Ой қозғау. Тақырыпты ашу сұрақтары бірдей ме? Тақырыбы: «Теңдік пен теңсіздік» - Ал балалар бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсңдар? Мұғалім: Сабақтың мақсатымен таныстыру. Теңдікті және теңсіздікті білу; дұрыс және бұрыс теңдікті ажырату - Ал балалар барлығымыз тақтаға назар аударайықшы. Бейне таспа көру арқылы оқушылар теңдік және теңсіздік туралы мағлұмат алады. - Ал балалар бейне таспадан не көрдіңдер? - Не білдіңдер? - Не үйрендіңдер? - Теңдіктің таңбасы қандай? - Ал теңсіздіктің таңбасы ше? (ҚБ) Ынталандыру (мадақтау)
- Ал енді балалар осы тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындайық. 1 тапсырма: Жұптық жұмыс Теңдік пе, әлде теңсіздік пе? Суреттерге қара. Қайсысында теңдік, қайсысында теңсіздік бейнеленген? Нәтижені жазып көрсетеді.
Дескриптор: 1. Теңдік пен теңсіздікті ажырата алады. 2. Қайсысында теңдік, қайсысында теңсіздік екенін жазады. (ҚБ) «Смайлик» 2- тапсырма: Топтық жұмыс Топтық ережені еске түсіру: 1-топ Ойыншықтарды алдымен олардың саны тең болатындай етіп орналастырыңдар. Одан кейін олардың саны тең болмайтындай етіп салып, нәтижені жазып көрсетіңдер. 2- топ Жемістерді алдымен олардың саны тең болатындай етіп орналастырыңдар. Одан кейін олардың саны тең болмайтындай етіп салып, нәтижені жазып көрсетіңдер. 3- топ Көкөністерді алдымен олардың саны тең болатындай етіп орналастырыңдар. Одан кейін олардың саны тең болмайтындай етіп салып, нәтижені жазып көрсетіңдер. Дескриптор: 1. Артық, кем, тең таңбаларын біледі. 2. Теңдік пен теңсіздікті жазады, құрастырады. (ҚБ) «Отшашу»
Би билейді
3 - тапсырма: 23 – жұмыс парағы. «Теңдік және теңсіздіктер» Суреттен теңдіктерді тап. Теңдік өрнегі бейнеленген суреттегі дөңгелекті боя. Теңдікті жазғанда сандармен «=»белгісін пайдалан. Дескриптор: 1. Суреттен теңдіктерді табады. 2. Теңдік өрнегі бейнеленген суреттегі дөңгелекті бояйды. (ҚБ) «Фишка» |