kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғылыми жобаның тақырыбы: «: Мағжан және балалар әдебиеті »

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мағжан Жұмабаев және балалар әдебиеті туралы ғылыми жоба мектеп оқушыларына арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғылыми жобаның тақырыбы: «: Мағжан және балалар әдебиеті »»

Бағыты: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Мағжан және балалар әдебиеті



Дайындаған: Қуаныш Жібек

Жетекшісі: Рахимжанова Данар Мусратовна

бастауыш сынып мұғалімі




Мазмұны


Аннотация


  1. Кіріспе.

  2. Балалар әдебиетіндегі Мағжан


ІІІ. Негізгі бөлім


ІҮ. Қорытынды

Ү.Пайдаланылған әдебиеттер



Аннотация



Тақырыптың өзектілігі: Қазақ балалар әдебиеті—казақ әдебиетінің кенже дамыған саласы болғанымен, руханиятымызды көркемдік кеңістігін байытуымен қатар, тәрбиелік-тағылымдық жағын да толықтырып отырған әдебиет әлемінің үлкен бір қанаты. Мағжан Жұмабаев қазақ балалар әдебиеті іргесін қаласуға қомақты үлес қосты. Қазақ баласын тәрбиелеуде күні бүгінге дейін мұғалім қауымы, барша жұртшылық үшін таптырмайтын шығармалардың авторы. Ақтық демі біткенге дейін ұлтым деп өткен ақынның балаларға арналған шығармалары бір төбе. Қазақ балалар кітапханасын байытқан осы шығармаларды топтастыру-бүгінгі таңның талабы деп білеміз.



Ғылыми жобаның мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың балалар әдебиетінде алар орынын айқындау. Оның балаларға арналған шығармаларын тақырып бойынша топтастыру.



Міндеттері:

-Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы туралы оқып, білу.

-Балаларға арналған шығармаларын тақырып бойынша жіктеу.

-Балаларға арналған өлеңдерінің тәрбиелік мәнін зерттеу, көрсету.



Зерттеу әдістері: Оқып, талдау жұмыстарын жүргізу, ақпараттық құралдарынан мәлімет іздеу.



Жаңашылдығы: Мағжанның балаларға арналған шығармаларының ұлттық фольклормен ұштастығын, тіпті кейбір өлеңдерінің халық фольклорының нұсқасы ретінде кездесетінін көрсеттік.



Практикалық маңызы: Жұмыстың нәтижелерін балалар әдебиетінің түрлі мәселелеріне арналған зерттеулерде пайдалануға мүмкіндік бар және қосымша дидактикалық материал ретінде ана тілі сабақтарында қолдануға болады.



Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.









I Кіріспе. Балалар әдебиетіндегі Мағжан

Мағжан Жұмабаевтың шығармаларына алғаш оқығаннан қызықтым.Ұстазым мен анам осыны байқап Мағжанның туындыларын оқуға баулыды.Лицей кітапханасына кіргенімде осы жазушының ойлы жанарын және кітаптарын кітапхашы Байбала Жәмекешқызының арнайы жасаған « Мағжан және балалар әдебиеті» деген сөреден байқадым.

Балалар әдебиеті-сөз өнерінің жеке бір өзекті бөлігі. Ол қазақ әдебиеті тарихының өскелең, әрі құрамдас саласы. Қазақ балалар поэзиясының түп-төркіні өте тереңде екен. Сонау ертедегі ауыз әдебиеті үлгілерінде ертегілер, жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтардың болуы халқымыздың бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгенінен хабардар етеді. Міне, сондықтан да ондай өлмес мұралар мән-маңызын, көркемдік ерекшеліктерін жоғалтқан емес.

Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын-Мағжан Жұмабаев та қазақ балалар әдебиеті іргесін қаласуға қомақты үлес қосты. Балалар әдебиеті тақырыбына маржандай төгілдіріп көп өлең тудырды. Арнайы ғылыми еңбектер, оқулық, әдістемелік құралдар жазды. Солардың бірі және бірегейі «Педагогика» («Баланы тәрбие қылу құралы») атты әрі оқулық, әрі әдістемелік сипаттағы кітабы. Бұнда «аз ғана ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдердікі» деп атап көрсетеді. Күллі мұғалім қауымына тарту еткен бұл кітабын данышпан Абайдың: «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуге балаға» деген сөзімен аяқтауы тегін емес [1,36б].

Мағжан ақынмын, көкте жүзуім керек демей, қазағын оятуға сөзбен ғана емес іспен кіріскен. Мұғалімдік қызметті жан-тәнімен сүйіп атқарған. Қазақстанда сауатсыздықты жоюда Мағжан жазған әлденеше рет ондаған мың тиражбен басылған «Сауатты бол» оқулығы шешуші орын алды десек, қазақ баласын тәрбиелеуде күні бүгінге дейін мұғалім қауымы, барша жұртшылық үшін таптырмайтын құрал. Сонымен қоса, Мағжан кітабы бүгінгі ғалым мен шәкіртке, жазушы мен оқырманға бірдей пайдалы, қызғылықты да, құнды шығарма.


II Негізгі бөлім


Енді Мағжанның балалар поэзиясына келсек, бұл жанрда жазылған шығармалар оның бала тәрбиесі туралы ілімімен орайлас. Ақынның балажандылығы, балаларды жанындай жақсы көруі-оларға арнап өлең жазуының бір себебі болды десек қателеспеспіз. Мағжанның балаларға арналған өлеңдері көп болмаса да, оның қаламынан туған өлеңдерінің балалар әдебиетінде алатын орны зор. Мағжан Жұмабаевтың балаларға арналған өлеңдерін тақырып бойынша былай жіктеуімізге болады.

Балаларға арналған өлеңдер






Оқуға, өнер-білімге шақырған өлеңдері



Жыл мезгілдері, табиғаттың құпия сырларына байланысты өлеңдері

Еңбек

тақырыбына байланысты өлеңдер

Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік сезім, уату, жұбату өлеңдері










1.Оқуға, өнер-білімге шақырған өлеңдері.

Мағжан өмір сүрген дәуір қазақ қоғамының ояна бастаған дәуірі еді. Абай, Ыбырай, Ахмет, Міржақыптың өкшесін баса Мағжан да халқын өнер-білімге шақыруға айрықша ден қойды. Жас таланттың ағартушылық қозғалысқа қызу араласқанын мына өлеңдері айқындайды: «Қарағым», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Жердің жұмырлығы», «Немере мен әжесі» т.б.

М: Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме,

Ойынға құр қаларсың көңіл бөлме.

Оқымай, ойын қуған балаларға

Жолама, шақырса да қасына ерме! [1,85б].

(«Қарағым»)


Кейінгі жылдары осы мазмұн ойнақы, баланың өздері жаттап айтып жүретіндей жеңіл тілді пішін алды.

М: «Сал білек» өлеңін алсақ:

Сал, сал білек, сал білек,

Балдай тәтті бал білек.

Мектепке бар бір мезгіл,

Әжеңнің тілін ал білек [1,93б].


«Ата, бата» өлеңі де осыған ұқсас:

Мектептен қайтты Марияш,

Әліппесі қолында.

Шақырады оны атасы

«Кел, құлыным, кел мұнда»

Марияш: «Ата, бата» дегенде,

Атасы: «Бата десең қарт атаң

Айналсын сендей ботасын

Оқы, құлыным, әлім бол

Атаң берді батасын»-дейді. [2,102б].

Бала ойнақы сөзді ойынға айналдыра отырып, ғибрат сөзді жадына сақтап қалары кәміл.Әсіресе ,қазіргі балалар ғаламторға тәуелді заманда Мағжан атаның шығармалары таптырмас құндылық.


2.Еңбек тақырыбына байланысты өлеңдері.

«Ақ қала», «Жазғытұрым», «Бөбектің тілегі» т.б. өлеңдерін жатқызуымызға болады.

Ақын мен педагог Мағжан тұлғасында тамаша үйлесім табады. Сондықтан өлең нысаны айқын: бала дүниетанымын байыту, жас жанның жүрегінде құлықтылық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін егу және сол қасиеттерді бала бойы мен ойына ойнап жүріп дарытатындай.

Мысалы, ауылдағы қай қазақ баласы аққала соғып ойнамаған. Қысты күнгі ішпысты балаға бұл да бір таптырмайтын қызғылықты ойын. Осыны ескерген Мағжан балаларды ұлттық ойынға қоса отырып, еңбек тақырыбын көтереді. Балалар ауыл арасындағы күртік қардан аққала соғады. Қардан үйдің төрт бұрышын шығарып, терезе қойып, мәре-сәре болады. Беттері бүлдіргендей қызарып, күліп, таласып жүріп, асыр салып ойнайды. Және де бала нені көрсе содан ойын шығарады ғой. Шыбықты ат қып мінеді, жарысады. Қотанға қой иіреді деген сияқты ата кәсібіміз мал бағу бала ойынынан аз орын алмайды. Бұл жайт Мағжан назарынан тыс қалмаған. Еңбек тақырыбын ширата түсуге пайдаланған.



«Бөбектің тілегі» өлеңінде:


Тоқтышағым тоғыз тап,

Саулық қойым сегіз тап,

Сегізін де семіз тап.

Құла бием құлын тап,

Құлын тап та, құнан тап,

Құнан тапсаң егіз тап,-деп тақпақтайды [2,139б].

Әр төл үшін мейірлі сөз табады. өлең жолдары өзінен-өзі жатталып, дауыстап айтуға қызықтырады.


3.Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік сезім, уату, жұбату өлеңдері.

«Ана», «Бесік жыры», «Әже», «Жұбату», «Сылдырмақ» т.б. өлеңдерінде ананың баласына деген ыстық ықыласын, ақ тілегін, жүрек тебіренісін дөп басып жеткізе алған.


М: «Бесік жырында»:

Күнім, айым, еркетайым,

Бөлейін енді.

Жұмсақ бесік, жылы төсек

Жата ғой қозым.

Сұлу сүйрік, жорға жүйрік,

Тайға мінерсің.

Қайнап қаның, батыр жаның,

Ерікке ұмтылар.

Сен сырттаным, арыстаным,

Жауды қуарсың.

Туған жерден, өскен елден

Ерге не қымбат.

Ұйқың тәтті, ұйқың қатты

Қозым, құлыным

Әлди бөпем, әлди бөпем, әлди-ай-деп жырлайды. [4,97б].

Көріп отырғанығанымыздай, бұл тек баланы уату ғана емес, ананың ақ сүтімен даритын қасиеттерді бала бойына сіңіру, яғни сәбиінің келешекте еліне, жеріне тірек боларлық азамат болуын тілейтін ананың ақ арманы, батасы. Мал бақ, өнер үйрен, еліңді жаудан қорғай біл деген тілекті анасы бесікте жатқан кезінен жас сәбиінің құлағына сіңіруді көздеген. Бұл тек ақынның, ананың тілегі емес, бұл-ел тілегі.

«Жұбату» өлеңінде:

Күнітайым қайда екен?

Саятайым сайда екен.

Асқар, асқар тауда екен.

Тауда неғып жүр екен?

Алма теріп жүр екен,

Алмасынан қанекей

Жаңа теріп жүр екен!-деп жырлайды[4,156б].

Бұл өлеңі «Бесік жырындағыдай» емес, мазмұны ойнақы, баланы алдаусырату, жұбату реңін алған. Бесік жырының бұл нұсқасы Мағжанның «Жұбату» өлеңінен екенін соңғы жылдары ғана білдік.


4.Жыл мезгілдері, табиғаттың құпия сырларына байланысты өлеңдері.


Ақын баланы сезімталдыққа, ақ көңіл, қайырымдылыққа тәрбиелеудегі табиғаттың маңызын жоғары бағалаған. Оны баланың кішкентай кезінен, саналы өмірінің алғашқы қадамынан бастау керек деп білген. Ақынның табиғатты асқан сүйіспеншілдікпен, ыстық сезім, шынайы шеберлікпен суреттеген, баланың туған жер, байтақ елінің табиғатына деген сүйіспеншілік ұялататын мұндай туындыларының қатарына «Күзді күні», «Жаз келеді», «Жазды күні қалада», «Сең», «Жаз», «Қыс» т.б. өлеңдерін жатқызуымызға болады.

М: «Жаз келеді» өлеңін қарастырсақ:


Әне, ерке жаз келед,

Ал, балалар қараңдар.

Ойнап алтын шам беред.

Ал, балалар тараңдар.

Сұлу жаздың лебізі

Қар түгіл мұзды балқытар.

Көл, өзенін, теңізін

Ойнатар, бәрін шалқытар! [4,48б].


Өлеңінің негізгі мазмұны әсем жаздың сұлулығын жырлай отырып, сол мезгілдің келгеніне бала көңілінің «алақайлап» қуануы, шаттануы. Сонымен қоса, сол жазда күннің жылынып, қар, мұзды ерітетіні туралы мағлұмат та бар. Оқушы өлеңді оқи отырып, оның тілге жеңілдігімен бірге, табиғаттың сан қилы жұмбағының да жауабын таба алады.

Біздің Мағжаннан білетінімізден, білмегеніміз көп. Мысалы, «Жыл мезгілдері»:

Самалық, самалық,

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме көрдің бе?

Қар тауының көк құсы

Жүгірді ме көрдің бе?

Самалық, самалық!

Жыл құсын көргенде балалардың айтатын бұл өлеңі Мағжанның туындысы екенін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Ақынның балалар өлеңдерінде дидактика, уағыз айту тән болғанмен, ол қарадүрсін ақылгөйсуге бармайды, білімді бала ойына оған әбден таныс сурет арқылы дарытады.

М: Ботаға жабу кидірген,

Бұзауды үйде сидірген.

Аяз, сені қайтейін,

Қыздың бетін қызартып,

Мұздың мұрнын ұзартып

Қызыл сені қайтейін. [3,78б].

(«Қыс»)

Бұл қақаған қыс суреті. Сол арқылы бала санасына қыста суықта ботаға жабу керек екендігін, бұзауды жылы жерге қамау қажеттігін сіңіреді.

Табиғат құпиялығына байланысты «Сұр құлын» өлеңің алсақ:

Жазды күні сұр құлын,

Сұлу еді сүліктей.

Құрық көрсе құлдырап

Жытушы еді еліктей.

Қыс түсті, аяз, үскірік,

Көк мұздай бұлтсыз аспаны.

Отарда жатқан жылқыдан

Арық та келе бастады.

Топырлаған арықпен.

Сұр да келді тыртиып.

Құлыншағын көргелі

Шыға келді Әлжан құнтиып.

Сұр құлын жоқ алдында,

Жалбыраған жабағы.

Томпиды аузы Әлжанның

Салбырады қабағы. [5,69б].

Әлжан деген кішкене кейіпкер қысқы тебіннен қайтқан сұр құлынын танымай қалады. Күздегі сүйкімді құлыны жалбыраған жабағыға айналыпты. Мұны көрген Әлжан кәдімгідей ренжіп қалады. Бұл ақынның басты кейіпкері-табиғат тамашасына жаңа қанығып келе жатқан, көп сырдан әлі бимағлұм мектеп жасына дейінгі бала екенін дәлелдей түседі.

Міне, Мағжан Жұмабаевтың балалар поэзиясында елеулі орын алған өлеңдерін осылай жіктеуімізге болады.




Қорытынды


Қорытындылай келе, айтайық дегеніміз, Мағжан балаларға берейін дегенін сарқып бере алмай кетті. Талай мені жаз, мені жаз деп анталаған тақырып қағазға түспей, шерменде көңілдің шеріне айналды. Оған амал жоқ, барына қанағат. Мағжанның жалпы поэзиясы-тұнық тазалығымен, өміршеңдігімен, асқақ арманымен, нәзіктігімен, сұлулығымен халқымыздың аса қымбат, аса асыл мұрасы. Ал балаларға арналған поэзиясы-бала тәрбиесіндегі маңызы жағынан еш ақынның мұрасынан артық болмаса, кем соқпайды. Ал оның өлеңдерін, дәлірек айтсақ, балаларға арналған өлеңдерін осылайша жіктеп, топтастыра отырып оқыту-нәтижелі жұмыстың алғашқы баспалдағы деп ойлаймыз. Ақынның бұл асыл қазынасы бізге: Мағжан Жұмабаев балалар әдебиеті іргесін қалаушы жазушылардың бірі дегенге толықтай негіз болады.

Өскенде Мағжан атамыздың жарыққа шықпай қалған шығармаларын іздеп,қазақ балаларына оқуға ұсынғым келеді.









Пайдаланылған әдебиеттер


  1. М.Жұмабаев. Шығармалар. I том. Алматы, 1995

  2. М.Жұмабаев. Жан сөзі. Алматы, 2005

  3. Ш.Елеукенов. Мағжан. Астана, 2008

  4. Жұмабаев М. Өлеңдері, прозасы және әдеби зерттеулер / Құрастырған Ж.Сүлейменов. – Петропавл, 2006. – 428 б.

  5. Мағжан: әдеби-көркем көпшілік журнал. – 2007 ж













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ғылыми жобаның тақырыбы: «: Мағжан және балалар әдебиеті »

Автор: Қуаныш Жібек

Дата: 07.11.2017

Номер свидетельства: 437527

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Та?ырыбы: Абай ??нанбаев "
    ["seo_title"] => string(27) "tak-yryby-abai-k-u-nanbaiev"
    ["file_id"] => string(6) "167005"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423036444"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру"
    ["seo_title"] => string(80) "iertieghilier_ark_yly_miektiep_zhasyna_dieiinghi_balalardyn_tanymdyk_dag_dylaryn"
    ["file_id"] => string(6) "375638"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483617438"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "«?лпа ?ар» жобасы "
    ["seo_title"] => string(18) "u-lpa-k-ar-zhobasy"
    ["file_id"] => string(6) "215608"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432739012"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Кіріктірілген ойын-сауы?:"Не??ашан??айда?" "
    ["seo_title"] => string(45) "kiriktirilghien-oiyn-sauyk-nie-k-ashan-k-aida"
    ["file_id"] => string(6) "129108"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415636878"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Ш?к?рім ??дайберді?лы «Адамды? борышы?» "
    ["seo_title"] => string(43) "sh-k-rim-k-u-daibierdiu-ly-adamdyk-boryshyn"
    ["file_id"] => string(6) "213198"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432005814"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства