kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Шын дос - таусылмас қазына" тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Достың өмірде бірнеше түрі болады. Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас. Доссыз өмір,м тұзсыз ас.Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Шын дос - таусылмас қазына" тәрбие сағаты»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Шын дос – таусылмас қазына»

Мақсаты: Оқушылардың достық сезімі туралы білім деңгейін кеңейту; адамдар арасындағы достық қарым - қатынасты ашу, досты қадірлеуге баулу;
өзара достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, топшамалар

Барысы:

Оқушыларға тақырыпты ашу сұрақтары:

1)"Дос деген кім?" сауалына сызба арқылы жауап беру.

2)Досың бар ма? Ол қандай?

3)Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

4)Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?

5)Дос жасқа байланысты ма?

6)Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

7)Досыңды неге теңер едің?

8)Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

9)Сіз үшін ең маңызды мәселе?

10)Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?

Мұғалім:

    Дос – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

      Дос – адамның, өмірдің өзіндей көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

  «Екі дос» ертегісі 

     Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

     Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

     Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-          Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

-          Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-          Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

-          Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

     Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

     Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

     Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

   Мұғалім: Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай досты асықпай таңдау қажет.

   Достықтың негізі – достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

т ы н ы ш т ы қ с ә т і

Дос қандай болу керек? 

                                жомарт

                                адамгершілігі мол

                                қарапайым

                                мейірімді

                                кешірімді

                                адал

                   төзімді

                                ақылды

                                сабырлы

                                салмақты

                                кек сақтамайтын

Мақал-мәтелдер:

           1) Білімдімен дос болсаң,

            Сасқанда ақылын айтар.

            Білімсізбен дос болсаң,

            Топ ішінде бетін қайтар.

            2) Дұшпан біреу болса да көптік етер,

            Досың мың болса да аздық етер.

            3.Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.

            4. Заттың жаңасы жақсы,

            Достың ескісі жақсы.

1-оқушы: Дос адам артық сұрамайды.

                                           Махмұт Қашқари.

2-оқушы: Дос достың кемшілігін кешіре береді.

                                          Жүсіп Баласағұн.

3-оқушы: Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.     Абай.

4-оқушы: Екі ердің достығы асулардан асырар,

                Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.

                                         Мұзафар Әлімбаев.

5-оқушы: Қоссыз қазақ болса да,

                Доссыз қазақ болмаған.

6-оқушы: Дос табу оңай – сақтауы қиын,

                Жау табу оңай – тоқтауы қиын.

                                         Жүсіп Баласағұн.

«Жалғастырып көр» ойыны:

а)Әрбір адамға дос керек. Өйткені...

ә)Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім ...............................

б)Сыйластық бар жерде ..........................................................................

Сауалға жауап іздеу.

1.Біздің сынып қандай?

2.Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?

3.Хаттарға жауап:

А)Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің?

Ә)Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

Б)Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

В)Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

Г)Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр.  Түскі тамаққа нан келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?

 -«Тілек қоржынына » досқа тілек жазу

Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

  • Досыңды алдамай, оған адал бол.

  • Досыңды қорлама.

  • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

  • Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

Ән: «Достарым»




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Шын дос - таусылмас қазына" тәрбие сағаты

Автор: Хамзина Айнагуль Есмагуловна

Дата: 06.01.2017

Номер свидетельства: 376009

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "шын дос - таусылмас ?азына "
    ["seo_title"] => string(26) "shyn-dos-tausylmas-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "207329"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1430403196"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Досты? 3-сынып ?зін-?зі тану "
    ["seo_title"] => string(28) "dostyk-3-synyp-ozin-ozi-tanu"
    ["file_id"] => string(6) "166283"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422946031"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Адал досты? 4-сынып ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(31) "adal-dostyk-4-synyp-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "166297"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422946998"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Трнинг саба?: "Досты?""
    ["seo_title"] => string(18) "trninghsabakdostyk"
    ["file_id"] => string(6) "284792"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454046084"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Трнинг саба?: "Досты?""
    ["seo_title"] => string(19) "trninghsabakdostyk1"
    ["file_id"] => string(6) "284793"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454046092"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства