kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика "Теңдеу" 2-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ тақырыбы:

Тура және тура емес теңдіктер

Мектеп:

Күні :  9.02.17

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

теңдікті және теңсіздікті, теңдеуді біледі; тура және тура емес теңдікті ажырата алады;

“=”, “≠”, “>”, “<”, “+”, “-” таңбаларын қолдана алады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

салыстыруға арналған әртүрлі санды өрнек жазылған парақшалар;

салыстыру белгілері жазылған парақшалар;

ламинатталған қағаз парақтары;  маркерлер;

Тірек сөздер

Тура және тура емес теңдіктер

Сабақтың мақсаты:

Қосу және азайту амалдарымен берілген санды өрнектерді салыстыру; сандар, шамалар, санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау дағдысын дамыту. Салыстыру нәтижесін арнайы белгілер арқылы белгілеуді үйрену, есептеу дағдысын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Ортасында қандай белгі тұрғанына байланысты санды теңсіздіктердің мәнін екі түрде көрсетуге болады. Егер екі санды өрнектің бірінің мәні екіншісінен артық немесе кем болса, берілген өрнек теңсіздік болады да, олардың арасына “>” немесе “<” таңбасы қойылады. Егер екі өрнектің мәндері бірдей болса, онда олар теңдік деп аталып, өрнектердің арасына “=” таңбасы қойылады. “≠” таңбасын теңсіздіктің екі бөлігін салыстыруға пайдалануға болады, бірақ біз нақтырақ нәтиже алу үшін “>” немесе “<” таңбалары арқылы салыстырып түрлендіреміз.

Сергіту сәті:

Би қимылдары

Психологиялық ахуал

Сыныптың ұраны:

Оқимыз, жазамыз, жеңеміз!

Сыныптың эмблемасымен (логотипімен) таныстыру

Күні кеше ғана елімізде қандай іс-шара болып өтті, балалар? (универсиада) Қай қалада өтті? (Алматыда)

Ендеше, бүгін бізде де  білім универсиадасы өтеді, білімнен озық шыққан балалар марапатталатын болады.

Кіріспе тапсырма:

Миға шабуыл

Зейінді шоғырландыруға арналған тапсырма:

  1. Мынау қандай өрнек? (2 амалды өрнек)
  2. Ал мынау ше? (жақшалы өрнек)
  3. Мына өрнекте қай амал алдымен орындалады? (жақшаның іші)
  4. 1 сағатта неше минут бар? (60)
  5. Аптада неше күн бар? (7 күн)
  6. 1 айда неше күн бар? (30-31)
  7. Сағат нешені көрсетіп тұр? ( 9 жарым)
  8. Мынау қалай аталады? (15=15, теңдік)
  9. Мынау ше?  (19

3 қатардың оқушыларын шығарып теңдік, теңсіздік құрату.

Шығарып көр. Топпен жұмыс ұйымдастыру. Топ басшылары таңдаған өрнектерді салыстыру. (Топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді)

Оқулықпен жұмыс.

Саябақта. Оқулықта бейнеленген сурет бойынша велосипедтегі және шанадағы балалардың санын анықтап салыстыру. Оқушылар тек балалардың санын ғана салыстырып қоймай, бөліктермен қоса санау керек. Мысалы, үш бала болды, тағы төрт бала келді немесе жеті бала болды, төрт бала кетіп қалды. Оқушыларға сурет бойынша шағын мәтін құрастыруды тапсыру. Оқушыларға санды теңсіздіктерді салыстырып, оларды ажыраттыру.

Жауабы:  а) 1 + 4 < 3 + 4 — бұл теңсіздік; ә) 5 – 2 < 7 – 3 — бұл теңсіздік; б) 5 – 3 = 7 – 5 — бұл теңдік.

Шығарып көр.

Оқушыларға бұл тапсырманы қалай орындайтынын  айтуға мүмкіндік беру. Мысалы, олар оны бірінен кейін бірі жалғастырып орындауы немесе барлық тапсырманы  жеке орындауы мүмкін. Өзара тексеру жасауға мүмкіндік беру.

Жауабы:   үш қате:

20 + 40 = 70 – 30;

15 – 3 ≠ 16 – 4;

11 + 0 = 14 – 0.

Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындату. Сурет бойынша саябақ жолдарының сызбасы қандай геометриялық фигуралар беретінін айту керек. Санды теңсіздік құрастырып, берілген жолдардың ұзындығын салыстыруды тапсыру.

Жауабы:  20 дм + 20 дм + 20 дм + 20 дм< 30 дм + 30 дм+  30 дм; 80 дм < 90 дм.

Ойлан. Оқушыларды топтарға біріктіру. Бірнеше амалдармен берілген санды өрнектерді салыстыру тәсілін табуды ұсыну. Оқушылардың топта ақылдасуына мүмкіндік беру. Олардың жауаптарын тыңдау.

Екі амалмен берілген санды өрнектердің мәнін есептеу міндетті емес. Салыстыратын өрнектердің құрамындағы бірдей сандарды сызып тастап, қалған сандарды салыстыруға болады. Мысалы,

1 + 2 + 3 * 1 + 2 + 4; 3 < 4, яғни 1 + 2 + 3 < 1 + 2 + 4.

Жауабы:

10 + 20 + 40 * 10 + 20 + 50, 40 < 50, яғни 10 + 20 +

40 < 10 + 20 + 50.

“Теңдік және теңсіздік” тірек сөздерін қайталатып, ойын ұйымдастыру. Санды өрнектер және салыстыру белгілері жазылған парақшаларды пайдалану. Оқушыларды жұпқа бөлу. Оларға жұптаса отырып санды теңсіздіктерді салыстырып, тиісті салыстыру белгілерін қойып шығуды тапсыру. Тапсырманы орындап болған соң шыққан өрнекке­ байланысты “теңдік” немесе “теңсіздік” сөздерінің тиістісін айтқызу.

Дәптермен жұмыс:

Шытырманнан жүріп өт. Оқушылар санды өрнектерді салыстырып, тиісті белгіні қояды. Барлық өрнектердің ішінен санды теңдіктерді тауып, қоршап сызады.

Құрастыр және салыстыр.

Санды өрнектерді салыстырып, теңдіктерге белгі қояды.

Қорытынды

Тақтадағы суретті ребусты шешу. (құттықтаймыз)

Келген қонақтарды универсиада жеңісімен  құттықтаймыз!

Бағалау

Кері байланыс:

«Еркін микрофон» әдісімен сабаққа кері байланыс беру.

Бүгінгі алған білімдерін «Блоб ағашы» әдісі арқылы бағалайды.

Оқушылар сабақтың соңында: сандар, шамалар, санды өрнектер арасындағы қатынасты (=, >, <) анықтауды меңгереді. Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында мынадай сұрақтарды қою:

— өрнектерді салыстыру нәтижесін қалай жазуға болады? (Теңдік немесе теңсіздік түрінде.)

— Санды өрнектердің мәнін салыстыр және оның түрін анықта:

6 + 8 * 9 + 4;   17 – 3 * 14 + 2;    28 – 4 * 20 + 4.

— Кәмила бір пакетке 2 кг алмұрт және 3 кг өрік, ал екіншісіне 4 кг алма және 1 кг шие салды. Қай пакет ауыр?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалату.






 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика "Теңдеу" 2-сынып»

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ Курмашева А.А.

Сабақ тақырыбы:

Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу

Мектеп: №3

Күні : 1.03.17


Мұғалімнің есімі: Нугуспанова Ш.Т.

СЫНЫП: 1 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеу шешеді;

қосу мен азайту арасындағы байланыс негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады;

есепті сурет, сызба түрінде модельдейді;

қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады, кері есеп құрастырады және шығарады.

Ресурстар:

Белгісіз азайтқышы бар теңдеу. 48, 49-беттер.

Жұмыс дәптері

Тірек сөздер

Белгісіз азайтқышы бар теңдеу

Сабақтың мақсаты:

b – x = а, мұндағы b және а — кез келген теріс емес сандар болғанда теңдеудегі белгісіз азайтқышты табу дағдысын қалыптастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Бүгінгі сабақта бүтін шама мен оның бөліктері арасындағы байланысты негізге алып, азайтқышы белгісіз болып келген теңдеуді шешудің алгоритмі жасалынады. Азайтқыш — бүтін шаманың бөлігі, сондықтан оны табу үшін белгілі бүтіннен бөлікті шегеру қажет. Егер сыныптың дайындығы жеткілікті болса, теңдеу шешімін тексеруді осы бастапқы кезеңде талқылауға болады. Белгісіздің алынған мәнін орнына қойып, тепе-теңдіктің дұрыстығын тексеру.






















































Сергіту сәті:

Би қимылдары

Психологиялық ахуал

-Балалар, бүгін қандай күн? (Алғыс күні)

-Тағы қандай күн? (Көктемнің алғашқы күні)

-Көктемде қандай мерекелер бар? (8-наурыз)

-Ендеше, бүгін біз осындай тамаша күнде сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық!

Сыныптың ұраны:

Оқимыз, жазамыз, жеңеміз!!!

Сыныптың эмблемасымен (логотипімен) таныстыру.

Бүгін білімнен озық шыққан балаларға алғыс жариялап, марапаттайтын боламыз.

Кіріспе тапсырма:

Миға шабуыл

Зейінді шоғырландыруға арналған тапсырма:

  1. Мынау қандай өрнек? (2 амалды өрнек)

  2. Ал мынау ше? (жақшалы өрнек)

  3. Мына өрнекте қай амал алдымен орындалады? (жақшаның іші)

  4. 1 сағатта неше минут бар? (60)

  5. Аптада неше күн бар? (7 күн)

  6. 1 айда неше күн бар? (30-31)

  7. Сағат нешені көрсетіп тұр? ( 9 жарым)

  8. Мынау қалай аталады? (15=15, теңдік)

  9. Мынау ше? (19

  10. Мынау қандай өрнек? (а+5, 9-с әріпті өрнек)

  11. Мұны қалай атаймыз? (х+5=9, теңдеу)

3 қатардың оқушыларын шығарып әріпті өрнек, санды өрнек , теңдеу құрату.

Шығарып көр. Топпен жұмыс ұйымдастыру. Топ ережесін айту. Топ басшылары таңдаған теңдеулерді шығарады. (Топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді)

Оқулықпен жұмыс. Жеке жұмыс.

Оқушыларды теңдеудегі белгісізді табу үшін оның бүтін әлде бөлік екенін анықтап алу керектігіне әкелу керек. Егер белгісіз компонент бөлік болса, берілген бүтіннен белгілі бөлікті азайту арқылы табу ережесін қолдану. Ұғымды бекіту үшін оқулықтағы суретті мысалға алып белгісіз бөлікті табу ережесін түсіндіру. (Қанша бұршақ болған? Бірнеше бұршақты алған соң қаншасы қалды? Қанша алғанын санату.)

Шоколад. Оқушыларға қарапайым есепті шығару ұсынылады. Оқушылар екі иллюстрацияны сөзбен ауыстырып, есептің мәтінін оқып шығуы керек. Тапсырманы оқып және ойласа келе, тұтас шоколад тақтасы мен шоколадтың қалған бөлігінің санын торкөздерді санау арқылы есептеу керек деп қорытынды жасайды. Белгісіз бөлік азайтқышты есептеп, Сәуле шоколадтың жартысы, яғни 9 бөлікті жегенін табу керек..

Жауабы: 9 бөлік (немесе жартысы).

Жұптық жұмыс.

Қанша фигураны алып тастады? х-тің мәні неге тең? Өткен сабақта олар осындай тапсырманы орындаған, сондықтан белгісіз бөлікті табу тәсілі туралы біледі. Олар енді белгісіз қосылғыштың мәнін табады. Егер фигураның бастапқы саны мен қанша қалғаны белгілі болса, енді қанша фигураны алып тастағанын санай отырып таба алады.

Жауабы: 9 тіктөртбұрыш; 70 санақ таяқшасы.

Шығарып көр.

Тапсырманы топта орындауды ұсыну. Шешімді нақты түсіну үшін текшелерден оқулықтағы иллюстрацияларға сәйкес фигура құрастыруды ұсыну. Оқушылар бірінші фигураны құрастырып, одан екінші бір фигура шығатындай бірнеше текшелерді алып тастауы керек. Жойылған

бөліктегі текшелер саны белгісіз х-тің мәніне тең болады. Жауабы: а) 3; ә) 8.

Орындап көр. Жұптық жұмыс.

Оқушыларға тапсырманы жұпта орындату. Оларға моншақ салынған қораптарды тарату. Моншақ саны 20-ның көлемінде болу керек. Бірінші ойыншы екінші ойыншыға бірнеше моншақ­ салынған қорапты ұсынады. Екінші ойыншы қораптағы моншақты санап, оның санын есіне сақтауға тырысады. Содан кейін бірінші ойыншы қораптан бірнеше моншақты алады — бұл белгісіз бөлік, яғни бірінші ойыншының екіншіге жасырған бөлігі. Осыдан кейін екінші ойыншы моншақты қайтадан санайды да, “Қанша моншақты бірінші ойыншы жасырып қалды?” деген сұраққа жауап беруі тиіс. Оқушылар тапсырманы орындау барысында айырма мен азайғыштың мәні бойынша белгісізді табу тәсілін бекітеді.

Оқушылардың белгісіз азайтқышы бар теңдеу­ шешімінің алгоритмін, өз ойын, есепті шешу жолдарын дұрыс түсіндіргенін бақылап­ отырғаны жөн. Осы жұмыс өз әрекетін терең түсіну мен математикалық тілде сауатты­ сөйлеуді қалыптастырады. Бұл сабақта жаңа тірек сөздер жоқ.

Дәптермен жұмыс:

х әрпін қолданып теңдеу құрастыр. х-тің мәні неге тең? Тап. Оқушылар жұмыс парағында иллюстрация бойынша белгісіз азайтқыш теңдеу құруға тиіс.

Дескриптор:

— бүтіннен қалдықты шегереді және азайтудың нәтижесі бойынша азайтқыштың мәнін біледі;

— қалдықты бүтінге дейін толықтырады және толықтырған заттың саны бойынша белгісіз бөліктің мәнін біледі;

— екі топта заттар жұбын құрастырады және сандардың айырмасы бойынша х-тің мәнін табады.

Қорытынды

Тақтадағы суретті ребусты шешу. (Рахмет)

Келген қонақтарға рахмет айтамыз.

Бағалау

Кері байланыс:

«Еркін микрофон» әдісімен сабаққа кері байланыс беру.

Бүгінгі алған білімдерін «Блоб ағашы» әдісі арқылы бағалайды.

Оқушылар сабақ соңында:

белгісіз азайтқышпен берілген теңдеуді шешуді;

а және b сандарының мәнін түсініп, а – х = b түріндегі теңдеуді шешу кезінде өз әрекетін түсіндіруді үйренеді.

Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін анықтау үшін мына сұрақтарды қою:

— бүгінгі теңдеудегі қай компонент белгісіз болды?

— Азайтқыш — бұл бүтін бе, әлде бөлік пе?

— Белгісізді қалай таптық?

— Мәтінге теңдеу құрыңдар: “Жанатта 19 ойыншық болды. Достарына бірнеше ойыншық сыйлады. Сонда онда 9 ойыншық қалды”.

— Теңдеудегі белгісіздің мәнін білу үшін қандай сұрақ қою керек?

— Белгісіз неге тең? (Өздерің ойлаған сұраққа жауап беріңдер.)

— 11 – у = 7 теңдігіне “хикая” ойлап табыңдар.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізу.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Математика "Теңдеу" 2-сынып

Автор: Құдайберген Гүлім Төлеутайқызы

Дата: 04.04.2017

Номер свидетельства: 406610

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "конспект урока математики Бір айнымалысы бар сызы?ты? те?деу"
    ["seo_title"] => string(57) "konspiekturokamatiematikibirainymalysybarsyzyktyktiendieu"
    ["file_id"] => string(6) "299052"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456427484"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "математика ?МЖ Те?деу ж?не оны шешу 1 сынып"
    ["seo_title"] => string(44) "matiematikakmzhtiendieuzhnieonyshieshu1synyp"
    ["file_id"] => string(6) "320552"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461087251"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Математика, 6-сынып     «Бір айнымалысы бар сызы?ты? те?деу» "
    ["seo_title"] => string(58) "matiematika-6-synyp-bir-ainymalysy-bar-syzyk-tyk-tien-dieu"
    ["file_id"] => string(6) "157768"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421651881"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "Математика п?нінен "Есепті те?деу ??ру ар?ылы шы?ару( саба?ыны? жоспары"
    ["seo_title"] => string(68) "matiematikapninieniesieptitiendieukuruarkylyshygarusabagynynzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "284841"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454054128"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ашы? саба? "Те?деу шы?ару""
    ["seo_title"] => string(30) "ashyk-sabak-tien-dieu-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "300570"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456758857"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства