http://Күні: 16.01.2018ж. ТЕКСЕРДІМ Сыныбы: 8 «А» ОІМ_______ Т.Ж.Дауылбай Пәні: Тәртіп мәдениеті Тақырыбы: Сәлемдесу мәдениеті Мақсаты: Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге баулу, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді ұғындыру. Амандасу түрлерімен таныстыру. Халықтық салт-дәстүрмен таныстырып, мәдениетін үйрете от ырып, бойларына сіңіру, ұшқыр ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларға қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу, рәсімдерін айту арқылы, әдептілікке, қарым-қатынас жасай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Тренинг Көрнекілігі: Плакат (еңбек ағашы), нақыл сөздер, суреттер.т.б. Сабақ кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті І. Ұйымдастыру - Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу. - Зейінін сабаққа аудару. Мұғаліммен амандасады. Жаңа сабаққа дайындалады. ІІ. Жаңа сабақ - Оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, бір – бірімен жақын амандасуды ұсынады. - Жақсы оқушылар, міне сіздер қазір бір – бірлеріңді көптен көрген достар секілді амандасыңдар. - Ата – анаңызды көргендей амандасыңдар. - Сіздің көптен көрмеген туыстарыңды көргендей амандасыңдар. - Қуанып амандасыңдар. - Ренжісіп амандасыңдар. Жақсы балалар, мен сендерге не үшін сәлемдесудің түрлі жағдайларын айтып жатырмын. Себебі бүгінгі өткізгелі отырған тренинг сабағымыз осы «Сәлемдесу мәдениеті» болмақ. Біз қазір түрлі жағдайда сәлемдесу арқылы бір – бірімізге жақындай түстік. Бір – бірімізді жақындай таныдық. Жалпы сәлемдесу, амандасу адамның бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсетуі болып есептеледі. Күнделікті өмірде біз қанша адаммен кездесіп, қанша жұртпен ұшырасамыз. Солардың бәрінде де бірінші кезекте арамызда сәлемдесу, амандасу жүреді. Адам баласы қашаннан бейбіт, тыныш өмір сүруді аңсап, армандаған. Сол арманның негізінде қолы жеткен зор игілігі сәлемдесу әдебінің қалыптастырылуы. Сәлемдесудің кереметі сонда - адамдардың бір-біріне жылы мейірім мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, жақындықты бейнелеуінде. Сәлем» арабтың «тыныштық, бейбітшілік» деген мағынадағы «ассалам» сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Арабтар осы сөзді қолданып амандасады. Мұсылман дінін қабылдағаннан бері қазақтар да алдымен осы сөзден бастап амандасатын болған. Қалай амандасу керек? Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты - жылы шырай. Онда сәлем беруші мен сәлем алушының қас-қабақ, бет-жүз құбылысы, даусы маңызды қызмет атқарады. Сәлем алушы үшін мұның бәрі маңызды. Айталық, көз көреді, аяқ жүреді, ауыз жұтады осылардың бәрі сенің өзіңе қызмет етеді. Тек жылы жүз, әсем күлкі мен әуезді үн айналадағы адамдардың еншісі. Және бұлар басқалардың сенімен жайдары, жақсы қатынаста болуы тілектестік, ниеттілік үшін, жанды жараламау үшін қажет. Сол себепті де әркім сәлемдесуді емес, қалай сәлемдесуді білу, өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын қадағалап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыратындай болуына талпынуы, машықтанып, үйренуі керек. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бір – бірімен түрлі жағдайларда амандасу арқылы сабақтың тақырыбын ашады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп отырады. ІІІ. Мақал – мәтелдер. IV.«Кім жылдам » ойыны 1. Әдепті елдің баласы Алыстан сәлем береді 2. Сәлем – сөздің анасы 3. Әдептілік белгісі - Иіліп сәлем бергені. 4. Сәлем беру де парыз, Сәлем алу да парыз. 5. Сәлемдесудің басты шарты - жылы шырай. 6. Сәлем беру - өмірлік міндет. 7. Үлкен адамға сәлем беру - кішінің міндеті. 8. Үлкенді сен сыйласаң, Кіші сені сыйлайды 9. Алыстан алты жасар бала келсе, Алпыс жасар қария сәлем берер 10. Бір күн тұзын татсаң Қырық күн сәлем бер Оқушыларға өзге елдердің амандасу туралы айтылады, көрсетіледі. - Қазақ халқының сәлемдесуі? - Қытай халқының сәлемдесуі? - Үнді халқының сәлемдесуі? - Өзбек халқының сәлемдесуі? - Орыс халқының сәлемдесуі? Оқушылар мақалдың жалғасын табады. Оқушылар әр елдің сәлемдесуін көреді, біледі және сол елдердің сәлемдесулерін қимылмен көрсетеді. V.Сергіту жаттығуы «Ха» дем шығару жаттығуы «Қағаз жиыру» жаттығуы «Кеспе » жаттығуы «Сілкіну» аттығуы «Әр ұлттың сәлемдесуі» жаттығуы Оқушылар шеңберге тұрып берілген жаттығуларды ереже бойынша орындайды. VI. Рефлекция Оқушыларға еңбек ағашына, тренинг сабағынан алған әсерлері мен білгендерін жазуға гүлдер ұсынылады. Оқушылар тренингтен алған әсерлері мен білімдерін гүлден жасалған парақтарға жазып, еңбек ағашына іледі.