kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сыныптарда инновациялы? технологияларды пайдалану тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

УДК 574:37.015.3(045

Бастауыш сыныптарда инновациялы? технологияларды пайдалану тиімділігі

 Абатаева Оразгуль Нураддиновна

"Ы.Алтынсарин атында?ы орта мектебі" кмм

?арасай ауданы  Шамал?ан бекеті

[email protected]

Бастауыш білім – ?здіксіз білім беруді? баспалда?ы. Бастауыш саты - б?л о?ушы т?л?асы мен санасыны? ?ар?ынды дамитын ??нды, ?айталанбайтын кезе?і. Сонды?тан бастауыш мектеп - о?ушыны т?л?а етіп ?алыптастыруды? ал?аш?ы баспалда?ы.

            Елбасы ?аза?стан хал?ына жолдауында б?кіл д?ниеж?зі елдері арасында?ы алды??ы 50 мемлекетті? бірі болу ма?сатында: б?рі де мектептен басталады. Егемен елімізді? тірегі – білімді ?рпа?. Білім бастауы – бастауыш мектептен берілетіні ай?ын. Осыдан да бастауыш мектепте ?р т?рлі п?ндер то?ысып, о?ушы білімін дамытып, келбетін сомдау?а ?лес ?осатынын ескерген. М??алімні? негізгі ?стан?ан ма?саты - білімні? жа?а ?лгісін жасап, белгілі бір к?лемдегі білім мен білік да?дыларын ме?герту, о?у мен т?рбие ?рдісін ?йымдастыруды? сан т?рлі жа?а ?діс - т?сілдерін іздестіру, жа?а технологияларды саба??а тиімді пайдалана білуі, бір с?збен айт?анда - о?у ?рдісін дамыту.

Жа?а технологияны ж?зеге асыру, тиімділігіне ?арай пайдалану ?шін, ?р м??алім ?зіні? алдында отыр?ан о?ушыларыны? жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалы? ма?сат - м?ддесіне байланысты, ?зіні? шеберлігіне байланысты та?дап алады.  Жа?а технологияны ж?зеге асыруда м??алім белсенділігі, шы?армашылы? ізденісі, ?з маманды?ына деген с?йіспеншілігі, алдында?ы ш?кірттерін ба?алауы ерекше орын алады. Б?гінгі та?да жас ?рпа??а п?нді тиімді ??ындыруды? бірі - жа?а технология негіздері болып табылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныптарда инновациялы? технологияларды пайдалану тиімділігі»

УДК 574:37.015.3(045

Бастауыш сыныптарда инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі


Абатаева Оразгуль Нураддиновна

"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" кмм

Қарасай ауданы Шамалған бекеті

[email protected]

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Елбасы Қазақстан халқына жолдауында бүкіл дүниежүзі елдері арасындағы алдыңғы 50 мемлекеттің бірі болу мақсатында: бәрі де мектептен басталады. Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Білім бастауы – бастауыш мектептен берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосатынын ескерген. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту.

Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады.

Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық, педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. Технология сөзі / techne - өнер, шығармашылық, logos - ілім /

Педагогикалық технология терминінің анықтамаларын көптеген авторлар өз түсінігі мен өз санасында қалыптасқан көзқарастарын қалыптастырған. Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану ретімен жиынтық жүйесін білдіреді.

Инновациялық технология нәтижелері:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аламын.

4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аламын.

5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретемін.

6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігін арттырамын.

7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырамын.

8. Оқушы өзіне және өзгеге баға беруге машықтанады..

ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады.

Сондықтан сабақ барысын жаңаша ұйымдастыру қажет. Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Осы мақсатта 2 сыныпта қазақ тілі пәнінен өткізген сабақ үлгімді ұсынамын.


Қазақ тілі 2-сынып

Тақырыбы: Сан есім.


Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

I кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың III кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді.

«Көпір»

Тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

«Қызыл» сөзі қай сөз табына жатады?

Сын есім 2) зат есім 3) етістік

Неліктен?

Өйткені заттың сынын білдіреді.

Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Жауабы: 1) 3

2) 9

3) 4

«Бес» саны заттың несін білдіреді?

Ж. Заттың санын білдіреді.

II кезең(топтық жұмыс) жаңа сабақтытоптық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы: «Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?қандай?қалай? нені?қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек)

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін.

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін.


Бұл не?Өлең

Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді?

Жауабы: неше?сұрағына жауап береді.


Бұл сөздер заттың несін білдіреді?

Заттың санын білдіреді.

Сан есімнің екі түрі бар. Олар есептік және реттік сан есімдер.


Теориясы: «Талдау»

(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3.Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.)

Венн диаграммасын толтыр.

Сан есім

Сын есім


Айырмашылығы неде? Сын есім-заттың сынын,сапасын білдіреді. Сан есім заттың санын білдіреді. Ұқсастығы неде? Екеуі де сөз таптары.









Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына»жазған жауабына қойылады)

1.Ребусты шеш:

Шешуі: Елу

Шешуіндегі шыққан сөзден сөйлем құра.

2.Қай сөз табына жатады?

Жауабы: сан есім

Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады.


Практикасы: «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады)

Оқулықпен жұмыс 448- жаттығу.

Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Сан есімді тауып астын сыз.


Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын, бір шүмек.

Практикасы: «Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады)


Сен қалай ойлайсың?

100-ге дейінгі санда неше толық ондықтар бар?


Жауабы: Тоғыз


III кезең(кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

I деңгей(5 балл)

Теориясы: «Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?қандай?қалай? нені?қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек)

1.Мына сөздердің ішінен сан есімдерді тауып,астын сыз..

Дала, сана, үш, ұл,тоғыз , қыз,сегіз, сексен.

2.Сан есімдерді қалай таптың?

Ж.Сұрақ қою арқылы.

3.Сан есімдер қанша?, неше?, нешінші?–сұрақтарына жауап береді.

4.Нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді жаз.

Жауабы: үшінші, бесінші, сексенінші.

5.Неше?,Қанша? сұрақтарына жауап беретін сөздерді жаз.

Ж: Бес,екі. тоғыз, үш, алты

Практикасы: «Қолдану»

(II кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар)

Оқулықпен жұмыс451-жаттығу.Тірек сөздер бойынша"Серуенде"тақырыбына әңгіме құра және сөйлем ішіндегі сан есімдерді тап.

Тірек сөздер :оқушы,серуен, он екі, ұстап алды, құс, бір, қызық.

II деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен?себебі?не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)


1.Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұр?

Сызбамен көрсет

Он саусақ


Тоғыз аяқ


Сегіз белбеу


Бес тас

Теориясы: «Талдау»

(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3.Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.)

2.Бағандағы сөздерді салыстыр.

Үшінші

Бесінші


Үш

Бес







Ұқсастығы: Екеуі де сөз таптары

Айырмашылығы: 1. Есептік сан есім 2. Реттік сан есім


Практикасы: «Қолдану»

(II кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар)

Оқулықтағы 450 –жаттығу. Берілген сөздердің сан есім екенін дәлелде.

Бес, тоғыз, жетінші, отызыншы.

Бұл- сан есім , өйткені-----

III деңгей ( 9 балл + 3 балл = 12 балл)

Теориясы: «Жинақтау»

(Қорытынды шығаруға бағытталған: мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба, ребус шеш. Деген сөздер тапсырма шартында болуы керек)

Сөзжұмбақты шеш.

  1. Жанды сағат

Айқай салады.

  1. Сырты қызыл

Іші тәтті.

  1. Жерде туып көкте өледі.

  2. Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады.

  1. Жылт –жылт етеді

Жылғалардан өтеді.

  1. Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін.

  1. Өзі жап-жас мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар.


е

с

е

к



а

л

м

а


т

ү

т

і

н


ж

е

л

с

у



к

і

р

п

і


м

ы

с

ы

қ




. Шешуіндегі 2 -3 сөздерден сөйлем құрап жаз.

Практикасы: «Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады)

1.Сен қалай ойлайсың?


Оңынан оқысаң да-сол сан,

Солынан оқысаң да – сол сан.

Ол қандай екі таңбалы сан?


Жауабы : Қырық


2.Аптаның бесінші күні қалай аталады?

Жауабы: жұма–қасиетті күн.





Фамилиясы, аты – жөні: Абатаева Оразгуль Нураддиновна

Оқу орны: Қазақ Педагогикалық Мемлекеттік қыздар Институты

Жұмыс орны: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» кмм

Мекен жайы: Қонаева 2

Телефон, факс, E-mail: +77013743291, 872771 58-2-76 , [email protected]

Баяндама тақырыбы, секциясы: Бастауыш сыныптарда инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі. Аймақтық білім мекемелерінде инновациялық әдістер мен оқу формаларын пайдалануАвтордың конференцияға келу мүмкіндігі: Қашықтықтан қатысу





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Бастауыш сыныптарда инновациялы? технологияларды пайдалану тиімділігі

Автор: Абатаева Оразгуль Нураддиновна

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 274064

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Бастауыш сыныптарда  о?ытуды? иновациялы? технологияларын пайдалану ерекшеліктері."
    ["seo_title"] => string(86) "bastauyshsynyptardaokytudyninovatsiialyktiekhnologhiialarynpaidalanuieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "294206"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455619635"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "БАСТАУЫШ СЫНЫПТА О?ЫТУДЫ? ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ?ОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ "
    ["seo_title"] => string(73) "bastauysh-synypta-ok-ytudyn-zhan-a-tiekhnologiialaryn-k-oldanu-tiimdiligi"
    ["file_id"] => string(6) "159784"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421945578"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?дістемелік баяндама"
    ["seo_title"] => string(22) "distiemielik-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "250280"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447066390"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(177) "А?паратты?-коммуникациялы? технологияларды? м?мкіндіктерін м??алімдерді? іс-т?жірибелерін ?олдану"
    ["seo_title"] => string(112) "ak-parattyk-kommunikatsiialyk-tiekhnologhiialardyn-mumkindiktierin-mu-g-alimdierdin-is-t-zhiribielierin-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "286970"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454421031"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ?ОЛДАНУ"
    ["seo_title"] => string(65) "bastauysh-miektieptierdie-komp-iutierlik-tiekhnologiiany-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "287930"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454567343"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства