Сабақ ортасы Білу Түсіну Қолдану Талдау | 1.Ой қозғау Жұмбақ шешу. Сабақтың мақсатымен таныстыру -Су дегенде ойларыңа не келеді? 2. (Т) Су сөзіне топтастыру жұмысы. «Автобус аялдамасы» әдісі. шық, мұз, бу, тұман, мұздақ, қар, жаңбыр, сел, көл, өзен, теңіз, мұхит. Мадақтау.Отшашу. МК Су туралы түсіндіру. Картамен жұмыс. Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің үштен екі бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі. Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді. Бу – мөлдір, түссіз газ. Бу – судың газ түріндегі күйі. Судың өзіне тән қасиеттері болады. Оны тәжірибе жасау арқылы анықтауға болады. Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету) Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады. 3. (Ө) Тәжірибе жасау. 1. Судың нақты пішіні болмайды. 2. Су – мөлдір. Судың түсі жоқ. Ол түссіз. 3. Судың дәмі жоқ. 4. Судың иісі жоқ. Тәжірбелер. 1. Қасықты алдымен су құйылған стаканға, сосын сүт құйылған стаканға сал.Қасық көріне ме?Нені байқадың?Бұдан судың қай қасиетін көре аласың? Жаз. 2. Шырын және су құйылған стакандарды иіскеп көр.Нені байқадың? Бұдан судың қай қасиетін көре аласың? Жаз. 3. Стаканға құйылған шырын мен суды ішіп көр.Салыстыр.Нені анықтадың?Бұдан судың қай қасиетін көре аласың? Жаз. 3. Суды үстелдің үстіне төгіп көр.Нені байқадың?Бұдан судың қай қасиетін көре аласың? Жа Табиғатта суды қайдан аламыз? Сергіту сәті. «Жаңбыр әні» | «Су -тіршілік көзі» бейнекөрінісі; аудиоматериал тыңдау Карта, глобус Кластер Тәжірибеге қажетті заттар: стакан, су, тұз, қант, гуашь |