К?птен к?ткен ?орытынды сайысымыз да келіп жетті. Олай болса осы с?тке жарып шы??ан топтарды орта?а ша?ырайы?!
?ош келіпсіздер!
Ойыншы?тарды бастамас б?рын бір-бірімізге деген жа?сы тілектерден бастаса? ?айтеді.
-Жарайсы?дар, балалар!
Олай болса ?ане ойын орындарынажай?асайы?.Ойын шартымен таныстырып ?тейін. ?ай топ с?ра??а бірінші дайын болады, сол топта?ы бала бірінші ойыншы?ты басу керек. С?ра??а д?рыс жауап берген топ?а си?ырлы дорба беріледі. Ойын со?ында дорбаларын санаймыз. ?ай топта си?ырлы дорба к?п болса, сол топ же?еді деп есептеледі. Егер с?ра??а 1 топ жауап бере алмаса, 2 топ жауап жауап бере алады.
--Сендер дайынсы?дар ма?
Олай болса мына си?ырлы зырылдауы?ты? бірінші с?ра?ына назар аударайы?.
-1-ші тапсырма
«Жыл мезгілдері»
-?азір ?ай жыл мезгілі, ?ай ай?
-К?ктем мезгіліні? таби?ат ерекшілігін атап ?ті?дер?
Просмотр содержимого документа
«Кіріктірілген ойын-сауы?:"Не??ашан??айда?" »
Өскемен қаласы әкімдігінің
“№100 Балабақша – бөбекжайы” КМҚК
Жылдық қорытынды ойын- сауық.
(№ 3 “Балдәурен “ естиярлар тобы. )
Тәрбиешілер:
Толыкова Ардак Кенесхановна
Ауганбаева Шинар Ромашевна
Өскемен 2013ж
Жобаға қатысушылар: №3 естиярлар топ балалары
I топ IIтоп
Қарлығаштар Жұлдыздар
Жобаның жоспары.
Білім беру саласы: 1.Әлеуметтік орта
2.Шығармашылық
3.Таным
Оқу іс-әрекетінің түрі: 1.Айнамен таныстыру,
экология.
2. Көркем әдебиет.
3.Ән-күй.
4. Математика
Тақырыбы: “Не? Қашан? Қайда? “
Мақсаты: 1.Көктем мезгілі жайлы білімдерін
кеңейту.
2. Балаларға әр түрлі тапсырмалар бере отырып, олардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, белсенділігін, қиялын дамыту.Төтенше жағдай байланысты суреттерді қарастырып, қандай төтенше жағдай және қандай қауіпсіз ережелерін сақтау керектігін айтуға ынталандыру.Ойын арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
Көрнекілік:Слайд,зырылдауық,мольберт,кемпірқосақ, музыкалық барабан, сиқырлы дорбалар.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеттері
Сезімін ояту , ынталандыру.
Ұйымдастыру ізденіс.
Рефлексия
Құрметті қонақтар !
Көптен күткен қорытынды сайысымыз да келіп жетті. Олай болса осы сәтке жарып шыққан топтарды ортаға шақырайық!
Қош келіпсіздер!
Ойыншықтарды бастамас бұрын бір-бірімізге деген жақсы тілектерден бастасақ қайтеді.
-Жарайсыңдар, балалар!
Олай болса қане ойын орындарынажайғасайық.Ойын шартымен таныстырып өтейін. Қай топ сұраққа бірінші дайын болады, сол топтағы бала бірінші ойыншықты басу керек. Сұраққа дұрыс жауап берген топқа сиқырлы дорба беріледі. Ойын соңында дорбаларын санаймыз. Қай топта сиқырлы дорба көп болса, сол топ жеңеді деп есептеледі. Егер сұраққа 1 топ жауап бере алмаса, 2 топ жауап жауап бере алады.
--Сендер дайынсыңдар ма?
Олай болса мына сиқырлы зырылдауықтың бірінші сұрағына назар аударайық.
-1-ші тапсырма
«Жыл мезгілдері»
-Қазір қай жыл мезгілі, қай ай?
-Көктем мезгілінің табиғат ерекшілігін атап өтіңдер?
Жарайсыңдар, балалар!
Келесі тапсырмаға назар аударайық.
II тапсырма
“Жұмбақтар”.
1.Жарқ етсе сабау қамшы,нөсерлетіп жауар тамшы.
Ол не?
2.Алдымда әр түрінен жібек жіптің аспанға әшекейлеп кесте тіктеме.
-Дұрыс айтасыңдар.
-Кемпірқосақ қай кезде пайда болады?
Неше түсі бар және қандай?
Ойын: «Кемпірқосақ»
Мақсаты: Түстерді дұрыс орналастыруға үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Достыққа тәрбиелеу.
-Жарайсыңдар, балалар!
Бізге келесі тапсырма күтіп тұрған сияқты.
III тапсырма.
«Не артық»
Қане экранға назар аударайық.
Тазалық бұйымдарымен 1 сағаттық суреті шығады.
-Тазалық бұйымдары не үшін қажет?
Тазалыққа байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
-Жарайсыңдар, олай болса «Кім жылдам?» Ойының ойнасақ қайтеді?
Мақсаты: Төтенше жағдайларда қажетті заттарды білу. Тілдерін дамыту. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
-Жарайсыңдар!
Қауіпсіз ережелерін білесіңдер екен. Бірақ бұл өмірде бұл жағдайлар ешқашан болмай татулықта, достықта, бірлікте өмір сүрейік.
Ән: «Дос болайық бәріміз.»
Әрқашан дос біргеміз
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер.
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз.
Қайраттанып, қарышта
Озып шыққан жарыста
Батыл жас, жас ұлан
Самға биік, алысқа
Жұллдыздарға ғарышқа
Бойда күш тасыған.
-Осымен біздің ойынымыз соңына жеткен сияқты. Қане әр топтың сиқырлы дорбасын санап көрейік. Бүгінгі ойынымызда бізде достық жеңді. Жарайсыңдар, балалар!
-Сендерге ойын ұнады ма?
Әуенмен екі топ ортаға шығады.
I топ қарлығаштар
IIтоп жұлдыздар
Екі топ бір-біріне қарама-қарсы тұрып, тілектер айтады.
Ойынымыз сәтті болсын.
-Ақ жол тілеймін.
-Тыныштық болсын.
-Деніміз сау болсын.
-Балабақшамыз көркейсін.
-Аспанымыз ашық болсын.
-Күніміз жарқырасын.
-Бейбітшілік болсын.
-Әрқашан дос болайық.
-Ауырмайық.
-Бүгінгі ойынымыз қызықты болсын.
-Бақытты болайық.
Иә, дайынбыз.
Қазір көктем мезгілі, сәуір айы.
Көктем мезгілінде
Құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Ағаштар бүршік атады.
Жапырақ шығады.
Ең алғашқы бәйшешек гүлі шығады.
Аю оянады.
Қар ериді.
Жаңбыр жауады.
Шөп шығады
Күн ұзарады.
Ол- найзағай.
Ол- кемпірқосақ.
Кемпірқосақ жаңбыр жауып болғаннан кейін пайда болады.
7 түсі бар.
Сұраққа жауап берген топтағы балалар кемпірқосақ құрастырады.
Бірінші қызыл
Екінші тоқсары
Үшінші сары
Төртінші жасыл
Бесінші ашық көк
Алтыншы көк
Жетінші сия көк
Сабын, тіс тазалайтын паста,сүлгі,
ол тазалық бұйымдары. Ал сағат –ол күнделікті қажетті құрал сағатқа қарап уақытты білеміз.
Қолымызды үнемі сабындап жуу керек, өйткені қолымызда микробтар бар.
-Тіс тазалайтын пастасы м тісіміз ауырмау үшін күнделікті 2 уақыт тазалауымыз керек.
-Тазалық- денсаулық кепілі.
- Дені саудың ,жаны сау.
Жылқы, қой, сиыр бұлар үй жануарлары.Адамдардың қасында өмір сүреді, ал қасқыр жыртқыш аң.Орман, тау арасында өмір сүреді.
Өйткені сиыр сүт береді, қой жүнін береді, жылқы қымыз береді.
Құрт,ірімшік, айран, сүзбе.
Қарлығаш, қарға, торғай дала құстары, ал ұшақ ауа көлігі, қанатын қозғай алмайды, ол темірден жасалған.
-Иә бар.Олар ұшады.
Балалар сергітуге белсене қатысады.Балалар қимыл жасап бойларын сергітеді.
Жер сілкінісі.
Жер сілкінісі болғанда үстел астына тығылу керек. Терезенің қасына баруға болмайды. Біздің топта үй, қолшатыр белгісінің астына тығылуға болады.
Өрт.
Өрт болған жағдайда бетпердені жауып, тізерлеп шығу керек.
Су тасқыны.
Су тасқыны кезінде қауіпсіз жерге тыныштық сақтап кету керек. Апайлар құтқарушыларға қоңырау шалады.
Төтенше жағдайлар.
Дорба дайын болу керек.
Екі топ жарысып кезекпен қажетті заттарды айтады.
Мысалы: Фонарик, дәрі-дәрмек, су, тамақ, жылы киім, ысқырауық, радио, бойтұмар т.б.
Өте ұнады.
Балалардың жауаптары.
Күтетін нәтиже
Бала осы не басқа іс-әрекетті жасайды.
Берілген тапсырмаларды орындай алады.
Өз ойларын айтады.
Бала не істейтінін түсінді.
Өзінің және басқалардың іс-әрекетін бағалайды.
Бала өзінің білетінін қолданады.
Құрдастарымен бірге тұрақты ойын бірлестіктеріне танымдық тақырыптарда