Сабақтың тақырыбы | Жұрнақ пен жалғау |
Сабақтың мақсаты | Түбір мен қосымша туралы түсініктерін бекіту; Қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы мағлұмат беру;Қосымшалардың әртүрлі қызмети атқаратындығын түрлі жаттығулар арқылы меңгеру: Оқушылардың сөздік қорын молайту,байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру; |
Оқу нәтижелері | Сто әдістері:Болжау әдісі, сұрақ-жауап,көрнекілік,ойын,талдау,ажырату,жазба жаттығу жұмысы. |
| Топпен жұмыс |
слайд | І.Ұйымдастыру кезеңі (Психологиялық дайындық) | -керемет (қолын көтереді( -тамаша (шапалақтайды) -Ғажап(алақандарын тигізеді) Ендеше бастайық -о-о-о (басбармақтарын көрсету) |
слайд | Үй тапсырмасын тексеру. 291-жаттығу | |
Мотивациялық-бағдарлау кезеңі | Ерте-ерте,ертеде, ешкі жүні бөртеде қалың орманның ортасында зәулім үйде Қосымша деген атайдың екі немересі өмір сүріпті.Біреуінің аты-Жұрнақ,ал екіншісінің аты-Жалғау. Олар бірге ағаш жарып,бірге су тасып тату өмір сүріпті. Бір күні олардың үйіне Түбір атты атасының досы қонаққа келіпті.Атасы екі немересін орманнан жидек теріп келуге жұмсапты.Бірақ олар барғысы келмеді. Сонда атасы оларға тапсырма беріп, кім бұрын орындаса,сол Түбір атайдың қасында қалады-деді. Біз енді осы балаларға тапсырмаларын тезірек орындауға көмектесейік. | |
Қызығушылығын ояту | Таза ақ парақ қағакзын балаларға көрсету: Балалар, мына ақ қағазды көргенде көз алдына не елестейді? | Оқушылардың ойын тыңдау. Қар, қыс, сүт, балмұздақ,қабырға |
| Ендеше балалар,тақтаға қарайықшы | Сұлық жатыр ақ дала, Сирек жортқан аң ғана. Ақ көрпесін жамылып, Мүлгіп жатыр айнала. |
| Бұл қай мезгіл,балалар? | Қыс |
| Дұрыс ақ. | |
| Қыс мезгілінде тағы қандай табиғатта құбылыстар болады? | Аяз, боран,суық,қар жауады. |
| -Қыс мезгілінің де тамаша жақтары бар емес пе?Кім айтады? | Қысқы ойындар.Шаңғы,шана,коньки тебу.Қар қуыршағын жасау.Қармен атысу |
Дәптермен жұмыс | Көркем жазу сәті Жж | |
Топпен жұмыс | Топқа бөлу.Әр топ өз аттары туралы айту | |
1-тапсырма Мәтінмен жұмыс | «Түбір»тобына | Мәтінді оқы,түбір сөздерді теріп жаз. Күн суытты.қар жауды.Мұз қатып қалды. Балалар киініп далаға шықты.Олар шана,шаңғы тепті. |
| «жұрнақ» | Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша түбірі мен қосымшасын бөліп жаз Қар жауды.Мұз қатып қалды.Балалар далаға шықты.олар шаңғы тепті. |
| «жалғау» | Мақалдан қосымшалы сөзді тауып жаз. Жаман аттан аяғым артық, Жаман жолдастан таяғым артық. |
2-тапсырма Шарадалар шешу | 1-топ | Екі әріптен құралып, Жүруші едім мал болып. Жалғанды да бір әріп, шыға келдім шал болып. (АТ-АТА) |
| 2-топ | Алғашқыда балық аулар балықшының құралы едім. Жалғанды да бір әріп, Бәрің жұтар..... Болдым. (АУ-АУА) |
| 3-топ | Үш әріптен құралған ұшып жүрген құспын. “Ақ”түсін сен жалғасаң, Бір ұлт болып шықтым. (ҚАЗ-ҚАЗАҚ) |
Сергіту сәті | | |
Оқулықпен жұмыс | 292-жаттығу | Мәтінді түсініп,мәнерлеп оқы. Арықтау шегір көз баланың екі түрлі ғана ермегі бар.Бірі-екі сиырдың бұзауын бағып,енесіне жамыратпай жаю.Екіншісі- саздан балшық алып, ойыншық жасау.Оның әке-шешесі -күзетші. Төре ауылы күзекке келгенде, сары бала сондай қуанды. Ала жаздай зарыға жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтін досы бар. Ол төре баласы- Шоқан. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз.Жұрнақ пен жалғауды тиісті белгілермен белгіле. |
| 293-жаттығу (ауызша) | Биыл қыс суық болды.Қар қалың жауды.(ненің?)түсі аппақ.Үлкендер үй маңындағы (нені?) тазалады.Балалар (неден?) аққала жасады. |
3- тапсырма Жұмбақ шешу | «Түбір» «жұрнақ» «жалғау» | 1-топ Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған. (бор) Тілі жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде (қалам) ІІ топ Жылт жылт еткен Жырадан өткен. (су) Көлдің беті көк әйнек. Сырғанауға тым әйбәт. (мұз)
ІІІ топ Жазда да,қыста да, Өзгермейтін бір түсте. (шырша)
Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тонады. (қар) |
Қорытынды | | Төмендегі сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғап жазу 1-топ Би,қобыз,сурет 2-топ Іс,орын,талап 3-топ Қыс,жаз,ән -ші,-шы, -кер,-дық, -қы,-ғы,- |
| | |
Бағалау Бағалау парағының үлгісі | Өзін-өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы бағалайды. Әр тапсырмағаа 1 ұпайдан беріледі. Бағалау парағының үлгісі 5ұпай-«5» 3-4 ұпай-«4» 1-2 ұпай-«3» | |
Үйге тапсырма 295– жаттығу. | Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық. Бүгінгі алған білімді, Ұмытпай есте сақтап алайық. | |
| | |