Күтілетін нәтиже: Ынтымақтастықта жұмыс істеу, пікірімен бөлісу, өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізу, негізгі ойды тұжырымдау,топтық жұмыс ережесіне бағыну,жаңа бағалау әдісін түсіну .
Ойын шарты: Әр топтан бір ойыншы нысанаға атып тигізуі керек. Алынған сан реті бойынша « Ыстық орындық » әдісімен « Жақия » әңгімесін мазмұндайды.Үш топтан үш оқушы шығады.
Келесі оқушы жалғастырады.(әр топ ұпай жинайды )
-Балалар,бізге «Жас тілші» келіпті.Сендерге қояр сауалдары бар екен.
Тілші: -Бастан кешкен бір оқиғаны айтып бермейсіз бе, -деп өтінген кім?
-Солдаттарға қандай танкілер қаптап келе жатты?
-Жақияның жан жолдасы кім?
-Сол сәтте арт жақтан сайрап қоя берген не?
-Кімдер шыбындай қырылды? (жауап берген топ бал жинайды)
-Тігінен шыққан сөзді оқиық . Жусан туралы не білесіңдер?
Сөзжұмбақ
ЖОЛЫМБЕТ
ТАУДАЙ
ҚАСЫМБЕК
КАТЮША
НЕМІС
Жаңа тақырып:
Сайын Мұратбеков Жусан иісі
а) Топтастыру арқылы автор жайында мағлұмат алу (топтар қысқаша қорғайды)
ә) Мәтінді іштей оқу: болжауларды ортаға салып, ең негізгісін « түртіп алу » әдісі арқылы сараптайды
б) Дәптермен жұмыс: Қора ішін сипаттаған сөздерді дәптеріңе жазып шық.
Сайын Мұратбеков
1 936-2007 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауданындағы Қоңыр туған. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 ж Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері,
1962-1972 жж. “Жұлдыз” журналында “Қазақ әдебиеті “газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. Әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 ж «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.
1989ж «Қалың қар», 1995ж «Өліара» повестері кітап боп шықты.«Тел өскен ұл» (реж. Ш.Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы.
Әңгімеге жоспар жаз
1.Соғыстың зардабы.
2.Аянның қаралы қағаз алуы.
3.Аянның қайғысы .
4.Достармен қоштасу.
Мұғалім: -Бұл әңгіме шығарманың қандай түріне жатады?
.
Топтықжұмыс
1- топ -Аянға хат жазу
2-топ -Аянның суретін салу
3-топ -Аянға мінездеме жазу
Зерделі сұрақ- дәлелді жауап
-Әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған?
-Әңгімені сен қалай аяқтар едің?
Венн диаграммасы
ұқсастығы
Аян
Жақия
Бағалау:
Топбасшылардың бағалау парағына қарай жұмысына баға беру
Үйге тапсырма: Автор мен кейіпкер туралы мәлімет жинау,оқиға желісін бейнелеу