kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қызым -қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым

Нажмите, чтобы узнать подробности

                       Тақырыбы: Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым

Мақсаты: Балаларды қазақ қызы мен ер баланың бойына тән өнерлік, тәлімдік қасиеттермен таныстыру, мұны ұлтты салт – дәстүр, әдет ғұрыптармен байланыстыра білу. Ұл бала мен қыз баланы бір – бірін шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйласымдылықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыру; балалардың бойында әдептілік қасиеттерді дамыту. Талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру, эстетикаға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Пікірталас.

Көрнекілігі:

  1. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі».
  2. «Қызға қырық үйден тыю, қала  берсе қара күңнен тыю».

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:

      Құрметті балалар, қонақтар! «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

       Қыз бен ер баланы тәрбиелеуге халқымы. Ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Қыз бен ұл баланы құрметтеп, олардың алдыңда дөрекі сөйлемей ізетті болуды, ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына, мінгізуді, киімнің сәндісін, алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына, қарындастарына тарту етуді дәстүрге айналдырған. Жиын тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа түскен келіндер қайынсіңлілерін, қайындарын атымен атамай еркелетіп «Еркежан», «Шырайлым», «Төре жігіт» деген сияқты аттар қойған. Жалғыз келе жатқан қызды көрсе оған қорған болып, баратын жеріне шығарып салу әрбір ер адамның парызы болып келген. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» де отырып, осы қызғалдақтай болып өсіп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған.

          Міне, біздің ата – бабаларымыз осындай тәрбиелік мәні зор әдет – ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып келді. Қыз бен ер баланың тәрбиесіне бүкіл ел болып, сонымен бірге ата – анасы да үлкен мән берді. Олар қыздарын тұрмыстық мүліктерді даярлауға үйретіп, жүн түту, жіп иіру, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу өнерді олар бөгде босағаға бармай тұрып – ақ үйреткен.

Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын-

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес

Халқының сақтай білген ізгі салтын, деген өлеңдегідей қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытын өссе екен деміз.

            Қазақ халқы бала тәрбиесіне өтекөп көңіл бөлген. Ана – барлық  өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі.ол дамды адам етіп тәрбиелейді,  ана тілінде сөйлейді. Сондықтан бүгінгі қыздарымызды және ұлдарымызды тәрбиелеу ананың және әкенің міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала  берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философилық ой сыйғызған.

            Қазақ  отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталып кетейік:

«Қыздар-ай» әні орындалады.

1-бала:

    Қазақ отбасында қыз бала тәрбиесіне ұл бала тәрбиесіне қарағанда, біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз. Себебі, бүгін отбасында еркелетіп ұстап отырған қыз балаларымы  күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын айтсақ та жеткілікті.

2-бала.

Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған.

     Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға деген керемет  суреттемелер берген.

     Сондай – ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, білімге бейім  тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттері бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен.

3-бала.

Қыздармызға тән нәзіктік,  сұлулық, ұяңдық, ибалық, сыпайылық, әдемілік, ұлшақтық, мығымдық, өнерпаздық, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, махаббат мұратына жетуден табылады, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттермен де қазақ қыздары зор тағылым иесі.

4-бала.

Ия, біздің халқымыз ер баланы ертеңгі мұрагер санағанымен, қыз баланы олардан әсте кем көрмеген. Көп жағдайда қыз бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген, ата – аналар, тіпті ұлдарынан гөрі қыздарын ерекше жақсы көріп, еркелетіп, еркін өсірген. Қазақ отабасында, мысалы  ұлды жазалау, шектен шығып бара жатқан әкесінің, яки ағасының ондай тентекке қамшы жұмсап, қайырып алған кездері жиі кездессе, ал қызды жазалау кездеспейтін құбылыс.

5-бала.

Бабаларым қыздарын қадірлеген,

Қыз баладан басталар өмір – терең.

Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып,

Күн  болмаған сазды күй төгілмеген.

әрине, кемшілк те сыналады.қыздарым өкпелемей ұғар оны.

Ұлдарға да тағатын мініміз бар,

Көңілге ап жүрмесінші ұлдар оны.

  1. Әдемі қыз баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы – жаманның біліп тұраты.
  2. Көрікті қыз – істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын.
  3. Әсем қыз -  жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.
  4. Ажарлы қыз – деген бітімі жинақты, тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты.
  5. шырайлы қыз – көз  жанары өткір, бет әлпеті бал – бұл жанған тәні шымыр.
  6. Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы.

Қазақтың жігіттері қандай болу керек?

«Жігіттер» әні орындалады.

Нағыз жігіт – қорған болар халқына,

Нағыз жігіт – берік болар антына.

Нағыз жігіт – жалғастырып дәстүрді,

         Адал болар ата – баба салтына – дей келе біз де ұлдар жайлы өз пікірімізді ортаға салсақ деп едіе.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатынан соң кейбір оқушылар өз бойындағы кемшіліктен арыла білуі керек, бұл әрбір адам болам, азамат болам деп құлшынған жанның қолынан келер нәрсе. Бүгінгі бозбала – ертеңгі қамқор әке, баланың панасы, әулеттің тірегі, бүгінгі бойжеткен – ертеңгі аяулы ана, ақылшы әже, әулеттің ұйытқысы. Қыздарымыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарымыз ізгі армандарымызды орындай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмамдаймыз.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қызым -қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым»

6-бала:

Халық арасында бойжеткен қыз ажарына қарай алтыға бөлінген.

  1. Әдемі қыз баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы – жаманның біліп тұраты.

  2. Көрікті қыз – істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын.

  3. Әсем қыз - жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.

  4. Ажарлы қыз – деген бітімі жинақты, тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты.

  5. шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет әлпеті бал – бұл жанған тәні шымыр.

  6. Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы.

Қазақтың жігіттері қандай болу керек?

«Жігіттер» әні орындалады.

Нағыз жігіт – қорған болар халқына,

Нағыз жігіт – берік болар антына.

Нағыз жігіт – жалғастырып дәстүрді,

Адал болар ата – баба салтына – дей келе біз де ұлдар жайлы өз пікірімізді ортаға салсақ деп едіе.

7-бала.

Өткенімізді қарап отырсақ, ел бастаған көсем де, ділмар шешен де, ақиық ақын да, ел қорғаны батыр да, осы жігітттерден шыққан.

8-бал:

Қыраандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қабыландай сұсты, нардай төзімді, құландай сүйікті , жылқы мінезді жігіт болу керек.

9-бала:

Әзілімізді ұға алатын, қиындықта, сыналатын,

Қыздарды сылай білеті,

Жөн сөзді тыңдай білетін

Қырандай алғыр,

Сұңқардай өр.

Достыққа адал ұлдарымызға арналған бір аз ғана сыйымыз бар, соны тапсыруға рұқсат етіңіздер.

Қыздар, ұлдарға сыйлықтарын тапсырады.

Жігітке қатысты сөздер.

Көсем жігіт – ел басқаратын жігіт.

Шешен жігіт – дау шешетін тұлға.

Батыр жігіт – еліне қамқор жауына алаберген жігіт.

өнерлі жігіт – мың құбылтып ән салып, күмбірлеген күй тартатын.

Сері жігіт – аттың жүйрігін мінеді.

Ер қаруы – бес қаруды сайлайды.

Қыздар мен ұлдар бір – біріне өз тілек сөздерін айтып өтеді.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатынан соң кейбір оқушылар өз бойындағы кемшіліктен арыла білуі керек, бұл әрбір адам болам, азамат болам деп құлшынған жанның қолынан келер нәрсе. Бүгінгі бозбала – ертеңгі қамқор әке, баланың панасы, әулеттің тірегі, бүгінгі бойжеткен – ертеңгі аяулы ана, ақылшы әже, әулеттің ұйытқысы. Қыздарымыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарымыз ізгі армандарымызды орындай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмамдаймыз.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қызым -қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым

Автор: Мамирбаева Ардак Керимбаевна

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394378

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Т?рбие са?ат "?ызым ?ыз?алда?ым-?лым ізгі арманым""
    ["seo_title"] => string(56) "t-rbiie-sag-at-k-yzym-k-yzg-aldag-ym-u-lym-izghi-armanym"
    ["file_id"] => string(6) "317914"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460463319"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) ""?ызым-?ыз?алда?ым, ?лым-ізгі арманым""
    ["seo_title"] => string(32) "kyzymkyzgaldagymulymizghiarmanym"
    ["file_id"] => string(6) "301873"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457005856"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "?ызым-?ыз?алда?ым,?лым-ізгі арманым "
    ["seo_title"] => string(41) "k-yzym-k-yzg-aldag-ym-u-lym-izghi-armanym"
    ["file_id"] => string(6) "205642"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1429955782"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Жаным толған жақсылық"
    ["seo_title"] => string(23) "zhanym_tolgan_zhaksylyk"
    ["file_id"] => string(6) "550652"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1589986168"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Махаббат – өмір өзегі"
    ["seo_title"] => string(22) "makhabbat_omir_ozieghi"
    ["file_id"] => string(6) "360117"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479468487"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства