kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бастауыш сынып оқушыларының сауатты жазуға үйрету"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды сауатты жазуға үйрететін негізгі пән-қазақ тілі. Бала сауатты жазу үшін  қазақ тіліндегі грамматикалық ережелерді  дұрыс түсініп, күнделікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс. Бастауышта сауаттылықты жете меңгермеген оқушы жоғары сыныптарда оны толықтыра алмайды. Сондықтан оқушының сауатты, таза жазуына әрбір сайын толық көңіл бөліп, олардың тіл байлығын арттыруға, назар аударған жөн.

Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі, яғни ана тілі пәнімен тікелей байланыста болады. Кітап оқи алмаған оқушының  сауатты жаза алмайтыны белгілі.Сауатты әрі әдемі жазуға дағдылануы қаламды дұрыс ұстаудан басталады.Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға үйрету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бастауыш сынып оқушыларының сауатты жазуға үйрету"»

Бастауыш сынып оқушыларын сауатты жазуға үйрету





Оқушыларды сауатты жазуға үйрететін негізгі пән-қазақ тілі. Бала сауатты жазу үшін  қазақ тіліндегі грамматикалық ережелерді  дұрыс түсініп, күнделікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс. Бастауышта сауаттылықты жете меңгермеген оқушы жоғары сыныптарда оны толықтыра алмайды. Сондықтан оқушының сауатты, таза жазуына әрбір сайын толық көңіл бөліп, олардың тіл байлығын арттыруға, назар аударған жөн.

Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі, яғни ана тілі пәнімен тікелей байланыста болады. Кітап оқи алмаған оқушының  сауатты жаза алмайтыны белгілі.Сауатты әрі әдемі жазуға дағдылануы қаламды дұрыс ұстаудан басталады.Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға үйрету қажет.Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты да жаза біледі.Қатесіз жазуды меңгеруде оқушылар әріп пен дыбысты айырып, әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар екенін ажырата біледі. Мысалы: «ана», «домбыра», «асық» сөздеріндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды бірінші әріпті өткен күннен бастап-ақ ажырата білуге, сонымен бірге тақтаға жазылған  әрбір әріп, әрбір сөз, сөйлемді  дауыстап оқытып, оны іштей  қайталатып, естеріне  сақтап жазуға үйрету керек.Бұл, біріншіден, баланың есту қабілетін жетілдіруге пайдалы болса, екіншіден, сөздің  дыбыстық құрамын дұрыс ажыратуға, үшіншіден текстіні немесе сөйлемдерді сауатты, қатесіз жазуға көмектеседі. Кейде жұмыстың түрін өзгертуге суреттер іліп, соның аттарын өздеріне жаздырып, жазған сөздерін, сөйлемдерін өздеріне, қатар отырған қасындағы балаға тексеремін.Қате жіберген оқушы қатесін жолдасының  түзеткеніне намыстанып, сауатт ыжазуға талаптанады.Бұл тәсілдің тиімділігі олар бір-бірінен көшірмейтін болады.

 

Оқушыларды сауаттылыққа үйретудегі  нәтижелі әдістің бірі-сабақ  үстінде ойын элементтерін пайдалану.Ойын оқушыларды  сабаққа қызықтырады, маиериалды тез қабылдап, есінде  ұзақ сақтауға көмектеседі.Ойынның түрлері өте көп, солардың ішінде  сауатты жазуға  үйретуде сөздік ойынның пайдасы ерекше.Мысалы, «Есімсе жаттап сақтайын» ойыны.

Ый-и әріптерінің  емлесіне байланысты жазылатын сөздер –сый мен тый-бұлар түбірлестер.оған мысал: Сыйға – сый. «Көзің ауырса, қолыңды тый», қалған сөздерінде  жалаң «а» жазылады. Егін, шөпті уақытында жи. Оюды қайшымен қи-деген сияқты сөздерді жиі сұраймын. Қорыта келгенде  дауыссыз дыбыстардан кейін  жалаң ң жазылуына  ерекше тоқталған дұрыс.

Я әрпіне  жүргізілген ойында и + а =я; қоян, аяқ, таяқ т.с.с. құраған сөздерін қатесіз дәптерге жаздыртып, өздеріне тексерту, осындай сөздерге қатысты жұмбақ шешкізіп, тасымал тақырыбына байланысты бір буынды, екі буынды,  үш буынды сөздерді дұрыс жазуға, «Кім көп сөз тауып жазады?» ойынын жарыс түрінде жүргізген тиімді.Жазған сөздерінің сауаттылықтары тексеріледі. Бұндай ойын түрлері оқушыларды жылдамдыққа тәрбиелейді.

Ұлттық ою-өрнектерімізді көрсетіп, олардың аттарын ататып, дәптерлеріне қатесіз жаздырамын. Сонымен бірге туыстықты білдіретін немере, шөбере, аға, әпке, сіңлі, нағашы т.с.с. сөздерін жаздырып,  талдау жасатамын. Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз.Мақсатымыз оқушыларды  сауатты жазуға үйрету. Қазақ тілінен ғана сауатты жазумен шектелмей, сонымен бірге  ана тілінен бағдарламалық жаттаған мақал-мәтелдерді тақпақтарды жатқа жаздыртып, сауаттылығын тексеріп отырамын. Көбінесе жұмбақтар ұлттық дәстүрге, әдет-ғұрыпқа байланысты алынады.

Мысалы, Аттан биік.Қойдан аласа.(Ертоқым)

Бұралып қос құлағы, Күмбір қағып тұрады. (домбыра)

Жұмбақтарды  қызыға жаттау, оларды дұрыс жазып үйрену оқушының есінде ұзақ қалады, екіншіден, сауаттылыққа үйренеді,  әрі ойы дамытылады, дұрыс оқуға, дұрыс жазуға дағдыланады.Оқушылардың  дәптерін күнделікті  тексеріп баға қоюмен  шектелмей, қате жіберген сөзді  қатыстырып, сөйлем құратып, қатесін түзеткен-түзетпегендерін  байқап, ретіне қарай жаңа тапсырмалар беріп отыруы қажет.Әрі таза, көркем, сауатты жазуға дағдыландыру үшін  сыныпта дәптерлерді бір-біріне беру, көрсету, салыстыра отырып көрме ұйымдастыру да өз нәтижесін береді.

Әріптерді анық дұрыс жазуда үш мәселеге ден қойған дұрыс.

1.Әріптерді дұрыстап жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету.

2. Әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау.

3.Балаларды жазу жұмысына  өте ұқыпты, мұқият қарауға  жаттықтыру.

Тақтаға, дәптерге көбірек сөйлемдер жатғызу пайдалы. Себебі өздері жазған сөйлемнен кеткен қателерін өздері табады. Қате жіберген сөздің астынан сыздырып, талдау жүргіземін.

Күнделікті сабаққа оқушының  жазу сауаттылығына  үнемі ән берілсе, онда іс нәтижелі болатыны өз тәжірибемнен белгілі. Сауатты әрі каллиграфиялық  дұрыс жазуда  көрнектіліктің  алатын орны ерекше. Сондықтан әрбір сабақтың  тақырыбына сай әріп, сөз, сөйлем жазылған таблица, суретті карточка, сюжетті суреттер, дидакатикалық материалдардарды пайдалануға көңіл бөлемін.

Күнделікті сабақтың алдында жазылуы қиын сөздерді іліп қойып еске сақтауын қадағалаймын. Оқушылардың көбі текстегі жаңа ой басталатын жерде абзацтан бастап жазуды білмейді.

Бұл бас әріп, кіші әріп түрі мен жазба түрін білмеуінен болады.Әріптерді дыбыстағанда оны дұрыс айтып үйренбейді.Мысалы:кейде ұ әрпін ү, ы немесе і, о әрпін д, с-ны ш, ң-ды н деп айтады. Кейбір оқушылар  әріптің негізгі  формасын сақтамай  және оларды бір-біріне өте жақын не өте алшақ жазуынан қате жібереді. Сөйлем аяқтағанда тыныс белгілерін қоймай, келесі сөйлемді бас әріптен бастамай, жалқы есімдерді кіші әріппен жазып қояды. Қатенің бір түрі  сөз мағынасын түсінбей жазудан болады. Мысалы : «тастама» «кішкентай» сөзін киттей, «ештеңе» сөзін «іштеме» деп жазуы мүмкін сөздерді жазғанда  әріпті тастап кету, бірдей екі әріптің  біреуін қалдырып кетуі жиі кездеседі.

Басқа тілден енген термин сөздерді жазудан жиі қателеседі. Сауатты жазу үшін төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізіп отырамын.

  1. «Біріккен сөз» тақырыбын өткенде күнбағыс, итмұрын, асқабақ сияқты өсімдіктердің, аққу, бірқазан, көкқұтан сияқты құстардың суреттері бойынща ауызша сөйлем құратып, құраған сөйлемдердің суретін жауып қойып, жатқа жазғызып,біріккен сөздердің жазылуын меңгерулеріне аса көңіл бөлемін.

  2. Оқушыларды  сауатты жазуға үйретуде сөздік  жұмыс жүргізудің де маңызы зор. Мысалы: дана- данышпан, ақылды, біліімді т.с.с,ару-жарақ- мылтық, найза, қылыш т.с.с

  3. Мәнерлеп оқу-сауатты жазудың негізі. Дұрыс оқыған бала ғана дұрыс жаза алады.

  4. Оқушыларды  қатесіз дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу керек, немесе сөйлемде қалдырып немесе сөйлемде қалдырып кеткен сөздерді дұрыс тауып, оны орнына  қойып, үйлестіріп жазу, берілген сөздерден сөйлем құрап жазу, сұрақтарға толық жауап жазу сауаттылыққа көмегін  тигізіп отырады.

  5. Оқушыларды суатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың жаттығулар, сөйлемдер, мазмұндама, шығарма, диктанттардың  пайдасы зор.

  6. Диктанттың түрлері көп. Қатемен  жұмыс жүргізгенде ерекше талдау жүргізіледі. Қате жіберген сөйлемдерді қайтадан жазғызып,  астына сыздыру нәтижесін береді. Оқушыларды сауатты жазуға қалыптастыру үшн оларға кітапты көп оқу, қалай оқу,қалай пайдалану жөнінде айтып отырамын.Оқушыларды қатесіз, сауатты жазуға үйрету тәсілдері алуан түрлі. Өйткені әр баланың  ерекшелігіне байланысты қатесіз жазуға үйрету әдісі әр сабақта өзінше орын алады.

Қорыта айтқанда, сауатты болудың алғы шарты әріптерді үйретуден басталады.Әріп элементтерін дұрыс бір-бірінен ажыратып, жазу ережелерін сақтағанда ғана бала сауатты жаза алады. Әсем, қатесіз, мәнерлеп оқуға, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру – сауаттылыққа үйретеді. Оқушыларды сауаттылыққа үйрету – әр мұғалімгнің шығармашылық ізденісіне байланысты.

Қолданылған әдебиеттер.
1. Р. Ж. Базарбекова. Қазақ тілінен мәтін тақырыбын дамыта оқытуға арналған дидактикалық материалдар.
2. «Бастауыш мектеп» журналы. 2012. № 4
3. «Бастауыш сынып әдістемесі» журналы. 2011. № 5,6

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Бастауыш сынып оқушыларының сауатты жазуға үйрету"

Автор: Испулова Сауле Умирхановна

Дата: 06.06.2019

Номер свидетельства: 513661

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНЫ? ФУНКЦИОНАЛДЫ? САУАТТЫЛЫ?ЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(73) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-funktsionaldyk-sauattylyg-yn-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "255663"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447959848"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "Бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілдерін дамыту"
    ["seo_title"] => string(72) "bastauysh_synyp_ok_ushylarynyn_auyzsha_zh_nie_zhazbasha_tildierin_damytu"
    ["file_id"] => string(6) "380104"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1484580742"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) ""Тіл дамыту" атты 1-сынып?а арнал?ан курс ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(55) "til-damytu-atty-1-synypk-a-arnalg-an-kurs-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "164727"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1422692162"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(12) "Макала"
    ["seo_title"] => string(6) "makala"
    ["file_id"] => string(6) "292998"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455383174"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(12) "ма?ала "
    ["seo_title"] => string(7) "mak-ala"
    ["file_id"] => string(6) "172335"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423809298"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства