Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.(Қыс. Абай) | Мұғалімнің аты-жөні:Нұрханова Ж Күні: 19.12.17ж |
СЫНЫП: 2 «А» | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.2.5.1 - дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу 2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу 2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
Құндылықтар | Ынтымақтастық,жауапкершілік |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Сөйлемдегі сөздердің байланысын ажырата алады.;. Пəндік лексика жəне терминология. Мақсат, сабақ мақсаты, сөйлемнің түрлеріне сай тыныс белгісін қоюды. Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау. · сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы табуды үйренемін. Жазу.Сызба бойынша сөйлем құрастырады. |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері |
Басталуы 5 минут | Сәлемдесу. Топқа бөлемін . Сабаққа дайындығын тексеру. Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақтың мақсатын хабарлау. | Мадақтау |
Жаңа білім 10 минут | Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. 23-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы. Оқушыларға өлеңді тізбектей оқыту. Өлең не туралы? Өлеңдегі қысты бейнелейтін сөздерді тап. • Тапқан сөздеріңді пайдаланып, өзің өлең құрастыр. • Құрастырған өлеңіңнен каллиграмма жаса. Қыс туралы өлең құрастыру. ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ----------- даламыз, ------------- баламыз. ------------- шанамыз, ------------- қаламыз. | Жұлдызша Жұлдызша Үздік топ |
Ортасы 10 минут | Қолдану Дәптермен жұмыс. 24-тапсырма. Жұмбақты көркемдеп жаз. Шешуін тап: Аспаннан ақ ұлпа борады, Қырқаны сейсепке орады. 25.Берілген сөздердің ішінен табиғатқа қатысты сөздерді тап. Өзіңе ұнаған сөздерді қатыстырып сөйлем құра. 26. мақалды оқып, жатқа жаз. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет. Мақалдың мазмұнын түсіндір. | Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер Топтық жұмысқа арналған ресурстар |
Сергіту сәті 2 минут | Сергіту сәті. Мен қазақпын. | Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
Сабақты бекіту 5 минут | Топтық жұмыс 1-топ: Қыс тақырыбында әңгіме құрау. 2-топ: Өлеңнің ұйқасын тап. Аяз қысып, Өрнек ... Терезеңді торлайды. Қарға омбығып, Бет ... Сырғанап жастар ... Кейде ұлып, Кейде ... Ұйтқып боран соғады. Шеген Ахметов Керекті сөздер: сызып, домбығып, ойнайды, ысқырып. 3-топ: | Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады. |
Бағалау 5 минут Кері байл. 3 минут | Кері байланыс | стикер арқылы жабыстырады |
Үйге тапсырма: 27-тапсырма. 113-бетте. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |