kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шын дос - асыл ?азына

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Желдогарина Махаббат ?онай?ызы Шал а?ын ауданы Жанасу ауылыны? тумасымын.Ауылда то?ыз жылды? мектепті т?м?мдап Ма?жан Ж?мабаев атында?ы Петропавл гуманитарлы? колледжіне бастауыш білім бері маманды?ына о?у?а т?стім о?уымды т?м?мдап Шал а?ын ауданы ступинка негізгі мектебіне ж?мыс?а т?рдым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шын дос - асыл ?азына»

Шын дос - асыл қазына

Мақсаты: «Дос» - деген сөздің мағынасын ашу, «Достық» туралы ұғымдарын кеңейту, зерделеу қабілетін дамыту, жолдастық, достық қатынастарды әділетті, ақыл – парасатпен адал болуға, шыншылдыққа, көпшілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты слайд.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау.
II. Ойын жоспары: Командаларды таныстыру, сайыс тапсырмалары:
1. Достық туралы мақал – мәтелдер.
2. «Балық аулау» ойыны.
3. «Достың да досы бар»

4. Нақыл сөздер.

Жүргізуші:
-Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды көруге тамашалап келіп отырғандарыңызға қуаныштымыз.

Жүргізуші:

Сәлем өрен достарым,
Өмірге кеп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты – дей отырып, келесі кезекті әнге береміз.

«Достарым әні» орындалады.

1 – оқушы:

Достық – деген таусылмайтын қазына

Көктемде де солып қалар гүл емес
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес

2 – оқушы:

Не жетеді ғазиз досқа расында,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда
Қиналады, сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң, ұйықтамайды ол – дағы

3- оқушы:

«Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды».

4- оқушы:

Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір мұздаса.

5- оқушы:

Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер,жат құлап.
Жақын өлсен тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.

6- оқушы:

Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.

7- оқушы:

Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.



Жүргізуші:

-Ендеше осы арада дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз үш топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.
1 – топ «Бірлік» команда капитаны
2 – топ «Ынтымақ» команда капитаны

3 – топ «Достық» команда капитаны

Олай болса топтардың достығын білу үшін сайысты бастайық. Әділ- қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.

1. Достық туралы мақал – мәтелдер сайысы.

Әр топ достық туралы мақал- мәтелдер айтып жарысады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1 – оқушы: Жүз сом ақшаң болғанша
Жүз жолдасың болсын.

2 – оқушы: Тәуір көрген досыңа
Тәуір көрген малын бер
Көре – көре сүйінсін.
Жаман көрген досыңа
Жаман көрген малыңды бер
Көре – көре күйінсін.

1 – оқушы: Жаман туғаның болғанша
Жақсы жолдасың болсын
2 – оқушы: Қажымалы мың жолдас жоқпен тең
Жаның қиған бір жолдас көппен тең
1 – оқушы: Досыңа өтірік айтпа
Дұшпаныңа сырыңды айтпа

2 – оқушы: Есептескен дос болмас
1 – оқушы: Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті жау алмас.

2 – оқушы: Досқа ат берме,
Ат берсең жай жүр деме

1 – оқушы: Дос деп сынамай сыр айтпа
Достың да досы бар

2 – оқушы: Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады
1 – оқушы: Жақсы – жаныңа жолдас
Жаман малыңа жолдас

2 – оқушы: Жақсы дос пайдасын тигізеді, зиянын тигізбейді
Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді


1. Сенімді дос тірегің,
Қалдырма оны бір елі.
2. Досты кекетпе,
Сөзін екі етпе.
3. Достық мектебінде есеп пәні жүрмейді.
4. Алдымен достың қамы,
Содан соң бастың қамы.
5. Достардың пұлы ортақ,
Тілі ортақ.
Достардың дауы ортақ,
Жауы ортақ.


2. «Балық аулау» ойыны.

Тақтада көріп тұрғанымыздай, судың артында 7 – қарапайым балық жасырылған оған + 5 ұпай, ал екі балықтың бірі «Алтын балық» және «Акулла» жасырылған. Егер «Алтын балықты» ауласаңыз сіздерге + 10 ұпай бонус қосылады, ал егер «Акулла» түссе – 10 ұпай шегеріледі. Бұл балықтар арқылы біздер ситуациялық сұрақтарға жауап береміз. Әр жауап беру уақыты 45 сек...Сондықтан бұл ойында тиянақтылық пен қатар шапшаңдық қажет етеді.

1 – сұрақ: Сенің қиындық пен қуанышта қасыңда болатын, сені түсіне білетін жан досың бар ма? Болса, оның қандай қасиеттерін ерекше бағалайсың?
2 – сұрақ: Мектепке кешігіп бара жатырсың. Уақыт таяп қалды. Кенеттен құрбың қоңырау шалып, қатты ауырып жатқандығын айтып, дәрі алып келуін өтінеді. Бұл жағдайда қандай әрекет жасар едің?
3 – сұрақ: Саған ата- анаң үй тапсырмасын орындау керектігін ескертті немесе сұрап тексереді. Кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып, келуін өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің?
4 – сұрақ: Көптен күткен әншінің концертіне билет алуға бара жатырсың.
Қалтаңда 2000 теңге, билет құны 2000 теңге, жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып, қарызға 1000 теңге беруін өтінеді. Бұл жағдайда не етер едің?
5 – сұрақ: « Екі дос келгенде жаңа достың көзінен жас шығады» - деген мақалдың мағынасын аш. 
6 – сұрақ: «Есептескен дос болмас» мағынасын түсіндір?
7 – сұрақ: Сен мектепте кезекшісің. Сыныптасыңның сөмкесінен ақша жоғалды, оны сенен көреді. Бұл жағдайдан қалай шығасың?

3. «Достың да досы бар»
сайысы

Ситуациялық сұрақ: мына шардың ішінде 3 – сұрақ бар. Қандай шардағы сұраққа жауап беру өз еркін. 
1. Екеуің жан доссыңдар және тағы да бір достарың бар, үшеуің сырт көзге қарағанда қызығарлықтай құрбыларсыңдар. Бірақ та сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың, ал сенің жан құрбың онымен жақсы сыйласады. Сен қайсысын таңдар едің?

2. Сіздің құрбыңыз жаман қылық көрсетіп, сол үшін жұрт алдында сөгіс естіді. Бұл жағдайда сіз құрбыңыздікі дұрыс болмаса да, оның көңіліне қарап, оны жақтайсың ба?
3. Сен физикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың?


4. Нақыл сөздер сайысы

1. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» (А. Құнанбаев)
2. «Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей – ақ қойса болады» (Демокрит)
3. «Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды» (Омар Хайям)
4. «Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» (Сенека)
5. «Дұшпандарының көптігінен қорықпа, олардың бірігуінен қорық» (Намада)
6. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
7. Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп. (Махамбет Өтемісұлы)

Жүргізуші:

-Сайыстар өз мәресіне жетті. Әділ- қазылар алқасы шешімдерін шығарғанша көріністі тамашалайық.

1 – көрініс
Марал етігі жыртылып қалғандықтан сабақтан бірнеше күн қатырынан қалды. Оны сыныптасы Қарлығаш іздеп үйіне келді.
- Марал, көптен сабақта жоқсың ғой. Ауырып қалған жоқсың ба?
- Жоқ, ауырған жоқпын. Етігім жыртылып қалды. Жаңасын алатын үйде ақша болмай тұр.
- Мен етігімді жөндетіп алып келе жатыр едім. Менің әзірше киетін етігім бар ғой. Сен кие тұр
- Мамаң ұрыспай ма?
- Мамама түсіндіріп айтамын ғой.
- Рахмет! (Марал етікті киіп алады да бірге шығып кетеді)

Әділ- қазылар алқасы сөз сөйлеп жеңімпаздарды марапаттайды.

Жүргізуші:

-Жеңістеріңіз құтты болсын!

Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – ақылдың серігі екен.
Қыран – күлкі тамаша – бәрі осында,
Отырмын думан асып жатқанымен
Олқы тұр көңілім менің нанасың ба?
- деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Шын дос - асыл ?азына

Автор: Желдогарина Махаббат Кунаевна

Дата: 13.01.2016

Номер свидетельства: 276018

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Шын дос - асыл қазына"
    ["seo_title"] => string(21) "shyn_dos_asyl_k_azyna"
    ["file_id"] => string(6) "388985"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486469844"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Досты?- асыл ?азына"
    ["seo_title"] => string(16) "dostykasylkazyna"
    ["file_id"] => string(6) "278948"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453149142"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) ""Шын дос - таусылмас қазына" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(42) "shyn_dos_tausylmas_k_azyna_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "376009"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483717431"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(11) "3 курс "
    ["seo_title"] => string(6) "3-kurs"
    ["file_id"] => string(6) "182780"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425609894"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) ""шын дос асыл қазына""
    ["seo_title"] => string(23) "shyn_dos_asyl_k_azyna_1"
    ["file_id"] => string(6) "459211"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1519398883"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства