Негізгі бөлім.
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.
Тәрбиеші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар жадыраған жас достар!
Балалар бүгін бізде өте әдемі, жомарт, тиянақты бірақ аздап көңілсіздеу болып тұратын жыл мезгілі Күз мейрамы!
Әдемі дейтініміз – Күз мезгілі ғана бізге әдемі сары – қызыл – алтын түстерді сыйлайды.
Жомарт дейтініміз – тек күзде ғана жеміс – жидектер піседі.
Ал тиянақты дейтініміз – көкөністер мен бидай өнімдерін тездетіп салқынға қалдырмай жинап алуымыз керек.
Көңілсіздеу болатын себебі – жаз мезгілімен, ашық аспанмен, ыстық күнмен, көңілді құстармен қоштасқымыз келмегендіктен.
Ендеше бәріміз «Берекелі Алтын – Күз » мерекесін тамашалайық!
Тәрбиеші: Әр сыныптан төрт – оқушы шығады, біреуі көшбасшы болады. Көшбасшыларын жылдың төрт мезгіліне бөлеміз(Күз, Қыс, Көктем, Жаз).
Қалған үш оқушылар тақтаға шығып, өздері таңдаған көкөністер мен жемістерді алып, артындағы жазулы тұрған айлардың аттарын оқып, қай жыл мезгіліне жататынын тауып баруы керек.
Тәрбиеші: Қыс, Көктем, Жаз Қош келдіңіздер! Бүгін бізде қонақтасыңдар. Біз сіздердің бауырларыңыз Күзді тойлаймыз! Ал сіздер отырыңыздар.