Просмотр содержимого документа
«Достық деген ізгіліктің бастауы»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Достық деген ізгіліктің алауы»
Мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттер:
1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру; 2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,аз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу; 3.Оқушыларды достыққа, адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Интербелсенді тақта, достық туралы қанатты сөздер, гүлдер.
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Армысың, шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз.
Армысыздар, қадірменді қонақтар,
Әдеппенен бас иеміз бәріміз.
Қайырлы таң, қайырлы күн баршаңызға,
Қош келдіңіздер, біздің сыныбымызға.!
- Бүгінгі сабағымыз өмірімізге сән беретін адамдар арасындағы ғажайып ізгілік сезімі- «Достық» тақырыбына арналмақ. Қазақта мынадай сөз бар: Өзіңнің досың болуы үшін өзің дос бола білуің керек. Ендеше, біз қазір «Достық» ойынын ойнаймыз. (ойын шарты түсіндіріледі)
- «Достық» көпірі арқылы өтіп, орындарына жайғасады.
ІІ. Ой қозғау «Достық » туралы бейнебаян көретіледі.
-Дос дегеніміз кім?
-Достық дегенді қалай түсінеміз? -Досың бар ма? -Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
ІІІ. Достық құпияларын аша білейік (достық тақырыбына берілген мәтіндер бойынша пікір алмасу)
Мұғалім сөзі: Анадан туған әр адамның жүрегінің түбінде достық дейтін ұлы сезім ұялап жатады. Достық- адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Әрине, достық- іншейін дос тапқысы, дос болңысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне ықыласы түскен, жан-жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады.
Ата-бабаларымыздан келе жатқан қатаң қағида рухани өсиет –достыққа адалдық. Біздің ұлы эпостарымыз бен жырларымыздың достықты аспандата марапаттамағаны бар ма? Достыққа адалдық туралы жан тебірентерлік аңыздар, «Қайран, дос-ай»дегізіп, көкіректі қақ айыратын өлеңдер қаншама?
ІІІ. Ой талқы (топтық жұмыс) – Аңыз-әңгімелер бойынша өз топтарында талқылау жасайды.
ІҮ. «Не жетеді ғазиз досқа расында,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда»,-деп Шекспир айтқандай, достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушылардың ой толғамағаны кемде-кем шығар. Ендеше, достықтың мәні туралы жырлайық
(ақын-жазушылардың достық туралы өлең-жырларын оқу)
Ү. Ой маржаны - мақалдарымыз бен мәтелдерімізде халқымыз бойында достықты, адалдықты ардақтап, көздің қарашығындай сақтау дәстүрі терең орын тепкен. Ендеше, кезекті достыққа байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерге берейік.
ҮІ. Достық қатынасының мән-мағынасына үңілсек, оның сырларына шомып, сезім толқынында жүреміз. Ол бір ұшы-қиыры жоқ теңіз іспетті. Бүгінгі тақырыптың мазмұнын кеңірек ашу үшін ендігі сөз кезегін мектебіміздің психологы Гүлзира апайларыңа береміз.
ҮІІ. Міне, достар! Ой толғап, сырласа отырып, достықтың мәнін түсінуге ұмтыламыз
: Бірақ әлі де болса кеудемізде «Досты қалай таңдаймын?» деген сұрақ туындайды. Осы сұрағымызға жауапты «Кабуснамадан» іздеп көрсек:
Оқушы: Ей, перзентім! Жетесіз, инабатсыз дос ұстама, ондай адамның қасиеті болмайды.Ондай адамдарды нан достары қатарына жатқыз, жан достар қатарына жатқызба, себебі олар ар-намыс достары емес, тамақ достары болып табылады.
Оқушы: Тағы бір айтарым, ақылсыз адамдармен ешқашан дос болма, ақылсыз достың істеген ісін ақылды дұшпан істей алмайды. Мәрт, кең пейілді, инабатты, білімді, опалы адамдармен дос бол! Сен өзің де достарыңның осындай қасиеттерін елеп, еңбегін қадірлегейСІҢ.
Оқушы: Мынаны біл: дос болуға лайық адамды екі нәрседен білуге болады: бірі-досының басына іс түскенде, одан дүние-малын аямайды және кембағал кезінде де одан сырт айналмайды. Екіншісі- досы бұл дүниеден өтсе де, оның отбасына, балаларына қамқорлық көрсетеді.
Оқушы: Ей, перзентім, адамдармен достығың орташа болсын! Досым көп екен деп, әрқайсысына елпеңдеп көңіл бөле берме, алдыңа және артыңа қара. Достарыңның көзқарасынан, пікірінен ғапыл қалма. Жарлы болсаң дәулеттімен дос болма, себебі жарлыны ол дос етпейді. Өзіңе лайық дос ізде.
Оқушы: Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Барлық уақытта дос ұстауды әдет қыл, себебі, досы көп адамның кемшілігі білінбейді, ал жақсы қасиеттері көбейе түседі. Бірақ жаңа дос тапқанда, ескілерінен безбе, олардан сырт айналма.
ҮІІІ. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Адал дос тап тең құрбыңның ішінен»-деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, бүгінгі сабағымыздың оймақтай түйінін табайық. Нағыз дос қандай болуға тиіс?
(«Дос» сөзіне топтастыру жасайды)
ІХ. Жағдаяттан шығу.
Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.
Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?
Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
Х. Сахналық көрініс : «Саңырауқұлақтың саясы»
Мұғалім: Адам бойындағы ізгі қасиеттер, адамгершілік қағидалары, әлемнің татулығы – бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сендердің бойларыңда қаланды деп сенемін. (оқушылар «достық» ағашына достық ережелерін жазып, іледі)