Просмотр содержимого документа
«Жануарлардың тіршілік мекені»
С абақтың тақырыбы: «Жануарлардың тіршілік ортасы.Мекен ортасына бейімділігі»
Жануарлар алуан түрлі ортадатіршілік етеді:ҚұрлықтаСуда Топырақта
Құрлықта-ауада-суда
Паразиттер Киім биті Бас биті Жануарлар бүргесі Ішек құрты
Тіршілік ортасын ата
Ойлан,тап!
Жануарлар
атауы
Мекен ету ортасы
Мәтінді оқы
Бұл құстар – құстардың арасында ұшу жылдамдығына қарап чемпион атанған.Орташа ұшу жылдамдығы– 120 км/сағ. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ,су іше береді.Ұшып жүріп жемін аулап жейді.Көктемде бұл құстар кеш ұшып келеді. Олардың ұшып келуі тұрақты жылылықты білдіреді.
Дене бітімі –үлкен емес. Тұмсықтары қысқа,жалпақ. Қанаттары –ұзын,үшкір келген. Әуеде 19 сағатқа дейін қалықтап ұша алады. Тәулігіне 4000-ға жуық жәндіктерді аулап жейді. Аяқтары өте кішкентай ,жүруге бейімделмемеген.
-Бұл қай құс?
Мәтінді оқыңдар
Аңдардың ішіндегі ең жүйрік аң. Жылдамдығын 110км/сағ дейін арттыра алады.Бірақ тез шаршап қалады.Егер 1минуттың ішінде жемтігін қуып жете алмаса қуалауын дереу тоқтатады. Ағаш басына, жартастарға тез өрмелеп шығады
Бұл қандай жануар?
Мәтінді оқы
Олар ескек аяқтарымен суда өте жеңіл әрі жылдам (сағатына 50километрге дейін) жүзеді. Жалғыз танау тесігі төбесінен ашылады, сол арқылы олар оқтын-оқтын су бетіне көтеріліп, ауамен тыныс алады. Бұлардың дене пішіні жұмыр, ұзындығы 1-10 метр.
-Бұл қай жануар?
Мәтінді оқы
Қазақстанда 1 түрі : тек Алтайда кездесетін түрі бар. Алдыңғы аяқтары қазуға бейім, қысқа, алақаны жалпақ және сыртқа қараған, күрек тәрізді тырнақтары ірі, жалпақ болады.. Жер астында тіршілік етіп, көбіне шұбалшынмен, кейде жәндіктермен, олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Терісі бағалы кәсіптік аң. Зиянды жәндіктерді жойып, пайда да келтіреді. Жерді қазу әрекеттері, топырақтың ылғалданып желденуін жаксартады. Көздері кішкентай кейде тері астында калады,көру қабілеті өте нашар ,иіс сезу қабілеті өте жақсы дамыған.
Бұл қандай жануар?
КЕСТЕ
Жануарлар
атауы
Мекен ету ортасы
Сұр қарлығаш
Ауада,құрлықта
Қабылан
Құрлықта
Дельфин
Теңізде
Көртышқан
Топырақта
Сұр қарлығаш Дельфин Көртышқан Қабылан
Тіршілік ортасына байланысты не артық? Жануарлар атауын қазақ тіліне аудар
1.
2.
«Жалған» ба ,әлде «Ақиқат» па? «+» немесе «-»таңбасын қой
Жануарлардың тіршілік ортасының 2 түрі бар.
2. Адам және жануарлар ағзасына орнығып,түрлі аурулар туғызатын тіршілік иелері бар.
3.Көртышқанның Қазақстанда 15 түрі бар.
4.Аңдардың ішіндегі ең жүйрік аң-қабылан.
5.Сұрқарлығаш әуеде 2 сағатқа дейін қалықтап ұша алады.Тәулігіне 150-ге жуық жәндік аулайды.
«Жалған» ба ,әлде «Ақиқат» па? «+» немесе «-»таңбасын қой
Жануарлардың тіршілік ортасының 2 түрі бар -
2. Адам және жануарлар ағзасына орнығып,түрлі аурулар туғызатын тіршілік иелері бар +
3.Көртышқанның Қазақстанда 15 түрі бар -
4.Аңдардың ішіндегі ең жүйрік аң-қабылан +
5.Сұрқарлығаш әуеде 2 сағатқа дейін қалықтап ұша алады.Тәулігі-не 150-ге жуық жәндік аулайды -
Сипаттауы бойынша қандай мекен ортасы екенін анықта
1.Бұл тығыз орта ,мұнда қозғалу оңай емес. Кейбір жануарларға ауа жетіспеген кезде бетіне шығып ,тыныстайды. Осы жерді мекендеушілердің желбезектері бар.
Жеңіл,тығыз емес орта.Бұл жердің мекендеушілері қанаттары арқылы еркін қоозғалады.
Бұл жерге күн сәулесі өте аз мөлшерде түседі,ал тереңдеген сайын мүлдем түспейді. Ауа да өте аз.
Осы жердің тіршілік иелері еркін жүгіреді,секіреді,ауа да,жарықты көп мөлшерде
5.Бұл орта өзгере алады,тыныс алады,өседі,қоректенеді, тіршілігін тоқтады.