Дене
тәрбиесі
Мақсаты:
1.Арқанға үш әдіспен шығуды үйрету
2.Алдыға ,артқа домалауды қайталау
3.Бір лектен 2,3 лекке жүру
Міндеттері: Оқушыны заман талабына сай ептілікке, төзімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру
Сабақтың кезеңдері
1.Психологиялық дайындық:
Әсем гүлдей сүйкімді біз баламыз
Алдыменен сәлем беріп аламыз.
Ептілікпен, ынта, жігер , талаппен,
Шынығып біз шымыр болып аламыз.
Ұйымдастыру: сапқа тұрғызу,кезекшінің мәліметі.Сәлемдесу
Саптық жаттығулар
Үй тапсырмасы: эстафеталық ойын түрінде
Негізгі бөлім: Шығу және өрмелеу
Қорытынды бөлім
Үйге тапсырма беру
Үй тапсырмасы : Эстафеталық
ойын түрінде
Оқушыларды топқа бөлу
1. Алдыға аунап, жүгіріп барып есеп шығару;
2. Алдыға екеуі бірге аунап,допты кеудемен қысып алып жүру;
3. Алдыға аунап, торға доп салу;
4. Екі топтан екі оқушы шығып, артқа аунап жауырынға тік тұруды көрсету
Жаңа сабақ
Тақырыбы: Арқанға үш
әдіспен өрмелеу
Бірінші әдіс. Арқаннан екі қолмен ұстап жоғары өрмелегенде, екі табанмен арқанды қыса қолға көмек беру
Екінші әдіс. Жоғары өрмелегенде, арқанды екі тіземен қыса қолға көмек
беру
Үшінші әдіс. Аяқтың көмегінсіз тартылу. Бұл әдісті қолы күшті балалар ғана орындай алады
Қауіпсіздік ережесі:
1.Жаттығуды бастамас бұрын міндетті түрде құралдың дұрыстығын тексеріп алу керек
2.Арқанмен төмен түскен кезде екі қолмен кезек- кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек
3.Акробатикалық жаттығулар мен гимнастикалық құралдарда орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз бастауға болмайды
4.Арқанға шығу, өрмелеу кезінде міндетті түрде төсеніш төселу керек
5. 3-4 бала бәрі бірдей тербелуге болмайды
Арқанмен өрмелеуді меңгеру үшін алдымен мынадай дайындық жаттығуларын орындап үйрену керек:
1.Гимнастикалық орындықтың, үлкен немесе кіші гимнастикалық аттың үстінде түрегеліп тұрып, арқаннан ұстап, әрлі-берлі тербелу;
2.Арқаннан ұстап салбырап тұрып, тізені бүгіп-жазу;
3.Орындықта отырып, арқанды табанмен, тіземен қысуға жаттығу;
4.Арқанда салбырап тұрып, оны аяқпен қыса отырып қолды ауыстыруға жаттығу
Қорытынды:
1.Арқанмен өрмелеудің неше әдісі бар?
2.Қандай әдістерімен таныстыңдар?
3.Қандай қауіпсіздік ережесін білесіңдер?
Салауатты өмір
Денсаулыққа зиянды
салты
заттар
Үй тапсырмасы
Бағалау, мадақтау