Просмотр содержимого документа
«Мен және менің жанұям»
МЕН және МЕНІҢ ОТБАСЫМ
Безендірілуі: кітап көрмесі жасалып, отбасы мүшелері туралы нақыл сөздер, ( Жүргізуші: Сәлем, ата – алтын күн
Сәлем, қарты халқымның!
Бақытты болғын балалар,
Ашық болсын күніңіз!
Жайнай берсін жүзіңіз! – дей келіп,
«Мен және менің отбасым » деп аталатын мерекемізді бастаймыз.
Бүгінгі мейрамымызды біз өзіміздің ата-әжелеріміз, ана мен әкелерімізге арнаймыз. (Сырттан иттің үрген дауысы шығады).
Міне менің көмекшім де келіп қалыпты ғой! Кір, кір қуаныштымыз.
Күшік: Мен күшікпін, ақ күшік!
Қырағы да, сақ күшік.
Түні бойы жатпаймын,
Қоралы малды сақтаймын.
Әжем мені мақтайды,
Тамағымнан қақпайды.
Ақылды итке санайды,
Аппақ жүнімді тарайды.
.Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге арнап бір қоржын жұмбақтар алып келдім.
Жүргізуші:
Өте жақсы. Балалар, сендер жұмбақтарды шешкенді ұнатасыңдар ма?
Ия!
Олай болса менің көмекшім сендерге жұмбақтар жасырады, сендер оларды шешуге тырысыңдар.
Күшік:
Менің де қоятын шарттарым бар. Менің қойған жұмбақтарымның жауабын тауып, жауабыма сай өлең жолдарын оқып, ән салып беріңдер.
1-жұмбақ:
Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз?
(АТА)
2- жұмбақ:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім?
( Атаң)
Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші?
Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой.
1. Бала: Ата
Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалын салалап.
Құмарымды тарқатам,
Жер мен көкті аралап.
Ертегілер еліне,
Бір шегетін сапары,
Ардақтаймын өмірде,
Асқар таудай атамды.
2.Бала: Біздің атай
Күлімдейді келіп бар бала,
Қоршайды оны айнала!
Алаңда, бақта, сайда да,
Солармен бірге қайда да.
Мойнына бірін мінгізіп,
Біріне бетін сүйгізіп.
Көкірегінде күн жүзіп,
Көреді күнде мың қызық.
Ойнатып бәрін келеді,
Ойыншық әкеп береді.
Көңілі қандай таза еді,
Жүрегі қандай кең еді!
3 - Жұмбақ: Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;
Аялы қолда талпынтқан;
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан;
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;
Бұл кім? (Ана)
Ыбырай Алтынсарин
Әлпештеп өзіңдей өсірген,
Нағашы әжеңнің баласы.
Төрінде жалпиып көсілген,
Бұл күнде жиеннің анасы
Ол кім?
(Анаң)
Жүргізуші: Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...). Ал енді аналарымызға арнап ән шашуын шашайық!
ӘН: Абзал ана
Өлеңін жазған – Ж. Молдағалиев Әнін жазған – Б. Дәлденбаев
Жүргізушы: Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (АНА)
Сондықтан анамызға арнап алғысымызды айтайық.
2-Бала: Анамызға мың алғыс
Аялаған, баптаған,
Асыраған сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс!
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді.
Анамызға мың алғыс!
«Адал бол, - деп, - балдырған»,
Әділдікке баулыған.
Жүрегінде – махаббат,
Тілегінде – марқабат
4 - ші жұмбақ:
Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім? (ӘКЕ).
5 – ші жұмбақ:
Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім?
(Әкең)
1-Бала: Әке
Атам айтса «Ұлым» деп,
Әжем айтар «Күнім» деп,
Екеуінен қаймығып,
Айтады әкем «Інім» деп.
Ықыласы бір менде,
Бір шытпайды қабағын.
Үйде, түзде жүргенде,
Соған ұқсап бағамын.
ӘН:Жан әке
Өлеңін жазған –Х.Талғаров
Әнін жазған – М.Ілиясов
6 -шы жұмбақ.
Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (ӘЖЕ).
7 – жұмбақ:
Аймалайды күнім деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп.
Тәтті – ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?
(Әжең)
Ал сендердің әжелерің не істей алады? (Балалардың жауабы). Енді әжелеріңізге арнап өлеңдер айтып берейік.
1-Бала: Әже ақылы
Әжем – Ақыл бесігі,
Мейірімімен тербеткен.
Мен де ақылды боламын,
Аман-есен ержетсем.
Менің әжем.
Маған ақыл беретін,
Әжем менің асыл жан,
Сипап жақсы көретін,
«Құлыным» деп басымнан.
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді,
Ертегі айтып беретін,
Әжеге ешкім жетпейді.
Ән:Әрқашан, әже, аман жүр
Өлеңін жазған- М.Көбегенов
Әнін жазған- Ә.Қиясов
Жүргізуші: Ал, Ақкүшік, тағы кім отбасы туралы өлеңдер біледі екен?
1. Бала: Ең жақын адамдар –
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі –
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі –
Ақ шашты Әжем бар.
Ұлдардың үлкені –
Бір туған ағам бар,
Қыздардың үлкені –
Бір туған әпкем бар.
Ақ күшік:
- Өте ақылды, тапқыр балалар екендеріңді көрдім. Сендермен бірге болғаныма қуаныштымын. Менің бүгінгі дайындаған жұмбақтарым таусылды. Ал енді кел балалар ойын ойыншықшы: ҚУЫР-ҚУЫР – ҚУЫРМАШ. (ойын)
Жүргізуші: Біз отбасымыз туралы жұмбақтарды шештік, ойын ойнадық. Енді Ақ күшікке рахметімізді айтайық, біздің көңілімізді көтеріп, зор қуанышқа бөледі.
Ал, балалар, осымен әдеби- музыкалық кешімізді аяқтаймыз.