kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама :Бастауыш сынып оқушыларының оқу машығын қалыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсарту мұғалімдерге жүктелген. Мұның өзі оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіруді, сабақ сапасын көтеруді талап етеді.Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердің алдында үлкен міндет тұр. Ол заман талабына сай,рухани дүниеге бай,жас жеткіншектерді тәрбиелеп шығару. Бала  өмірінде бастауыш сынып мұғалімінің алатын орны зор. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас ұланға білім беретін,оның ой-қиялын дамытатын рухани дүниесін нұрландыратын бастауыш сынып мұғалімі.кішкентай шәкірттер өзінің "Ана мектебінің" яғни отбасы мектебінен алғанын енді мектепте өзінің ұстазы арқылы әрі қарай дамытады. Сөйтіп,олар мұғалімнің көмегімен оқудың,жазудың,ойланудың дағдыларын қалыптастырады.Осы жұмыстарды жүзеге асуын қамтамасыз ететін пән "Сауат ашу " пәні болып табылады. "Сауат ашу" пәні бастауыш білім беру процесінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы.Пәннің негізіг мақсаты-оқушының жазу мен оқу дағдыларын қалыптастыру.Оқуға үйретуде -сөзге дыбыстық,әріптік талдау жасау.дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу,әртүрлі сөздерді оқу мәнерлеп оқу шаптаң оқуға дағдыландыру.

Оқу машығын қалыптастыруда жетістікке жету жолдары.Дұрыс оқу жеке тұлғаның ең басты қажеттілігі. Бір жағынан оқу құралы болса бір жағынан оқыту құралы Кітап оқу арқылы ғана бала көптеген қызықты мәліметтер ала алады. Оқу машығын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Сондықтан осы кезеңде баланың дұрыс оқуын ғылыми танымдық ж/е мәдени мәтіндерді дұрыс оқуға үйрету.Тіпті осы бастауыш сыныпта оқу техникасын жетілдіріп жіберуіміз керек.Жылдам оқу дегеніміз минутына 300-400 сөз оқу.Бірақ бұған қол жеткізудің қажеті жоқ.Бізге керегі түсініп,дұрыс оқу. Ал дұрыс оқу деген адамның сөйлеу кезіндегі дұрыс сөйлеуі,яғни 100-150 сөзді бір минутта оқу.Егер оқушы минутына 50 сөзбен 4 сыныпты бітірсе, 7 сыныпта 8 бетті шығарманы  ал ол (6500 сөзден тұрады)130 минутта қиды екен. Қалып қойған жалғауларды тауып оқу. Мысалы жақсы қыз жағадағы құндыз.Жақсы жі. жағадағы жұл.Ұйқасын тап 

Ыр-ыр-ыр ырылдайды (қасқыр)

мір-мір-мір қап-қара көмір.

Сөйлемді кері оқу. Торша арқылы оқу Дәптер бетіне торша қойылады. Осы кезде кейбір сөздер мен әріптер көрінбей қалады. 5 минут торша арқылы оқу керек. 

Көркем шығарманы ерекше дауыс ырғағына екпініне қарай мәнерлеп оқу негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттірдің,көңіл-күйін дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тізбекетрін даралай оқу қажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама :Бастауыш сынып оқушыларының оқу машығын қалыптастыру»

Баяндама Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының оқу машығын қалыптастыру». Орындаған: Хусман Орикжан Бастауыш сынып мұғалімі Березовка жалпы орта білім беру мектебі 2016 оқу жылы Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсарту мұғалімдерге жүктелген. Мұның өзі оқытудың тиімді әдістерін іздестіруді, сабақ сапасын жаңа деңгейге көтеруді талап етеді. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердің алдында үлкен міндеттер тұр. Ол заман талабына сай, рухани дүниеге бай жас жеткіншектерді тәрбиелеп шығару. Бала өмірінде бастауыш сынып мұғалімінің алатын орны зор. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас ұланға білім беретін, оның ой – қиялын дамытатын, рухани дүниесін нұрландыратын бастауыш сынып мұғалімі. Кішкентай шәкірттер өзінің «Ана мектебінен» яғни отбасы мектебінен алғанын енді мектепте өзінің ұстазы арқылы әрі қарай дамытады. Сөйтіп, олар мұғалімнің көмегімен оқудың, жазудың ойланудың дағдыларын қалыптастырады. Осы жұмыстардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін пән «Сауат ашу» пәні болып табылады.
«Сауат ашу» пәні - бастауыш білім беру процесінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Пәннің негізгі мақсаты - оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту болып табылады. Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту жұмыстары әліппе кезеңінің негізгі міндеттеріне жатады. Оқуға үйретуде: сөзге дыбыстық – әріптік талдау жасау, дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу, әртүрлі буынды сөздерді оқу, қысқа сөйлемдерді, шағын мәтіндерді оқу, әртүрлі дауыс ырғағындағы сөйлемдерді, байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы түсіп, мәнерлеп, шапшаң оқу секілді жұмыстар жүргізіледі.
Бастауыш сынып оқу сабағында оқушының дағдысын қалыптастыру негізінде оқығанды қабылдау түсіну мүмкіндігін арттыру мақсатында көзделеді. Оқу - жазудың бірінші кезеңінде балаларды жай оқыту керек. Бірақ балалар өте жай оқыса, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді өзара байланыстыра алмай ақырында мәтінің мазмұнына түсінбей қалуы мүмкін. Сондықтан балалардың оқу шапшаңдығын арттыра түсуіміз керек. Есте сақтайтын бір нәрсе оқу шапшаңдығымен сөздерді таза қатесіз, әрі түсініп оқу қатар дамуы керек. Баланың түсінуі арта түссе, ол өзінен өзі шапшаң оқи бастайды. Оқушы берілген тапсырманы асықпай, орындап ұқыпты үйренуге жөн. Оқу процесінде де солай. Асығыс оқыған бала үнемі қате жібереді. Сауатты оқу - дағдысын қалыптастыру үшін оқушыны оқуға ынталандыру керек. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға ынталандыратын шығарманың бір түрі - ертегі. Ертегінің мәтіндері өте қолайлы, әрі қайыра оқытуға ыңғайлы. Өйткені ертегілерде бір – біріне ұқсас қайталанып отыратын тұстары кездеседі. Оқушыны түсініп оқуға төселдіріп оқуға олармен шығарманы оқымас бұрын дайындық әңгіме жүргізу. Балар үшін белгісіз, таныс өмірден жазылға әңгімені оқығанда балалар нақты ешнәрсені көзге елестете алмайды. Сондықтан мұндай жағдайда алдын ала әңгіме жүргізудің орны ерекше деп есептеймін.
Сонымен оқушы дұрыс түсініп, әрі мәнерлеп оқыған сайын оқытудың мәні арта түспек. Мәнерлеп оқу бұл оқытудың әсіресе бастауыш сыныптар үшін мәні зор. Мәнерлеп оқыған оқушы оқуды жете меңгергендігін көрсетеді. Оқытудың шыңы оқушылардың мәнерлеп түсініп, сауатты оқуға үйрету деп білемін.

Оқу машығын қалыптастыруда жетістікке жету жолдары. Дұрыс оқу - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты қажеттілігі. Бір жағынан оқу құралы болса, бір жағынан оқытудың басты құралы. Кітап оқу арқылы ғана бала көп деген қызықты мәліметтерді ала алады. Оқу машығын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Сондықтан осы кезеңде баланың дұрыс оқуын, ғылыми танымдық және мәдени мәтіндерді оқып түсінуге үйрету маңызды. Тіпті осы бастауыш сыныпта оқу техникасын жетілдіріп жіберуіміз керек. Жылдам оқу дегеніміз минутына 300 - 400 сөз оқу. Бірақ бұған қол жеткізудің қажеті жоқ.. Бізге керегі түсініп дұрыс оқу. Ал дұрыс оқу дегеніміз адамың сөйлеген кездегі жылдамдығы, яғни 120 - 150 сөзді 1минутта оқу. Егер оқушы минутына 50 сөз оқумен 4 - сыныпты бітірсе, 7 - сыныпта 8 бетті шығарманы ( ал ол 6500 сөзден тұрады ) 130 минутта оқиды екен. Ал түсіну үшін 2 рет оқыса, жобамен 4 сағат керек. Мектептегі 6 сағат, басқа да жазбазаша үй тапсырмалары бар, 10 сағаттан артық уақыт керек. Сонда бұл бала ештеңеге үлгермейді. Бір сөзбен айтқанда үлермеуші атанады. Сондықтан, жақсы оқушы атандыру үшін, оқу техникасын жетілдіру керек, яғни, оқу керек. Ол үшін не істеуге болады? Бірінші, дұрыс оқи алмаудың себептерін анықтау. Оның себептері: Қызметтің табиғи баяулығы (оқығанын қайталап оқу); (алдын - ала болжау), (сөйлеу апараттарының дұрыс жұмыс істемеуі) Дұрыс тыныс алмау,Көру ауқымының аздығы,Назар аударудың жетіспеушілігі, Есте сақтау қабілетінің нашарлығы. Осы себептерді анықтағаннан кейін, жүргізілетін жұмыстарға тоқталайық:
Қызметтің табиғи баяулығы жай қимылдайтын, үлгірмейтін, тез шаршап қалатын балалардан көруге болады. Бұл жағдайда балардың еш кінәсі жоқ. Яғни, арнайы жаттығулар жүргізу арқылы оқу жылдамдығын арттыруға болады. Оған мынадай жаттығуларды жүргізуге болады. Мысалы. Су-сулы-сусыз-сулық, Ек-егін-егіншіегіндік. 4.Қиынсөздердіалдын-алабуындапоқыпалу. 5.Әр-түрлі шрифтідегі сөздерді оқу. (алдын-ала болжау) Байқасаңыздар кейде не оқитыныңызды алдын - ала біліп отырасыз. Осы болжаудың жоқтығы да оқу жылдамдығын төмендетеді. Болжауды жетілдіру жаттығулары:Қалып қойған жалғауларды орнына қойып оқу. Мысалы: Жақсы қыз жағада...құндыз Жақсы жі... аспандағы жұл...
Ұйқасын тап Мысалы: Ыр - ыр - ыр - ырылдайды (қасқыр)
Мір - мір - мір - қап - қара (көмір)
Көрінбейтін сөздер Мысалы: Сыртым жасыл, ішім қызыл. Қ - - - - -
Қорбаңдап жүремін, балды жақсы көремін. А -
Сөйлемді кері оқу. Жазылған сөйлемді кері оқу
Торша арқылы оқу. Мәтін бетіне торша қойылады, сол кезде кейбір сөздер, буындар көрінбей қалады соны тауып оқу керек. 5 минут торша арқылы оқу керек, 2 - 3 минут торшаны алып тастап оқу керек.
Мәтінді арасындағы сөздерді тастап кетіп оқу. Мысалы: Әміре күшігімен....... алдында.жүрді.
Атының өзі оқу жылдамдығының неліктен төмендейтінін айтып тұр. Сөйлеу аппараттарының дұрыс жұмыс істемеуі, дыбыстарды дұрыс айта алмауы әсер етеді. балалардың артикуляциясын дұрыстайтын жаттығулар: Дауысты, дауыссыз дыбыстардың артикуляциясы. Бұл жаттығулар сөйлеу аппараттарының жұмысын жақсартады .ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары

Оқыту арқылы тіл дамыту да өз бетінше жұмыстың маңызы зор. Бастауыш сыныптарда ана тілі пәні – балалардың негізгі құралы. Оқуға үйрету саут ашу кезеңінен басталады. Бұл кезде оқушылар әрбір дыбыстың ерекшеліктерімен танысу барысында дыбыстан буын, сөз құрап, оны дауыстап дұрыс оқуға жаттығады. Буын, сөз құрайтын дауысты дыбыстардың қасиетіне ерекше көңіл бөлінеді. Жеке оқушылардын дыбыс, буын сөз, сөйлемдерді саналы дұрыс, анық, дауыстап оқуы талап етіледі. Сондай-ақ мәтінді оқу кезінде сөз мәніне, мағынасына назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты түсіну, сол арқылы мәтін мағынасын түсініп, айтып беруге үйрену, сөйтіп түсініктерін біртіндеп күрделену бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты көзделеді.

Оқуға үйретуге қойылатын негізгі талап – дауыстап, мәнерлеп және іштен оқуды меңгерту. Оқушылардың өздігінен оқуына берілетін тапсырмсалардың көлемі мен мазмұны біртіндеп күрделене түседі. Оқуға үйретудің сапалы болуы оқу сабағын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Ол үшін оқушыларды оқулықпен, оқулықтағы жеке мәтінмен жұмыс жасауға үйрету қажет. Оқытудағы үйретудің әдіс-тәсілін шығарма жанрларына қарай, яғни көркем шығармалар ғылыми көпшілік мақалалар, ертегілер, мысалдар, өлеңдер ойластырған жөн.

Көркем шығармаларды ерекше дауыс ырғағына, екпініне қарай мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тізбектерін даралай оқу қажет.

Кейбір түсінікті, жеңіл мәтінді сыныпта да, үйде де өз бетінше оқи беру балаларды жалықтырады. Сондықтан сыныптағы озық және үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс түрін әр сабақ сайын жоспарлап отырған жөн.

