kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аттанайық бала шақтан болашаққа

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аттанайық бала шақтан – болашаққа.

Мақсаты: 1.Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.

2.Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы – мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар.

ІІ.Кіріспе сөз. Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал азбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда. – деп  Міржақып ақын айтпақшы

тарыдай болып кіріп, ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Аттанайық бала шақтан – болашаққа» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

1 жүргізуші: Ассалаумағалейкум ағайын.!

2 – жүргізуші: Армысыздар аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!

  • Қош  келіпсіздер, құрметті  қонақтар!

1 – жүргізуші: Бесіктегі баланың

Күлгенін  көрген бір мұрат,

Алдына түсіп  ананың

Жүргенін көрген бір мұрат.

2 – жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә қаншамызда.

Қол соғып, қошеметпен, құттықтайық,

4 – сынып түлектері  ортамызда.

1 – жүргізуші: Бүгін Қонаев ауылы, Төле би орта мектебіндегі «Аттанайық бала шақтан  болашаққа» атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялаймыз.

2 – жүргізуші: Келешек қой  осылар барға шүкір,

Алдарында ақ қанат арманы тұр.

Жүректері лүпілдеп тебіреніп,

Үлкен сынып есігін ашқалы тұр.

1 – жүргізуші: Мектеп – кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда.

2 – жүргізуші: Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші! Менің атам да, апам да, әкем де, енді мен мектептен тәлім алудамын.

1 – жүргізуші: Иә, сен білесің бе, біздің ұстазымыз Жұпар тәтейіміз де осы мектептен тәлім алған.Ал, сыныптастарымыз мектебі туралы не айтар екен?

1 – жүргізуші: Ғасырлық  ғұмыры бар мектебімізде 115 ұстазға, 1046 оқушы  бар.Біздерге дәріс беріп отырған ұлағатты ұстаздарына сөз кезегін береміз.

1 – жүргізуші: Тәтейлер  бастауыш сыныпты бітіріп, орта буынға аяқ басқалы тұрған оқушыларға қандай тілек айтар едіңіздер?

2 – оқушы: Рахмет! Сізге арнап Аружанның орындауында «Мектебім « әнін қабыл алыңыз.

1 – жүргізуші: «Мұғалім – мектептің  жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.

2 – жүргізуші: Дұрыс айтасың Бауыржан,  Бауыржан атамыз «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да,еңбекқор еңбекшісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» - деген екен.Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарға арнайық.

1 – жүргізуші: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Алғашқы ұстаз ешқашанда ұмытылмайды.

2 – жүргізуші:Қонақтардан сұрап көрейікші, сіздер алғашқы ұстаздарыңыз туралы не айтып бере аласыздар?

1 – жүргізуші: Ал, сыныптас дастарым, өздерің не айтасыңдар?

 

2 – жүргізуші:  Ұстаздарға, Жұпар тәтейімізге арнап «Ұстазым ардақты»  әнін тарту етеміз.(Ұлбосын қыздарыңызды қарсы алыңыздар).

1 – жүргізуші: 4 жылдың ішінде біз не үйреніп,  не бімедік десеңші?

2 – жүргізуші: Олай деме, «Оқу – білім инемен құдық қазғандай»  демекші, әлі білетініміз алда.Балалар өздері не дер екен?

  • Білімнің алғашқы баспалдағын өттік,

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді, ата – анаға, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды үйрендік.

  • Бір сөзбен айтқанда,

Әйтекеңнің жырын  айтқан,

Қазыбектің қазып айтқан,

Төле бидің тауып айтқан,

Ұлағатты сөздерінен өнеге үйрендік.

1 – жүргізуші: Өте дұрыс айтасыңдар, осының бәрін  ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын, спорттық жарыс сабақтарын өткізе отырып үйрендік емес пе?

2 – жүргізуші: Иә, осы сабақтарды өткізуде тәлім – тәрбие ала отырып, жүлделі орындарға да ие болып отырдық.

 

1 – жүргізуші: Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында батыр да, батыл аталарымыз бен апаларымыздың ерлігінің арқасында, 1945 жылы 9 мамырда бұл сұм соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды. Тарих көші әрқашан жаңаланып отырады емес пе?Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті.

  • Ер есімі – ел есінде,

Қан жуып кіндік кескен жері үшін,

Аялап, әлпештеп өсірген елі үшін.

Отқа түсіп жалын  кешкен ер азаматтар,

Ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Дильназ «Мен соғысты жек көрем»

Балнұр «Қалай сені жұбатам, ана».

1.«Ән сал, сарбаз» әнін Алинаның орындауында қабыл алыңыздар.

2. «Әскери би»

3.Сыныбымыздың әншісі Қыдірәлінің орындауында «Жеңіс туы»

1 – жүргізуші: Сыныбымыздың қыздары да қалысып жатқан жоқ, қандай байқаулар болса да қатысып, жүлделі орындарды бермей жүретін қыздарымыз Аяжан, Балнұр, Дильназ, Ұлбосын, Аружан, Мадиналарды айтуға болады. Алина қызымыз Алматыдағы сауықтыру лагері «Бөбекке» барып өзінің алғырлығымен «Мақтау қағазын» алып келді.

Айсұлу, Сабина, Сания біреуі әнші, биші, қыздар деуге болады. Сыныбымыздың сұлу да, сүйкімді қыздарына арнап Айсұлудың орындауында «Әдемі – ай» әні.Қарсы алыңыздар!

1 – жүргізуші:  Биылғы бастауыш сынып апталығында да сыныптар арасында жарыстарға қатыса отырып, біраз жеңістерге  жеттік.

2 – жүргізуші: «Мақтан тұтар ұлы тұлға» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

1 – жүргізуші: «Ұлы Жеңіске 70 жыл» тақырыбында  өткізілген мәнерлеп оқуда Бейсенбаева Балнұр  «Бас жүлдені» жеңіп алды.

2.Сурет байқауында:

3. Шығарма жазуда:

 

2 – жүргізуші:  Иә, Жүлделі орындар алдық деп бағанадан бері мақтана айтып жатырмыз, ол кімдердің еңбегі?

1 – жүргізуші: Әрине, мұның бәрі оқушыларға білім тәрбие беруде ерен еңбегі сіңген ұстаздардың еңбегі

 

1 – жүргізуші: Басты тәрбие отбасынан басталады демекші, мектебімізде қандай іс – шаралар өтсе де, өз көмектерін балаларынан аямайтын ата – аналар.

2 – жүргізуші: Олай болса, келесі құрметіміз ата – аналарға арналады.

 

Әкелерге арнап Жүсіп балаларыңыз «Әкелер» әнін тарту етеді.

1 – жүргізуші: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әкені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

2 – жүргізуші: «Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың» - дейді.Ал өздерің аналарыңа қандай тілек айтар едіңдер?

Ерасыл: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, аман болшы анашым.

2 – ж.ргізуші: Аналарымыз бен ұстаздарға арнап «Асыл ана» әнін Қыдірәлінің орындауында қабыл алыңыздар (шығып кетеді бәрі)

1, «Сенің анаң алтын»

2.Би: Қыздар биі.

3.Ән: «Апа әке» - Балнұр.

4. Ұлдар биі.

  1. Ән: «Көңілді күн»

6.Үнді биі.

7.Ән: «Жаса Қазақстан» - Қыдірәлі.

2 – жүргізуші: Бауыржан, бүгін біз өткізген сабақтарымызды, жетістіктерімізді айта отырып 4 жылға шолу жасадық.

1 – жүргізуші: Иә, осындай білімді де, білікті ұстаздардың арқасында әлі де талай белестерді бағындыруға дайынбыз.

2 – жүргізуші: «Бәрін айт та, бірін айт» демекші 4 жылымыз да сағымдай өте шықты.

1 – жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

2 – жүргізуші: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырлары,

Азық болар мәңгі талай жылдарға.

Сізге өз атымыздан атыңызға кір келтірмеуге, сабақтан кешікпеуге, жақсы оқуға, ұятқа қалдырмауға, сізді ұмытпауға уәде береміз.

1 – жүргізуші: Өтті сенде қызық шағымыз,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймыз. 

Қорытында: Мұғалім сөзі.

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап – жарқын жүздеріңнен,

Аластайын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Мойытпасын қиындықтар сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді

Біліміңмен қуантсаңдар ұстазды,

Жақсы іспен қуантыңдар елді енді. 

Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы – сара  жол,

Ізденіңдер талмаңдар!    

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аттанайық бала шақтан болашаққа»

Аттанайық бала шақтан – болашаққа.

Мақсаты: 1.Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.

2.Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы – мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар.

