kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тасқала ауданы

Мерей ауылының

Айгөлек балабақшасының

Екінші  санатты тәрбиешісі

Тастемирова Гүлсара Құспанқызы

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың  танымдық дағдыларын  арттыру.

 Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман тілегін, қиялын,даналығын,ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз.Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың  ой-қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын қалыптастырады.  Ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айырықша көңіл бөлгеніміз жөн. Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» мемуарлық кітабында «Ертегісіз өскен бала-рухани мүгедек адам.Біздің қазіргі балаларымызға ертегіні ата-аналары айтып бермейді.Ал бесікте жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең  болып қалмаса деп қорқамын»-деген екен.Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға  тигізер әсері мол.

    Бала тұлғасының интелектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру  кеңестігінің басты міндеттері болып табылады.Қиял-біздің өміріміздің бір қыры.Көз алдымызға елестетіп  көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса,ғажайып өнер туындылары, түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді.

      Балалардың даму үшін ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек.Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншық пен сараңдықты табалайды.              Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды.

       Ертегілер құрамы жағынан әр алуан, қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт ертегілері болып бөлінеді.Ертегі түрлерін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып балаға жеткізе білу керек.Ертегіні баяндай отырып, мұңаюға, шаттануға үйрету, балаларды қызықтырып ой-қиялын дамыту оны баяндауға жетелеу, сөздік жұмыстар арқылы сөздік қорын байыту, ертегі кейіпкерлерін талдау барысында жағымды мен жағымсыздықты ажыратып, кішіпейілділікке, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелейміз. Жануарлар туралы ертегілерді балаларға үйрету үшін мен алдыма мынандай міндет, мақсат қойдым: қоршаған әлемді таныстыру,заттармен құбылыстарды ажырату.

       Ертегілер қоршаған әлемді дүниенің  тұтас күшін танумен бірге сан алуан күйде ондағы  заттар мен кұбылыстардан хабардар етеді. Мұндай шығармалар  ересектермен балалардың  бірлескен  әрекеттерінің мазмұнын байыта түседі  яғни мен балаларға ертегі оқығанда таңғажайып әлемге, көшбасшы ретінде  жетелеумен қатар,кітаптағы мазмұнды баяндай отырамын сонда ертегі балаларды жалықтырмайды, керісінше қызықтырып, ойын, қиялын,тілін дамытады.

Тіл ұстарту

      жаттығуы

Айна театры

Кейіпкерлердің рөлдерін сомдау

Сурет бойынша

әңгімелеу

Үстел үсті театры арқылы көрсету

Сөздік жұмыс

Мақал-

мәтелдер

Қасық театры

Саусақ театры арқылы көрсету

Слайд  арқылы           көрсету

Көргендерін әнгімелеп беру

Дауыс ырғағын                         келтіру

Сахналау

Ертегіні үйрету тәсілдері

Атрибут арқылы      сомдау

Қимыл                       іс-әрекеттер,       ән көрсеу

Бой сергіту

    Ертегіні  айтып немесе көрсетіп қана қоймай, оны оқу  қызметін басқа салаларымен мәселен көркем әдебиет пен сурет салу оқу қызметін  байланыстырып өткізуге болады. Балалар «Шығармашылық»  білім беру саласы бойынша ұнаған кейіпкерлердің суретін өз қиялымен қағазға түсіреді.  

       Бала ертегіні  тыңдау  аркылы,  ондағы  жағымсыз кейіпкерлерді  әртүрлі  әдіс –тәсілдер   арқылы   жағымды етіп көрсетуге тырысады. Осы технология арқылы баланың қиялы дамып, сөздік қоры көбейіп, жаңа сөздер, сөйлемдер ойлап   табады.   Ал келесі  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде  осы суреттер арқылы дидактикалық ойындар ұйымдастырамын. Мысалы:«Қай ертегіден », «Қай   кейіпкерге    ұқсағың    келеді?»,   «Менің    сүйікті   кейіпкерім»   т.б. «Мүсіндеу»  білім беру саласында саусақ  қимылдарын  жаттықтырып  қана қоймай, жаңа   кейіпкерлер,  яғни,  балалар   өз   қиялымен  осы  заманға  сай кейіпкерлерді ойлап тауып, мүсіндеулерін сұраймын. Мысалы: сиқырлы  құс, өрмекші  адам т.б. Сол  сияқты  ертегіні   сахналау, кейіпкерлендіруді  түрлі сәбилер тобында театр арқылы жүргізіп отырамын.   «Қоян мен түлкі», «Қолғап», «Мақта  қыз  бен мысық»,      «Түлкі  мен  әтеш»,     «Маша     мен  аю»  т.б.  ертегілерін сахналағанда  балалар  кейіпкерлердің  мінез - құлқын,

іс – әрекетін  жасауға     тырысады.     Осы    әрекеттер       арқылы    олардың    ертегіге    деген   қызығушылығы  артып,   ойлау   қабілетті   дамып, өздеріне шығармашылық  жол ашады.

      Бала ертегіні тыңдап,түсінгеннен кейін қайталап айту барысында үнтаспаға жазып,оны өздеріне тыңдатамын. Балалардын ойлау, жаңа сөз игеру бейімділігі жетіліп, грамматикалық  дыбыстарды дұрыс айтуға  үйренеді. Сол сияқты ертегіні суреттер бойынша айтқызудың  балалардың ақыл ой, қиялының  дамуына әсері  мол.

       Суретті  көрсету арқылы ертегіні  дәлме-дәл жеткізе алады. Есте сақтау қабілеттерін  дамыту үстінде көптеген ертегілерге байланысты ойындар ойнатамын. Мысалы: «Ертегіні  баста», «Ертегіні аяқта», «Ертегіні есіңе түсір» т.б. Ертегіні  тек балаларға үйретіп қана қоймай, балалардың  ата-анасына да мағлұмат береміз. Ата-аналарға сауалнама, ертегі суретттері, мазмұны таратылып, ертегі бойынша түрлі кейіпкерлерді  дайындау тапсырылып, дөңгелек үстел, ойындар ұйымдастырылды.Тапқырлық  пен төзімділікке  тәрбиелейтін ертегілерді  тыңдап, естіп өскен бала мейірімді,үлкенді сыйлайтын,өз елін, Отанын қорғайтын азамат  болып өседі. 

         Қорыта айтатын болсақ, ертегілер – мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал болып табылады. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі баланы халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
        Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар рухани  қазына жатыр. Сондықтан да біз сол бай мұраны пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына ұялататын осы ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

Мен өзім жұмыс істейтін «Балақай» тобында «Сөйлеуді дамыту» және «Көркем  әдебиет» қызметінде    көп ізденіп журнал және әдістемелік құралдар арқылы өз ұйымдастырылған  оқу қызметтерін  жандандырып өтуге тырысамын.  Ұйымдастырылған оқу қызметінде тақырыптары белгілі бір жүйе бойынша топтастырамын. Мысалы «Сөйлеуді дамыту» және «Көркем  әдебиет»   қызметінде  балалардың бір-біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір – біріне беру, айтудан бастауға болады. Қазіргі таңда балалардың дамуында  біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Соңғы уақытта осы жаңа заманауи технологияларды  өзімнің шығармашылық жұмысыма енгіздім.Сондықтан мен ұйымдастырылған оқу қызметінде  аудио, видео, құралдар, компьютер, интернет, электрондық оқулықтар пайдаландым. Осындай қызықты  ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар қызығушылық танытып білімдерін шындай түсті. Мысалы:«Дәрумендердің пайдасы»ойын сауық,«Ертегіні есіне түсір» интелектуалды ойыны және қызықты дамытушы ойындар ойналады.   Баланың     қандай      болып    өсуі   ересектерге байланысты.  Балабақша балаларының адамгершілікке,  имандылыққа  тәрбиесі алуан түрлі ықпал  ету құралдарының көмегі  арқылы  іске  асырылады:  саяхат,  мұражайларға бару, мақсаттық  серуен, телебағдарламалар, бейнефильмдер,ертегі  туралы көркем әдебиеттер,   суреттерді,    фотосуреттерді,    иллюстрацияларды    тамашалау, музыка     тыңдау,   дидактикалық   ойындар,  мақал-мәтелдер.   Мен осы шығармашылық жұмысым бойынша  жылдық жоспар құрып оны ұйымдастырылған оқу қызметінде, бос уақытында, ойын кезінде тиімді пайдаландым.

Ертегілер туралы түсініктері кеңейіп, ой - өрістері дамиды. Ертегі мәтінін мазмұндап, аңдар туралы түсінік қалыптасады. Сахналау, рөлге бөлене отырып ертегіні айтып беруді үйренеді.

  Жоспарды құра отырып  балалардың деңгейін, шығармашылығын, ізденімпаздығын, білімін дамытқым келіп жобаны енгіздім.  Жоспарыма «Ертегіде  қонақта» атты   жобаны  кірістірдім.Бұл мектепке дейінгі жастағы балаларға өте тиімді,онда балалардың өздерінің жан-жақты екендігін  көрсете білді. Жоба ұзақ мерзімді болды.Осы уақыт аралығында  балалармен жұмыстанып көптеген нәтижелерге жеттік.  Мен бұл жобамда заманауи технологияларды енгізе отырып  интерактивті тақта  арқылы дидактикалық ойындар және анимациялық мультфильмдер қарау арқылы балалардың қызығушылығын  тудырдым.Осы жоба кезінде топта"Ертегілер елінде" бұрышы,«Кел,ертегі тыңдайық» ертегілер топтамасы жасақталды. Балалардың ертегіге деген қызығушылық сезімдері оянып,әр бала үйден ертегілер кітаптарын алып келді.

Тақырыбы: «Ертегі қонақта» жобасы бойынша баланың  білікті  дамуын  бағалау.

Осы ұзақ мерзімді жобамызда қойылған  мақсатымызға  жетіп, балалардың білім  деңгейлерін  сараптамадан өткізіп жақсы нәтижелер көрсетті.

Топта 17 бала  бар. ажыратады. Отбасы бірлесе жұмыс жасай отырып  ертегілерге  арнап ертегі топтамалары  жасалды.3-деңгейдегі балалар ертегі топтамаларына, қарай  айыра алады, атауларын біледі. 2-деңгейдегі балалар ертегі кейіпкерлерін сомдауға қиынсынады.Үлкеннің көмегін қажет етеді.

 1-деңгей- 0%;

 2-деңгей-25%; 

 3-деңгей 75%

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру»

Тасқала ауданы

Мерей ауылының

Айгөлек балабақшасының

Екінші санатты тәрбиешісі

Тастемирова Гүлсара Құспанқызы



Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру.


Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман тілегін, қиялын,даналығын,ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз.Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын қалыптастырады. Ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айырықша көңіл бөлгеніміз жөн. Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» мемуарлық кітабында «Ертегісіз өскен бала-рухани мүгедек адам.Біздің қазіргі балаларымызға ертегіні ата-аналары айтып бермейді.Ал бесікте жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын»-деген екен.Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол.

Бала тұлғасының интелектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру кеңестігінің басты міндеттері болып табылады.Қиял-біздің өміріміздің бір қыры.Көз алдымызға елестетіп көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса,ғажайып өнер туындылары, түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді.

Балалардың даму үшін ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек.Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншық пен сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды.

Ертегілер құрамы жағынан әр алуан, қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт ертегілері болып бөлінеді.Ертегі түрлерін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып балаға жеткізе білу керек.Ертегіні баяндай отырып, мұңаюға, шаттануға үйрету, балаларды қызықтырып ой-қиялын дамыту оны баяндауға жетелеу, сөздік жұмыстар арқылы сөздік қорын байыту, ертегі кейіпкерлерін талдау барысында жағымды мен жағымсыздықты ажыратып, кішіпейілділікке, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелейміз. Жануарлар туралы ертегілерді балаларға үйрету үшін мен алдыма мынандай міндет, мақсат қойдым: қоршаған әлемді таныстыру,заттармен құбылыстарды ажырату.

Ертегілер қоршаған әлемді дүниенің тұтас күшін танумен бірге сан алуан күйде ондағы заттар мен кұбылыстардан хабардар етеді. Мұндай шығармалар ересектермен балалардың бірлескен әрекеттерінің мазмұнын байыта түседі яғни мен балаларға ертегі оқығанда таңғажайып әлемге, көшбасшы ретінде жетелеумен қатар,кітаптағы мазмұнды баяндай отырамын сонда ертегі балаларды жалықтырмайды, керісінше қызықтырып, ойын, қиялын ,тілін дамытады.




Ертегіні үйрету тәсілдері



Сөздік жұмыс

Тіл ұстарту

жаттығуы





Бой сергіту

Сурет бойынша

әңгімелеу

Мақал-

мәтелдер







Қасық театры

Айна театры

Үстел үсті театры арқылы көрсету





Қимыл іс-әрекеттер, ән көрсеу

Саусақ театры арқылы көрсету



Көргендерін әнгімелеп беру





Кейіпкерлердің рөлдерін сомдау

Слайд арқылы көрсету



Дауыс ырғағын келтіру





Атрибут арқылы сомдау


Сахналау





Ертегіні айтып немесе көрсетіп қана қоймай, оны оқу қызметін басқа салаларымен мәселен көркем әдебиет пен сурет салу оқу қызметін байланыстырып өткізуге болады. Балалар «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша ұнаған кейіпкерлердің суретін өз қиялымен қағазға түсіреді.

Бала ертегіні тыңдау аркылы, ондағы жағымсыз кейіпкерлерді әртүрлі әдіс –тәсілдер арқылы жағымды етіп көрсетуге тырысады. Осы технология арқылы баланың қиялы дамып, сөздік қоры көбейіп , жаңа сөздер, сөйлемдер ойлап табады. Ал келесі ұйымдастырылған оқу қызметінде осы суреттер арқылы дидактикалық ойындар ұйымдастырамын. Мысалы:«Қай ертегіден », «Қай кейіпкерге ұқсағың келеді?», «Менің сүйікті кейіпкерім» т.б. «Мүсіндеу» білім беру саласында саусақ қимылдарын жаттықтырып қана қоймай, жаңа кейіпкерлер, яғни, балалар өз қиялымен осы заманға сай кейіпкерлерді ойлап тауып, мүсіндеулерін сұраймын. Мысалы: сиқырлы құс, өрмекші адам т.б. Сол сияқты ертегіні сахналау , кейіпкерлендіруді түрлі сәбилер тобында театр арқылы жүргізіп отырамын. «Қоян мен түлкі», «Қолғап», «Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен әтеш», «Маша мен аю» т .б. ертегілерін сахналағанда балалар кейіпкерлердің мінез - құлқын,

іс – әрекетін жасауға тырысады. Осы әрекеттер арқылы олардың ертегіге деген қызығушылығы артып, ойлау қабілетті дамып, өздеріне шығармашылық жол ашады.

Бала ертегіні тыңдап,түсінгеннен кейін қайталап айту барысында үнтаспаға жазып,оны өздеріне тыңдатамын. Балалардын ойлау, жаңа сөз игеру бейімділігі жетіліп, грамматикалық дыбыстарды дұрыс айтуға үйренеді. Сол сияқты ертегіні суреттер бойынша айтқызудың балалардың ақыл ой, қиялының дамуына әсері мол.

Суретті көрсету арқылы ертегіні дәлме-дәл жеткізе алады. Есте сақтау қабілеттерін дамыту үстінде көптеген ертегілерге байланысты ойындар ойнатамын. Мысалы: «Ертегіні баста», «Ертегіні аяқта» , «Ертегіні есіңе түсір» т.б. Ертегіні тек балаларға үйретіп қана қоймай, балалардың ата-анасына да мағлұмат береміз. Ата-аналарға сауалнама, ертегі суретттері, мазмұны таратылып, ертегі бойынша түрлі кейіпкерлерді дайындау тапсырылып, дөңгелек үстел, ойындар ұйымдастырылды.Тапқырлық пен төзімділікке тәрбиелейтін ертегілерді тыңдап, естіп өскен бала мейірімді,үлкенді сыйлайтын ,өз елін, Отанын қорғайтын азамат болып өседі.

Қорыта айтатын болсақ, ертегілер – мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал болып табылады. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі баланы халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар рухани қазына жатыр. Сондықтан да біз сол бай мұраны пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына ұялататын осы ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

Мен өзім жұмыс істейтін «Балақай» тобында «Сөйлеуді дамыту» және «Көркем әдебиет» қызметінде көп ізденіп журнал және әдістемелік құралдар арқылы өз ұйымдастырылған оқу қызметтерін жандандырып өтуге тырысамын. Ұйымдастырылған оқу қызметінде тақырыптары белгілі бір жүйе бойынша топтастырамын. Мысалы «Сөйлеуді дамыту» және «Көркем әдебиет» қызметінде балалардың бір-біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір – біріне беру, айтудан бастауға болады.

Қазіргі таңда балалардың дамуында біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Соңғы уақытта осы жаңа заманауи технологияларды өзімнің шығармашылық жұмысыма енгіздім.Сондықтан мен ұйымдастырылған оқу қызметінде аудио, видео, құралдар, компьютер, интернет, электрондық оқулықтар пайдаландым. Осындай қызықты ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар қызығушылық танытып білімдерін шындай түсті. Мысалы:«Дәрумендердің пайдасы»ойын сауық,«Ертегіні есіне түсір» интелектуалды ойыны және қызықты дамытушы ойындар ойналады.

Баланың қандай болып өсуі  ересектерге байланысты. Балабақша балаларының адамгершілікке, имандылыққа тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:  саяхат, мұражайларға бару, мақсаттық  серуен, телебағдарламалар, бейнефильмдер,ертегі  туралы көркем әдебиеттер, суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау, музыка тыңдау, дидактикалық   ойындар, мақал-мәтелдер.

Мен осы шығармашылық жұмысым бойынша жылдық жоспар құрып оны ұйымдастырылған оқу қызметінде, бос уақытында, ойын кезінде тиімді пайдаландым.

Ай аты

Тақырыбы

Басқа жұмыстармен сабақтастығы

Мақсаты

Қыркүйек

Ертегі дегеніміз не?

Әңгімелесу.

Ертегі туралы дыбыс файлдар.Жұмбақтар.

Қ/ойын:«Кейіпкердің жүрісін сал»

Сурет салу «Менің сүйікті ертегім».

Ертегілер арқылы бала дүниетанымын қалыптастыру. Ертегінің түрлерімен таныстыру.

«Бауырсақ» ертегісі

Үстел-үсті театры

Дид/ойын «Ертегіні аяқта»

Ертегі мазмұнын өз беттерімен жүйелі,мәнерлі етіп, мазмұнын өзгертпей әңгімелеуге үйрету, ертегінің неден басталып, неден аяқталатыны жайлы білімдерін бекіту.

Қазан

«Шалқан» ертегісі

Конусты театр


Қ/ойын:«Қармақ», «Тым-тырақай»

Қимыл-қозғалыс арқылы балалардың денсаулығына дене түзілісінің дұрыс жетілуіне назар аудару, қимыл-әрекет ойынға деген белсенділіктерін арттыру.

«Мақта қыз бен мысық қалай достасты»

Сахналау

Қ/ойын:«Көлеңке». Мысықтың суретін салу.Жұмбақтар жасыру. Д/ойын:«Жануарларды орналастыр»

Ертегі кейіпкерлерінің көңіл- күйіне сәйкес бет құбылысы, қимыл-қозғалысымен жеткізе білу арқылы сөйлеу мәнерін қалыптастыру, ойда сақтау қабілетін жетілдіру.

Қараша


Бауырсаққа көмек


Д/ойын: «Рет-ретімен орналастыр»

Сурет бойынша әңгіме.

Баланың тілін , ой-өрісін ,логикалық ойлау қабілетін дамыту. Сөз арқылы ойын дұрыс байланыстырып айта білуге үйрету.

«Әтеш пен тауық»ертегісі бойынша

Топтық сахналау

Сурет салу.

Д\о: «Құтының ауызын жап» «Гүлдерді түймеле» «Ұнтақ ішінен үрмелі бұршақ пен күрішті айры білу»

Ертегі арқылы қоршаған ортамен байланысы туралы түсініктерін нығайту. Жанұя туралы білім беру,Ұсақ қол мотрикасын дамыту.

Желтоқсан


«Түлкі мен қоян »

Ертегісі.

мультимедия қарау

Сурет салу.

Аңдар іздері.

Ертегі арқылы қоршаған орта туралы білу.Мұз бен ағашты зерттеу тәжірибесі арқылы айырмашылығы мен ұқсастығын айыра білу.

«Ертегілер елінде» бұрышы

БақылауКітапшалар,

дисклер,буклеттер, аудио-видео жазбалар.

Ертегі бұрышындағы жабдықтарға күтім жасау жолдарымен таныстыру.

Қаңтар

«Ертегі қонақта» (Жоба)

Еңбек:бетперделер, аттрибуттар жинақтау.

Ертегі қойылымы: «Үйшік»Слайд қарау

Өздеріне таныс ертегілердің мазмұнын қысқаша баяндай білуге үйрету.

Қолғап ертегісі

«Мекенін тап»


Балаларға ертегіні оқып беріп мазмұнын түсіндіру. Қоғамдық ортада өздерін мәдениетті ұстауға тәрбиелеу.

Ақпан

«Аққаланы іздейік»

АКТ

Бақылау

Тәжірибе: Қар қандай?


Әр жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстарының ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру.

«Қысқы орманға саяхат»

Саяхат сабақ

Бала бойына салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Наурыз

Сызба бойынша ертегі құрастыру

Сызба тізбегінің сызбаларымен жұмыс.

Ойын«Жануарлардың, азық тізбегін құр»

Сызба арқылы жануарлардың,адамның өзара байланысын көрсету;азық тізбегін құра білуге үйрету.

Ертегі кейіпкерлері

нің тақпақтарын

жаттау.

Трек схемасымен жұмыс.Практикалық жұмыстар.Д\ойын: «Қай ертегіден алынған?»Сурет салу.

Балаларды ертегітүрлерімен таныстыруды бекіту .



Сәуір

Ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар.

Сурет бойынша әңгіме.

Видео қарау

Шығармашылық тапсырмалар арқылы логикалык ойлауға баулу.

«Ертегі кейіпкерлері қонақта» Ойын-сауық

Тәжірибе жасау

дауыс ырғағы, қимыл – қозғалыс дағдысын

үйрену.

Сахна қойылымына атсалысуына, сөйлеу мәнерін көркемдік әдіс – тәсілдерін қолдануды дамыту.

Мамыр

«Саңырау-құлақ саясында»

(Серуен сабақ)

Д/о:«Түсіне қарай топтастыр» Құм терапиясы «Күн мен жаңбыр»

Ертегі ене білу, қимыл-қозғалыстарын салу.Ұсақ қол моторикасын дамыту

Желілі рөлді ойын:«Ертегіні сахналауға шығайық»

Әңгіме: «Өздеріңді дұрыс ұстаңдар»

Ойын: «Жақсы-жаман»

Ертегілер туралы түсініктері кеңейіп, ой - өрістері дамиды. Ертегі мәтінін мазмұндап, аңдар туралы түсінік қалыптасады. Сахналау, рөлге бөлене отырып ертегіні айтып беруді үйренеді.


Жоспарды құра отырып балалардың деңгейін, шығармашылығын, ізденімпаздығын, білімін дамытқым келіп жобаны енгіздім. Жоспарыма «Ертегіде қонақта» атты жобаны кірістірдім.Бұл мектепке дейінгі жастағы балаларға өте тиімді,онда балалардың өздерінің жан-жақты екендігін көрсете білді. Жоба ұзақ мерзімді болды.Осы уақыт аралығында балалармен жұмыстанып көптеген нәтижелерге жеттік.

Мен бұл жобамда заманауи технологияларды енгізе отырып интерактивті тақта арқылы дидактикалық ойындар және анимациялық мультфильмдер қарау арқылы балалардың қызығушылығын тудырдым.Осы жоба кезінде топта"Ертегілер елінде" бұрышы,«Кел,ертегі тыңдайық» ертегілер топтамасы жасақталды. Балалардың ертегіге деген қызығушылық сезімдері оянып,әр бала үйден ертегілер кітаптарын алып келді.

Жоба:Тақырыбы «Ертегіде қонақта»

І-Дайындық кезеңі.

Жобаға қатысушылар: ІІ кішілер топ балалары, тәрбиешілер, ата аналар, музыка жетекшісі
Жоба түрі: Шығармашылық, топтық
Жобаның орындау мерзімі:Ұзақ мерзімді Ой-толғаныс: Ертегі тыңдаған ұнай ма?

Жобаның мақсаты:Баланың ертегіге қызығушылығы арқылы өнер туындысына деген көзқарасын дамыту; балалар мен ата аналардың біріккен шығармашылық құндылықтарын қалыптастыру.

Міндеті: Балалардың кітап қарауға деген қызығушылығын арттыру. Ертегі туралы ойларын кеңейту. Жақсы көңіл күй, түсіну және қолдаушылық жағдайын туғызу, қиын жағдайда көмекке келуге әзір болу біліктілігін жетілдіру. Отбасылық оқулар дәстүрін дамыту. Кітап бұрышын әдебиеттің жаңа түрлері, жазушылар портреттері мен суретшілер, үн және бейне таспалары, тақырыптық альбомдар мен тілдік материалдармен толықтыру.


Жобаның тапсырмасы

1.Ертегінін мазмұнын түсініп,қорытынды шығаруға үйрету.

2.Өз ойларын ашық айта білуге жаттықтырып,қиялдарын дамыту.

3.Қоғамдық ортада өздерін мәдиниетті ұстауға тәрбиелеу.

Жобаның өзектілігі: Үлкендердің мақсаты:Үйге тапсырма ата-анамен балаға(«Ертегі қалай шықты?»ертегі суретін салу,кітаптар жинақтау, жиналмалы папка жасау)Балаға ертегі оқу,ойдан баламен ертегі құрастыру,Ертегі кейіпкерлерінің киімдерін тігу,Ата-анаға кеңес «Жобамен таныстыру», «Ертегі балаға керек пе?», «Ертегіні қалай таңдаймыз»деген такырыпта білім беру.


Мектепке дейінгі бала оқи білмесе де, үлкендердің оқып бергенін түсінетін тыңдаушы ретінде есептелінеді. Бірақ ол тыңдағысы келгенін ғана таңдайды, оны қабылдап,қызықты болғанын қалайды. Ертегі баланың ақыл ойын жетілдіреді, тілін дамытады. Балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру үшін біз «Ертегіде қонақта» атты жоба ойластырдым. Осы жоба негізінде білім саласының бөлімінің міндеттері қарастырылды. Балалар ертегісі оны қоршаған ортаны танып білудегі бірінші және маңызды сатысы болып есептелінеді. Халық ертегілеріндегі көркем сөз кейіпкерлері мен тілі кішкентай балаға түсінікті де қарапайым. Ертегі баланың қиялын дамытады. Баланың қиялындағы жағдайларда өзін ойша іс әрекет жасауға дағдыландырады, ал мұндай сәт оның болашақ шығармашылығына жол береді.

Бала өзін жақсы кейіпкермін деп есептейді, өйткені ол ертегіде батырдың мадаққа ие болатынын , ал жауыздың сазайы берілетінін жақсы түсінеді. Ертегідегі жақсылық ереже түрінде емес, әділ сиқыршы мен күшті батырлар кейіпкерлері арқылы беріледі. Ертегі баланың көңіл күйі мен адамгершілік қасиеттерін дамытуға әсер етеді. Ертегіден бала пайдалы нәрселерді алуы қажет. Балалардың ең алғашқы ертегілері әдемі де түрлі түсті суреттерімен болғаны дұрыс бұл баланың ертегіні жақсы қабылдауына әсер етеді, ертегіге деген қызығушылығын арттырады.




Шығатын қорытынды: балаларға сурет бойынша өздеріне таныс ертегілердің мазмұнын қысқаша баяндай білуге, айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға әңгімеге араласып, сұрауға жане сұраққа жауап беруге үйренеді.

Жобада қолданылған құралдар: Суреттер, аппликациялар, фотосуреттер, үнтаспалар, бетперделер,қимылдық,дидактикалық ойындар.







«Ертегіде қонақта» жобасының жоспары.

« Ертегіде қонақта» жобасының жоспары

І-Кезең

Міндеті: Балалардың кітап қарауға деген қызығушылығын арттыру. Ертегі туралы ойларын кеңейту.

Тақырыбы

Мақсаты

1. Ертегі туралы не білесің?

әңгіме

Ертегі туралы түсінікберу.Олардың

шығу тарихы туралы әңгімелеу.

2.Д\ойын«Менің сүйікті кейіпкерім», «Қай кейіпкерге ұқсағың келеді?»

Ертегі киіпкерлерінің қимыл қозғалысын сала білу

3. Ертегі суреттерін қарау. Кітап,журнал.

Суреттегі ертегі атауын атап бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

4.Ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар,тақпақтар.Сурет бойынша

Ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

5. Суретін салу. « Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салу»

Ертегі туралы түсініктерін кеңейту.Сүйікті ертегілерінің суретін салуды үйрету.

6.Жапсыру.Бетперделер даярлау

Дене мүшелерімен таныстыру. Ұқыпты,әдеміжапсыруынқадағалау

7. Дидактикалық ойын« Бауырсақты түлкіден құтқарайық»

Жануарлардың дене мүшелерін дұрыс таба білуге үйрету. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

ІІ- Жұмыстың әдістімелік ұйымдастыру кезеңі . Жоспар бойынша өтіледі«Ертегіде қонақта»

ІІ-Кезең

Міндеті:Топтағы дамыту орталықтарын жобалық тақырып бойынша

толықтыру.

Тақырыбы

Мақсаты

1.Кітап бұрышына ертегі туралы әдебиеттермен толықтыру.

Ертегі туралы кітаптар жинақтау.

Балалардың қызығушылығын арттыру.

2. «Шалқан» ертегісі бойынша мультемидия жасау

Оригами бойынша ертегі кейіпкерлерін жасау

3«Ертегі туралы не білеміз?» альбом жинақ папкасы, суреттер жинақтау.

Ертегілерд ің түрлерімен таныстыру.Суреттерінен әдемі альбом жинағын жасау.

4. Ертегілер туралы жұмбақ,өлең картатекаларын жинақтау.

Ойлау қабілеттерін,тіл байлықтарын дамыту.

5. «Менің сүйікті ертегім» қабырға газетін шығару.

Ұнаған ертегі кейіпкерлерін бейнелеу.

6. Дәстүрден тыс «Ертегі ғажап әлем».Шығармашылық жұмыс.

Әр түрлі әдіспен ертегілерді бейнелеуге үйрету.



ІІІ-Кезең

Міндеті:Қиын жағдайда бір-біріне көмекке келуге әзір болу біліктілігін жетілдіру.

Тақырыбы

Мақсаты

1. «Жақсылық жеңеді, жамандық сазайын тартады». Әңгіме.

Ертегідегі жақсылық ереже түрінде емес, әділ сиқыршы мен күшті батырлар кейіпкерлері арқылы беріледі. Ертегі баланың көңіл күйі мен адамгершілік қасиеттерін дамытады.

2. «Түлкі» туралы тақпақ жаттау.

Түлкімен таныстыру.Олардың

қалай тіршілік ететіні туралы әңгімелеу.

3. «Менің сүйікті ертегім» сурет салу

Өздерініңжақсыкөретін ертегі жайлыәңгімелеу.Олардыңсуретін салу.

4.«Сызба бойынша ертегі құрастыру.

Тіл байлықтарын дамыту.

5. Серуен

«Кітапхана –даналық мекені».


Серуенде кітаптардың жиынтығын бақылау.Өз ойларымен бөлісуге үйрету. Қоғамдық орында өздерін дұрыс ұстауға тәрбиелеу.

6. «Кейіпкерлердің дене мүшесін тап» дид/ойын

Кейіпкерлердің дене мүшелерін айыра білуге үйрету.

ІІІ- Қорытынды кезеңі Тұсау кесер (қосымша №1)

Тақырыбы: «Ертегі қонақта» жобасы бойынша баланың білікті дамуын бағалау.

Осы ұзақ мерзімді жобамызда қойылған мақсатымызға жетіп, балалардың білім деңгейлерін сараптамадан өткізіп жақсы нәтижелер көрсетті.

Топта 17 бала бар. ажыратады. Отбасы бірлесе жұмыс жасай отырып ертегілерге арнап ертегі топтамалары жасалды.3-деңгейдегі балалар ертегі топтамаларына, қарай айыра алады, атауларын біледі. 2-деңгейдегі балалар ертегі кейіпкерлерін сомдауға қиынсынады.Үлкеннің көмегін қажет етеді.

1-деңгей- 0%;

2-деңгей-25%;

3-деңгей 75%








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру

Автор: Тастемирова Гульсара Куспановна

Дата: 05.01.2017

Номер свидетельства: 375638

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(176) "Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру"
    ["seo_title"] => string(80) "mektep_zhasyna_deiingi_eresek_balalarga_tabigatpen_tanystyru_urdisinde_estetikal"
    ["file_id"] => string(6) "562420"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1604491502"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(169) "Модулдік о?ыту технологиясын балаларды? тілдік белсенділіктерін арттыру ма?сатында ?олдану."
    ["seo_title"] => string(89) "moduldikokytutiekhnologhiiasynbalalardyntildikbielsiendiliktierinarttyrumaksatyndakoldanu"
    ["file_id"] => string(6) "320335"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461064184"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства