты айтылғанын тауып айтасыңдар
1. Анасыз өмір, сөнген көмір
2. Еңбек – ер атандырады
3. Мектеп – кеме, білім – теңіз
4. Ас атасы – нан
5. Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл
6. Жолдасын тастаған жолда қалар
7. Ұрлық, ұрлықтың түбі қорлық
8. Мал жуасы – қой
Аң жуасы – қоян
9. Денсаулық – зор байлық
10. Оқу-білім бұлағы
Білім – өмір шырағы
- Қол соғып ойыншыларды деп отырыңыздар!
ІІ айналым Тақырыпқа байланысты мақалды табу
- Қазір мен әр топқа мынандай мақал-мәтелдер таратамын. Сол мақал-мәтелдердің ішінен мәтінге байланысты айтылған мақал-мәтелді тауып оқисыңдар.
ІІІ айналым Мақал құрастыру
- Әр топ басшысы өзіне қатысты геометриялық пішіндерді жинап, тобымен бірге мақал құрастырады
ІҮ айналым Мақал – мәтелдер айтысы
- Әр топ білгенінше мақал-мәтел айтып жарысады
Әділ-қазылар өз шешімін шешкенше топ арасында жаңылтпаштар айтып жарысу
1. Шеше, шеше
Неше кесе
Сынды кеше
2. Тары ақта,
тары ақтап
Қапқа қапта
3. Ақ шар бар,
Көк шар бар
Көп шар бар
Бес шар бар
4. Доп, доп!
Доп жоғалды,
Қап, қап!
Тап, тап!
5. Ақ тайлақ ақ па?
Қара тайлақ ақ па?
Мұғалім:
- Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Барлық айналымның қорытындысы бойынша ойынға қатысушылардың ұпайын атап өтсеңіздер.
(Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталады)
Қортынды: Мақал-мәтел дегеніміз – нақты бір ойды қысқаша, нақышты әрі санаушы сөзбен жеткізу. Мақал-мәтел ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады.
- Жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етер мақал-мәтелдің адам өміріне азық болары анық. Мақалды көп біліп, көп қолданатын адамдардың білім де, ақылы да арта түседі.
- Осымен «Мақал – сөздің мәйегі» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенш