Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың тіршілігі.
Мақсаты:
-
Ормандағы аңдардың түрлері,олардың тіршілігі, қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру.
-
Балаларды аңдарды сипаттауға, салыстыра білуге жаттықтыру.
-
Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Алдын ала орындалатын жұмыс: жабайы жануарлардың суреттерін қарау.
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру,сұрақ- жауап,көрсету,әңгімелесу,ойын.
Көрнекіліктер: жабайы жануарлардың суреттері,қоян
Билингвальді компонент: жабайы жануарлар-дикие животные-animalis,
қоян-заяц-,аю-медведь.-bear,-қасқыр-волк-wolf
Оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс -әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Қуанамын мен де, Қуанасың сен де Қуанайық достарым, Арайлап атқан таңға! | Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын барлығы бірге айтады. |
Ұйымдастырушылық ізденістік | -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Дұрыс айтасыңдар,қазір жылдың қыс мезгілі. -Мен сендерге жұмбақ жасырамын ол жұмбақты ойлап тапсаңдар, бүгін не жайында әңгімелейтінімізді білесіңдер. -Ең айлакер,қу аң. -Ең қорқақ аң.
-Балды жақсы көретін аң. -Үстінде тікенегі бар. -Аң патшасы. -Дұрыс балалар жарайсыңдар! -Бұлардың барлығын бір сөзбен, қалай айтамыз? -Жабайы жануарларды қайда мекендейді? -Оларды маған кім атап береді? Ойын: «Жануарларды топтастырайық». Шарты: Жануарларды үй және жабайы жануарлар деп екі топқа бөлу. Үй жануарларын үйге,жабайы жануарларды орманға бөліп саламыз. -Балалар сендер қандай тақпақтар білесіңдер жануарлар туралы? -Кәне, айтып шығайық:
Ойын: «Иә-жоқ». Шарты: сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек. -Аю — балмұздақ жейді. -Қасқыр — бал жейді. -Түлкі — конфет жеп, шай ішеді. -Қоян ет жейді. -Аю қорқақ аң. -Қоянның құйрығы ұзын.
Балалар қазір қыс мезгілі болғандықтан жануарлардың тіршілігінде біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан кейбір жануарлар қысқа азық жинайды. Мысалы: тиін ағаштың қуысын мекен етеді.Тиінге ағаштар мен тез өрмелеуге аяқтары көмектеседі. Ол жаз бойы саңырауқұлақ, жаңғақтарды ағаш қуыстарына жинайды. Қыста соларды қорек етеді. Аю қысқы ұйқыға кетеді. Ол жаз бойы табанына жинаған майын жалап жатады. Қасқыр, түлкі – жыртқыш аңдар. Олар өздерінен әлсіз жануарларды ұстап қоректенеді. Сұр қоян қыста түсін өзгертеді. Аппақ қоян болып ағаш бұтақтарын кеміріп күнелтеді.
Сергіту сәті: Музыка әуенімен жануарлардың қимылын келтіріп билейді. Қоян сияқты секіреді,қасқыр сияқты жүреді,аю секілді қорбаңдайды,түлкі сияқты денелерін қимыл-қозғалысқа келтіреді.
Монтессори технологиясы. Ойын: «Қонжыққа көмектесу» Шарты: қонжықтың киімін киюге көмектесу. |
Балалар сұраққа жауап береді. -Қыс мезгілі.
-Түлкі -Қоян
-Аю -Кірпі -Арыстан -Жабайы жануарлар.
Балалар жануарларды екі топқа бөледі. Қоян Алинур: Ақ қоянмын, қоянмын, Үркек қоян, қорқақпын Дыбыс шықса қашамын Белден бірақ асамын. Фатима Түлкі: Өзім айлакер Өзім бір қу. Жүрген жерім Айғай да шу. Дильназ Тиін: Мен тиінмін, тиінмін, Қыста жылы киіндім Қоймам толы жаңғаққа, Іші жылы үйімнің. Әділжан Қасқыр: Мен – жыртқыш қасқырмын Тұрағым – ну орман. Түн демей, күн демей, Жортамын жолда алыс.
Елжан Аю: Тауға шықсан - қалың қар, Сайға түссең – қалың қар, Шырша үсті қалың қар. Байқаңдар, қар астында Ұйықтап жатқан аю бар. Аружан Кірпі: Өзін қорғай алады Домалана қалады Содан кейін тиіп көр Тура уколын салады.
-Жоқ ол бал жейді. -Жоқ ол ет жейді. -Жоқ ол ет жейді. -Жоқ ол сәбіз, саңырауқұлақ жейді. -Жоқ ол қорқақ аң емес. -Қоянның құйрығы қысқа болады.
Балалар жануарлардың қысқы тіршілігі туралы мұқият тыңдайды.
Түсінбегендерін сұрайды.
Би қимылдармен орындайды.
Балалар қонжықтың киімін кигізуге көмектеседі. |
Рефлексивті түзетушілік | Қорытындылау. -Балалар сендер қандай жабайы аңдарды білсеңдер? -Қоян қыста түсін қандай түске өзгертеді? -Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? Оқу қызметіне қатысқан балаларға смайликтер беріп мадақтау. |
Балалардың жауабы.
Балалар смайликтер алғандарына қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: жабайы жануарларды, олардың аттарын.
Қандай түсініктерді игерді: Жабайы жануарларды үй жануарларынан айыра білуді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жабайы жануарлардың орманда,далада тіршілік ететінін.