Просмотр содержимого документа
«Тарихи мұражайлар не үшін қажет?»
Тарихи мұражайлар не үшін қажет?
Оқу мақсаттары: 4.3.1.2 –тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру; 4.3.1.3 –мұражайдың өзіндік жобасын ұсыну. Бағалау критерийлері- тарихи мұражайдың мақсатын, маңыздылығын түсіндіреді, - әр мұражайға саяхат жасау арқылы ерекшелігіне тоқталады - «Мұражай», «экспонат», «экспозиция», «этнография»
Қазіргі таңда ҚР бойынша 231 мұражай бар. Тарихи – 48 Өлкетану – 89 Мемориалдық – 50 Жаратылыстану – 7 Өнертану – 12 Қорық-мұражайлар – 9 Басқалары - 16
Қазақстандағы республикалық маңызы бар музейлер: - Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының музейі (Астана) - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің музейі (Астана) - Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейі (Алматы) - Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі (Алматы) - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының археология музейі (Алматы) - Мемлекеттік «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық музейі (Түркістан) - «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік қорық музейі (Тараз) Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі (Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы)
- Абайдың Жидебай-Бөрілі тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі (Семей) - ҚР Алтын және асыл металдар музейі (Астана) - Ұлытау мемлекеттік тарихи-өлкетану және табиғи қорық музейі (Қарағанды облысы) - «Ордабасы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы (Оңтүстік Қазақстан, Ордабасы ауданы) - С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені (Алматы) - Ықылас атындағы Республикалық музыка аспаптар мұражайы (Алматы) - ҚР Кітап музейі (Алматы) Сарайшық ашық аспан астындағы мұражай «Таңбалы» тарихи-мәдени қорық музейі (Алматы облысы) Есік ашық аспан астындағы музей (Алматы облысы)
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – Қазақстанның жаңа тарихының музейі. Ол Президенттің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылды. Музей алғашқы келушілерді Мемлекет басшысының бұрынғы Резиденциясының ғимаратында 2005 жылдың наурызында қабылдады. Музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылады.
Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейі (Алматы)
ҚР халық аспаптар мұражайы
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс(Ж) Екіден отырып, мұражайдағы мінез-құлық ережелерін құрастырыңдар .Мұғалім: Мына тест тапсырмаларды орындап, ережелерді тағы да пысықтап алайық: 1. Мұражайда: а) қатты сөйлеуге болады; ə) қатты сөйлеуге болмайды; б) экскурсия жетекшісі сөйлемегенк езде, ақырын сөйлеуге болады. 2. Мұражайдағы жəдігерлерді: а) қолмен ұстауға болады; ə) назар салып қарайды; б) қолмен ұстауға болмайды.
ЖД жұмысБағалау критерийлері: -оқушылар тарихи мұражайдың мақсатын түсіндіре алады; - оқушылар мұражай жобасын құра алады; - түрлі көздерді пайдалана отырып, мұражайлар туралы ақпарат жинайды. Рефлексиялық кезең.Кері байланыс. Бүгінгі сабақта Жақсы болғаны ............................................................. Қызықты болғаны .................................................. ...... Пайдалы болғаны ......................................................... Кедергі болғаны ........................................................... ҚБ мұғалімнің кері байланысы
С1-тапсырма. Өзіңнің барған мұражайың туралы əңгіме жаз (7–8 сөйлем).