Білімділік: балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, қыс мезгілінің ерекшелігін ажырата біліп, көргендері мен байқағандарын дұрыс баяндауға, нені, кімді, кімдерді, қандай деген сұрақтарға нақты жауап беруге, көрген ісіне сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Тәрбиелік: табиғатты аялауға, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: сөздік қорын байытумен бірге, ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балаларды жігерлендіру. Әдіс - тәсілдері: қуанышты сәт, сұрақ - жауап, ән айту, жалғастыру. Көрнекілігі: қыс бейнесі суреті, шаңғы, коньки, хоккей үлгілері, қысқы ағаш.
І.Ұйымдастыру.
Қызығушылығын ояту.
Аяз қысып, өрнек сызып, Терезені торлайды. Қарға омбығып, Бет домбығып, Сырғанап жастар ойнайды. Кейде ұлып,кейде ысқырып, Ұйытқып боран соғады. Бөбектерім айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? -Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Ауа райы қандай болады? ¬Қыс мезгілінде қандай ойындар ойналады? -Қар қандай болады?
Жұмбақтар шешу.
1.Тікен- тікен тік пісте, Қысы жазы бір түсте. 2. Қыста шыны болып қатады, Жылыда су болып жатады. 3. Әуеде ақ мамық, Қалбалақтап ұшады, Қанаты талып.
ІІ.Негізгі бөлімі:
Оқушыларды киіндіріп қыс мезгіліндегі табиғатты байқауға топсаяхатқа шығу. 15 минут.
Келгеннен кейін не көргендерін, табиғаттың ерекшелігін қалай сезінгендерін жазу.
Қыс мезгіліндегі суреттерді көрсету. Қысқы орман суреті,шанамен сырғанап жатқан балалар,коньки теуіп жүрген балалар,қар күреп жатқан адамдар суреттерін көрсету. Далада қар көп жауып, айналаның бәрін аппақ қар басқан. Біздер ғажайып қысқы табиғат аясында ойнадық. Бексұлтан, Ақниет, Досымжан қардан домалатып «Аққала» жасады. Оларға Даниал көмектесіп, қар тасып жүр. Аққала өте тамаша болып шықты, балаларға қарап күліп тұр. Нұрдана – шанамен, Көркем – шаңғымен ойнап жүр. Олар балалардың аққаласына қызыға қарап қояды. Мұз бетінде коньки теуіп жүрген Абылай мен Ақтоты да балаларға риза болды. Сергіту сәті Боран соқты оң жақтан, Боран соқты сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су өтеді қолғаптан.
ІІІ.Қорытындылау.
-Балалар, біз қай жыл мезгілі туралы айттық? -Қыста ауа райы қандай болады? - Адамдар қалай киінеді? - Қандай мейрамдар бар? -Қыста қандай ойындар ойналады?