Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту. Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының рәміздері, қанатты сөздер, гүлдер. Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік Формасы: тәрбие сағаты Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бақанас мектеп - интернаты»
Мен өз Отанымның патриотымын
Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту. Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының рәміздері, қанатты сөздер, гүлдер. Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік Формасы: тәрбие сағаты Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын. Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. - Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен? - Қазақстан - Қазақстан жері қандай? - Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай. - Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр. - Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол. Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Міне, тәуелсіздігімізді ту етіп желбіреткелі 25 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ , әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.
- Тәуелсіз ел- қандай ел? (Оқушылардың жауабы тыңдалады)
- Сонымен, тәуелсіз ел- өз нышандары , жері, дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өз ел басқарушысы бар еркін ел. Ал әрбір азамат өз елінің негізгі нышан, белгілерін- рәміздерін жақсы білуі қажет. (Оқушылар рәміздер туралы білетіндерін айтып береді)
Балалар, біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады емес пе, олай болса еліміз қандай мемлекет болып саналады?
Көп ұлтты.
Иә, балалар, кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.
Еліміздің барлық жерінде қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар , татарлар, шешендер, өзбектер, ұйғырлар, дұнғандар және басқа да ұлт өкілдері тату-тәтті еңбек етуде.
- Балалар қане кім Отан туралы өлең шумақтарын айтып береді?
Отан - жерім, Отан - суым, Отан - қуат, нәр береді. Отан - ұран, Отан - туым, Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды, Гүл жайнаған жерімді. Сүйемін мен ата - анамды, Мені өсірген елімді.
Отан деген - Атамекен, Отан деген - туған жер. Отан - ана, Отан - пана, Қазақстан - туған ел.
Отанды жас - кәріміз де, Туған жер деп сүйеміз. Өйткені онда бәріміз де, Туып, өмір сүреміз.
Отаным - мәңгі қорғаным, Қалаймын бақыт қонғанын. Сүйемін және сондықтан, Өзенін, көлін, орманын.
Біз жас ұлан - Отан ана өркені Үміт артқан болашағы, ертеңі. Туған елдің даңқын көкке өрлетіп, Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Қыран құсым көк аспанда самғасын, Желбіресін көк байрағың сан ғасыр! Жас ұландар, берік ұста туыңды, Жарқыратып туған елдің таңбасын.
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1. Туған жер - тұғырың Туған ел - қыдырың.
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Туған жер – алтын бесік.
4. Туған жердің топырағы да ыстық.
5. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!
6. Отан – оттан да ыстық.
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. Қазақстан - Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Қорытынды: Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз! Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!