Өсімдіктердің әртүрлі жолмен көбеюі
Күтілетін нәтиже:
Білім
• Өсімдіктің өсуі мен тұқымның таралу жолдарын еске түсіреді. Көбею ұғымымен танысып, өсімдіктердің көбею жолдарын біледі.
Түсінік
• Көбеюдің жанды табиғатқа тән қасиет екенін түсінеді.
Қолданыс
• Өздеріне таныс өсімдіктердің көбею жолын көрсетеді.
Анализ
• Өсімдіктердің жерасты және жерүсті бөліктері арқылы көбею жолдарын бөлшектеп қарастырады.
Синтез
• Өсімдіктердің көбею жолдарының ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіреді.
Баға
• Өсімдіктерді көбейту жолдары бойынша алған білімдерін қорғай білуге негіздейді.
Тақырып жоспары:
Еске түсіру. Өсімдіктің өсуі мен тұқымның таралуы
1. Өсімдіктердің көбеюі ұғымы
2. Өсімдіктердің жерасты бөлігі арқылы көбеюі
3. Өсімдіктердің жерүсті бөлігі арқылы көбеюі
Еске түсіру. Өсімдік - тірі ағза.
- Өсімдік тұқымнан өсіп-өнеді.
- Тұқымнан олардың сабағы, жапырақтары, гүлдері, жемістері пайда болады.
Өсімдіктің тұқымнан өсуі
- Тұқымнан жаңа өсімдік өнеді.
- Ол үшін тұқымдар жерге түсу керек немесе адамдар егу керек.
- Көптеген жемістердің тұқымын адамдар екпейді.
- Олар жел, су, аңдар, құстар арқылы тарайды.
Өсімдіктің мұртшасы арқылы көбеюі
Көбею ұғымы
Көбею - барлық тірі табиғатқа тән қасиет.
Картоптың түйнектен өніп - өсуі
Көбею дегеніміз – әр өсімдіктің өзі сияқты ұрпақ қалдыруы,
сан жағынан артуы.
Өсімдіктердің көбею жолдары
Көкөніс пен астықты өсіру үшін адам оның тұқымын топыраққа отырғызады.
Ол тұқымнан жеміс пен тұқымы бар жаңа өсімдік өседі.
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктер тек қана тұқымнан өніп қоймайды.
Өсімдіктің көбеюі жолдары
Өсімдіктің
жерасты бөліктері
Өсімдіктің
жерүсті бөліктері
арқылы да көбейеді.
2-тақырыпша.
Өсімдіктердің жерасты бөлігі арқылы көбеюі
Өсімдіктердің жерасты бөлігі
- Кейбір өсімдіктер тұқымсыз - ақ өзінің жерасты бөлігінен де көбейеді.
Өсімдіктің жерасты бөлігі
Түйнек
пиязшық
тамырсабақ
Өсімдіктің жерасты бөлігі - түйнек
Түйнек – өсімдіктің топырақ арасында сабағы жуандаған жері.
Түйнекті өсімдікке картоп жатады.
Картоптың бетіндегі ойықтарында бүршіктер бар. Оны «көзше» дейді.
Осы «көзше» жаңа өсімдік береді. Түйнекке қоректік заттар жиналады .
Картоптың түйнектен өніп - өсуі
Өсімдіктің жерасты бөлігі - пиязшық
Пиязды алып, жарып, ішіне назар аудар. Оның кесіндісінен бүршік көрінеді. Бүршіктер біреу не бірнешеу болады, олар - жуашық.
Пиязшық шырынды болып келеді, онда қорек жиналады.
Пияз, қызғалдақ, баршын гүл (гладиолус) тұтас жуашықтан өсіріледі.
Өсімдіктің жерасты бөлігі - тамырсабақ
Тамырсабақ - сыртқы түріне қарағанда
тамырға ұқсайды, жанама тамырлары және бүршіктері бар.
Айырмасы – оған қосымша тамырлар мен бүршіктер шығады.
Бойына қоректік заттар жинақтаған тамырсабақ жуан болады.
Оның бір бөлігінен жаңа өсімдік өсіп шығады.
Өсімдіктің тамырсабақ арқылы көбеюі
3-тақырыпша.
Өсімдіктердің жерүсті бөлігі арқылы көбеюі
Өсімдіктердің жерүсті бөлігі
Кейбір өсімдіктер тұқымсыз – ақ өзінің жерүсті бөлігінен де көбейеді.
Өсімдіктің жерүсті бөлігі
Сабақты топырақпен жабу арқылы
«Түбін ажыратып көбейту» арқылы
«Қалемше» арқылы
«Мұртша» арқылы
Өсімдіктің жерүсті бөлігімен көбеюі
Көптеген өсімдіктер сабағы көп бұта түрінде өседі. Олардың тамыры бар сабақтарын жеке-жеке ажыратып отырғызу арқылы көбейтеді.
Оны «түбін ажыратып көбейту» дейді.
Өсімдіктің жерүсті бөлігімен көбеюі
Жер бетіндегі сабағының бір бөлігінен көптеген ағаштар көбейеді.
Желмен сынып жерге түскен бұтақ тамырланады да, одан жаңа ағаш өседі.
Сабақтың бір бөлігін «қалемше» дейді. Көптеген мәдени өсімдіктерді осы қалемше арқылы көбейтуге болады.
Өсімдіктің жерүсті бөлігімен көбеюі
Өсімдік жер бетіндегі сабақтан да көбейеді.
Жазда құлпынай мен бүлдіргеннің ұзын сабағы жерге төселіп өседі.
Оны «мұртша» дейді. Мұртшаға жапырақтар шоқталып өседі.
Мұртшаның жерге тиген жерінен тамыр пайда болады.
Ол тамыр жерге бекиді де өскін береді.
Өсімдіктің мұртшасы арқылы көбеюі