Батыс ?аза?стан облысы Казталов ауданы Сатыбалды неізгі жалпы білім беретін мектебіні? бастауыш сынып м??алімі Темиргалиева Назым Фатих?ызы
Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Досы жа?сыны? ?зі де жа?сы"Сынып са?атында досты? ?арым-?атынас туралы ??гімеленеді.Сынып са?атыны? ?т барысында жа?а технология элементтері ?олданылады. Тіірек сызбалар,Венн диаграммасы,РАФТ, бес жолды ?ле? стратеиялары ?олданылды
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«конспекта класного часа »
9.02.15
Бекітемін.---------------Улмесекова А.А
Тақырыбы:Досы жақсының өзі де жақсы
Мақсаты:
1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;
2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,һз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;
Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау страегиясы,сұрақ-жауап.
Барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Армысың досым, Кел, маған қосыл (қолымен шақырады). Алақанға салып алақан, Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды). Жер шарындай айналып, Әлемге жарық ұқсайық (айналады). Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады). Ортамызда күн нұры, Құшаққа оны алайық (құшақтасады). ІІ.Негізгі бөлім
-Кім достық туралы мақал біледі?
/Оқушыларды тыңдау/
Мұғалім:-Олай болса бүгінгі ашық сынып сағатымыз «Досы жақсының өзі де жақсы»деп аталады.
-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
1-оқушы:
Достық-ізгі ниетті адамдардыңбір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп,ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы.Достық ізгі қасиет.
2-оқушы:
Достықтың нәрі оның қадіріне жете білу.Достық киелі ұғым.
3-оқушы:
Жаны таза,жүзі жылы,жөні түзу,ақылды,парасатты болу-нағыз достықтың белгісі.
4-оқушы:
Достықтың сенімі адамдардың бір-бірін қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы.
Д – дүниедегі О - озық ойлы С – сабырлы Т – тұрақты Ы – ыстық Қ – қарым – қатынас. -Дұрыс айтасыңдар,балалар.Достық-аспандағы жарық жұлдыз,теңіздегі гауһар тас.Жұлдызды да,гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.Достық адамды асқақтатады.
Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады.Олар бір-бірініің қуанышында да.сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.
Жалған достықтың-ғұмыры қысқа болады.Олар бір-біріне шынайы болмайды.Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен:
-Достық нешеу?-деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2түрі болады. Бірі-адал достық,екіншісі-амал достық,-дейді.
-Дұрыс –ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
- Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.
Осыны қалай түсінесіңдер?
/Оқушыларды тыңдау/
Мұғалім:
-Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші.Теңеген затымыздың суретін лайық.Сосын сол бойынша түсіндірейік.
Мысалы:
Достық-адамдар арасындағы байланыс.
Мұғалім:
-Дос деген кім?
Шарты: Бір сөйлеммен айту.
Сыр бөлісетін адам.
Дос
Мені өте жақсы түсінетін адам.
Сенімді адам.
Мұғалім:
-Дос қандай болу керек? /Топтастыру/
/Оқушыларды тыңдау/
Дос
Ән:Достық.Орындайтын:2-сынып оқушылары.
ІІІ.Қорытынды.
1. Ітоп:5жолды өлең құрау.
ІІтоп: РАФТжазу
3.Жағдаяттар шешу.
*Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?
*Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?
*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?
*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?