Просмотр содержимого документа
«"Киіз ?й" ?ылыми жобасы »
ЖОСПАРЫ
І. Кіріспе
а) Киіз үй туралы жалпы мағлұмат
а) Киіз үй туралы жалпы мағлұмат
а) Киіз үй туралы жалпы мағлұмат
ә) Киіз үйдің түрлері
ә) Киіз үйдің түрлері
ә) Киіз үйдің түрлері
ІІ. Негізгі бөлім
а) Шаңырақ
а) Шаңырақ
а) Шаңырақ
ә) Уық
ә) Уық
ә) Уық
б) Кереге
в) Киіз үй жабулары
г) Киіз үйдің ішкі баулары
б) Кереге в) Киіз үй жабулары г) Киіз үйдің ішкі баулары
б) Кереге в) Киіз үй жабулары г) Киіз үйдің ішкі баулары
ІІІ. Қорытынды
Киіз үй
Киіз үй - көшпелі өмірге бейімделген, ерте заманнан келе жатқан көшпелілер баспанасы. Еуразия далаларындағы жартылай көшпелі және отырықшы халықтардың арасына кеңінен тараған. Көшіп – қонуға лайықты жасалады, түйе мен атқа тиеу арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күнде киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін екі қабат киізбен қаптап, ошақ жағып, жазға дейін отыра беруге болады. Киіз үй - өзіндік баға жетпес өнер туындысы, қазақ халқы үшін өмір салты мен әдет-ғұрпының, дүниетанымының, санғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Көшпенділердің кіші әлеміне айналған киіз үй олардың өмірінің көп бөлігі өтетін дәстүрлі тұрақты мекен-жайы болған.
Киіз үйдің түрлері
Киіз үй қазақ үй, қара үй, боз үй деп үшке бөлінеді. Оның себебі – батысы мен шығысы, түстігі мен терістігі мыңдаған шақырымға созылған қазақ жерінің географиялық жағдайы киіз үйдің сырт пішіні мен жасалу технологиясына да аздаған өзгешеліктер енгізген. Себебі жыл мезгілдеріндегі ауа райының өзгеруінен бөлек оңтүстік және шығыс аймақтар жылы болғандықтан ол жерлердегі киіз үйлердің сыртқы қабаттары жұқалау, ал, солтүстік және батыс аймақтарда ауа райы салқын болатын болғандықтан ондағы киіз үйлердің де сыртқы қабаттары жылы жақтағы ағаш үйлерден гөрі қалың болып жабылатын болған.
Жалпы киіз үйдің үлкен-кішілігін санына қарай белгілейді. Киіз үйдің екі, үш, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Киіз керегесінің басы 70-80-нен 360-қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйі сегіз қанаттан бастап отыз қанатқа дейін баратын өте үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріліп, әшекейленген. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруаларға тән алты қанат ақ боз, қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, итарқа, жолым үй, көтерме туырлықты деп атаған.
Абылайша - керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй.
Ақ шаңқан үй - сүттей ақ, аппақ киіз үй.
Ақтағыр - екі қанатты, екі үзікпен жабылатын жабылатын шағын киіз үй.
Жаппа - керегесіз, киізбен жабылған баспана.
Жолым үй -уыққа киіз эауып, уақытша тігілген шошақ үй.
Қара құрым үй - киізінің тозығы жеткен, ескі үй.
Орда - еңселі, салтанатты киіз үй.
Отау - ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.
Тоңқайма - бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.
Ұраңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.
Шаңырақ
Қазақ үйінiң киесi шаңырақтан бастау алады.
Шаңырақ — қ асиеттi. Шаңырақты қазақ халқы барлық уақытта қастерлеп, биік ұстаған. Қанша қиын-қыстау заман туса да шаңырақты көшке қалдырып, отқа жақпаған.
Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. « Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi » деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз. Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды.
2- күлдіреуіш .
Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады.
3-беріктік .
Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі.
1- тоғын.
Ол шаңырақтың негізі. Қ атты ағаштан жасалып, өрнектеледі.
4- шаңырақтың көзі.
Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.
Уық
Уық– кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне байланысты болса, биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады. Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Осы қ осымша сықырлауық есіктің үстіне байланысатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Оның ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты. Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар.
Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.
қаламы
қары
иығы
« доғалай »
уықбау
Кереге
Кереге – киіз үй сүйегінің қабырғалық бөлігі. Талдан, жіңішке қайыңнан жасалады. Кереге көздерінің көлеміне қарай тор көзді кереге және жел көзді кереге болып екіге бөлінеді. Тор көзді керегеде уық байлайтын жиырма бас, жел көзді керегеде он жеті бас болады. Кереге жасайтын жас тал мен қайыңның қабығын аршып, көлеңкеде кептіргеннен кейін қозға көміп жұмсартады. Сонан соң тезге салып түзетіп, жонады. Дайын болған кереге ағаштарын қайтадан тезге салып мүсіндейді. Бұдан соң бұларды бір-бірімен қосып, түйенің немесе өгіздің мойын терісінен дайындалған таспамен көктеп, жосамен бояйды.
Керегені құрайтын әрбір ағашты « желі » деп атайды.
- желінің ең ұзынын керегенің « ерісі » деп атайды.
- одан қысқалауын « балашық » деп атайды. 1 - ең кішісін « сағанақ » деп атайды.
« ерісі »
« сағанақ »
« балашық »
Киіз үйдің ағаш есігін – сықырлауық дейді. Ол киіз үй ішіне қарай ашылатын есік. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық және екі жақтау есік.
Киіз үй есігінің құрылысы:
маңдайша
босаға
сықырлауық
жақтау
табалдырық
Шеберлер киіз үй сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.
Киіз үй жабулары
Түндік – шаңырақтың үстіне жабатын төрт баулы киіз.
Киіз үйдің арнайы
Түндікті ашқанда,
Терезесі – түндік.
« Құ тылдым! » - деп қуанып,
Ашық тұрса қарайды
Түтін ұшар аспанға,
Түнде жұлдыз үңіліп,
Шуда құсап шұбалып.
дегендей қазіргі замандағы кондицонерді алатын болсақ ол да бөлме ауасын тазартады. Бірақ ол мөлшерден тыс көп пайдаланған жағдайда бөлме ауасын құрғатып, адам ағзасына кері әсер етуі де мүмкін. Сонымен қатар оның пайдалы жақтарын да жоққа шығаруға болмайды. Кондицонер бөлме ауасын тазартады, әрі бөлме тыныштығын сақтауға мүмкіндік береді.
Үзік – кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұруға арналған төрт баулы киіз.
Киіз үй бір қызығы,
Салады еске атаны.
Ақ шапаны – үзігі,
Ақ таяғы бақаны.
Туырлық – кереге іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді жауып тұруға арналған алты баулы киіз. Туырлықтың іргесін түріп, киіз үйдің ішінің аусын тазартып әрі қатты ысып кеткен кезде, үй ішін салқындатып алатын да болған.
Киіз есік – сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Шиыршықтап түріп қоюға ыңғайлы. Көбінесе жел болғанда немесе салқын түскенде пайдаланылады.
Киіз үйдің ішкі баулары: Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.
Таңғыш– екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.
Бас арқан– керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.
Шалма– уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.
Желбау– өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.
Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.
Үзік бау– үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.
Бел- бау– туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.
Қорытынды
Киiз үй — жарты ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын.
Бірде мен осы жобамен айналысып жүрген кезде анама еріп көшеде тойланып жатқан наурыз мерекесіне бардым. Сол наурыз мерекесін тойлап қызықтап әр түрлі өте үлкен әрі сырты әсем ұлттық ою-өрнектермен өрнектелген ақ боз үйге көзім түсті. Менде сол үйдің ішіне кірсем, сол үйдің ішін көрсем деген қызығушылық пайда болды. Бұл өтінішімді анама айтқан едім, ол да бұл өтінішімді құптап, мені сол ақ боз үйге ертіп апарып, үй ішін көруіме мүмкіндік жасады.
Ақ боз үйге кіргенімде мен өзімді басқа бір әлемге кіргендей сезімде болдым. Ондағы б арлық заттар халқымыздың ұлттық ою-өрнектерімен нақышталып, үй ішіне керемет бір сән беріп тұр. Төрдегі өрнекті кілемнің бетінде ілулі тұрған қос ішекті домбыра, қылқобыз, сәнді етіп қайыспен өрілген тобылғы қамшы және қырдың қызыл түлкісінің терісі мен үлкен көк бөрінің терісі үйге ерекше сән беріп, сонымен бірге кез келген адам батылы барып кіре алмайтын сұс беріп тұрғандай сезіндім. Бұл көріністі мен өзімше былай түсіндім. Қазақ халқы өте қонақжай, әрі батыл, жау беттеп келе алмайтын өр халық болған деп түсіндім. Осы қасиеттерді қазіргі ұрпақ біздер де өз бойымызда сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын.
шаңырық -кітап
уық -оқушы
кереге -мұғалім
кереге қазық–ата-ана
сықырлауық -мектептің есігі
Мен өз ойымды жинақтай келе киіз үй ағаштарына мынадай теңеу жасадым. Шаңырақты кітапқа теңедім. Себебі шаңырақтың күлдіреуіштерінің арасынан түскен күн сәулесі біздің кітаптан алған біліміміз. Ал уықтарды сол кітаптан білім алатын оқушыларға теңедім. Керегеге келер болсақ, мен керегені мұғалім деп алдым. Себебі мұғалім кітаптан алған біліміміздің кем-кетігін одан әрі толықтырып, білім қорымызды кеңейтеді. Енді ағаш есік сықырлауыққа келер болсақ, ол мектептің есігі. Мектеп табалдырығын аттаған соң мұғалім, оқушы, кітап тығыз байланыста болады, яғни киіз үйіміз мектеп деп қорыттым. Сонымен қатар ата-анамызды да қалыс қалдырғым келмеді. Себебі бала тәрбиесіне тек ұстаздар ғана емес, ата-аналар да жауапты ғой. Сондықтан ата-аналарды кереге беріктігін сақтауда үлкен үлес қосатын кереге қазыққа теңестірдім.