kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Берекелі алтын күз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Берекелі алтын күз»

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.

Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру.

Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.

Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!

Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Берекелі алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Ән: «Күзгі вальс»

Тәрбиеші: Арпа, бидай ас екен

Алтын күміс тас екен,

демекші біздің балалар дақылдар туралы тақпақтарын айтады.
Бидай: Демян

Нан атасы – бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Арпа: Ерхан

Күміс мұртты арпамын,

Ырыс құтты арпамын.

Тары: Мәди

Ақ, қарамын, сарымын,

Мен өнімді тарымын.

Сұлы: Радмир

Мен сұлымын ұланның,

Тұлпарына ұнадым.

Күріш: Кирил

Күнді сүйген күрішпін,

Күллі жұртқа ырыспын.

Тәрбиеші:

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

Тәрбиеші: Балалар қарандашы мында сандық тұр кілті қайда екен.

Қоян:Салеметсіздерме? Балалар алтын күз мерекесі құтты болсын.

Балалар сандықтың кілтін іздеп келдім көрген жоқсындарма?

Аю: Салеметсіздерме? Балалар алтын күз мерекесі құтты болсын.

Сандықтықты менің кілтімен ашып көрейік.

Жүргізуші: Ендеше кілт Күз ханшайымында шығар. Олай болса күз ханшайымын тосайық. Аю, қоян біздің  бүгінгі мерекеміздің қонағы болыңыздар, балалардың өнерін тамашалаңыздар.

Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!

Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар

Өрік-Амирхан

Дөп дөнгелек сап сары

Ішінде бар дәні

Алма- Даяна

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім

Сәбіз- Алан

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды.

Пияз-Ерхан

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Алмұрт- Кәрім

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Би «Қолшатыр»

Жүргізуші:Балалардың таппақпақтарына кезек берейік

Қызанақ-Милана

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып

Шие- Айлана

Мен моншақты шиемін

Құмарсындар білемін

Құлпынай-Инкар

Жапырақта тасалап,

Өскен жері бақша – бақ.

Жүзім-Алихан
Жүзім пісті бір-бірлеп,

Үзіп мәзбіз біз енді.
Жүгері

Жүгері жүгері сен келдің,

Өзіңмен бақыт әкелдің.
Би: « Жемістер »

Күтпеген сәт: Осы кезде ішке «Күз ханшайымы» кіреді.

Жүргізуші:Қош келдің,Күз ханшайымы!

Сәлеметсіздерме балалар! Алтын күз мерекесі құтты болсын!

Ән: «Күз кел, кел»

Күз ханшайымы мен Аю, қоян қоштасады. Айналайын балаларым өнерлерің көп екен. Риза болып отырмын. Біздің орманға қайтатын кез болды. Аман есен болыңдар. Еңбек етіп, ойнап-күліп, шырқап әнге салыңдар. Сандықтағы жемістерін балаларға таратып береді.
Тәрбиеші: Балалар осымен біздің Берекелі алтын күз атты мерекеміз аяқталды. Бәрің мерекеге жақсы қатыстыңдар.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Берекелі алтын күз"»

ЦИКЛОГРАММА

Бір аптаға (4-8 қыркүйек 2018 ж.)

«Жұлдыз» Екінші кіші топ

Өтпелі тақырып «Балабақша»

Тақырыпша «Менің балабақшам»


Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма


Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу


Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )


Таңертеңгі гимнастика (5 мин)

7.45-8.20








Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.

Үстел үсті, саусақ және т.б.ойындар.

Құрылыс ойындары

«Машинаның бөлшектері »,

«Қуыршақтарға үй құрастырамыз».

Фотосуреттер қарастыру «Менің отбасым».

Фотосуретте бейнеленген отбасы мүшелерін атау.

Саусақ ойыны «Әжемнің ертегілері».

Отбасылық фотосуреттерді қарастыру. Туысқандары туралы әңгімелеп беру .


Үстел үсті ойыны – пазл:

«Үйшік құрастыр»

Балалармен отбасы туралы әңгімелесу.

Жаттығулар кешені

Таңғы ас

8.45 9.15

Ойын- жаттығу (мысалы:Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаңсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.

Ойындар,Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

9.15 9.30

Балаларменұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар

№1картотека бойынша

«Дамино ойыны»

№2 картотека бойынша

«Кім қайда тұрады»

«Гүлдер» картиналар топтамасынан суреттер қарастыру

Отбасым туралы әңгімелесу


Сөздік ойын

«Қимылын көрсет»


Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

9.30 10.30

1.Жаратылыстану

«Анамызға гүл суаруға көмектесеміз

(ересектермен бірлеске әрекет )

Қарапайым еңбек дағдыларына тәрбиелеу.

Бөлме өсімдігін көрсетуге және атауға үйрету (фикус).

Табиғатты тануға деген ынтасын дамыту.


2.Сөйлеуді дамыту

Дидактикалық ойын «Отбасы мүшелерін атап бер».

Балаларды отбасының мүшелерін атай білуге үйрету.

Ересектің сөзін тыңдай білуді қалыптастыру, балам, қызым, ата, әже, апа, аға сөздерін қолдануды жетілдіру.

Бауырмалдыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.




1.Орыс тілі







2.Дене тәрбиесі

Допты бір-біріне домалатып, сәлемдесуге үйрету. Қимыл-қозғалыстарын дамыту. Шапшаңдыққа, қамқорлық жасауға, шыдамдылыққа тәрбиелеу.


Қимылды ойын «Мені қуып жет».

3.Сурет салу

Заттарды бояулармен бейнелеу («Қуыршақтың шарфы»)

Балаларды қылқаламды дұрыс ұстауға, қылқаламды бояуға батырып, қағаз бетінде із қалдыруға үйрету.


1. Музыка

Музыка әуенімен балалардың ішкі сезімдерін ояту, әнді ести білуге дағдыландыру.





2.ҚМҰҚ

«Бір» және «көп» ұғымдарын қолдана отырып, 2 түрлі түсті жолақшаларға берілген заттарды орналастыруға жаттықтыру. Оң,сол қолдарын ажыратып, атап айтуға, заттарды оң қолымен алып, сол жақтан бастап қоюға үйрету.


3.Театр әрекеті

Саусак театрі «Бауырсақ ертегісі»

1.Құрастыру

Қуыршаққа үй құрастырамыз (ұсақ құрылыс материал

Есте сақтау қасиеттерін дамыта отыра құрылыс материалдарын ажыратып айтуға үйрету.

Ұсақ қол моторикаларын дамыту.

Құрылысшы жұмысына қызушылықтарын тәрбиелеу.


2. Дене тәрбиесі

Ереже бойынша жүруге үйрету. Қимыл-қозғалыстарын дамыту.

Ойын-жаттығу «Мысық пен тышқан»

Шеңбер боймен жүруге үйрету.

Қимылды ойын «Не ұшты?»

1.Қоршаған ортамен таныстыру

Өсімдіктер туралы түсінік

Дидактикалық ойын «Гүлдерді құрастыру.


3.Дене тәрбиесі

Тәрбиешінің бағыты бойынша жүру туралы білімділіктерін бекіту. Қимыл-қозғалыстарын дамыту.Шапшаңдыққа, қамқорлық жасауға, шыдамдылыққа тәрбиелеу

Қимылды ойын «Күннің көзі мен жаңбыр»

Серуенге дайындық

10.30-10.50

Киіну: серуенге шығу.

Серуен:

10.50-11.30

Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.

Аулаға ұшып келетін құстарды бақылау.

Мақсаты: құстарды тануға,дене бөліктерін атауға үйрету;құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Ересектің көмегімен қарапайым еңбек тапсырмалары (мысалы, гүлдерді суару)

Мақсаты :қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету.

  1. Қимылды ойындар «Мені қуып жет», «Күннің көзі мен жаңбыр» (2-3рет қайталау);

Мақсаты:Бір-біріне қақтығысып қалмай жүгіруге үйрету.

Дербес ойын әрекеті, серуенге алып шыққан материалдармен ойындар

Мақсаты: қызығушылықтары бойынша ойындарды таңдауды қамтамасыз ету және құрдастарымен қарым-қатынасты қалыптастыру.

Серуеннен оралу

11.30-11.50

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті .

Түскі ас

11.50-12.30

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

Түскі ұйқы

12.30-15.00

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

15.00-15.30

Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру.

Білімді кеңейту және мәдени-гигеналық дағдыларды орындау.

Ойын- жаттығу :Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаңсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.

Бесін ас

15.30-16.00

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс

Ойындар, дербес әрекет





Баланың жеке даму картасына сәйкеғс жеке жұмыс









16.00-16.20



Үстел үсті театры

«Менің отбасым» және т.б. тақырыптар бойынша сюжетті картиналар қарастыру.


Сюжетті-рөлдік ойын

«Қуыршақты тамақтандыр»;

Ірі құрылыс материалдарымен және конструкторлармен ойындар.


Ойын – жаттығу «Қуыршықты жуындыр»;

Альбомдар,сюжетті картиналар қарастыру,

Ірі құрылыс материалдарымен ойындар.


Ойын «Кімнің заттары?» (жақын адамдарының заттарын анықтау);

Суретті кітапшаларды бояу, пазлдар, мозаика және т.б.


сюжеттік ойыншықтармен ойындар,

ертегі оқып беру;

үстел үсті театры және т.б.


Жыл мезгілі туралы әңгімелесу

«Күз»(сурет қарастыру)

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

 Әңгіме құрастыру «Әжең туралы әңгімелеп бере»

Мақсаты: баланың сөздік қорын туысқандарының атауларын білдіретін сөздермен байыту.

Дидактикалық ойын «Алақан соқпақ »

Мақсаты: баланың сөздік қорын ойыншықтардың атауларын білдіретін сөздермен байыту.

Жыл мезгілі туралы әңгімелесу

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Дидактикалық ойын «Атын атап бер»  

Мақсаты: түсті қабылдауды және қолдың ұсақ моторикасын дамыту.


Серуенге дайындық

16.20-16.30

Киіну: серуенге шығу.

Серуен

16.30-17.40

Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу: «Аанаң мен әкеңнің есімдерін ата», « Кімнің үйінде мысық бар?» және т.б.

Кешкі ас

18.00-18.25

Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс.

Балалардың үйге қайтуы

18.25-19.00

Ата-аналарға кеңес:

«Үйде ойын бұрышын ұйымдастыру».

Психологтің кеңесі: мысалы:«Егер ата-аналар дүкеннен баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет.

Балалар отбасында өздері не істей алатындары туралы әңгімелесу.

Кеңес:

«Бала өміріндегі ойыншықтың маңызы».

Жобаны таныстыру.

«Менің отбасым тақырыбына көрме ұйымдастыру.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Берекелі алтын күз"

Автор: Дарабаева Мөлдір Жанатқызы

Дата: 26.10.2017

Номер свидетельства: 434769

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Берекелі алтын күз""
    ["seo_title"] => string(18) "berekeli_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "500158"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1550415602"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Берекелі алтын к?з "
    ["seo_title"] => string(21) "bieriekieli-altyn-kuz"
    ["file_id"] => string(6) "180558"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425209452"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ерте?гілік " Берекелі алтын куз""
    ["seo_title"] => string(36) "iertien-ghilik-bieriekieli-altyn-kuz"
    ["file_id"] => string(6) "273599"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452250103"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Мерекелік ертенгілік "Берекелі - Алтын күз""
    ["seo_title"] => string(48) "mieriekielik_iertienghilik_bieriekieli_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "385688"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485794755"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Берекелі алтын күз!" сценарии"
    ["seo_title"] => string(28) "berekeli_altyn_kuz_stsenarii"
    ["file_id"] => string(6) "483098"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1541065918"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства