Ма?ал-м?телдер. Ма?ал -м?телдер ерте заманнан ?рпа?тан ?рпа??а ауысып келе жат?ан халы?ты? м?ра, с?з ?рнегі.Тілімізде «С?зді? к?ркі- ма?ал» деген аталы с?з бар. Т?ра?ты тіркесткр сия?ты ма?ал-м?телдер де - ?бден ?алыптас?ан, орны??ан с?здерді? тобы. Ма?ал-м?телдерді? ??рамында?ы ?р с?зді? орны т?ра?ты болады. Онда?ы с?здерді? орнын ауыстыру?а немесе бір с?зін бас?а с?збен алмастыру?а келмейді.
Ма?ал то?сан ауыз с?зді? тобы?тай т?йінін білдіріп, белгілі бір т?жырым жасайды. Мысалы: Ке? болса?, кем болмайсы?.
М?телдерде ой - пікір бейнелі ?рі т?спалдап айты?ан ишара т?рінде болады. Мысалы: Біреу то?ып секіреді, біреу тойып секіреді.
Ма?алдар негізінен тура ма?ынасында ??ынылса, м?телдер астарлы ма?ынада т?сініледі.
Ма?ал-м?телдерді орынды ?олдану с?зді? ?серлілігін к?шейтеді ?рі ойды ай?ын да на?ты жеткізуге к?мектеседі.
ІV О?улы?пен ж?мыс.
124-жатты?у. Ма?алдарды бір б?лек, м?телдерді бір б?лек к?шіріп жазы?дар.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен "Ма?ал-м?телдер"»
Күні: 19.11.2013 жыл Қазақ тілі 5 «В» сынып
Сабақтың тақырыбы: Мақал –мәтелдер
Сабақтың мақсаты: мақал-мәтелдер жөнінде теориялық білім беру, ерекшеліктері мен белгілерін меңгеру, есте сақтау әрекеттерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
Білімділігі: мақал-мәтелдер халықтың рухани қазынасы екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктері мен мақалдың ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданатындығын түсіндіру;
Дамытушылық: түрлі ойындар, деңгейлік тапсырмалар арқылы тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау және таным белсенділіктерін дамыту;
Тәрбиелік: мақал-мәтелдерді орынды орынды пайдалана білуге, ұшқыр ойлы сөйлеуге, ұлтжандылыққатәрбиелеу.
Тұрақты тіркес пен еркін тіркестің қандай айырмашылықтары бар?
Олардың қандай ортақ белгілері бар?
Оқушылар жауабын толықтырып, үй тапсырмасын қорыту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мақал-мәтелдер. Мақал -мәтелдер ерте заманнан ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан халықтық мұра, сөз өрнегі.Тілімізде «Сөздің көркі- мақал» деген аталы сөз бар. Тұрақты тіркесткр сияқты мақал-мәтелдер де - әбден қалыптасқан, орныққан сөздердің тобы. Мақал-мәтелдердің құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады. Ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді.
Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың.
Мәтелдерде ой - пікір бейнелі әрі тұспалдап айтыған ишара түрінде болады. Мысалы: Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.
Мақалдар негізінен тура мағынасында ұғынылса, мәтелдер астарлы мағынада түсініледі.
Мақал-мәтелдерді орынды қолдану сөздің әсерлілігін күшейтеді әрі ойды айқын да нақты жеткізуге көмектеседі.
ІV Оқулықпен жұмыс.
124-жаттығу. Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.
Мақалдар:
Жақсы адамға жау жоқ. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Ең әдемі сөз – ең ақылды сөз.
Мәтелдер:
Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру. Кәрі түлкі қаөпанға түспес. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады. Екі қораз ен қораға сыймас.
Кеспемен жұмыс.
Сұрақ- жауап:
1.Мақал-мәтелдер әдебиеттің қай түріне жатады?
2.Мақал-мәтелдердің көлемі, тілі қандай болады?
3.Қандай тақырыптарға мақал-мәтелдер білесіңдер?
4. Мақал – мәтелдер ненің айнасы болып табылады?
1-тапсырма.
Тақтадағы жазылып тұрған мақалдың мағынасын ашып, аудару.
1.Әркімнің өз жері Мысыр Шаһары.
2. Жері байдың елі бай.
3. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
4.Отан –оттан да ыстық.
5.Қоянды қамыс өлтіреді, Ерді намыс өлтіреді.
6. Батыр бір өледі, қорқақ мың қледі.
7. Жүз сом ақшаң болғанша, жүз жолдасың болсын.
8. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.