Бастауыш сыныптарда оқу сабағын жүргізгенде мыналарды ескеру қажет:

1.  Бастауыш сынып оқушыларының оқу машығын жетілдіруді оқушының дұрыс және мәнерлеп, тездетіп оқуын қамтамасыз ету. Онсыз оқушының мәтінді толық түсінуі де қиын болады. Сондықтан сабақта қолданылатын әдіс, тәсіл оқудың техникасын жетілдірумен бірге баланың кітапқа, оны оқуға деген ынтасын арттыратындай, бір мәтінді бірнеше рет өз бетінше жалықпай оқуға жағдай жасайтындай болуы керек.

2.  Төменгі сынып оқушыларының әсіресе абстрактылы ойлауы жеткіліксіздеу болғандықтан,оқу сабағында оқушының білімін толықтыра отырып,оның ойлануы, қызығушылығы, бір затты екіншісімен таныстыру, салыстыру, бірін екіншісіне қарама-қарсы қойып, салыстыра отырып байқампаздығын тануға баулитын әдіс, тәсілдің сабақта көбірек қолданылуы қажет.

3.  Бастауыш сынып оқушыларының көркем әдеби шығарманы түсінуге керекті мәселені – образды түрде ойлануға күші жетіңкіремейтінін ескеріп, оқушының шығармашылық қиялын ұштарлықтай тәсілдер көбірек қолдану қажет. Затты не оқиғаны өзі көріп, нақты елестете алатындай жағдай жасап отыру керек. Оқу негізінен мынадай түрлерге бөлінеді:

Өз бетінше дұрыс оқу

Балалар өз бетінше сыныптың екінші жартысында және үшінші сыныпта бірнеше сөз тіркестерін тұтас сөз тіркестерін, фразалық тіркестерді оқи алатын болады. Бірақ оқу үстінде интонациялық қате жіберу немесе мағынасына сүйеніп сөз тіркестерін қысқартып, жобалап оқу көп кездеседі. Бұның себебі, үшінші сыныпта қойылатын міндет пен талап сөзді тұтас оқу болғандықтан, тұтас оқуға тырысу әрекетінің күшті болуынан, яғни оқуға деген ынта бар да машықтың әлі қалыптаспағандығынан  белгілі бір фразаны, тіркестерді оқи білу машығы әлі жетілмегендігінен. Осы себептер әлі жетіле қоймаған оқушының оқуды дұрыс оқыды ма дегенді тексеріп отыруға міндеттейді.

Бір буынды не бір сөзді оқушының неліктен қайталап оқитынын ілгеріде айттық. Сондықтан оқушының қайталауын мұғалім қадағалап ескерту жасап отыру керек. Мұғалімнен үнемі, үздіксіз ескерту естіген оқушы енді оны қайталмайды.

Өз бетінше мәнерлеп оқу

Бастауыш сырып оқушыларының дұрыс өз бетінше оқуын жетілдіруде қойылатын бағдарламалық талаптың бірі оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету болып табылады.

Мәнерлеп оқу – қандай мәтінді болмасын дұрыс оқып, сөздерді бұзбай, қалдырмай, сөз аяғын жұтып қоймай, әрбір сөзді, ондағы дыбыстарды анық етіп оқу.

Көркем шығарманың негізгі ой тірегін анықтап алмай, оқығандағы мақсат айқын болмайынша бірде бір жолды мәнерлеп оқу мүмкін емес.

Оқушыны мәнерлеп оқуға үйретпейінше оны мәдениетті сөйлеуге үйретеміз деп айта алмаймыз. Ал мәдениетті сөйлеу дегеніміз-сөйлеудегі,жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, болып табылады. Осыларды үйрету негізгі бастауыш мектептен басталады және қаланады.

Оқушы мектеп есігін ашқаннан бастап-ақ оқыған сөзінің мағынасын түсінуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сол жұмыс түрлері мәнерлеп оқуға жол ашып отырады. Мұғалім жеке сөзді, сөйлемдерді оқу кезінде оқушылардың тек оқып шықаннына қанағаттанбай, оның мағынасын ашуға арналған жұмыстар жүргізіледі. Яғни оқушы оқып тұрған сөзін, сөйлемін өзі түсініп тұр ма, соны анықтап, егер оқушы түсінбесе, мұғалім қосымша түсіндіреді. Осыдан кейін мұғалім оқушының берілген сөзді не мәтінді үстірт оқымай дауыс ырғағымен оқуын қадағалап отырады. Қазақ алфавитіндегі әріптердің дұрыс, анық аталуына оқушыны жатықтыру үшін баланың ауыз қуысындағы тіл, ерін, тіс, жақтарына жаттықтыру өз бетінше жұмысын жүргізген дұрыс. Осы талаптарды орындауға және артикуляциялық, жаттығулырды жүргізуге төмендегідей кестелерді пайдалануға болады.

Шапшаң оқу

Шапшаң оқуға үйретудегі мақсат – баланың өзі оқыған сөйлемін, мәтінін толық түсінуі және сонда қолданылған сөздердің мағынасын меңгеруіне қол жеткізу. Мұны орындау үшін оқытушы баланың әрбір сөзді дұрыс анық оқуын үнемі қадағалап отыруы шарт. Әрбір сөзді дұрыс анық етіп оқыған бала сөзді түсінеді, демек шапшаң оқудың алғы шарты орындалады. Осыдан шапшаң оқудың дұрыс оқумен, түсініп оқумен өте тығыз байланыстылығы көрініп тұрады. Оның үстіне сөзді дұрыс және түсініп оқу үшін мәтінді белгілі бір қарқынмен оқу қажет. Олай етпеген жағдайда мәтінді оқушы да, оны тыңдаушы да  ештеңе түсінбейді.

Бастауыш мектеп мұғалімі шапшаң оқуды барлық сабақтарда жүзеге асырып отырады. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында ол ең әуелі дауыстан әрі ырғағына келтіре оқуға баса назар  аударуға тиіс.  Содан соң балалардың денсаулығын сақтау мақсатында көзбен кітаптың ара қашықтығын белгілі мөлшерде ұстауға көңіл бөледі және қандай ырғақпен, қай жылдамдықта оқу керектігін өзі мәтінді оқып көрсетеді. Шапшаң оқуға оқушыларды күнбе-күн өз бетінше оқыту арқылы ғана дағдыландырамыз дедік. Ал мұның өзі оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуімен де тығыз байланысты. Сөйлеу мүшелерінің жетілуін, дами түсуін арттыру үшін айтылуы қиындау және қиын жұмбақтар мен жаңылтпаштар оқытудың және оларды ойын түрінде қайта-қайта айтқызудың пайдасы аса зор. Бастауыш мектепте шапшаң оқу өз нәтижесін дауыстап оқу жылдамдығын минутына 58-72 сөз, түсініп оқу жылдамдығы минутына 90-95 сөз болғанда, әрі оқу кітабынан 8-10 өлең және шығарма үлгілерін жаттатқанда берері сөзсіз.

Сыныптан тыс оқу

Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы-сыныптан тыс оқу. Сыныптан тыс оқу арқылы бала өзін қоршаған ортада қандай-қандай оқиғалар болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Шығармалардағы кейіпкерлер іс-әректіне еліктейді, солардан үлгі өнеге алады, дүние танымы кеңейе түседі. Осыдан бастап сыныптан тыс оқудың мақсаты да айқындала түседі. Ол балаларды өз бетінше кітап оқуға үйретіп, соған деген құштарлығын арттыру оқу-жазуға үйретуді жетілдіре түсу. Олай болса сыныптан тыс оқу жұмысын неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тиімді де жемісті болмақ. Басқаша айтқанда бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап сыныпиан тыс жұмыстары жүргізілуі тиіс. Себебі, сауат ашудың алғашқы кезінде балалардың тілін, ақыл-ойын дамыту жұмыстары түрлі-түсті суреттерді, суретті кітаптарды көрсету, мәнерлеп, дауыстап оқып беру арқылы жүргізіледі.

Сондай ақ сыныптан тыс оқу шәкірттердің өз беттерінше оқу дағдыларын қалыптастырады және арттырады. “Әліппе” және “Ана тілі” оқулықтарында берілген бағдарламалық көркем шығармалардың идеялық мазмұны көркемдік ерекшеліктерін түсінулеріне аса зор пайдасын тигізеді. Балаларды өздері оқыған шығармаларына, олардағы кейіпкерлер іс-әректіне өзінше баға беруге жетелейді.

Міне сондықтан да кітаптың атқарар қызметі орасан зор. Басқаша сөзбен айтқанда кітап-екінші ұстаз. Кітап оқу арқылы бала бүкіл әлеммен, онда жасаушы адамдармен, олардың сан алуан қиялымен және армандарымен, мінез құлқы, жан сырымен танысады. Солардан тағылым алады. Олай болса мұғалім барлық мүмкіншіліктерін, айла – тәсілдерін пайдалана отырып баланы кітап оқуға қызықтыруға міндетті.

Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы басыт да өзекті үрдіс – сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланысты, яғни соның жалғасы сияқты болуы керек. Бұл байланыстылықты өзара жымдастыра жүргізу мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне, қабілетіне қарай әр түрлі дәрежеде жүргізіледі. Осыдан барып әр мұғалім сыныбы әр қилы дәрежелі білім деңгейін меңгеретіндігі шығады.

Қашанда ізденгіш балаларды жанымен жақсы көретін өзінің ұстаздық парызына адал оқытушылардың шәкірттері ұқыпты да тәртіпті білімді болады.

Дәл осы арада сыныптан тыс жұмысты тек қана былай жүргіз, олай жүргізбе деп айтудың, нұсқау берудің қажеті жоқ. Себебі, жоғарыда айтқандай әр мұғалімнің ұяты мен шеберлігі біледі. Дегенмен сыныптан тыс оқылатын кітаптың жоспарлы оқу материалдарына сәйкестенуі, соны кеңейте түсуі ескерілген жөн.

Кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру

Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың тіл дамыту үшін пайдасы аса зор. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім:

1. Балалардың дұрыс айтқандарын мадақтап, қателерін түзетумен қатар олардың назарын сол кітаптың мұқабасына, ішіндегі суреттеріне назар аударып отырады;

2. Көрнекті құралдары, сþжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың суреттерін қолданады;

3.  Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады;

4. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс. Сондай – ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл-кеңес беріп отыруы керек.

Қорыта айтқанда тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да оқушыға білім беру, іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарына бағынуы тиіс. Ана тілі сабағы арқылы тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатыны өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруы болып табылады. Бастауыш мектепте ана тілін оқу сабағы арқылы және жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш, шығармашыл, проблеммаларды шеше алады, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін есейген, талғамы зор, білім мен тәлім-тәрбие бастамасын жүзеге асыруды өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастырудың нәтижесінен байқауға болады. Өздігінен ана тілді оқу барысында оқу материалының жүйелі түрде менгерту, граматикалық схеманы шешу, іздену, салыстыру, зерттеу, әртүрлі шығармашылық жұмыстарды өз бетінше жұмыс орындау барысында менгереді.  

2. Көрнекті құралдары, сюжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың суреттерін қолданады;

3.  Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады;

4. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс. Сондай – ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл-кеңес беріп отыруы керек.

Қорыта айтқанда тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да оқушыға білім беру, іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарына бағынуы тиіс. Ана тілі сабағы арқылы тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатыны өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруы болып табылады. Бастауыш мектепте ана тілін оқу сабағы арқылы және жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш, шығармашыл, проблеммаларды шеше алады, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін есейген, талғамы зор, білім мен тәлім-тәрбие бастамасын жүзеге асыруды өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастырудың нәтижесінен байқауға болады. Өздігінен ана тілді оқу барысында оқу материалының жүйелі түрде менгерту, граматикалық схеманы шешу, іздену, салыстыру, зерттеу, әртүрлі шығармашылық жұмыстарды өз бетінше жұмыс орындау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама :Бастауыш сынып оқушыларының оқу машығын қалыптастыру

Автор: Хусман Орикжан

Дата: 10.11.2016

Номер свидетельства: 357465

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) ""Бастауыш сынып о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыру жолдары" атты баяндама"
    ["seo_title"] => string(86) "bastauyshsynypokushylarynynfunktsionaldyksauattylygynkalyptastyruzholdaryattybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "278301"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453051896"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Баяндама "БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭКОЛОГИЯЛЫ? БІЛІМ МЕН Т?РБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ "
    ["seo_title"] => string(77) "baiandama-bastauysh-synyptarda-ekologiialyk-bilim-mien-t-rbiie-bieru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "149100"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1419950407"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Баяндама "О?ушыларды? о?у жылдамды?ын арттыру жолдары""
    ["seo_title"] => string(51) "baiandamaokushylardynokuzhyldamdygynarttyruzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "283256"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453809211"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Баяндама  "Балаба?шамен  бастауыш мектепті? саба?таcты?ы" "
    ["seo_title"] => string(62) "baiandama-balabak-shamien-bastauysh-miektieptin-sabak-tactyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "111412"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1407452348"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства