Просмотр содержимого документа
«Бірлік күніне арналған "Достық" тақырыбында тәрбие сағаты»
Симферополь орта мектебі
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы:
«Достық»
3 «А» сынып
Сынып жетекші: Нуралина А.Ж.
2016-2017 оқу жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Достық
Мақсаты:
1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;
2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;
Достасу, серік табу адамның бақытына бақыт қосады.
Мұғалім:
-Дұрыс айтасыңдар,балалар. Достық-аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдызды да,гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды. Достық адамды асқақтатады.
Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады.Олар бір-бірінің қуанышында да, сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.
Жалған достықтың - ғұмыры қысқа болады.Олар бір-біріне шынайы болмайды.Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.
Д – дүниедегі
О - озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен:
-Достық нешеу?-деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2 түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі-амал достық,-дейді.
-Дұрыс –ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
- Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа - деп жауап беріпті.
Осыны қалай түсінесіңдер?
/Оқушыларды тыңдау/
Мұғалім:
- Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші.Теңеген затымыздың суретін салайық. Сосын сол бойынша түсіндірейік.
1-жауап:Адамдар арасындағы байланыс
2-жауап: Достықты шеңберге теңедім
3-жауап: Жүрек
4-жауап :Гүл
Айнаш: «Дос болайық бәріміз» өлеңін оқиды.
Мұғалім:
Дос деген кім?
Шарты: Бір сөйлеммен айту.
Сыр бөлісетін адам.
Мені өте жақсы түсінетін адам.
Сенімді адам.
Оқушыларды екі топқа бөлу. «Достық» және «Сыйластық»