Сабақта қолданылатын материалдар | Интербелсенді тақта, бейнеролик стикер, маркер, А4 түрлі-түсті парақтар, А3 парақтары, желім, қайшы |
Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: | Аудиторияда жағымды ахуалды туғызу: « паравоз» тренингі (3 мин) Топқа бөлу: «Мен таңдап аламын» әдісі арқылы. Қызығушылықты ояту. 1. «Ой шақыру» әдісі. (5 мин) « Мұғалім-робот» бейнежазбасын көрсету. Мақсаты: бейнефильм арқылы коучингтін тақырыбын ашу, қатысушылардың сыни тұрғыдан ойлау деңгейін бақылау. Видеоны талқылау «Ашық микрофон» стратегиясы Тапсырма: 1. Бейнефильм не туралы деп ойлайсыздар? 2.Мұғалімнің бұл жерде рөлі неде? 3. Баға туралы не ойлайсыздар? (2 мин) 4.Бір оқушыға «2» деген баға неге қойылды? 5.Әріптестер, қалай ойлайсыздар, бұл баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасы бар ма? Жоқ болса, неге? Оған кім кінәлі, мұғалім бе, оқушы ма? Коучинг тақырыбымен таныстыру. «Дейін-кейін» стратегиясы Тақтада сызғыш сызылып тұрады 10%,20%,30%,40%,50% деген бөлімдері бар. Коучинге дейін қалыптастырушы бағалау туралы өз білімдеріңізді бағалаңыз. Барып стикерлерді жабыстырады Тақтадағы «Білім шкаласындағы» өз орынын анықтайды. 2. “Ойлан, жұптас, талқыла” әдісі. (5 мин) Мақсаты: бағалауға өз көзқарастарын білдіреді. Оқу нәтижелері: -Мұғалімдер бағалаудың принциптерінің мәнін түсініп ажыратады. -Тапсырма: Бағалаудың 5 ұстанымын таңдап алып топтарыңызда талқылаңыз, дұрыс деп санаған принциптерді қағазға жапсырыңыздар. Балаларға бағалауды сеніп тапсыру! Өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау, жеке бағалау әр оқушының оқу үдерісінің ажырамас бөлшегі болуы тиіс. Оқушыларға бағалау үшін уақыт беру. Бағалау оқушыларға түсінікті критерилер мен дескрипторлар негізінде жүргізілу керек. Бағалау қорытындысы ғана емес, сонымен қатар оқу үрдісі де бағалануы тиіс. Мадақтауды көбірек айту керек. Тіпті жаман оқитын оқушының өзін де бағалауға болады. Орындаушыны мақтап, тек қалай орындағанына ғана кемшіліктер айту қажет. Тіпті көптеген кемшіліктердің арасында да аздаған жетістіктерді тауып, соған назар аударуға болады. Баланың алдына тек нақты мақсат қою керек. Оқушыға бір мезетте бірнеше міндеттер қоюға болмайды. «Сен тағы да...» деген қағидат жолы болмайтын оқушыны өсіру тәсілі болып табылады. Баға оқушының бүгінгі жетістіктерін кешегі кемшіліктерімен салыстыруы керек. Оқушының алдына орындай алатын мақсат қою керек, содан соң ол оны орындауға тырысады. Бағаны түсіндіру, өзіне тән қателерін ұғындыру, оларды түзету үшін ақыл-кеңес беру. Алдыңғы жетістіктерін талдау. Жетістіктерді қайталап, бекітіп отыру. «Кері байланыс» уақытында жүргізілу керек және мазмұнды болуы қажет: тек «сен жұмысты жақсы орынданың» деп айта салмай, қандай «теріс» және «оң» жақтары болды, тағы да не істеу керек, сол жайлы айтылуы керек. Мағынаны ашу. (3 мин) «Реттеу» әдістері таратылып беріледі. Әр топ өз білгендері бойынша дұрыс орналастыруы тиіс. Кері байланыс. «1 минуттық үзіліс» - Мен ... туралы көзқарасым өзгерді... - Мен ... жайлы хабардар болдым... - Мені ... таңқалдырғаны.. Бірін-бірі бағалайды. Тәжірибелік бөлім. «Қалыптастырушы бағалау» туралы бейнеролик көрсетіледі. Тапсырма: (15 мин) Әр топ берілген тақырып бойынша сабақ құрастырады. Тақырыбы «Гүлдің құрылысы» Сабақтың әр кезеңіне қалыптастырушы бағалау ұсынады. Постер жасап, қорғайды. Критерий бойынша бағалайды. Бағалау критерийлері | Балл | 1 Сабақ этаптарының логикалық байланысы | 3 | 2. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін қолданудың тиімділігі | 3 | 3.Безендірудің эстетикалық талғамы | 3 | Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек» Рефлексия «Білім шкаласы» әдісі (2 мин) Әр мұғалім коучингтан кейінгі өз білім дәрежесін шкалада белгілейді 1. Бұл сабақ неге құнды? 2. Бұл білімнің маған қандай пайдасы бар? 3. Ол қаншалықты маңызды және қажетті? |