kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект класного часа

Нажмите, чтобы узнать подробности

Туына байланысты елін танимыз. Жер бетінде ?анша ел болса, сонша ту бар. Туды? т?сіні? де, жола?ыны? да оларда бейнеленген т?рлі пішіндерді? де - б?ріні? ?зіндік м?ні бар.
Бізді? туымыз - к?гілдір т?сті тік т?рт б?рышты мата. Ол бірлік пен ашы? аспанды, тынышты? пен аман - есендікті к?рсетеді. Б?лтсыз к?к аспан барлы? халы?тарда ?р?ашанда бейбіт - шілікті?, тынышты? пен жа?сылы?ты? нышаны бол?ан. Геральдика тілінде к?к т?с ж?не оны? т?рлі ре?і адалды?, сенімділік, ?міт сия?ты адамгершілік ?асиеттерге сай келеді. Ежелгі т?ркі тілінде «к?к» с?зі аспан деген ??ымды білдіреді. К?к т?с - т?ркі халы?тары ?шін ?асиетті ??ым.
Н?р?а малын?ан алтын к?н тынышты? пен байлы?ты бейнелейді. К?н - ?оз?алыс даму, ?сіп ?ркендеуді? ж?не ?мірді? белгісі.
Туды? сабын бойлай ?лтты? ою - ?рнек салын?ан тік жола? кетеді.
К?н, к?н с?улесі, б?ркіт ж?не ою - ?рнек алтын т?стес бояумен боял?ан.
?анатын жай?ан ?ыран ??с - бар н?рсені? бастауындай, билік, айбындылы? бейнесі. ?алы?та?ан б?ркіт дар?анды? пен ?ыра?ылы?ты, ой - арманны? шары?тауын ме?зейді. ?лан - байта? ке?істік -
те ?алы?та?ан ?ыран ?Р - ны? еркіндік с?йгіш ас?а? рухын, ?аза? хал?ыны? жан д?ниесіні? ке?дігін паш етеді.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект класного часа»


Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан


Мақсаты:Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жерінедеген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі:Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.
Әдісі:сұрақ - жауап, әңгімелеу,түсіндірмелі, көрнекілік
үлгісі: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Барысы: І Ұйымдастырукезеңі
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
- Біздің еліміз – жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.

Азиза:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәрбереді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Ақерке:
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.

Отан деген - Атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.

Абдуфазыл:
Отанды біз Атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Нәдина:
Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Алина:
Отан – менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.

Милана:
Отаным – менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.


Дидар:
Отаным – мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.

Қуаныш:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, ҰлыОтан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.

Жасұлан:
Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамататан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен

Мұқият:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!


Біз жасұлан – Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

Дина:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

Қыран:
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жасқаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Қазыбек:
Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен деген де лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым

Ислам:
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жасұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
Қазақ биі. Орындайтындар: Сыныбымыздың бір топ қыздары.

Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал – мәтелдер біледі екенбіз?

1. Бабирбек:
Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.

2. Назерке:
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

3. Дидар:
Туған жер – алтын бесік.

4. Ислам:
Туған жердің топырағы да ыстық.
Өрлен:
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!

Нәдина:
Отан – оттан да ыстық.

Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.
Қазақстан – Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.

Қорытынды:
Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Біз – тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Сіздерге көп – көп рахмет. Сау болыңыздар!





Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің Шелек ауылы Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Калманбетова Алия Тұрлықызы






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Конспект класного часа

Автор: ?алманбетова Алия

Дата: 20.04.2016

Номер свидетельства: 320918

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Классный час и презентация для 5 класса по теме " Доброта каждому мила" "
    ["seo_title"] => string(77) "klassnyi-chas-i-priezientatsiia-dlia-5-klassa-po-tiemie-dobrota-kazhdomu-mila"
    ["file_id"] => string(6) "245296"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1446111596"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "1 сентября -классный час (1 класс)"
    ["seo_title"] => string(35) "1-sientiabria-klassnyi-chas-1-klass"
    ["file_id"] => string(6) "308386"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458574020"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "конспекта  класного часа "
    ["seo_title"] => string(26) "konspiekta-klasnogho-chasa"
    ["file_id"] => string(6) "243699"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445788351"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Конспект уроку на тему : "Вишивка лічильною гладдю." "
    ["seo_title"] => string(54) "konspiekt-uroku-na-tiemu-vishivka-lichil-noiu-ghladdiu"
    ["file_id"] => string(6) "224991"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1439315757"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Конспект урока " На пути к добру и свету" "
    ["seo_title"] => string(40) "konspiekt-uroka-na-puti-k-dobru-i-svietu"
    ["file_id"] => string(6) "246544"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446396575"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства