Қызығушылықты ояту: «Түртіп алу» мына суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерін түртіп алып, сөз жазу: ----------------- тұрлаулы Тұрлау..................................................................................................... + тұрлаусыз Өткен сабағымызға қысқаша шолу Ал, жақсы балалар, біз бүгін алдымен тұрлаулы мүшелерді пысықтап, қайталап аламыз. 1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? 2. Сөйлем мүшесінің белгілері қандай? 3. Сөйлем мүшесі бола алмайтындар қайсылар? 4. Сөйлем мүшесі құрамына қарай нешеге бөлінеді? 5. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не? 6. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Үй тапсырмасын тексеру: «Сұхбаттасу» ойын әдісі арқылы үй тапсырмасы 62-жаттығу тексеру. ІІІ. Мағынаны тану Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер болып екіге бөлінетінін өткен сабақта айтқан болатынбыз. Біз бүгін тұрлаулы сөйлем мүшесінің бірі бастауыш қа кеңінен тоқталамыз. Оның құрамына қарай түрлерімен, қай сөз таптарынан жасалатынын меңгереміз. Олай болса, бүгінгі күннің жадын жазып, тақырыпты жазып алайық. Тұрлаулы мүше – сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауыш. Бастауыш – сөйлемде айтылған ойдың иесі, сөйлемнің негізі, басты өзекті мүшесі. Кітаптарымыздан ережені оқимыз. Бастауыштың ережесі оқылады. Мысалы: Құнанбай да тысқа шықты. (Кім шықты?) Бастауыш – Құнанбай, баяндауыш – шықты. Көркем жазу: сынып, парта, бор, тақта, шкаф, терезе, есік Оқулықтағы тапсырмаларды орындау 66-жаттығуды салыстыру, талдау. 67-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, сұрақтар қою. 68-жаттығу жаңылтпашты жатқа жаздыру. Бастауыш пен баяндауышты тауып, сызуды тапсыру. Ала қарға қарға қонды, Қара қарға жарға қонды. |