Просмотр содержимого документа
«Сауат ашу "Тт дыбысы мен ?ріпі".»
Т дыбысы және әрпі.
Сабақтың тақырыбы: Т дыбысы және әрпі. Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. 2) Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, сауатты жазуға баулу. 3) Тәрбиелік: Әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: әліпби,суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру. Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі: Қуан, шаттан, алақай! Қуанышты күн келді. Күліп шықты күн бүгін. Қайырлы таң, Қайырлы күн Балақай! II қайталау а) Дөңгелек құрып кілемге отыру ә) әліпби қайталау III үй тапсырмасын сұрау 1) А қандай дыбыс? А) дауысты, б) дауыссыз А а дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? А) ортасында Ә) басында Б) барлық буында Мысал Ай, тай, Дала Жаңа сабақ: Жұмбақ жасыру: Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айғай да шу. /түлкі/ 1. Кеспе әріптен өткен дыбыстарды тауып, текшеге тізу. а) ас — осы буынға "т" дыбысын қосу арқылы сөз құрату "тас". ә) өлшем құру. 2. Сергіту минуті Шаршасаңдар, балалар, Қолдарыңды созыңдар. Саусақтармен ойнаңдар, Қолдарыңды сермеңдер. Денелерiң шынықсын, Саналарың тынықсын. 3. Суретпен жұмыс: — Ненің суреті? Не байқадыңдар? — Тау. — "Тау" сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? Тт — дауыссыз дыбыс. Сондықтан әліпби көк түспен белгіленеді. а) Кеспе әріптен "т" дыбысын тауып, өткен дыбыстарды қосу арқылы буын, сөз құрғызу. -та; -то; -ту; -ти. ә) тай, тас, тос, тон т. б. 4. Ойын: "Т" дыбысын тап. АӘБИТШЗТНКД 5 Дәптермен жұмыс. Әдемі, сауатты орындату а)Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау: ә) Т әрпін ayада жазу. б) Т әрпін қолымен үстінен бастыру. в) Т әрпін жаздыру. 6. Торсықпен жұмыс. а) "Тор-сық" буынға бөлгізу. ә) Дыбысын тапқызу. б) Торсықтың қасиетімен таныстыру. 7. Торғайдың суретін көрсету: Торғай, торғай, торғайсың, Таяу келіп қонғайсың. Жем шашайын тойып-ал, Сонда аязға тоңбайсың. а) Торғайдың суреті арқылы қасиетін түсіндіру. ә) Торғай қалай ұшады? б) Қанатын қалай сермейді? в) Сергіту сәтімен жалғастыру. 8. Қорытынды 1) Көз жұма отырып т дыбысын жаздырту 2) Тіл ұстарту. Жаңылтпаш, өлең жаттап айтқызу 3) Ермексаздан т дыбысын жасау Балаларға: тақия, торсық,тостаған сөздерін анық және дұрыс айтқызу. Топпен жұмыс 1 топ: Торғайдың суретін салады 2 топ: Т дыбысыта байланысты жанылпаштар тақпақтар айтқызу 3 топ: Т дыбысы бар сөздер айтқызу. 9. Мадақтау, бағалау.