1. Шөлді жерді мекендейтін жануар а) қасқыр в) арқар с) кесіртке 2. Дала өсімдігін ата. а) селеу в) жусан с) қарағай 3. Улы өсімдікті белгіле. а) боз в) бетеге с) сарғалдақ 4. Қайсысы артық? а) шалғынды, орманды в) дала, шөл с) қала, ауыл 5. Күріш қай облыста өсіріледі? а) Батыс Қазақстан облысы в) Қызылорда облысы с) Талдықорған облысы
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ " Шалғын өсімдіктері мен жануарлары"»
Шалғын өсімдіктері мен жануарлары
(4- сынып)
Дүниетану
Ақмола облысы. Есіл ауданы
«Московский орта мектебі» ММ
бастауыш сынып мұғалімі
Далел К.
Мақсаттары:оқушылардың өсімдіктер мен жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, өсімдіктер мен жануарлар табиғаттың бір бөлігі екенін оқушы санасына жеткізу.
Күтілетін нәтиже: шалғында әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар тіршілік ететіндігін түсінеді.
Әдісі: талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: оқулық, тақырыпқа байланысты суреттер,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты қайталау.
Қызығушылықты ояту.
-Ал, балалар мына суреттерге назар аударыңдар. Қандай жануарлар?
- Айтқандарың дұрыс, жарайсыңдар! Балалар ендеше жер шарында мыңдаған тірі организмдер адам пайда болғанға дейін жойылып кеткен екен.
Оқушылар бізге құпия толы аралдан неше түрлі суреттер келіпті. Осы суреттер арасынан қоршаған ортаға тез бейімделіп кететін жануарларды ажыратуымыз керек.
Тапсырманы орындау уақыты үш минут, тез ажыратып аттарын атауларың керек.
Өсімдіктер мен жануарларға
байланысты жұмбақтар шешу.
Өзі ширақ, өзі қу
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)
Жеміс- жидек жегенім,
Балды жақсы көремін (аю)
Асты тас, үсті тас
Ортасында жанды бас (тасбақа)
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қоршаған ортамызда көптеген өсімдіктер мен жануарлар бар. Солардың бірі шалғын өсімдіктері мен жануарлары. Шалғында өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді. Ал, шалғын- шөптесін өсімдіктер өсетін жер. Көкте мезгілі келгенде шалғын қызылды- жасылды гүлдерге оранады. Мысалы: түймедақ, әсемгүл, жарықгүл т.б. сонымен қатар шалғында жануарларда мекендейді. Олар тышқан, ара, шегіртке, қоян, құрт, көртышқан т.б.
- Ал, балалар мына сұрақтарға тоқтала кетейік.
- Шалғын деген не?
- Ондағы өсімдіктер мен жануарларды ата?
- Шалғынды адамдар қалай пайдаланады?
Сұрақтарға жауап беретін сызбалар жасайды. өз пікірлерін постерге түсіреді.
Балалардың пікірлерінен осындай сызба жасалады.
Шалғын?
-Жарайсыңдар балалар. Біздің кең байтақ өлкемізді көптеген жануарлар мекендейді.
Қане, балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазайық.
Сергіту сәті: «Ормандағы аюдың»
Оқулықпен жұмыс
Жарайсыңдар, сәл демалып алдық ,енді кітаппен жұмыс жасауға дайынбыз. Оқулықтарыңның 62-64 бетті ашамыз, берілген мәтінмен жұмыс жасаймыз.Әрбір оқушы мәтінді түсініп оқып шығады. Осы тақырыпқа байланысты тест жұмысы жүргізіледі.
3. Тестпен жұмыс
1. Шөлді жерді мекендейтін жануар а) қасқыр в) арқар с) кесіртке 2. Дала өсімдігін ата. а) селеу в) жусан с) қарағай 3. Улы өсімдікті белгіле. а) боз в) бетеге с) сарғалдақ 4. Қайсысы артық? а) шалғынды, орманды в) дала, шөл с) қала, ауыл 5. Күріш қай облыста өсіріледі? а) Батыс Қазақстан облысы в) Қызылорда облысы с) Талдықорған облысы
4. Суреттермен жұмыс: шалғын өсімдіктері мен жануарларының суреттерін оқушылар қарап шығады. Сол суреттер бойынша қысқаша әңгіме құрастырады. (апуызша)
- Балалар, бұрын шалғында өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етсе. Қазір шалғынды адамдар да пайдаланады екен. Онда өсетін өсімдіктер малдарға өте пайдалы әрі құнарлы деп есептеген.
ІҮ. Білімді бекіту:
Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
Ү. Кері байланыс: «Екі жұлдыз» бүгінгі тақырыптың ұнаған тұстарын стикерге жазып жапсырады. «Бір тілек» ұсыныс- тілектерін жазады.
ҮІ. Үйге тапсырма: тақырыпқа байланысты қосымша ақпарат жинау.