Мұғалімнің аты-жөні: Бекерыс А. Сынып: 2 «Б» | Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Інім мультфильм көреді. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.1.1.1 ауызша тіл және тыңдау-көру материалын тыңдау және қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау. 2.1.5.1 тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттау. 2.2.4.1 оқиға желісін сақтай отырып, таныс сөздерді қолдану арқылы шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндау. |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталайды. Көбі: тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді, сұрақтар қояды және сипаттайды. Кейбірі: таныс сөздерді қолдану арқылы шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндайды. |
Күтілетін нәтиже | Тақырыпқа қатысты берілген қарапайым сөйлеу үлгілерін оқиды, қайталайды, інісінің қандай мультфильм көретінін айтады. |
Жаңа сөздер: | Ертегі – сказка, fairy tail. Мультфильм көреді – смотрит мультфильм, watching cartoons. Қызықты – интересный, interesting. |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Оқушылармен амандасып, түгендеу. «Өзіңе тілегенді, басқаға тіле» тренингін өткізу. | Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. (киндер сюрприздың ішінен жақсы сөздер жазылған парақты алып оқиды). |
Топқа бөлу | Винни пух, бауырсақ ертегілері бойынша сыныпты 2 топқа бөлу. | Топқа бөлініп отырады. |
Өткен сабақты тексеру | «Не артық?» ойынын ойнау бойынша өткен сабақтағы сөздерді қайталаймыз. | Оқушылар артық затты табады. |
І.Қызығушылықта ояту. | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында «Шалқан» ертегісін көрсету. Ой шақыру мақсатында сұрақ қою. Ертегі кім (не) туралы? Қай кейіпкер (персонаж) сендерге ұнайды? Сендер мультфильм көргенді ұнатасыңдар ма? | Тыңдалым. Айтылым. Мультфильмді көреді. Сұрақтарға жауап береді. |
Жұптық (топтық) жұмыс | «Менің сүйікті мультфильмдерім» (ертегі) тақырыбында кластер толтырады. Менің сүйікті мультфильмдерім | Оқушылар кластер толтырады. |
ІІ. Мағынаны тану. | Сөздікпен жұмыс. А. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтуға жаттығады. |
| Ә. «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталайды. 41 бет, 1-тапсырма. Дұрыс айт! Көреді Ертегі кітап [ кітәп ] Қызық | Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. |
| 2.Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдату. | Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды, жаңа сөздерді қайталайды. |
Сергіту сәті. | | Оқушылар жаттығу жасайды. |
| Жазу дәптерімен жұмыс. 30 бет, 2-тапсырма. Сөйлемді оқы, қажетті суретті жапсыр. | Оқушылар қажетті суретті тауып жапсырады. |
| 30 беттегі 3-тапсырманы орындату. Толықтырып жаз. | Тапсырмаларды орындайды. |
IV.Бекіту. | Жаңа сөздерді қайталап өту. | |
V.Бағалау. | Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар тарату. | Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздері, сөйлемдерін параққа жазады. |
Үйге тапсырма. | Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау. (42 бет) жаңа сөздерді жаттау. | Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады. |
Рефлексия | Мұғалім смайликтерді таратады. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқлы білдіреді. |