Просмотр содержимого документа
«Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар»
Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін затттар
Сабақтың мақсаты:
Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру. Қандай заттың суда еріп, қандай заттың суда ерімейтіні туралы мағлұмат беру.Судың адам үшін маңызын сусыз тіршілік жоқ екенін дәлелдеу .
Күтілетін нәтиже:
Білім
• Су–жанды табиғат тіршілігі үшін қажетті сұйық зат екенін есіне түсіреді. Судың маңызын біледі.
Түсінік
• Су адам өміріне, табиғат үшін өте қажет екенін түсінеді.
Қолданыс
• Адамның суға зиян келтіретін іс-әрекеттерін көрсетеді.
Анализ
• Суды ластайтын қайнар - көздерден зардап шегетін жанды табиғат заттарын айырып таниды.
Синтез
• Судың табиғат және адам өмірімен байланысын анықтайды.
Баға
• Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиіс деп ой түйіндейді.
Психологиялық дайындық
Жер байлығы кең екен
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін білдірген
Дүниетану сабағы
Жақсы оқып сабақты
Әдепті сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз
Топта тыныштық
Топта ой бөлісіп, белсенділік таныту
Әркімнің ойы құнды
Уақытқа бағыну
Басқа топты да тыңдау
«Балық аулау» әдісі
1. Адамдар қандай суды пайдаланады?
Тұщы
2. Судың қасиеттерін жалғастыр:
Су түссіз, мөлдір, сұйық күйінде пішіні жоқ, иіс жоқ, дәмі болмайды,
сұйық күйінде ағып кетеді, еріткіш.
3. Суды неге ерекше зат дейміз?
Су тіршілігі үшін қажетті.
4. Адам өміріне не қажет?
5. Ауаның негізгі қасиетін ат а
Көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз дәмсіз
6. Қар, мұз, бу деген не?
7. Судың күйі
8. Бу ауаның құрамына еніп не түзеді?
Бұлт
9. Табиғатта су қайда кездеседі?
.Бұлақ, өзен, көл, мұхиттарда.
10. Шәйнектегі су қайнағанда азайып ортаяды. Неге?
Жоғары температурада су буға айналып ауаның құрамына еніп кетеді.
Су - тіршілікке қажетті сұйық зат
Шөлдедің. Саған не қажет?
Шөлдегенде – су қажет!
Адам 5-7 күн ғана су ішпей жүре алады.
Су – адамның тіршілігі үшін қажетті сұйық зат.
Бейнебаян
Жас дос!
Судың басқа да қасиеттерін анықтайтын қызықты тәжірибелер жаса.
Жасаған тәжірибелерің сәтті болсын!
Дәптермен жұмыс
Суда еритін және ерімейтін заттарды ажырату
Сергіту сәті
«Ойлан, топтас» әдісі
Су - тіршілікке қажетті сұйық зат.
1.Судың табиғаттағы маңызы
2.Суды адам өміріндегі маңызы
3.Судың ластану зардабы
4.Суды таза сақтаудың ережелері
Біліміңді шыңда
Судың табиғаттағы маңызы
Судың табиғаттағы маңызы
Өзен, көл – табиғат көркі.
Өзендер жағалауының табиғаты ерекше. Ондай жерде жайқалған өсімдік, орман, тоғай өседі, қаптаған жануар тіршілік етеді.
Өзен-көлдердің жағасы – өте қолайлы демалыс орны.
Судың табиғаттағы маңызы
Өзенді, көлді жерде құс көп болады.
Су жағасындағы қамыс ішінде қаншама жануар бар.
Көптеген құстардың ұя салып, балапан шығаратын жері де су жағалауы.
Су – жер бетіндегі маңызы зор сұйық зат
Су өсімдіктердің, жануарлардың тіршілік ортасы.
Жанды табиғаттың бәріне де су қажет.
Судың табиғаттағы маңызы
Су ішінде қаншама жануарлар тіршілік етеді.
Судағы өсімдіктер әртүрілі болып гүлдеп тұрады.
Су адам өмірінде
Су адам өмірінде
Адамның денесінде су көп. Адам суды ішеді.
Адам сумен
Жуынады
Ас әзірлейді
Кірді тазартады
Су – тазалық пен денсаулық көзі
Су адам өмірінде
Өзен-көлдердің маңына қалалар мен ауылдар салынады.
Үлкен қалалардағы фабрика, зауыттардың жұмысына да су қажет.
Адамдар суды егін мен малды суаруға пайдаланады.
Судан балық аулайды.
Су қатынас жолы
Үлкен мұхиттар мен теңіздерде кеме жүзеді.
Олар адам тасиды, алысқа жүк жеткізеді.
Судың ластану зардабы
Жер бетіндегі тұщы су
Тұщы су қоры азайып барады. Бұған кінәлі адам.
Мал фермаларынан, зауыттар мен фабрикалардан шығатын лас сулар өзендер мен көлдерге құйылып жатыр.
Судың ластану зардабы
Судың ластануынан бүкіл жануарлар өледі.
Өзен жағалауындағы шөптер, бұталар және ағаштар қурайды.
Лас су адам денсаулығына да зиянды.
Суды таза сақтаудың ережелері
Біздің мемлекетіміз
суды қорғайды
Суды ластаудан сақтау үшін фабрика, зауыттар тазартқыш құралдарын орнатып, лас суды тазартып барып өзендерге ағызады.
Ауылдық жерлерде мал фермаларынан ағып шыққан қалдық судың су қоймаларына түспеуін қадағалайды.
Түрлі қоқыстарды су жағалауында қалдыруға болмайтынын ескертеді.
Суды қорғау ережесі
Жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын ұмытпа
Суды үнемді пайдалан
Су құбыры шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең, бұрап жауып қой