ІІ.Кіріспе сөз. Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал азбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда. – деп Міржақып ақын айтпақшы

тарыдай болып кіріп, ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Аттанайық бала шақтан – болашаққа» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

1 жүргізуші: Ассалаумағалейкум ағайын.!

2 – жүргізуші: Армысыздар аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!

Бәрі: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

1 – жүргізуші: Бесіктегі баланың

Күлгенін көрген бір мұрат,

Алдына түсіп ананың

Жүргенін көрген бір мұрат.

2 – жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә қаншамызда.

Қол соғып, қошеметпен , құттықтайық,

4 – сынып түлектері ортамызда.

1 – жүргізуші: Бүгін Қонаев ауылы, Төле би орта мектебіндегі «Аттанайық бала шақтан болашаққа» атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялаймыз.

2 – жүргізуші: Келешек қой осылар барға шүкір,

Алдарында ақ қанат арманы тұр.

Жүректері лүпілдеп тебіреніп,

Үлкен сынып есігін ашқалы тұр.

1 – жүргізуші: Мектеп – кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда.

2 – жүргізуші: Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші! Менің атам да, апам да, әкем де, енді мен мектептен тәлім алудамын.

1 – жүргізуші: Иә, сен білесің бе, біздің ұстазымыз Жұпар тәтейіміз де осы мектептен тәлім алған.Ал, сыныптастарымыз мектебі туралы не айтар екен?

Балнұр: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.

Жүсіп: Ұлылықты мақтан тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан, білім алған өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Сабина: Мектеп үйім, ұстазым менің ата – анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып, сан тарапқа тараған.

1 – жүргізуші: Ғасырлық ғұмыры бар мектебімізде 115 ұстазға, 1046 оқушы бар.Біздерге дәріс беріп отырған ұлағатты ұстаздарына сөз кезегін береміз.

1 – жүргізуші: Тәтейлер бастауыш сыныпты бітіріп, орта буынға аяқ басқалы тұрған оқушыларға қандай тілек айтар едіңіздер?

2 – оқушы: Рахмет! Сізге арнап Аружанның орындауында «Мектебім « әнін қабыл алыңыз.

1 – жүргізуші: «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.

2 – жүргізуші: Дұрыс айтасың Бауыржан, Бауыржан атамыз «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да,еңбекқор еңбекшісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» - деген екен.Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарға арнайық.

1 – жүргізуші: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Алғашқы ұстаз ешқашанда ұмытылмайды.

2 – жүргізуші:Қонақтардан сұрап көрейікші, сіздер алғашқы ұстаздарыңыз туралы не айтып бере аласыздар?

1 – жүргізуші: Ал, сыныптас дастарым, өздерің не айтасыңдар?

Асылжан: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

Ұлбосын: Тек үйреттің әділетті, адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолын сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

Жанболат: Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап,

Шәкірттерін жиі еске алатын.

Айсұлу: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте – бірте үйреніп,

Мектептің ережесін үйрендік көп.

Нұрболат: Ұсынғаны адалдық,

Үйреткені адамдық.

Бар ұстазға тілейміз,

Бақыт, табыс, амандық. Хор.

2 – жүргізуші: Ұстаздарға, Жұпар тәтейімізге арнап «Ұстазым ардақты» әнін тарту етеміз.(Ұлбосын қыздарыңызды қарсы алыңыздар).

1 – жүргізуші: 4 жылдың ішінде біз не үйреніп, не бімедік десеңші?

2 – жүргізуші: Олай деме, «Оқу – білім инемен құдық қазғандай» демекші, әлі білетініміз алда.Балалар өздері не дер екен?

Аружан: Білімнің алғашқы баспалдағын өттік,

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді, ата – анаға, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды үйрендік.

Сания: Бір сөзбен айтқанда,

Әйтекеңнің жырын айтқан,

Қазыбектің қазып айтқан,

Төле бидің тауып айтқан,

Ұлағатты сөздерінен өнеге үйрендік.

1 – жүргізуші: Өте дұрыс айтасыңдар, осының бәрін ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын, спорттық жарыс сабақтарын өткізе отырып үйрендік емес пе?

2 – жүргізуші: Иә, осы сабақтарды өткізуде тәлім – тәрбие ала отырып, жүлделі орындарға да ие болып отырдық.

1 – жүргізуші: Қане, телеэкранға көңіл аударыңыздар. 1 сыныптан бастап өткізілген сабақтарымызға шолу жасай отырайық және өзіміздің қаншалықты есейгенімізді де байқап көреміз.

2 – жүргізуші: 2 сыныпта бастауыш сыныптар арасында отбасылық жарыс «Толағай» ойынына қатысып, жүлделі орынға Жапауовтар отбасы, І орынға Аймағамбет отбасы, 3 сыныпта жүлделі орынды Ақмолдаевтар отбасы жеңіп алды.

2 сыныпта аудандық семинарда қазақ тілі пәнінен «Етістік» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Мұнда өзіміздің білімімізді шыңдап, жоғары дәрежеде көріне білдік.

1 – жүргізуші: 3 сыныпта «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» тақырыбында 3 сыныптар арасында сайыс сабағы өтті.Мұнда «Жігітке жеті өнер де аз» деген мақсатпен ептілікке, жауапкершілікке, ерлікке баули отырып өз білімдерін ортаға салды.

2 – жүргізуші: Иә, біздің сынып жігіттері өздерінің білімдерін, өнерлерін, ептіліктерін көрсете отырып, оза шауып, жүлделі орынға ие болды емес пе? Қыдырәлі – «Жігіт сұлтаны» атанып, Жүсіп – «Парасатты жігіт», Барлас – «Өнерлі жігіт», Асылжан «Алғыр жігіт» атты орындарды жеңіп алды.

Сыныбымыздың сері жігіттеріне арнап «Алға қазақ жігіттері» әнін Барластың орындауында қабыл алыңыздар.

1 – жүргізуші: 3 сыныпта Қыдырәлі халықаралық жарысқа қатысып І орынды иеленді.

2 – жүргізуші: Бауыржан мектепішілік «Жылқы – малдың патшасы» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап І орынға ие болды.

1 – жүргізуші: 3 сыныпта тағы да « Ұлы Жеңіске 69 жыл» тәрбие сағатын өткіздік емес пе?

2 – жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың.Биыл біздің тойымызбен қатарлас келіп отырған Ұлы Жеңіске 70 жыл мерекесі.Қане осы тақырыпқа тереңірек тоқтала кейікші.

1 – жүргізуші: Әлемді дүр сілкіндірген 2 дүние жүзілік соғыстың қасіретін ешкім ешқашан да ұмытпақ емес.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздық пен шабуыл жасады.Неміс басқыншылары шаттық әнді қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды.

2 – жүргізуші:

Барлас тақпақ.

Сыныбымызда үздік оқыған әнші қызымыз Жапауова Алинура 3 сыныпта Алматыдағы «Ахмет Жұбанов» атындағы музыка мектебіне түсіп, дәріс алуда бұл да біздің сыныбымыздың жетістігі.

1 – жүргізуші: Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында батыр да, батыл аталарымыз бен апаларымыздың ерлігінің арқасында, 1945 жылы 9 мамырда бұл сұм соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды. Тарих көші әрқашан жаңаланып отырады емес пе?Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті.

Барлас: Ер есімі – ел есінде,

Қан жуып кіндік кескен жері үшін,

Аялап, әлпештеп өсірген елі үшін.

Отқа түсіп жалын кешкен ер азаматтар,

Ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Дильназ «Мен соғысты жек көрем»

Балнұр «Қалай сені жұбатам, ана».

1.«Ән сал, сарбаз» әнін Алинаның орындауында қабыл алыңыздар.

2. «Әскери би»

3.Сыныбымыздың әншісі Қыдірәлінің орындауында «Жеңіс туы»

1 – жүргізуші: Сыныбымыздың қыздары да қалысып жатқан жоқ, қандай байқаулар болса да қатысып, жүлделі орындарды бермей жүретін қыздарымыз Аяжан, Балнұр, Дильназ, Ұлбосын, Аружан, Мадиналарды айтуға болады. Алина қызымыз Алматыдағы сауықтыру лагері «Бөбекке» барып өзінің алғырлығымен «Мақтау қағазын» алып келді.

Айсұлу, Сабина, Сания біреуі әнші, биші, қыздар деуге болады. Сыныбымыздың сұлу да, сүйкімді қыздарына арнап Айсұлудың орындауында «Әдемі – ай» әні.Қарсы алыңыздар!

1 – жүргізуші: Биылғы бастауыш сынып апталығында да сыныптар арасында жарыстарға қатыса отырып, біраз жеңістерге жеттік.

2 – жүргізуші: «Мақтан тұтар ұлы тұлға» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

1 – жүргізуші: «Ұлы Жеңіске 70 жыл» тақырыбында өткізілген мәнерлеп оқуда Бейсенбаева Балнұр «Бас жүлдені» жеңіп алды.

2.Сурет байқауында:

3. Шығарма жазуда:



2 – жүргізуші: Иә, Жүлделі орындар алдық деп бағанадан бері мақтана айтып жатырмыз, ол кімдердің еңбегі?

1 – жүргізуші: Әрине, мұның бәрі оқушыларға білім тәрбие беруде ерен еңбегі сіңген ұстаздардың еңбегі

Ерасыл: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт сіздерге басын иеді.

Мадина: Бала шаққа болақшаты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Рахмет сізге, ұстаздарым қымбатты.

1 – жүргізуші: Басты тәрбие отбасынан басталады демекші, мектебімізде қандай іс – шаралар өтсе де, өз көмектерін балаларынан аямайтын ата – аналар.

2 – жүргізуші: Олай болса, келесі құрметіміз ата – аналарға арналады.

Ернұр: Ыстық – ау кім - кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп мәпелеген.

Алина:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,

Ақылды балаларың соны білген.

Әкелерге арнап Жүсіп балаларыңыз «Әкелер» әнін тарту етеді.

1 – жүргізуші: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әкені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

2 – жүргізуші: «Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың» - дейді.Ал өздерің аналарыңа қандай тілек айтар едіңдер?

Ерасыл: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, аман болшы анашым.

2 – ж.ргізуші: Аналарымыз бен ұстаздарға арнап «Асыл ана» әнін Қыдірәлінің орындауында қабыл алыңыздар (шығып кетеді бәрі)

1, «Сенің анаң алтын»

2.Би: Қыздар биі.

3.Ән: «Апа әке» - Балнұр.

4. Ұлдар биі.

  1. Ән: «Көңілді күн»

6.Үнді биі.

7.Ән: «Жаса Қазақстан» - Қыдірәлі.

2 – жүргізуші: Бауыржан, бүгін біз өткізген сабақтарымызды, жетістіктерімізді айта отырып 4 жылға шолу жасадық.

1 – жүргізуші: Иә, осындай білімді де, білікті ұстаздардың арқасында әлі де талай белестерді бағындыруға дайынбыз.

2 – жүргізуші: «Бәрін айт та, бірін айт» демекші 4 жылымыз да сағымдай өте шықты.

1 – жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

2 – жүргізуші: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырлары,

Азық болар мәңгі талай жылдарға.

Сізге өз атымыздан атыңызға кір келтірмеуге, сабақтан кешікпеуге, жақсы оқуға, ұятқа қалдырмауға, сізді ұмытпауға уәде береміз.

1 – жүргізуші: Өтті сенде қызық шағымыз,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймыз.

Қорытында: Мұғалім сөзі.

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап – жарқын жүздеріңнен,

Аластайын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Мойытпасын қиындықтар сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді

Біліміңмен қуантсаңдар ұстазды,

Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы – сара жол,

Ізденіңдер талмаңдар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Аттанайық бала шақтан болашаққа

Автор: Дүйсебекова Жұпар

Дата: 14.10.2016

Номер свидетельства: 349243

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Т?рбие са?аты "Аттанайы? бала ша?тан болаша??а" "
    ["seo_title"] => string(52) "t-rbiie-sag-aty-attanaiyk-bala-shak-tan-bolashak-k-a"
    ["file_id"] => string(6) "127974"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1415391797"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) ""Аттанайық бала шақтан, болашаққа" кластан тыс шара"
    ["seo_title"] => string(54) "attanaiyk_bala_shak_tan_bolashak_k_a_klastan_tys_shara"
    ["file_id"] => string(6) "403039"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1490375123"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Бастауышпен қоштасу "Аттанайық бала шақтан, болашаққа!""
    ["seo_title"] => string(60) "bastauyshpien_k_oshtasu_attanaiyk_bala_shak_tan_bolashak_k_a"
    ["file_id"] => string(6) "409397"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1492269892"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Балабақшамен қоштасу"
    ["seo_title"] => string(27) "balabak_shamien_k_oshtasu_1"
    ["file_id"] => string(6) "415608"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494861200"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) ""Тола?ай" отбасылы? сайысы."
    ["seo_title"] => string(27) "tolag-ai-otbasylyk-saiysy-2"
    ["file_id"] => string(6) "270140"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451019993"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства